РУХЫ БИІК ТӘНДІ ЖӘНЕ ГЕНДІК ТАЗАЛЫҚТЫ ҚАЛАЙ САҚТАП ҚАЛАМЫЗ?
(Айында — апиын, аптасында — көкнар!)
Ежелгі емшілер баянынан.
Бала кезімізде бұрынғының шалдарының жоғарыдағы сөзді айтып отырғандарының да талай рет куәсі болғаным есімде. Ауылдағы жетпіс-сексеннен асқан шалдардың денсаулықтары мықты ма, әлде басқа сырлары бар ма, әйтеуір таңмен таласа тұрып, дәреттерін алып, намазын оқи сала гектардан аса шарбақтағы жоңышқалықты дем арасында таңғы шайға дейін шалғы орақпен орып тастайтын.
Ал осы шалдар атқа мініп көкпар шапқанда талай мықтымын деген жас жігіттер олардың шаңына да ілесе алмай қалатын. Сол жарықтық қариялардың жүрек ауруы, қан қысымының артып кетуі, немесе бауырда, бүйректе, өт жолдарында тас пайда болуы мен асқазан жарасы сияқты аурулардан мүлдем аулақ болғаны да рас. Оны бүгінгі таңдағы аға ұрпақ өкілдері де растар. Ал енді таңғаларлығы заманында Алпысбай, Жетпісбай, Сексенбай, Тоқсанбай, Жүзбайларды өмірге әкелген де, сол қариялар болатын.
Әрине бұл пікірлерге замандастарымыз түрлі дәйектер келтіріп қарсы дау айтар: «Ол кезеңдерде экология мен қоршаған орта таза еді. Ауылда өсіріліп, дайындалған тамақ өнімдері таза әрі ет пен ақ мол еді, шалдар атқа мінетін, тұрақты түрде дене қимылы жетік болғасын адам ағзасын қалыпты жағдайда ұстап тұрған еді» — деп. Енді бірі: «Жоқ ағайын олардың тоқалдары да болған, бұл қан айналысын ретке келтіруге де септігін тигізеді. Ал сапалы дәннің құнарлы топыраққа түссе несі бар, жаңа өскіндердің бұл жағдайда көктеп шықпауы мүмкін емес!» — деп. Әрине мың адамның мың түрлі пікірі болатыны да белгілі. Бәрі де дұрысақ, бірақ халқымыздың күнделікті тұрмыс салтына мыңдаған жылдар бойғы өмір тәжірибесіне мықтап енген мына жағдайды мүлдем ұмытқан сияқтымыз. Бұл мақалада негізгі көтерілейін деп отырған мәселе, ата-бабаларымыздың табиғаты қатал да, құбылмалы өңірлерде жаугершілікпен көшіп, қонып жүргенде балтыры сыздап, суықтағанда, немесе ыстық өткенде, улы жәндіктердің шағуынан емдеуде ғасырлар бойы тұрмыссалттарына берік еніп, шипалы дәрі есебінде қолданылып келген көкнәрі мен одан алынатын экологиялық жағынан таза апиын жайлы болмақ.
Бала кезімізде суықтағанда немесе көкжөтел пайда болғанда әжелеріміз көкнәрі қауашақтарын қайнаған суға езіп ішкізгенде (қазіргі шетелдік жарнамадан түспейтін «Доктор Мом» т.с.с сияқты дәрілерден ондаған есе тиімді болатын) барлық ауру саппа тиылатын. Жылан, қара құрт, шаян шаққанда апиынның күкірттің шиінің басындайын ғана қайнаған суға езіп ішкізгенде уды қайтарған. Бұрынғылар керегенің басына апиынның бір түйірін іліп, немесе өзімен бірге алып жүрген себебі, жорықта немесе көші-қон кезінде далада қонып қалған жағдайда, апиынның иісінен жоғарыдағы аталған зиянкес жәндіктер адамдарға жоламайтын болған. Жақпас тамақтан, немесе үйлесімсіз ас қабылдаудан уланған жағдайда да бұл шипалық қасиеті мол дәрілер тез әсер етіп, тиімді нәтижелер берген.
