"Алтын белгінің " құны қанша?

Қазіргі білім беру саласында көптеген өзгерістер болып жатқаны бізге мәлім. Сол өзгерістердің бірі ол «Алтын белгі » иегерлерінің санының артуы болып отыр. Осыдан тура 8 жыл бұрын Қарағанды облысы бойынша жаңылмасам 17 ғана «Алтын белгі» иегері болған еді. Ал, қазіргі санын ол облыста қанша екенін білмеймін, шағын ғана Екібастұз қаласынан биылғы оқу жылында 15 «Алтын белгі» үміткері бар. Осыған орай мынадай ой туып отыр. «Алтын белгінің» қазақ қоғамына құны қанша?
Бөлісу:

32 пікір

konvict
Білетіндер бес мың доллар дейді
izbasar
Құнын білмедім.
VKM
саны көп, сапасы жоқ Алтын белгілер(((((((
AKY
1 тиын да төлегем жоқ.
VKM
Айгера, алтынбелгистер сен сияқты болса, тек қуанар едім!!!
satibaldi
1 тиын да төлегем жоқ.
Иә, ол уақыттары сиырлай, жылқылай ала беретін мамыражай уақыттар болатын…
AKY
КетЧ:)))
Біздер ЕНТ алғаш енгізілген жылы бітіргенбіз. 1-рет енгізілгесін ешкім андай-мындай махинациясын біле бермеді. Біздерді қорқытып қойғаны сонша, ең болмаса калькулятор да алмай кіріппіз. Ощм, әділ болды деп ойлаймын сол жылы. Өзім олимпиадалардан дұрыс орын ала-алмай, «Алтын белгіден» күдер үзіп жүргендегі үмітімді қайта жаққан Күлекеевке рысбек))) Республикадан орын алғандардың арасында БҰТтан өте алмай, жылап қалғандары болды.
Сол жылы облыстан 35 шықтық қой деймін. Келесі жылдары «Алтын белгілердің» саны күрт өсіп кетті бірақ…
izbasar
Сіздің заман әділдеу еді. Бірақ пысқайлар қатырып жатады екен ғой!
alisha
Біздер ЕНТ алғаш енгізілген жылы бітіргенбіз. 
Түлек — 2004? Бала екенсің ғой;))))
qisyq
Брат! Мен де бір тиын төлемедім. Біздің кез рахат еді ғой.
AKY
Сен де қырық қой бердің бе))))
qisyq
Он жылқы, жиырма қой. Қымбатқа түсіп қалды.
Aizhantabyn
хехе, алтын белгінің қаншамасы бар, бірақ Назарбаевқа тоқсан пайыздан астамы ктлдік студенттер. Бұл деген көп нәрсені аңғартады.

Нағыз алтын белгі алғандар бар, бірақ қазір санын қуып жатқан мектептер көп, содан фэйктер де баршылық)))

