Бұл не жарылыс?

Астана қаласындағы ҰҚК-нің уақытша ұстау оқшаулау қамағының (изолятор)қасында тұрған көлік жарылып кетті.


Осыған байланысты мәлімдеме жасаған ҰҚК баспасөз хатшысы Кенжеболат Бекназаров мұны лаңкестердің ісі деуге болмайды дейді. Көлік өз өзінен жанып кейін жарылып кеткен.

Қызық, неге көлік дәл ҰҚК ғимаратының қасында жарылады. Қарап тұрып өзінен өзі жарылып кететіндей ол не қылған машина. Техникалар өзінен өзі жарыла беретін болса бәріміз баяғыда қырылып қалмаймыз ба?

Әрине, бұл оқиғаны елімізде болып жатқан лаңкестік әрекеттерге қатысы бар ма, жоқ па, айта алмаймыз. Бірақ көңілде күдік көп. Бейресми мәлімттерге қарағанда зардап шегушілер бар. Бірақ Кенжеболат Бекназаров осы оқиғаға байланысты полиция жұмыс жасап жатыр деп қысқа ғана тұжырды.

www.masa.kz

Сурет: dni.ru
Бөлісу:

9 пікір

Zere
Екі адам қаза болғаны ресми анықталды.
konvict
Лібәәә! Енді бізге жетпегені сол еді. ((((((((((((
konvict
Машина ішінде болған адамдар екен ғой.
VKM
арандатушылық, берілмеңдер…
Zere
Былтыр ма, Мәскеуде теракт болғаннан кейін басқа бір қалада да осылай машина жарылған етін. Бір полицей жараланған.
Altygradus
Америка не Ресей әскерін кіргізейін деген ба, не жарылыстар боп кетті?
VKM
соған предпосылка жасалып жатқан сияқты. Біреудің ойлап жасаған саясаты екені анық
sammita
неше адам екені айтылмаған, адамның бөлшектерін жинап жүргенін көрдім дейді інім, бүгін жұмыста еді кезекші.
ҰҚК қызметкері дейді-мыс. Осы апта ішінде 3 рет ложный вызовқа шықтық сол жерге дейді. Дайындалған болып отыр ғой.
boztorgai
жарылыс қорқынышты емес
жарылысқа таңғалмайтын күйге түскеніміз қорқынышты