Бұл апиын мен көкнәріні халқымыз емдік мақсатқа күні кешегі өткен 20-ғасырдың 70-ші жылдарының соңына дейін ешқандай да тиым салынбай, ашық қолданылып келгені де шындық. Ал көкнәрінің дәні нан пісіру өнеркәсібінде кеңінен қолданылған.
Ал осы көкнәрі өсімдігі ашық өсіріліп, ғасырлар бойы емдік мақсатқа қолданылып келген кездері халқымыздан ешкім де нашақор болып кеткен жоқ. Оның есесіне буын, кемік аурулары мен жүрек қан тамырлары аурулары мүлдем аз болған. Ал қазір тек жүрек-қан тамырлары (тұрып қалған тығындар мен қақтардың әсерінен) ауруларынан республикамыз бойынша жылына 80 мыңнан астам көз жұмса, буындарда тас пайда болуы мен сүйек-кемік ауруларынан 1,5 миллионнан астам адам зардап шегеді екен. Ал өт, бүйрек, бауыр, қуық пен несеп жолдарындағы тас пен құм жиылудан екінің бірі ауырса, ішкі шектер мен басқа да жерлерде жиналған шлактар мен тастардан артық салмақ пайда болып, миллиондаған адамдарымыз зардап шегуде…
Ресей, Европа мен Азияның теңіз бен мұхит жағалауларындағы климаты ерекше, ылғалды жерлерде тұратын, дәстүрі мен әдет-ғұрыптары, тамақ өнімдері мен сусындарын пайдалану мәдениеттері де мүлдем бөлек халықтарға оқтай тиетін көкнәр мен одан алынатын таза табиғи апиын етті келілеп жейтін қазаққа емдік, яғни шипалық мақсатқа ғана мөлшерімен пайдалана білсе ешқандайда зияны жоқ. Және мыңдаған жылдар бойы ем үшін қолданылып келген өсімдікті: «Айында апиын, аптасында көкнәрі» – деп бабаларымыз бекерден-бекер, еріккеннен айтпаған. Бұл шипалы дәрілерді кімдер және неге қолданылудан алып тастады? Осының астарына тереңдеп, ой жіберіп көрейік:
«Отаршыл жүйе ең бірінші кезекте, басып алған халықтардың жігер-күші мен тәни және ой қуатын, салт-дәстүрін, бұлжытпай орындалуға тиісті рәсімдерін, тарихын жоюға тырысады. Американың жергілікті халықтары үндістер көкнәрдің бір түрі «кокаинды» қатал табиғат жағдайында емге қолданып келсе, бизондарды ет үшін пайдаланған. Америкаға кірген ашкөз европалықтар жергілікті халықтарды жеңе алмағасын олардың салттары мен әдеп-ғұрыптарын, жейтін тамақтарына дейін зерттеген. Олар әуелі «кокаин» плантацияларын өртеп құртып, спирт өнімдерін, «отты су» – деп, алғашында тегін таратып, оған халықты әбден үйретіп, содан кейін бизондарды миллиондап атып, улап, індеттер таратып қырады. Ақырында 300 жылдан соң жергілікті 150 миллионнан асатын үндістерді түрлі әдістермен қырып жіберген. Аз қалған үндістер қазір резервацияларда тұрады».
Отарланудан бұрын табиғаты қатал аймақта өмір сүрген қазақтар қала мен дала мәдениетін үйлестіре білді. Көктемгі көкорай шалғынды, гүлмен көмкерілген Ұлы Дала мен таулардағы таза ауаны да, шуақты жаздың қызығын да үйлесімді түрде пайдалана білген. Ерте көктемде оңтүстіктен бастау алып сонау тайгаға дейін жеткен сәнді көштер, миллиондап мал айдаса да шаңы шықпайтын Арқа мен Құлынды далаларында, Орал таулары мен Төменде алты ай жазда ру-тайпалар араласып, құдандалы болып, той тойлап, алыстан жайлауға келген тайпалар, рулар бір-бірімен қыз алмасу (қан алмасу) жүріп, «отыз күн ойын, қырық күн тойын тойлаған». Мұның өзі дүниеге келер ұрпақтың денсаулығының мықты, бойшаң да, көрікті болуына әсері мол болса, ал жиі болып тұратын жаугершіліктер де басқа ұлттардан әйелдер алуда да дүниеге келер ұрпақтың мықты болуына да себепші болғаны тарихи шындық. Сұлтандар мен ханзадалар, Ұлысбасылары мен байлар тойға киетін алтын күміс сауыттарын, атақты сұлу ханшалар пәуеске дейтін күймелі алтын арбаларын жайлауға шығатын көштерге мініп шыққан. Қазақ халқы жайлауға шығу мейрамын асыға күткен. Тәні де, жаны да сау халқымыздың табиғатпен етене араласып үйлесімді өмір сүре білу мәдениеті ешбір халықта кездеспеген. Қазақтар отырған жерінің шаңын, суының лайын шығармаған. «Күрен» – деп аталған арба үстіне тігілген, түрлі киелі оюлармен нақышталған аппақ киіз үйлер қоныс аударуға өте ыңғайлы болған. Байлығы мен тұрмысы мықты хан, сұлтандар мен байлардың үлкен үйлері тігілген арбаларды 32 өгізге дейін сүйресе, ең кедейінің арбасын 4 өгіз сүйреген.
