Болады екенғой!!!


Мәәә, мынаны көріп қорс-қорс жылап алдым…
Шаншардағы Уәлибек көкеміз мода жайлы әзіл әңгімесінде: — Қыздардың киімі қысқарып қысқарып, соңында асты да үсті де жіп болып қалады, сол жіп ақыры үзіліп, бәрі "....." жүреді деп айтып еді))) Ол жіптің үзілуі біреуге қуаныш, біреуге қайғы екені адамдардың өздеріне ғана мәлім…
Біздің ауылда бір көрші қыз өте ұқыпты және қарапайым киінетін, ұзын юбка, жеңі қысқа көйлек, өзіне сондай жарасымды, сол қызды көріп бір сүйсінетін едім + сүйгім де келетін)))
Көшеде шорты морты, қысқа пудболкы, өте қысқа тағы бірдеме киіп жүргенін көріп жаңағы әңгіме ойға оралады береді. Үнемі емес енді, онсыз да мәселе жеткілікті:)
Айтайын дегенім, кеше түнде дизайн пырталда сүгірет іздеп отқам, содан мына үнді қыздарының сари киім үлгілері шыға келді, қыздардың киімі қысқарып жатқан мына заманда мұндай ұзын және сәнді көйлекті көріп «Болады екенғой!!!» деп қорс-қорс жылап жібердім:) Қысқа киімді одан беттер қысқарта бергенше — ұзын көйлекті жарасымды һәм сәнді етіп киюге болады екенғой!!! Дұрыс түсініңіз, қазақ қыздары үнді қыздарының сари көйлегін кимеседе — осылай ұзын көйлекті сәнді етіп киінгеніне не жетсін???
Үнді қыздарына ерекше ырыспек!!!
Жалпы, қыздар не киемін десе де — өздері білсін. Анандай ки, мынандай ки деп еш бір қыздың миын ашытпаймын да)
Жәй ғана айтарым — осылай әдемі ұзын көйлек киіп жүрсеңдер үш есе гузәл болып кетесіңдерғой!!!)





















P.S: AKY сіз жазғандай етіп суретті орналастырдым, егер сурет көрініп тұрса — кәттә грәсиәс!!!

116 пікір

neoman
Басқаның қорасына қараудан жалықпаймыз, ия?!
Ой, үндінің қыздары біздікілерден бетер батыстанып кеткен шығар. Мынау — бір дизайнер тіккен ұлттық киімдері. Бізде де Ерке-Нұр т.б. сияқтылар неше түрлісін көрсетіп жүр ғой.

Екіншісурет бейне бір эротикалық кинолардың бір эпизодында түсірілген сияқты. Қай размер екен деген ой кетеді еріксіз… Қыздарға сондайды кигізсек, жетісіппіз
direct
Қай размер екен деген ой кетеді еріксіз
негізі екінші суретті төстің майталманы Әбіләкім үшін қойып едім, сөйтсем індемей жүріп сенің де фантазияң жеткілікті екен бұл жағынан :))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))) отырған жерімнен аунап түсуіме аз қалды))))) қасымдағылар ұстап қалды))))))))))))))

неғой, қыздарға «сари» киіңдер деген жоқпын, осыған ұқсас сәнді ұзын көйлекті айттым.
Abilakim
негізі екінші суретті төстің майталманы Әбіләкім үшін қойып едім


Басқа төстерде өз әдемілігін жоғалтпаған бұл суреттерде. Мысалы «ақ киімді қыздың ақ төсі қандай екен?» деген ой да келеді біздің қауашаққа
direct
neoman@, қора демекші, біз жақтағы қорадағылар шетінен жалаңаштанып жатқан соң қарағанымызғой, басқа қораларда үстінде киімі бар біреу қалды ма деп.
Erkekyz
Сөзсіз әдемі. Бірақ бұларды бір той-жиындарға кимесе, күнделікті киюге емес қой.
Aizhantabyn
Әдемі!!! Үнді фильмдері мен жалпы еліне қатты қызығам. Қыздары да сұлу (кинода), киімдері де көрікті.
Бір сари ала кел деп ағама айтқан ем, өзің барып алшы деді… енді күтіп жүрмін, жолым қашан түсер екен деп ((((

