Есік көлінің кереметі
Ерекең (@azanbekov) «Көлсай» туралы әдемі әңгіме айтқанда сол жаққа кетіп қалғым келген. Ақыры қауіпсіздік мақсатында жоспарды кейінгі ысыра тұруға тура келді. Есесіне, ойламаған жерден жұма күні Ақбұлақ шипажайындағы екі күндік семинарға қатысып, Есік көлін, қорғандарын тамашалап келдік.
Бұл өзі қызық семинар болды. Бейсенбі күні бас редактор: «Уақытың болса, барып келгенің жөн» деген соң, «Мінбер» тренингінің жұмыстары бастан асып жатса да барып қайтуды жөн көрдім.
jti темекі өндіретін компания екен. Кедендік Одақтың салдарын темекі өндірісін мысалға келтіріп түсіндірді. Новосибирскіден келген профессор, лекторларымыз да маған бөтен емес болып шықты. Біреуі жаңа медиаға қатысты арнайы кітап жазған екен.
Мынау біз тоқтаған Ақбұлақ шипажайы. Бағасына қызыққандар болса, бір тәулігі 25 мың екен.
Азиадаға келгендер осында тоқтап, шаңғы жарыстары да осы жақта өткен екен
Ертесіне бізді Есік көліне апарды.
1963 жылы сел болып, адамдар қайтыс болған жерлер.
Есік көлі. Ербол «Көлсайға» ұқсайды дейді.
Оқиғаны еске түсіретін белгі.
Таудың ар жағына өтіп, жаяулап, Ыстықкөлге өтіп кетуге болады екен.
Одан кейін 18 мамырда ашылған Алтын Адам мұражайына апарды.
Мұражайда Алтын Адамды тауып, қазып алған Бекен ағаның өзі қарсы алды.
Біздерді қорғандардың басына апарды. Жай туристерді ол жаққа апармайды екен.
«Мына қорғандардың астында бабаларыңның сүйектері жатыр» дейді.
Мұражай іші аса үлкен емес. Барлық экспонаттар Алтын адамға қатысты.
Бағасы қымбат емес болуы керек.
Қосымша суреттерді блогымнан, «1963 жылғы Есік көліндегі апат» жайлы және Қорық инспекторының әңгімесін neweurasia сайтынан көре аласыздар.
белгілі себептермен бара алмай қалғам
бір аптадан соң оралды, беттері жара-жара боп