Оралманның арманы.
Өткенде Намыс.кз сайтынан мынадай Атамекенге келіп «арманыма» жеттім атты мақала оқып өзімнің ойымды жазуға ұйғардым.
Моңғолиядан ұстаз, қазақтың ән-күйінің жампозы Бүркітбай дейтін ағай көшіп келді. Бір күні мектепте 3-4 мұғалімнің басы қосылып әңгімелесіп отырғанымызда Бүркітбай ағамыз: – Мен армандаған арманыма атамекенге келіп жеттім, – деп қалды. дейді мақалада.
Біз: – Әрине, әрине, – деп, «атамекеніне аман-есен жеткенін айтып отырған шығар» дегендей бас шұлғып, құптап жатырмыз. Бүкең әңігімесін әріқарай жалғастырып: – Монғолияның ішкі аймағында, қалың моңғолдың ішінде 20 жылдай өмір сүрдім. Олар менің атымды атамай, «хасаг» (қазақ дегені) деп үнемі кекететін. Ал Қазақстаныма атамекенімен келіп моңғол атанып арманыма жеттім дейді.
Расымен ол адам арманына жетті Өйткені оны Моңғолдар Қазақсың деп төмендетсе еліне келіп Моңғол аталып басқа елде армандаған арманына жетіп отыр ғой. Осылай арманына жеткен оралман, өзін кекеткенді мақатмен бауыздағандай болып отыр. Әрине ол арманына жеткенінен емес, моңғол атанып шеттетілгеннен жұмсақ тілмен тіліп алып отыр. Рас, қазір қоғамда сондай жағдай қалыптасқаны рас. Шынымен неге расымен өз қазағы өзнің қандас баурын осылай шеттетеді. Неге жергілікті қазақтар сырттан келген ағайындарға моңғол, өзбек, қытай деп ат қойып йдар тағады?

— Құрметті Сайран аға Ассалаумағалайкум! менде Қазақстанға қытайдан келген қандас бауырыңыз боламын. жоғары білімім бар. 91 жылыдан бастап шетелден 1 милионға жуық қандасымыз қоныс аударып келді..қандастарымыздың арасында білікті-тәжрибелі мамандар, дәрігерлер, мұғалімдер түрлі кәсіп иелерінің білімділері екі қолға бір еңбек таба алмай ала сөмке көтеріп, базар жағалап көше сыпырып кетті.шеттен келген қазақтардың мемлекеттік органдарға жұмысқа тұрғаны былай тұрсын тіпті оларды ешқашанда ондай жерлерге жұмысқа қабылдамайды. тіпті осында оқыған, балалардың өзінде түрлі сылтаулармен жұмысқа қабылдамайды… мықтағанымыз университеттің оқытушысы ғана болып жүрміз. орыс тліді, сұрғылт тобыр, дүей қара күштер жолатар емес. ешкімде шеттен келген қазақтардың мүддесін ойламайды. біз шышында иесіз, ескексіз қайық сыяқты далада қалғандай күй кешіп жүрміз..қайда барсаң қорлау...қашқынсың, сатқынсың, қашып кеткенсің, моңғұлсың, қытайсың, қалпақсың, өзбексің деп мазақ етіп жатқаны… көші-қон туралы ұлттық саясат атымен жоқ. біз не істеуіміз керек? көшіп келуді доғарғанымыз жөнбе? мына меңіреу, тас керең билік қазақтың қамын ешқашанда ойламайды.құрысақта, жойылсақта шетте жүргеніміз дұрыс сыяқты. текті, елім-жерім дейтін аса білімді адамды мен осы елден көрмедім. сізше біз не істеуіміз керек?
Ол мазақ емес сияқты, жәй қай жақтан келгенін білдіретін қосымша сөз.