Негізі, кім нені көргісі келсе, соны көреді))))
satibaldi
Негізі, кім нені көргісі келсе, соны көреді
Сіздің осылай қара қылды қақ жарып, түйінді жерін бір айтып салатын пікірлеріңіз үшін қатты сыйлаймын, тіпті жылағым келеді кейде осындай адам дүниеде барына. Ләйім лаймнан арылмасын тоңазытқыштағы көкөніс секцияңыз!
Aizhantabyn
текила мен тұзын ұмытпаңызшы))
direct
Негізі, кім нені көргісі келсе, соны көреді
уот, әңгіменің төркіні осы жақтағой:)
Gastarbaiter
Негізі, кім нені көргісі келсе, соны көреді
Аха, вахтада жатып, тропикада жүрген жалаңаш әйелдердің суретіне қарап, кокостарға қызығатынмын десем жақсы атты боп қалатын шығармын ә?
Нуинақ. Еркек болғаным үшін кешірім сұраған күні, мені біреуің келіп атып тастаңдаршы.
boztorgai
кейде ішкиімге ұқсас бірдеме іліп алатындарды жазаласа
жазаның түрін ұсына алмай отырғаным
asaubota
Бүркіттің альбомын тыңдатқызуға болады
VKM
Бальзаминка, маған сари ала келш;))))
balzaminka
ойбүййй, бұл жазуыңды мен енді көріп отырмын ғой, қап, дәл сол күні оқығанымда алар едім, как раз Делиде базарлап жүрген едім сол күні
Gastarbaiter
Әзіл мен direct-тің алғашқы толқу эффектісін ысырып тастасақ. Мынадай көйлек шаруақор әйелге келмейді екен. Қазіргі заман әйелден мобилдылықты, шалттық пен универсал болуды талап етеді.
Анадай көйлекпен бұқаралық көліктен немесе баспалдақтан жылдам түсіп жатқанда, Әбіләкім сияқты сұмырай етегіңді басып қалса, бір айналып тырдай жалаңаш етпетіңмен құласаң масқара емес пе?

Ырбиып майысып бір сари киіп сұлулықтан сайысу үшін бір Шейхтың гаремінде бейқам Гульчатай болу керек шығар.
qisyq
scheschesse))))))))))))))
Айыз қанды.
direct
Құрдас, жазғандарың өте орынды. Менің де, сендердің де ойларың біржақты болып кеткені дұрыс емес. Мен дәл мынадай «сари» киіңдер деген жоқпын, тек қана көйлектің ұзындығына назар аудардым + етегі шұбатылуы шарт емес.
Мына киімдерге назар аударайық:

Бір көйлектер қысқа, тағы біреулері ұзын, осы жерде айтарым: жеңі шынтақпен бірдей немесе төмен, етегі тізеден төмен болса — болдығой осымен, әдеміғой)
direct
Қазіргі заман әйелден мобилдылықты, шалттық пен универсал болуды талап етеді
Дұрыс, заман етіп жатыр, бірақ бәрібір талаптары далбаса болып қалып жатыр.