Ата-Бабаларымыздың Ерте замандардан бері кешегі Ресейдің ақ патшасына кіріптар болғанға дейінгі аралықтағы қан тазалығын сақтау жолындағы тәжірибесіне одан ары тарих қатпарларына тағы да тереңдеп көрейік:
«Ұлы Қаһандар мен Хандар, Ақсақалдар Ұлттың денсаулығы мен Рухын биік ұстау жолындағы бұл маңызды мәселелерге қатаң түрде көңіл бөліп, бақылап, халқымызды тексізденуден, азғынданудан сақтап отырған. Тоғыз ауылға билігі жүрген орта жастан асқан азаматты, немесе қарияны Бабаларымыз Шыңғысхан дәуіріне дейін «Ақсақал» – деп атапты. Шыңғысхан мен Абылайхан заманы арасында бұл азаматтар: «Ала көш билер» – деп аталған. Әрбір рудың мүшесінің қан тазалығы ол ер азамат па, әйел жынысты ма, бәрі де осындай Текті азаматтардың бақылауында болған. Өзара қан алмасу белгілі бір шекке жеткенде, кейбір ауылдарды бөлшектеп «Үш Жүзге» бөліп, айлық алыс жерлерге көшіріп, басқа тайпалармен араластырып жіберіп отырған. Негізгі мақсаттары, қан тазалығын сақтап дүниеге денсаулығы мықты ұрпақтардың келуіне жағдай жасау болатын. Сонау ерте замандарда Ұлы Тұранның патшасы Елтеріс Қаһанның (Күлтегін Білектінің Ұлы Атасы) кезінде қан алмастыруды реттеу мақсатында Алты Алаштан тарағандарды «Үш Жүзге» таратып бөлгеннен соң, саяси-территориялық бөліктерге де қатаң талап қойылған. Махамбеттің бұрын совет заманында тиым салынып келген толғауларында: «Мұзқабатты жерлер» мен «Күлтөккеннің» арасын жайлаған 341 Қағанат Ел едік!» – дейді. Бұл алып Тұран Еліне қарап тұрған қағанаттарды айтқаны. Яғни 1 қағанатта 41 Ұлыс болса, 1 Ұлыста 41 ауыл болған. Ал 1 ауылда өзара қан алмасуға тиісті 7 рулы ел тұрған.
Ауылдардағы рулар саны соғыстың індеттердің әсерінен жетіден азайса, оларды жинап тағы да таратып үшке бөліп отырған.
