Зәрият сүресінің 56-аяты

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!


Аллаһ Тағала былай деді: «Мен жындар мен адамзатты Өзіме құлшылық етулері үшін ғана жараттым» (Зәрият сүресі, 56-аят).

Түсіндірме:
Жындар – жасырын (ғайып) әлем. Біз оларды көрмесек те, оларға иман келтіреміз. Сол себепті де олар «әл-жин» деп аталған, ал ол сөз “жасырылу” деген мағынаны беретін «әл-ижтинән» сөзінен шыққан. Сол үшін бізге көрінбейтін ананың құрсағындағы бала да, сол түбірден шыққан «әл-жәнин» сөзімен аталады.
Жындар жасырын әлемге жатады. Олардың бар екеніне иман келтіру парыз. Ал оларға сенбеген адам дінсіз болады. Өйткені, ол Аллаһтың және Оның елшісінің хабарлағанын жасынға шығарып, әрі бүкіл үмметтің бірауызды келісімін теріске шығарып жатыр.
Араб тілінің грамматикасына сай қарастырсақ, бұл аятта мағынаны шектеу тәсілі (услюб әл-хаср уәл-қаср) қолданылған. Осыдан түсінетініміз, Аллаһ Тағала жындар мен адамзатты құлшылық етуден басқа ешнәрсе үшін жаратпады. Осы дүниеде пайда болуымыздың бір ғана даналығы мен мақсаты бар екен. Адам баласы Раббысына ғибадат ету қажет. Ал оның айналасындағы бүкіл нәрсе оның пайдасы мен игілігі үшін жасалған.
Кейбір ғалымдар «құлшылық етулері үшін» деген сөздерді “жалғыздаулары үшін” деп түсіндірді. Ал басқа ғалымдар: “бұйырғандарымды орындап, тыйғандарымнан аулақ болу арқылы Маған бас июлері үшін” деп тәпсірледі. Ойлап қарасақ, Аллаһты жалғыздау да, Оған бағынудың бір түрі болып табылады. Міне осы – жындар мен адамзаттың жаратылу даналығы мен мақсаты.
Сондықтан, Аллаһ Тағала пенделеріне ақыл берді, әрі елшілер жіберіп, кітаптар түсірді. Ал егер олардың жаратылу мақсаты, жәндіктер мен хайуандардың жаратылу мақсаты іспеттес болғанда, елшілерді жіберу мен кітаптарды түсірудің еш мәнісі қалмайтын еді. Себебі, ақырында бұл өсіп-өніп, сосын құрғап-солып қоқымға айналған ағашқа ұқсап қалады. Сол үшін Аллаһ Тағала былай деді: «Саған Құранды парыз еткен (Аллаһ), міндетті түрде сені кері оралатын жаққа қайтарады» (Қасас сүресі, 85-аят). Сен міндетті түрде Оған қарай қайтып, амалдарың үшін не сый, не жаза аласың: жақсылық үшін жақсыны, жамандық үшін жаманды.
Жындар мен адамзаттың жаратылу мақсатының орындалуы Аллаһқа пайда әкелмейді. Сол үшін Ол: «Олардың Маған ризық бергенін де, тамақтандырғанын да қаламаймын», — деп айтты (Зәрият сүресі, 57-аят). Керісінше, Аллаһқа құлшылық ету – жаратылыстарға қажет нәрсе. Оның пайдасы өздеріне қайтады. Бағынушының бағынуы да, күнәһардың күнәсы да Аллаһқа еш зиян тигізбейді.
Аллаһ Тағала былай деді: «Егер сендер және жер бетіндегі бүкіл нәрсе бірдей кәпір болсаңдар, онда Аллаһ Бай (Мұқтаж емес), Мақтаулы» (Ибраһим сүресі, 8-аят).
Ал енді Аллаһтың мына сөздеріне келер болсақ: «Кімде-кім Аллаһқа жақсы қарыз берсе, Ол оны еселеп арттырып береді» (Бақара сүресі, 245-аят), онда бұл шын мәнінде Аллаһқа қарыз беру емес, Ол бұдан бай! Алайда Раббымыз құлы мен Өзінің арасындағы қарым-қатынасты қарызбен салыстырды. Өйткені, қарыз дегеніміз қайтарылуы міндетті болған нәрсе. Осылайша, Аллаһ қарыз алған біреу қарызын қайтарып беретіні сияқты, игі іс істеушіге амалының сауабын міндетті түрде қайтарып, әлбетте сыйға бөлейтінін хабарлағысы келді.
Бөлісу:

5 пікір

Ojdan
Уаххабшылардың түсіндірмесі
Ojdan
Дәлел сұрама, келтірсек те миды жеп қоясын!
Ahi
Ождеке, былай келісейік: бір-бірімізге қарата бір сөз айтсақ, сөзімізді растайтын дәлелімен қоса айтайық! Келістік пе?
satibaldi
Скотланд Ярдта құдай жоқтығын дәлелдепті, олардың дәлелдері есептеле ме?
abdu
Ассаламугалейкум! Құрметті жамағат! Пікір жазасаңдар біліп жазсаңыздар екен!? Мына піркір жазатындардың ішінде ОЖДАН деген азаматтан сақтаныңдар. Өйткені ол өзінің білімсіздігінен мұсылмандар арасында от тастап, жала жауып, шағыстырып, қазақтарды бір бірімен қырқыстырып қоймақшы екен. Әйтпесе, Уаххабшы, Сәлафит, анау, мынау дегенді қайдан шығардыңдар?! Мұсылмандарда ондай ат жоқ тек қана ұлты қазақ діні мұсылман деген ғана бар. Уаххаб деген Алланың бір аты ал керек болса сонда жаңағы білгір мұсылман Алланың атымен ойнамақшы да?! Аллах ешқашан ойын ойнамайды!? біреудің басындағы Шоқты көргенше, адам өзінің басындағы боқты көрмейма? Мықты білімді болсаңдар жақсы нәрсе жазыңдар, адамдарға дұрыс бағыт беретін елдің мықты азаматтарын сыртынан жала жауып, күншілдіктеріңді қойыңдар. бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бірілікпен жұмыс жасайық ағайын. мына Аки бауырымызға Аллах разы болсын, оданда осы бауырымызды қолддайық. Өткені ол кісі дұрыс жазып отыр. білмегендіктен ғайбат айтып күнәға батпайық!