Тымақ киген түлкі, ат жетектеген ит хикаясы
Біздің өңірде бір әпенде өмір сүріпті. Атын ұмытып отырғаным.Бұл өзі сәл бұрынырақта болған оқиға екен.Ол кездерде екі ауылдың ортасында атпен жүру әбестік емес еді.сол әпенде кісі жолаушылап келе жатып алдынан қашқан түлкігі тазысын қосыпты. Түлкінің жақын маңда іні болса керек, зып етіп сонда кіріп кетіпті.Әпендеміз де соншалықты аңқау емес екен. Түлкінің інінің екі ауызы барын байқап, бір ауызына тымағын тығындап екінші ауызынан құрығымен бұрғылап(түлкіні осы әдіспен алып шыққандар бар) түлкіні алып шықпақ болады. Түлкіге де жан керек екінші аузынан атып шығыпты. іннің ауызын бітеп қойған тымақты кие қашыпты. Әпендеміздің аты жуас екен қойған жерінде тұра беретін. Түлкі мәселесін шешіп алғанша мазамды алмасын деп тазысын шылбырына байлап қойыпты. түлкіні көрген тазы қарап тұрсынба қоса жүгіріпті. Тұр десе тұрып, жүр десе жүріп үйренген жылқы малының жазығы не ?! Мені біреу жетектеген екен деп ол да желе -жортып, шауып кете барыпты. содан кейіпкеріміз жаялап келе жатса алдынан бір танысы шығып, «Уа, жаяулап не іздеп жүрсің» дегенде: «Тымақ киген түлкі, ат жетектеген ит іздеп жүрмін» деп жауап беріпті жарықтық…
Марканың алынған конверті
1 пікір