Негізі, менің бір досымның досы алтын белгі алды кезінде, Стэнфорда білім алды, енді сол жерде мастер жасап жатыр, білім бар деген сөз)))
satibaldi
енді сол жерде мастер жасап жатыр
Ма ма…
izbasar
мастерлеріңде де құн барма?
sigma
Шындығына келсек сол «Алтын белгінің» құны 5 тиында тұрмайды. Қажетсіз нәрсе деп білемін. Әрине қызғанғаным емес, кезінде өзімнің де сол алтын белгіні алуға жүгіргенім рас (біз бітіретін жылы енгізген болатын), ол кезде қазіргідей ЕНТ емес, Республикадан орын алу керек ед. Жүгірген алмайды, бұйырған алады демекші, Республикалық пәндік олимпиадада 1 балл жетпей, 4орын алып қайттым. Сол кездегі стандарт бойынша "Қызыл аттестат" берді. Кейін осы үшін сағым сына қойған жоқ, еш қиналыссыз ЖОО түстым (грантқа), оны да үздік дипломмен бітірдім, кейін магистратураны да солай бітірдім. Ал "үлкен" өмірге аяқ басып, жұмысқа тұрған кезде осы "қызыл" дипломдардың, мақтау қағаздарының еш көмегі тиген жоқ. Ешқандай үстем ақы да төленген емес, сол үшін. Жай жақсы оқығаны бар, орташасы бар бәріміз бір қызметте жүргенде еш ажыратып алары жоқ, бірдейміз.
Кейде отырып ойлаймын осыларды, -егер- деймін, сол кездерді қайтарып берсе, бар уақытымды тауысып қажет емес пәндерді оқымас едім, «Бес» алу үшін, орнына қажет болар-ау деген үйірмелерге қатысып, не өзіме қызық нәрселермен шұғылданар едім.
Так что
Білетіндер бес мың доллар дейді
осынша сома бергенше, сол ақшаны басқа қажетіңізге жаратсаңыз дұрыс болады деп ойлаймын.
AKY
Оныңыз рас, кімнің кім екені іс барысында ғана көрінеді. Ал Алтын белгі, қызыл диплом… Көбісінің тіптен ондайларға негатив пікірі алдын ала қалыптасып қалған «сатып алған», «түк білмейд» деген сықылды. Сондықтан, тіпті осындайда болмаса, басқа уақытта есіңе де алмайсың…
Бірақ әлгілердің ата-анам үшін маңызы зор. "Қанттай қылып" жинап қойған, сандыққа салып)))
asaubota
бірақ @sigma сен ішесің, боғауыз айтасың ғо. бұл қалай сонда?
sigma
Ай, сволыш, кезіндегі Солайде жаргондарын жасауға қосқан үлесіміздің, побочный эфектісі ғо.
Ол да сенің темекі тастағаның сияқты енді, жабысып қалмайд.
asaubota
просто отличник балдар ішпеу керек, боқтамау керек. саған да Қисыққа да сенбеймін беспен бітірдім дегендеріңе. бізде ақша болмады, а то сатып алып мен де қазір понтоваться етер едім :)
qisyq
Лібә, осы келгеніңде Алтын белгімді салақтатып тағып барып көрсетпесем.
Әбілдің, бірақ, бәрібір сенбейсің ғой…
sigma
Ия, сол канон ғо, союздан келе жатырған. «Отличник должен быть примером» деген.
А так енді адам балсы болғасын ішесің, жейсің, зайыбың шықса (Қарылғаш емес)боқтайсың деген сияқты ғо.
Барлық халықтармен дос болу керек дегенмен, кейбіреулерге жының келед деген сияқты, кей жерлерде әдейі қазақша сөйлесің деген сияқты жеке адамға тән қасиеттер жоқ емес.
satibaldi
зайыбың шықса (Қарылғаш емес)
)))))))))))))
neoman
Аршеке, мына сөзіңмен біздің бақшаға үлкен кесек лақтырдың ғой) Нағыз отличниктер бәріне үлгереді. (оларды «шар» дейтін едік)
Көзіне көзілдірік киіп клинутый боп жүретіндер — ботандар, задроттар, солар ғой псевдоотличниктер, көп оқыса да басы қатты қақпайтындар, тежегіші ұстап жүретіндер
Gastarbaiter
Neo, мына сөзіңмен біздің огородқа тышып кетті ендеше.
Мен көзіме көзілдірік киіп, клинутый болып жүремін. Ботанмын. Задр болдым. Егер менің адам танығыштық қасиетім мені алдамаса, осында отырған жігіттердің 80 тіпті 90 пайызы сондай болған уақытында. Есее келе, өмір тәжірибесімен өзгерген. Кейбірі сол күйі задрот боп қап қойған:)
Жалпы идеяң дұрыс. Басы қағатын адам бірнеше салада үлгереді.
Daniar-Alan
Ол да сенің темекі тастағаның сияқты енді, жабысып қалмайд.
Биыл 2015 дисің ғо әхәхә )))
alisha
Алтын белгі, үздік аттестат түгілі дипломға да қарамайтын заман ғой қазір…
edige
Дипломның сыртын ксерокопиядан өткізгенде 1 ақ түр шығады. Оның құнымен емес, ана кепкі киетіннің іші бос болмай, жұмысыңды меңгерсең іс бітті… мамансың
neoman
Берекесі кетті осы Алтын Белгінің. Сатып алып, грант жеңіп алады. Талай еңбектенген, басы істейтін бірақ Алтын Белгі еместерге обал
Gastarbaiter
Мен жұмыс жасаған жерлерде менен «Дипломың қандай» деп сұраған жоқ. "Қолыңнан не келеді?" деп сұрады.
AbylayMusabekov
сонда диплом, алтын белги солардын комеги жок па?