Бес мың жыл бұрын өмір сүрген Ұлы Бабаларымыз Алаш Қаһан мен оның ұлы Жаһанға «Мейірім мен Шапағаттың» ұрығын сепкен Қазақ Қаһанның салт-дәстүрі мен рәсімдеріне, тіліне, діліне адалдықты сақтаған Алты Алаштан тарағандар Берке Науан Хан Тәуекелдің дәуірінде салт-дәстүр мен тілден, ділден айырылып, өз жақындарымен қыз алысып тексіз болып кеткен «ағайындарынан» іргені аулақ салып, түбі бір халық екіге жарыла бөлініп Қазақ Хандығының сол кездегі астанасы болған Самарқанды тастап, Түркістанға көшіп кеткен. Одан кейінгі уақиғалар оқырманға белгілі болғандықтан «Ақтабан шұбырындыдан» кейінгі жайларға ғана тоқталайық. Бұл соғыстан әлсіреп шыққан Қазақ Еліндегі саяси жағдайлар Айбынды Ұлы Абылай Хан дүниеден озған соң шиеленісіп, оның орнына жігерлі Қасым Сұлтанды сайламай, таққа отырған иі жұмсақ Уәли Хан қарамағындағы көп жерлерден айырылып қалады. Елден бірлік кетіп Батыста Әбілқайыр ханның ұрпақтары басқа хандық құрады. Тексіз, түбі қалмақ Қоқан ханы мен Тәшкен билеушілері дегендер пайда болып, Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу өңірін бөліп алады. Осы кезден бастап ел басқару үрдістері бұзылады. Тектілердің, Билер мен Ақсақалдардың билігіне ақ патша тарапынан балта шабылып, Ресей Ұлы Далаға қамалдар салып ішкерілей береді. 19 ғасырларда Ұлы Дала заңдары жойылып, хандықтар таратылып, Ел билігі тікелей Ресейдің губернаторларына, ояздарға, олардың өздері сайлап қойған болыстарға көшеді. Ал ендігі аса маңызды мәселенің бірі жолбарыс мінезді халықты қалай жуасыту керек? Отаршылдар бұған да қатты көңіл бөледі. Қазақтың Текті азаматтары билікке сайланбай, мансапқорлар мен дүниеқоңыздарға билікті жинап береді. Енді осылардың күшімен Ұлттың негізі болған салт-дәстүрлер мен рәсімдерге, әдет-ғұрыптарға шабуыл жасалып, ұлттың рухын көтеретін, таңды-таңға атырып жырлайтын жыраулар мен ақын, серілер қуғындалып, қаншамасы «Итжеккенге» айдалып кетеді. Қазақ халқы о бастан арқалы да, әруақты болған халық. Әруақты да, арқалы халықтың рухын оятып ұстау отаршылдар мен олардың жергілікті итаршы қызметкерлеріне өте тиімсіз еді. Жер-жерлерде көтерілістер болып жатты. Бұл патша әскерлері мен олардың жалдамалыларының күшімен аяусыз басылып, жаншылып отырды. Оңтүстікте, Сыр бойы мен Арал аймағы да кейін пайда болған Қоқан, Хиуа хандарының шабуылдарына ұшырап, сұлу қыздары мен жігіттері құлдыққа айдап әкетіліп отырды.
Ауызбіршілік пен ынтымақтан айырылып, кешегі өздеріне бағынып тұрған халықтардың кіріптарлығына түскен халқымыздың тарихын астыртын келіп зерттеген «яхудилардың» кеңесіне құлақ асқан патша үкіметі, яғни Ресей отаршылдары қазақтың ғасырлар бойы ауа райы қатал жерлерде тұрып, табиғатпен үйлесімді түрде өмір сүру мәдениетін жете меңгере білген бабаларымыздың көшіп-қону үрдістерін бұзады. Жерімізге қамалдар салып, рулар мен тайпалардың қалыптасқан бағытпен ежелден келе жатқан көшіп-қону мен шаруашылық пен тікелей қан алмасуға әсер еткен жайлауға шығуларына шек қойып, енді тайпалар мен сұлтан, байлар арасында мал жайылымдарына таласу басталады…
Барар жерлері, басар таулары шектелген қазақтар қан алмасуға амалсыздан жаңалықтар енгізіп, енді «Құда мың жылдық, күйеу жүз жылдық»-деп, нағашылары мен құдалар жағын жағалап қыз алыса бастайды. Бұл кейде бірнеше ұрпаққа дейін жалғасып, алыс тайпа-рулармен қыз алмасу мен таңдау аясы осылай шектелгесін, табиғи сұрыпталу бұзылып дүниеге келген ұрпақтар аурушаң, әлжуаз бойлары аласа сәбилер көбейіп, шетінегендер өте көп болады. Бұрын қазақтар 3 метрден асқан алыптарды: «Сырықтай» – деп атаса, 2 метрден асқан азаматтарды: «Құрықтай» – деп атаған. Ал бұрын 2 метрден төмендерді «тырықтай» – деп атаса, енді 1,60 төмен «тырықтайлар» көбейе бастайды….