Хиджап киініп оранып жүрсе де — мобильдік танытып жүрген әйелдер мен қыздар жеткілікті. Оқуын оқып, жұмысын істеп, баласын бағып, күйеуіне тамағын жасап беріп, көп нәрсеге үлгеріп жатыр. «Ойбай, қатыным хиджап киіп шұбатылып жүріп құлап бір жері сынып қалды, тіршілікке икемі келмей дымды бітірмей жатыр» деген ештеме есіткенім жоқ қазірше.
Ажыратып айтарым: мен қыздардың хиджап кигендеріне қарсы емеспін, бірақ қолдамаймын. Қолдамау мен қарсы болу бөлек нәрсе.
Gastarbaiter
Директ кімді алдап отырсың, мына қыздың өзінің беті сұлу ғой. Оның орнында орташа қызды елестетсең эффекті соншалықты болмас еді.
asaubota
бұл Орташа Есеппен Түрік Қызы ғой, қай жері әдемі? :)
Gastarbaiter
Көрініп тұрған жері әдемі. Сеннен әдемі әйтеуір:)
asaubota
гыгыгы :) модель қызғой анау. бірақ, бәрібір турчанкалар әдемілеу болады негізі. хиджап таққан талай әдемі қызды көргем.
Gastarbaiter
жүн жүн болатын шығар қолдары аяқтары, көкірегі, содан хиджап киеді:)
asaubota
кеуде тұсыжүн болатындарды көрмедім. аяқ, қол енді климатқа байланысты ғой. ылғалды жақта солай болады.
Aizhantabyn
климатқа? Мүмкін қыз организіміндегі тестостеронның артықщылығынан болар…
aues
қыздарда тестестерон гармоны болмайды, бұл еркектік гармон. қыздарда фоликулин.
Gastarbaiter
Ауес, білмейтін нәрсеңді білгішсіп айтпасайш:)
aues
олай емес па не?
Gastarbaiter
Жоқ.
Эстроген әйелдердің гормоны. Ол еркектерде де болады аз мөлшерде. Тестостерон да солай аз мөлшерде әйелдерде болады.
Еркекте эстроген басым боп кетсе, гинекомастия пайда болады. "Қаншық емшек" дейді оны.
Әйелде тестостерон басым болса, керісінше шашы түсіп, мұрт шығып, даусы жуандайды.
aues
Кешірш мені гастарбайтармана, прости нацайника, кешіре саш )))))))
aues
мектептегі үш қоя беретін несібелі апайдың үйреткені ғой
Aizhantabyn
гуглдің амандығында мұғалімге жала жабуға болмайды)))))))))))))))))
Gastarbaiter
кешірейін, шуть шуть понемножкама)
konvict
Әйелде тестостерон басым болса, керісінше шашы түсіп, мұрт шығып, даусы жуандайды
19852407
ып-ырас, азербайжандарға ұхсаттым мен
19852407
толықтай келісем, тестостероны көп бір подружкам 3 жыл дегенде әзер босанып алды. Ол да бір пәле екен, көөп ақча керек емделуге
Aizhantabyn
Гаста, сені хиджапты қыз «отвергнутый» қып тастамады ма. Мына жазбаң саған дым да жараспайды екен)))) Өкпелі баланың сөзіндей.
Gastarbaiter
Ойебой, мені кім отвергать етпеді дейсің)))
Тіпті «привет» демей жатып «пока» дегендер болды ғой:)
Aizhantabyn
үйленгеніме қуанып жүрмін де))))

Әйтеуір, саған диагноз қоятын біреу табылса екен))))))))))))))
Gastarbaiter
Ия, далада алақаныммен раз на раз қалып қоям деп жаман қорықтым)
boztorgai
нашар балаға қысқа үйлесіп тұруы үшін дұрыс мүсін қажет
ұзын киім кейде осындай олқылықтардың орнын толтырып тұрады
Gastarbaiter
Жаздың ыстық күні қабат-қабат хиджап киген бір қыздың қасынан өткенде мұрнымды басуға мәжбүр болғаным есіме түсіп кетті.
Aizhantabyn
киімде емес мәселе, тазалықта ғой)))
Gastarbaiter
Қанша таза болсаң да, қалың киінсең терлейсің ғой. Ал көп терлеген соң тазалығың наққа кетед.
Aizhantabyn
негізі есть же, адам қалың киінгеннен бұрын, дұрыс киінбегендіктен терлейді. Дезодоранттардың заманында терлеп сасу деген жоқ.
Хиджап кигенде де, терлетпейтіндері бар ғой. Просто, ол қыздың білместігінен болар
Serzha
дезодорант харам емес пе?
Aizhantabyn
енді ол ағымға байланысты, менше… біреулер харам дейді, ал біреулер харам емес дейді…
Gastarbaiter
Сен өзің хиджап киесің бе, әлде әншейін пысықкөт боп көріну үшін жақтасып жатырсың ба?
Aizhantabyn
өзің сен пысықкӨт)

