Денис пен Рой, түсініксіз бой...


Сөйтіп атақты Рой Джонс пен ресейлік Денис Лебедевтің арасындағы боксты да тамашаладық. Рой көкеміздің жасы келді десек те дәл осылай жеңіліуін күтпеп едім. Осы жұдырықтасуды көргендеріңіз бар ма? Естеріңізге сала кетейін 21-ші мамыр, сенбі күні өтті. әлде әмрикандық ғалымның ақырзаманы осы ма? Барлық он раунд бойы Рой сылбыр қозғалғандай көрінді. Не қалай болса солай шыға салған еш дайындықсыз не әжептеуір соммаға сатылып кетті деп ойлаймын өз басым.

Мынаны көрген біздікілер Ройды Шүменовпен қолғап түйістіруге шақырар әлі…
Бөлісу:

13 пікір

Arhun
Рой көкеміз, әлде, кәртиген шығар?
Бұрыңы бой көрсетулеріне қарағанда мықты-ақ көрінген
/Ханның басын хан алады/ демекші, кез-келген чемпиондардың орынын бәрібір жаңадан келгендер алады емес пе?
Мысалы, соңғы Феодордың төбелесін еске түсірейік
Abilakim
Бұл жерде ханның басын қара алып тұр.Денистің жасы 31де-ау деймін шамасы.ал Ройыңыз осы жасында шаршы алаңда талайдың шаңын қағып, атой салды емес пе? Денис ешқандайда биікті бағындыра алмас бокста.чемпион болса да жұрттың есінде қалатындай аңызға айналмасы сөзсіз
Arhun
Енді ақша үшін барған жоқ шығар? Білмеймін.
Соңғы секундарда Денистің соңғы соққысы, шынымен ұнамады
Шынымен, сабыр тұтып аңызды қарсыласын кішкене болсада сыйластылқ көрсету керек еді
Abilakim
Бұл салмақта Ройдың ешкіммен қолғап түйістірмегенін ескере отырсам да, оның мына жеңілісін ақша үшінге балаймын.
omarbirat
Джонс қайтсін енді. Жасы келгесін бұрынғыдай атой салу жоқ. Ақша керек.
Gastarbaiter
Сауап өзіне. Рой Джонстың шеберлігіне бас ие тұра, оның өз қарсыластарын ешқашан сыйламағанын білеміз. Боксқа біреудің кумирі ме, басқа ма шаруасы жоқ, бір раундта бітіретін төбелесті алты жеті раундқа созып, тышқанмен ойнаған мысықтай масқаралаушы еді спортшыларды.
Сол кезде ойлайтынмын, «ай бір адамыңа кезігерсің» деп.
Спортта қарсыласыңды титтей де болса сыйлау керек. Рой тым болмаса қартайғанда, қарсыласты менсінбей құтыруын қою керек еді.
Abilakim
бұл жерде ол құтыра да алмады дұрыстап. 4-ші раундың ортасынан бастап салбырады да қалды…
Gastarbaiter
Жалпы қырықтан кейін ақылы бар спортшылар ұйымдастырушылық жағына кетеді. Әсіресе төбелес өнерінде.
Abilakim
Келісемін, келіспеуге еш негізім жоқ.
Гастеке, сәл ауытқысақ… Шүменов жайлы айта кетсеңіз? Ол кім деген нұсқа қабылданбайды
Gastarbaiter
Бейбіт жас қой әлі.
patick
Қайран, Рой. Боксты тастап, рэпіңді жалғастыратын шығарсың енді.
qisyq
Жақсы тиын істеп кетті.
Milzhyng
Лебедевтің соңғы соққысы босқа жасады. Артық кетті.