Отаршылдар енді қазақты жылқыдан, мінсе рухты шарықтап өсірер көліктен, жесе қуатты да, құнарлы еттен, ішсе шипалы дару сусыннан ажыратпақ та болады. Бірақ олардың бұл арманы «Қазан төңкерісінен» кейін «яхудилық» Сталин-Голощекиннің қанқұйлы жоспарынан соң ғана жүзеге асады. Қазақтың миллиондап мал жайса да шаңы шықпайтын Ұлы Даласын жауыз Никита Хрущевтың жеке дара жүргізген саясатынан соң жаппай жыртып тастап, топырақ эрозиясына ұшыратса, киелі жылқы малын мың-мыңдап етке деп тағы да тартып алады. Қазақ құнарлы еттен, сүттен, шипалы қымыздан айырылады. Табиғи таза көкнәр мен одан алынатын таза табиғи апиындарды қолдануға тиым салынып, арзанқол фармацевтикалық химиямен шыланған дәрілерді пайдалану басталады. Қымыз бен шұбаттан аластатылған қазаққа орыстардың салтына берік енген арақ-шарап ішу мен шошқа еті араласқан колбаса жеу насихатталынып, кино мен спектакльдерде де бұл көріністер ашық көрсетіліп, ресторандарға бару үгіттелініп, арақ-шарап ішу жаппай модаға айналады. Әсіресе бұл ретте кейінгі толқын қазақ совет ақындары белсенді қызмет атқарып, қазақтың ойын, тойлары ішімдіксіз өтпейтін күйге жетеді. Бұл жағдай бір жағынан өнім өндіру өндірісі жеңіл, өзіндік құны төмен, бірақ сатылу бағасы жоғары, сұранысқа ие болған спирт ішімдіктерін шығаратын «Спиртпром» мен «Винтрестердің» өркендеуіне де оңды әсерін тигізеді. 1985 жылғы Горбачевтық «Сәуірлік» қайта құру» дәуірінен соң халық денсаулығына зиянды зардабын тигізген тағы да керегарлық пайда болады. Енді бұл «арақ ішуге қарсы» күресте, спирт өндірісі саласына партия, үкімет тарапынан шабуылдар басталып, әдеттегідей науқанмен жүзімдіктер мен таза спирт өнімдерін шығарып тұрған өндірістер қиратылып, теміртерсекке айналып, бос қалған кеңістікті арзанқол, қытайдың улы спирт өнімдері мен техникалық спирттер басып, халық арасында жаппай улану басталады. Арақ- шарап ішуге, көкнәрді егуге тиым салушылық, шеттен жасанды адам ағзасын улап, мүлдем жарамсыз етіп жатқан қазіргі кездері пайда болып, әсіресе жастар арасына кең таралған жасанды есірткілер: героин, гашиш, анаша т.с.с. түрлі жолдармен елге кіріп, оны қолданушылардың аясының кеңейіп, көбеюіне алып келді. Бұл Қазақстан арқылы өтетін наркотрафиктердің пайда болуына әкелді…
Қазіргі медицинада қолданылып жүрген шетелдік дәрі-дәрмектердің тиімділіктеріне сенім аз. Өмірдің барлық саласы коммерцияланып кеткен мына заманда келіп жатқан импорттық дәрілер адам ағзасының бір мүшесіне пайдалы болса, екінші бір мүшесін улап, мүлдем бүлдіріп жатады. Соңғы жылдары зерттеулерден белгілі болғанындай әр құрлықтың, әр аймақтың өсімдіктерінен жасалған дәрі-дәрмектердің сол аймақтардың тұрғындары қолданғанда ғана тиімділігі болатыны анықталған. Сондықтан да отандық шикізаттардан өз елімізде дайындалатын табиғи дәрі-дәрмектер өндірісін жолға қою бүгінгі күннің басты өзекті мәселесінің біріне айналып отыр…
Ал енді тағы да қан алмасуға келсек, қазіргі заманда коммуникация саласы дамып, жастардың қалаларға оқуға немесе жұмысқа келулері оңтүстік пен батыстың, солтүстікпен шығыстан қыз алмасулар көбейіп, келер ұрпақтардың бойшаң да, мықты да, көрікті болуларының және бір кепілі болуда. Және неғұрлым алыстан қан алмасқан сайын келер ұрпақ гендік жағынан тазарып, қазақ халқы өзінің атам заманғы алыптық, мықтылық, тектілік жағдайына қайтуына, яғни Абылай заманындағы «Арыстан мен Жолбарыс мінезді» қалпына келуіне мүмкіндік көбейеді. Алайда соңғы уақыттарда ауылдық жерлерде тағы да «құдашадан құдай ұрған, құр қалады» немесе сол баяғы отарлық кезеңде қалыптасқан «Құда мың жылдық, күйеу жүз жылдыққа» қайтадан бой ұра бастаған үрдістер байқалады. Осы аса маңызды мәселені көп жылдар бойы назарымнан тыс қалдырмай, бақылау жүргізіп келемін.