Кимеймін. Бірақ орамал тағам, көйлек кием ұзыннан. Алайда оны хиджаб деп атамайм)))
Gastarbaiter
Онда неге белбеуімді шайнап отырсың? Өзің кимейтін нәрсені насихаттап:) Конкуренттер азайсын дейсің ғой)
Aizhantabyn
Насихаттап отырғам жоқ. Өзім де қарсымын кейбір фасондарына.

Маған конкурент табылмас ау. Ободоктың ізі ғана бар миы барлар аз ғой)))
direct
Айжан дұрыс айтады, мәселе тазалықта.
Жалаңаштануға жақын қалған қыздың қасынан талай рет өткенбіз мұрын басып)
Gastarbaiter
Лібә бірақ қараааап өттің ғой ә?
direct
Лібә бірақ қараааап өттің ғой ә?
ну енді «натурасына» байланысты ол жағы :)))))))
Erlan
Жогарыдан томенге санаганда 5ші турған қыз, казір Казақстан ұлттық арнасыннан журіп жатырган, Дениз сериалындағы, Дениз деген басты киіпкерге катты ұқсайды екен дӘ?
Gastarbaiter
Жалпы ешқандай мода бірыңғай қысқа киіңдер демейді. Миниюбкалардың шыққанына жарты ғасыр болды.
Сондықтан Direct ұзын көйлек біреуге жарасса, біреуге қысқа көйлек жарасымдырақ. Стиль жөнінде бір де бір кітап қысқа көйлектерді ұзын көйлектерден жақсы деп айтпайды.
Барлығы әрбір жеке адам дене тұрқына байланысты.
Аяғың қисық болса, бірақ бетің әдемі болса, миниюбкадан көрі әрине хиджап дұрыс.
Аяғың оқтай болса, төсің биік болса, ал бетің онша емес болса, онда неге сен бүкіл жұртқа ең әлсіз тұсыңнан көрініп хиджап киюің керек?
Осындайда мини, декольте көйлектер қыздың жалпы көркіне ұпай қосады.
Aizhantabyn
Гаста, айтпайтының жоқ))) Тура біреу хиджапты дене оқылықтарын жасыру үшін киетін секілді))))

Мысалы мен ұзын кием, көбіне. Әсіресе жазда. )))
Gastarbaiter
Сенімен спорласпаймын ғой. Сенің миыңдағы бір сызық, ито ободоктың ізі))
Aizhantabyn
өй джаным сол) ободоктың ізі болса да, әйтеуір бар ғой))) Біреулердікі нағыз «каток» же)))
Gastarbaiter
Менде рабочий касканың ізі бар)
Serzha
хиджаб ешқашан дұрыс болмайды
Gastarbaiter
Ой, Сержа сен кейбір хатунлардың фигурасы мен түрін көрсең, ойың өзгерер еді.
madlen
sosyn bar goi, myna sariler sumdyk kymbat!
madlen
kimono kiyip jurgim keledi :)
Aizhantabyn
Ал мен бүрмелі көйлек кигім келеді. Бірақ стайлиш болу керек. Әйтпесе жынұрып кеткен құрбақа түстес көйлек, стерваның далабындай қып қызыл камзол және екі тал үкісі бар сәукеле көрсем, ұялам))
Gastarbaiter
Ал мен кимоноларды шешкенді жақсы көремін. Стайлиш-майлиш нафиг, начинкасы жақсы болса
Aizhantabyn
)))))))))))) онысына ещкім күмәнданбайды ғой дейм…