Бізден көшіп кеткен орыстар мен немістерді казахи дейді екен…
сол сияқтыоттапты сырлыбай! (қыз-жібек кинофильмінен)
қазақ басына күн түскен күні ғана ұйысқан
деген өлеңдер де шығаратын :). Ол кезде ешкім жұмыссыз қалмайтын кеңшілік заман болғанымен, Қытайдан көшіп келгендерді кез келген жұмысқа ала бермейтін. Әкем ол жақта гимназияда оқыған, сол жерде салық жинаушы сияқты бір қызмет атқарған екен. Мұнда келгесін ондай жұмыс берілмегені бесенеден белгілі — мал бақты, құрылыста істеді, трактор айдады, қысқасы, қара жұмыспен айналысты. Келген кезде баспана жағынан да қиындық көрген болса керек — қазіргі ауылда тұрған үйімізге өз беттерімен заңсыз басып кіріп алған. Негізі ол үй бір бастықтарға, сапқоздың белсенділеріне арнап салынған үй болған екен. Солармен қырылысып жатып әйтеуір үйді әке-шешемізге қалдырған екен. Солай ел қатарлы жұмыс істеді, балаларын өсірді. Әкем қанша жерден "қытайлық" болса да, оның балаларына ондай әңгіме айтылған емес. Маған осы күнге дейін ешкім «сен қытайлықтың баласысың» деп әңгіме айтып көрмепті. Яғни, бұл жердегі халыққа өздері сіңе алмағанымен, балалары сіңіп кетті. Өздері де сіңбеді емес, кейін бәрімен тең дәрежеде араласатын болды ғой. Бірақ оған отыз жылдай уақыт кетті.
Мұның бәрін не үшін жазып отырмын? Жай, егер сырттан қандастарымыз осында көшіп келмек ниетте болса, алдымен не үшін көшіп келетінін анықтап алғаны дұрыс болатын шығар деп ойлаймын. Өз қамы үшін бе, әлде ұрпақтарының қамы үшін бе? Мұндай кемсітушілік тек қазақта ғана бар емес. Осыннан көшіп кеткен орыстар мен немістердің де өз елдеріне барып, бірден сіңіп кетіп жатқандары саусақпен санарлық. Азар болса ол бауырымыздың өзін моңғол дер, баласын моңғол дер, бірақ немересі Қазақстанда туылған соң, оған ондай әңгіме айтылмайды. Сабыр етіп, шыдау керек, кәрөче :)
Сырттан келген немесе сыртта жүрген қазақттардың көбінің басы қатты істейді, патриоттық сезімі де жоғары, менталитеті де жақсы.Соларды жақсы жерлерге орналастыру керек, қинамай.Жақсы жерлерде өңшең орыс немесе орыс мінезділер(Қазақстанды ойламайтын).
Көлденең сөз — кө*іме, бұралқы сөз — бұтыма. //Гастаның коментінен
Биік мақсат-арманым мен өз мүддемді жақсы түсінемін. Өз позициям бар. Қалған былапыт ұсақ-түйек әңгімелер қызықтырмайды.
-Моңғолияда туылғанмын.
-Оралмансың ба?
-Жоқ, өзің сияқты ҚАЗАҚПЫН.
Кеше киосктен газет алғалы тұрсам, бір ағай мен апай тұр екен. Диалог:
-Осы жерде доқтыр емдейтін жер бар ма?
-Аурухана ма, поликлиника ма?
-Бізге анықтама беретін жер керек
-Қандай?
-Біз Курчатов қаласында өкпені суретке түсірген едік,қағазы сонда қалды. Доқтырға барып, біз өттік деген анықтама керек
-Ондай анықтама сіздерге бермейді ғой, Курчатовқа барып алмасаңыздар.Қайтадан түсе салған жеңіл сияқты
-Қарындасым, көп рахмет саған, дені дұрыс сөйлескен сен ғана болдың бізбен. Қытайдан келіп едік. «Нұрлы көш» қалашығында үйге қағаздар тапсырмақ едік, жинай алмай жүрміз.Қаланың бір шетінен екінші шетіне қуып, есіміз шықты.
Ішімнен ойладым, сол флюрографияны олар Қытайдан шыққанда, бізге жеткенде де тапсырды ғой. Немене 99 рет сұрап, естерін шығарады екен деп(((
-Үшжүзге бөлініп оңбап едік, бүтінделемізбе дегенде төртжүзге бөлініп кетпесек болды. Анадай жағдайдан кейін қандастарымыздың пиғылында бізге деген жеккөрініштік оянбайма?
Таңқаларлық нәрсе емес,Қазақстанның ішіндегі қазақтарың бөлініп жатады ғо(Руға, Шымкенттік-Ақтаулыққа, оң түстік-батыс т.б)