“Мінбер” тренингіне қатысушылар тізімі (Алматы қаласы)

  • KazNET
Сүйінші хабар! Қымбатты оқырман!
Осыдан екі ай бұрын дәстүрлі «Жаңа медиа технологияларын қазақтілді БАҚ тәжірибесіне енгізу» атты семинар-тренингіне қатысу үшін «Мінбер» сайтында арнайы байқау жариялаған едік.

Байқаудың тақырыбы – «Блоггер болғым келеді» немесе «Қазақтілді БАҚ және жаңа медиа» болғаны белгілі. Бүгін біз сол байқаудың қорытындысын жариялап, семинар-тренингке қатысуға кімдердің жолдама алғандығын хабарлағалы отырмыз.

«Мінбердің» дәстүрлі семинарына қатысу үшін жариялаған байқаудың алғашқы мәресі жақындады. Былтырғы семинардан биылғы семинардың ерекшелігі – оның қаншалықты өзекті екендігін ескере отырып, Алматы мен Астана қалаларында өткізуді жөн көрдік. Алматы қаласына қатысушылар оңтүстік өңірден – Шымкент, Тараз, Қызылорда, Талдықорған және Батыс өңірден – Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, Шығыс өңірінен – Өскемен, Семей және Алматы қалаларынан өтініш берді, Астана қаласындағы семинар-тренингке қатысушылар Солтүстік өңірден – Қостанай, Қызылжар-Петропавл, Кереку-Павлодар, Көкшетау, Орталықтан – Қарағанды, Жезқазған, Батыс өңірінен – Атырау, Орал, Ақтөбе, Ақтау, Шығыс өңірінен – Өскемен, Семей және Астана қалаларынан өтініштер түсті.

Сонымен, осы уақыт аралығында бізге 60-тан астам мақала келіп түсті. Мақалаларға қойылған негізгі талап – жаңа медиа технологияларын қаншалықты деңгейде игерген және проблеманы қалай түсінгендігіңіз сарапқа салынды.

Сондай-ақ, біз аймақтардан келген мақалаларға баса назар аудардық. Біз бүгін Алматы қаласында 27-28 мамырда ҚМЭБИ (КИМЭП) оқу орнында өтетін семинар-тренингке қатысушылардың тізімін жариялағалы отырмыз. Ал, Астана қаласындағы семинарға қатысу үшін өтініш беру маусымның 10-ына дейін жалғасады.

Олар:

1. Айжан Құлмұханбетова / Алматы
2. Ақырыс Сейтқазы / Алматы
3. Гүлжайна Алтынбекова / Қызылорда
4. Камшат Әбдірайым / Ақтау
5. Жазира Әбіл / Ақтау
6. Әйгерім Бозанова / Қызылорда
7. Ерлік Ержанұлы / Алматы
8. Жаңылай Базарбаева / Алматы
9. Жансая Жүнісова / Қызылорда
10. Әдина Жүсіпова / Алматы
11. Науатбек Иманбеков / Тараз
12. Ақкөңіл Қабылбекова / Талдықорған
13. Рыскүл Мадвасова / Cемей
14. Меруерт Сафаева / Cемей
15. Ерлан Тәжен / Алматы
16. Эльвира Үсенова / Талдықорған
17. Ұлықбек Әлиакпарұлы / Түркістан
18. Гүлбиғаш Омарова / Алматы
19. Табиғат Абаилдаев / Тараз
20. Құралай Қуатова / Атырау
21. Раушан Мақымова / Шымкент
22. Құралай Ахметова / Шымкент
23. Әсел Берікболова / Өскемен
24. Бекбосынова Гүлмира / Өскемен
25. Салтанат Ақтәжиева / Атырау
26. Аслан Сыдықов / Ақтөбе

Семинарға қатысушыларды құттықтай отырып, таяу арада тренингті ұйымдастыруға байланысты қосымша мәліметтер жеке пошталарына жолданатынын еске саламыз.

www.minber.kz/?p=4625
Бөлісу:

7 пікір

AKY
Айкона бар екен, құттықтаймын!
asaubota
қыздар көп екен, қыздар көп болса сөйлей алмай тұтығып қалатыным бар еді :)
asaubota
Табиғат Абаилдаев

мына жігіт мен өткенде айтқан ақын жігіт қой
sammita
журналист, бір газетте істейтін еді.
Milzhyng
Танитын адамдар бар екен. Қызық.