Үйдесің бе, әлде түздесің бе?
Әңгімелерін аш жігіттің әңгімесіна тартады)))
Gastarbaiter
Біз қайда жүрсек те ашпыз ғой:) Тек вахтада талғамым төмендейді.
Aizhantabyn
Таңдау жоқта, и рак рыба дейсің ғой)))

Ашқарақ деу керек онда саған))
madlen
tynyw, tynyw! offtop jazbaimyz :)
Gastarbaiter
Маған еркелеп, флиртовать етіп жатқаны ғой өзінше:))
Aizhantabyn
саған?? алты жыл танимын сені онлайн, үйленгеніңде флиртовать еткеннен сақтасын. Сен мен үшін «списанный товар»))))))))))))))
Gastarbaiter
Әне, әне кокетка десе:))
asaubota
ұнайды, ұнайды иә женатиктерден де внимание көру? :)
Aizhantabyn
Женатиктердің өздері женатикпін деп есептеп жүрген жоқ ау)))))))))))))
Gastarbaiter
Сосын бәрін маған жаба салу:) Керемет:) Сақинаны саусағыма ғана таққан сияқтымын)
Aizhantabyn
сені әңгіме қылмадым ғой…

анау анекдот бар ғой, көшеге шығып «козел» десең, қаншама еркек бұрылып қарар еді деген сыңайлы)))
Gastarbaiter
))))) «Сучка такая» десең де біраз қыздар жалт бұрылатын шығар:)
Aizhantabyn
ол енді екі талай, ал Стееерва десе бір тенор)))
asaubota
женатик тек әйелі қасында болған кезде ғана женатик
madlen
VNIMANIE BARINE UNAIDY, ADMIN AGA :)
Gastarbaiter
Үлкен әріппен жазуға тұрарлық пікір екен:)
Gastarbaiter
Сол ғой, сені жек көрген соң плюс қойдым:)
madlen
oi, kormeppin. wynymen de durys tusinbeppin, kewirwi
Gastarbaiter
кешірім қабылданды)
madlen
«Memuary geiwyda» wewedi goi Sayuridin kimonosyn, krasotaaaaa deisin endi :)
VKM
иә, керрремет әсерлі сол сцена
Meru
Мынау қалай:

[URL=http://www.radikal.ru][IMG]http://i033.radikal.ru/1109/0b/64318a35b6ce.jpg[/IMG][/URL]
Meru
болмай қалды, сурет қоя алмайт екем
Nurgisa
)))
6. HTML: картинка в тексте
деген қатардағыны көшіріп әкелуің керек…
Meru
Abilakim
Жарасымды, шаш өзіңіздікі емес шығар?
Meru
Жоқ, шашым сондай ұзын боса ғо))
Abilakim
Жаным сенде түйілген шаштар қандай…
Aizhantabyn
зато өзің әп-әдемісің!!! АЛЛА тіл көзден сақтасын!!!
Aizhantabyn
тихий ужас! Тым көп деталь, сары өрнегі басым, сәукеле — қысылып қалған ба?, фатаның оккантовкасы ужас (ту мач дешево), шаштағы шашбау басқа бір әуеннің қайырмасындай, ал күміс әшекей никак под золотое платье келмейді. ИМХО! (токо ренжіп, ұнамаса қарама, жазба, деп өкпелемей ақ қойыңдаршы, плиз) Талғамға талас жоқ))))
Abilakim
Сірә, бұндай киім сізге жараспайды-ау…
Дегенмен ақыры қазақы киім киген соң көркіне көрік қосылғанын мойындарсыз
Meru
Не үшін ренжимін? Түрлі пікір болғаны қызық))
balzaminka
Қазақтың көйлегі қандай еді, ажарыңды арттырып, сәніңді еселей түсетін?!
Esmeralda
Маған ұнады. Өзіңіз де, көйлегіңіз де әдемі! маған керісінше деталінің тым көптігі мен сары (золотистыЙ) өрнегінің басымдығы ұнады, қазір күміс әшекейді алтын жалатып та жасайды)
Aizhantabyn
енді, талғамға талас жоқ дедім ғой. Қыз (Меру) өте әдемі, сымбатты. Бірақ көйлек мен үшін көркін ашып тұрған жоқ сияқты. Өрнек салады екен деп ойға келген кез келген оюды толтырып үйіп-төгіп сала берсе, онда ұлттық деген тек аты қалады. Өрнектің де мәні бар. Сол себеп, ұлттық киім сәнге енгелі бері «ширпотреб», әйтеуір өрнектік жабыстыра салатын тігіншілер көп, типа дизайнерлер.
nurbergen_makym
Лібә, маған хиджаб киген де, топик пен мини киген де, шұбатып ұзын киген де, қасаң дресс-кодпен жүрген де — жалпы қыз атаулының барлығы ұнайды. Ал, бұл қыздар киім пасонын қай қағидатымен таңдайтынына түкіргенім бар. Мона Лиза — да Винчи ұрығымен салған туынды болса да, шедевр!
balzaminka
Мына тақырыпты көзім шалмай қалыпты