Жасыратыны жоқ кейбір ауыл мен шағын қалашықтарда екі немесе үш-төрт рудан шыққан тұрғындар тұрады. Сұрастыра келсеңіз бір-бірімен құда-жекжат болып қыз алыспаған отбасы кем. Бірі-біріне нағашы-жиен, жезде, қайны қысқасы тонның ішкі бауындай араласып кеткен. Тіптен өз руы болмаса болды жастар үйленіп жатыр және бұл үрдіс арифметикалық өсіммен күннен күнге ұлғайып барады. Мұндай құда-жекжаттардың ұрпақтарының жиі-жиі өзара қан алмасуларының соңы дүниеге әлжуаз, аурушаң табиғаты қатал өңірде орналасқан, экологиялық жағынан ластанған қоршаған ортаға келген және есею барысында космостық жылдамдықпен дамып бара жатқан информация ғасыры мен әлеуметтік теңсіздіктің қысымына төзімсіз, стрестік ауыр жағдайларға бейім тұратын ұрпақтың көбеюіне алып келуде. Соңғы деректер бойынша тек қана 2007 жылдан бері республика бойынша мыңдаған жасөспірімдер мен жастар өздеріне қол салған.
Қазір әлемнің көптеген елдері табиғи таза көкнәрі өсімдігінің денсаулыққа орнын тауып қолдана білсе, пайдасы көп екеніне көңіл бөле бастады. Еуропа мен Американың көптеген елдерінде дәріханаларда табиғи апиыны бар өсімдіктердің жеңіл түрлерін сатуға рұқсат бере бастады. Түркімен, Ауған, Иран, Арабтың кейбір елдері әлі күнге шейін көкнәрі мен апиынды емдік мақсатта да, тұрмыста да қолданып келеді. Оларда таңғаларлығы ешқандай да нашақорлар тіркелмеген. Бізге де бұл мәселеге шұғыл бетбұрыс жасайтын кез келді. Табиғаты қатал, сулары тұзды, ауасы шаңды Қазақстанда буын, сүйек және жүрек, қан тамырлары мен ішкі ағзаларда құм-тас жиылу ауруларының алдын алу мақсатында және тыныс жолдарына суық тигенде ағзаға басқа химиялық дәрілердің зиянын тигізбей тез арада емдеу үшін дәрігерлердің бақылауымен табиғи таза көкнәрі мен апиынды емдік үшін пайдалануды бастағаны жөн. Алғашқы кезде қиын болғанымен уақыт өте бәрі де қалыпқа түседі. Әрине бұл шетелдік дәрілерге деген сұраныстың азаюына әкеледі. Бірақ бізге халқымыздың денсаулығының бәрінен де қымбат екенін естен шығармауымыз керек. Сіз бұған не дейсіз ағайын?
Ілесбек БАЙЖАНОВ,
«Ақиқат-1» қоғамдық-саяси бірлестігінің төрағасы.
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
Ескерту: Тарихи деректер халқымыздың соңғы сыпыра-шежірешісі, “Бестаңба”, “Ізбөрі”, “ғасыр табақ насияты” кітаптарынан деректерді кейінгі ұрпаққа жеткізуші Әлиасқар Байғұтұлынан алынған.
adiletgazeti.kz/?p=116

1 пікір