Біз Құлекеев реформасының құрбандары немесе кредиттік технология
Араларыңызда 2004-жылдан кейін Қазақстанда университет оқығандарыңыз болса кредиттік оқу жүйесін жақсы білесіздер. Бұл жүйені сол кездегі білім министрі Жақсыбек Құлекеев енгізді де көп өтпей қызметімен қош айтысып кете барды. Жүйе туралы жалпылама айтатын болсақ оқытушы немесе профессор бұрынғыдай 90 минут бойы лекция жаздырып қақсамайды, тек студентке жетекшілік рөл атқарады, яғни оқытушы барлық оқу мазмұнын қамтыған түрде түсіндірген ұзын сонар лекция жаздырмайды. Оқу мазмұнының тақырыптарын айтады қандай әдебиеттерден қарау керектігін айтады болды, ал студенттер өздері ізденеді ары қарай, сосын 80 минуттан тұратын аптасына 3 рет симинар сабағы болады. Сол кезде ал үйренгеніңді айт деп сұрайды ай келіп, бағалау әр жарты жылдың соңында 100 балдық жүйемен бағаланады, оның ішінде 60 балы сенің маусым бойғы белсенділігіңе байланысты ал қалған 40 балды емтихан барысы белгілейді. 90 балдан жоғары 5 деп яғни үздік деп есептеледі 75-89 бал қанағаттанарлық 4 болып есептеледі. 74-50 бал 3 болып есептеледі. 49 дан төмен 2.
Ал енді бұл жүйе қаншалықты тиімді немесе тиімсіз, мен 2004 те жүйе алғаш қолданысқа енгізілген жылдары оқыдым. Маған кездескен негізгі қиындық қазақ тіліндегі материалдардың жоқтығы болды, өзім орысшаға шорқақтау болдым. Біз оқыған жылдары бұл жүйені студент тұрмақ оқытушыларда түсінбейтін, сол жылғы оқуымыздың мәні кетті, әупірімдеп бітіріп шықтық. Ал осы оқу жүйесіне біз үшін қаншалықты тиімді, біз оқу жүйесіне дайынбыз ба?

Пайда болған көптеген кедергілер студенттер мен оқытушылардың өздеріне байланысты деп ойлаймын. Білгенімді үйретем деген оқытушы, ізденем, талпынам деген студент болмаса, кез келген жүйе көмектесе алмайды.
Қазақша материалдың жетіспеуі де — басқа проблема.
Ал қазақша мағлұматтар жоқ дегенге келер болсақ, ол уақыт өте келе түзу жолға түсер деп үміт етемін.