Күнделікті көретін сарилерден сариге деген романтика жоғалды. Ойбаййй, қайнаған күнде алты жарым метр мата, оның үстіне юбка, еще арзан мата көздің дұшпанына айналып барады  

Мадлен дұрыс айтады, бұл сарилер өте қымбат, оның үстіне бұған қол жететіндері күнделікті өмірде кимейді (Ченнайға қатысты жазып отырмын).

Шыны керек, көзім қысқаға да үйренгендіктен мына жақтағы шуридан мен сариден шаршап кеттім, қысқа киген адамды көргім келеді. Өзім о бастан кие алмаймын, тізеден келер юбкамен шыққанда көргенім де жетер деп юбка, көйлек дегендерді үйге апарып тастадым
Zhan
Ченнай туралы, адамдары туралы суретімен бір пост жазсаң дұрыс болар еді.
balzaminka
бір күні жазармын
Zilola
Мен бір үнділер дүкенінен киім алайын деп кірсем, оларда дайын көйлектер болмайды екен. Содан 2-3 күннің ішінде тігіп береміз деді, дүкеннің бір бөлмесінде тігін-машинада көйлек тігіп отырған үндіс ағайлар, менің уақытым болмаған соң матасын сатып ала салдым, енді оны тіктіруге уақыт болмай жүр.
Көйлектік, шалбарлық мата және мойынға салғыш шарфы бар.
balzaminka
мерзімін ұзақ айтыпты , мұнда бір сағатта тігіп береді, енді тігісі оберлок емес. Блогта осы туралы жазған едім, оқымаған екенсің ғо
araika
Үнділіктер материал кризисіне ұшыраса, жағдайлары не болар екен?
balzaminka
суреттеги сарилер кемі мың доллар тұратын шығар

Сари кетсе шуридан бар . Солтүстік, орталық бізбен салыстырғанда, оңтүстікті айтам, батыстанған деп естідім. Оңтүстік те соған келе жатыр
MYRZA
Қанша ұзын болғанымен омырауларын бүркеуге жетпей қалыпты. Қарағанда еріксіз көзің түседі. Қазақтың өз киімдері әлдеқайда жақсы ғой бұлардың қасында
GolroxX
арине бир караганда сулу бирак ундилик стильдеги киимдер казак кыздарына жараспайды. Кинодагы кыздары тек ишиндеги тандаулы сулуларыго атак шын өмирде быт шыт. Осы казактар жутыр еликтеушилигин кашан кояд ляк