Сүйінші!) Жаңа мұнай кенорны табылды!

Жаңа инвестициялық форумда ҚазМұнайгаздың басшысы Қайыргелді Қабылдин Ақтөбеде жаңа мұнай кенорны табылғанын қуанышпен жеткізді. Есептеулер бойынша оның қоры 200 млн.тоннаға дейін жетеді екен. Және ең қуантарлығы оны өз құралдарымызбен өз ғалымдарымыз тапқан.
Бөлісу:

54 пікір

satibaldi
200 mln. тонна үшін ешқандай инвестор келмейд.
Economist
ештеңе етпейді, өзіміз игереміз. Мысалы ақшалары тасып, Қазақстан рыногы тесно бо жатқан КМГ барлау өндіру)))
saken
ең кемі екі жүз млн. деп жатыр ғой. Мүмкін Дәруіштің олигархтары ойланып көрер инвестиция салуға. Әрі сіздермен көрші аумақта табылыпты.
neoman
Қателесесіз, 200 млн тонна деген өте үлкен қор! Жалына, жүгіре келеді керек болса.
satibaldi
Иә, ол Қара теңізде, Оңтүстік Қытай теңізінде, Новороссийскіде табылса — өте үлкен қор.
Ақтөбеден жіберетін экспорттық жолдар үш жыл алдын ала бос емес екенін ескерсек, үш литрлік банкімен сатуыңызға тура келеді.
neoman
Атырау-Ор құбырына қосып айдап жіберудің еш қиындығы жоқ. Оның үстіне Урихтау инфраструктурасы бұрыннан бар, жанында кенорын көп. Құбыр жағынан қиындық жоқ. Ең бастысы — сол 200-дің 70-80-нін шығарып алуға тырысу
satibaldi
Атырау-Ор
Романтик енесс. Онда не жандарың қыдырып жүр маршрут іздеп? Атырау-Ор 200 пайызға жүктелген.

Очм, мынау тапқан 200 млн. тонна мұнайларыңның тағдыры былай. Инвесторлар келмейд («теңізге шығу үшін 3 000 шақырым тасимын ба, қой шешесс!» ©Exxon-Mobile). Сосын қытайлар ұсыныс жасайд: жаман болса да, инфраструктурамыз бар, бізге берсеңдерш деп. Сонымен бітті, "өз беттерімен ашқан жаңалықтарың" Душанцзы зауытымен аяқталад. Нақ әкесс!!!
neoman
Сөзіңнің жаны бар.

Бізде КТК-да, атам заманғы Атырау-Ор да бітеліп тұрғалы қашшан. Урихтаудан 60 млн тонна шығарады делік, бірақ оны 40 жыл шығарады, бірден емес. Сонда жыл сайын 1,5 млн-ды бір жағына тықса болғаны. Саясатқа және жоғарыдағы көкелеріміздің байланысты ол. Талай майда кенорындардың мұнайын бар құбырларға тықпалап жатыр ғой.

Көреміз әлі не істейтінін. Меніңше сол Атасу-Алашанькоу не Кенкияқтағы ме еді темір жол терминалымен Қытайға тасиды. Ең ыңғайлысы сол. Қытай тегін алып жатқан жоқ қой, бізге ақшасын төлесе болғаны
Пікір түзетілген: 25 шілде 2011, 16:01
Janasil
ендігі маңыздысы өндіретін кім?
Economist
ол әзірше белгісіз. Бірақ бұл жолы қазақтар сақ болады ғой деп ойлаймын. Өйткені НАН мұнайгаз саласындағы пакеттерді біртіндеп қайтарып жатыр ғой.
konvict
Бұл жер НАН мен алысатын жер емес. Азаттықтың оқырмандары емеспіз
Economist
Жай ма сіздікі? Мен не дейм, домбырам не дейд?
konvict
Мен саған НАН демей дұрыстап жаз демекпін
Economist
Қалай жазғым келсе солай жазамын. Азаттық сатып алмаған шығар НАН деген аббревиатураны.
konvict
«НАН деп жазғандар үшін созақта ауыр азап бар» Евангелие от Жәдігер, стих 23:12
Economist
Ары ойна, балақай. Қуанышты хабармен бөлісейін деп отырсам, ауа жайылып барасың ғой.
konvict
«Сол кезде Павел тұрып: мені балақай дегендерді жылан басты аса таяғыммен ұшықтаймын деді» (Евангелие от Жәдігер, стих 23:12-нің жалғасы)
Gastarbaiter
Ақыры ауыш жексұрын болған екем, доконца ақылдан жұрдай болайын дегенің бе, амиго?))))
konvict
КетЧнақ! Мені жақтырмасаң жексұрын болдым деген сөз емес.
neoman
Шетелдіктерге бергені дұрыс. Бірақ қытайлықтар ұмтылып жүрген, солар алып қоймаса.
Қазақтың компаниялары дұрыстап игере алмайды. Қытайдың да тірлігі шала: тек ақша табуды ғана ойлайды
patick
Қытайдың да тірлігі шала: тек ақша табуды ғана ойлайды

Қазақтар ақша табу үшін емес, патриоттық сезіммен өндіреді демекпісің?
satibaldi
Әкелш аяқты ))))))))))))))))
neoman
Ол сөзден аулақпыз

Айтайын дегенім, қазақ-қытай компаниялары жалақысын аз төлеп, жұмысшыларды қатты қанайды. Қанаса өзіміздің ҚМГ қанасын, ең болмағанда, бюджетке көбірек ақша түседі
neoman
НАН тек стратегиялық кенорындардағы мемлекет үлесін арттыруға тырысып жүр. Мына кенорынның таза қоры (извлекаемые запасы)аздау болса, ең көп ақша ұсынған кез келген компанияға бере салады. Әзірше солай болғаны да дұрыс шығар
Erbol
Өйткені НАН мұнайгаз саласындағы пакеттерді біртіндеп қайтарып жатыр ғой.
Нақты қайтарылғаны туралы мысал бар ма? Меніңше әлі нақты қайтаруға қол жеткізілген жоқ. Өткенде Дж.Ордвейдің пікірін оқып қалғам бір жерден.Онда ол қатаруға қарсылығын ашық білдіріпті, әрі сол жерде әлі күнге дейін мұнайгаз саласындағы пакет қайтарудың сөз күйінде екендігі айтылған.
satibaldi
Ренжімесең — мен.
boztorgai
сүйінші! жаңа мұнай кенорны табылды!
құдай қуантсын
AsanQaigy
Тапқанын тауып, өзгеге бермесек болды.
Qojeke
Сүйіншіні қазақтардан емес келімсектерден сұраған дұрыс шығар. Мұнайдың азабы мен пайдасын тең көрмесек, таза пайданы сол келімсектер көріп жүр, әкесінің.
Gastarbaiter
Сол мұнайлы жерді әкеп саған тегін бере салса да, о жерде мал бағудан басқаға миың жетпес еді.
neoman
Білуімше, кенорын табиғи парктың астында орналасқан, сондықтан малды жақсы семіртуге болады-ау
Gastarbaiter
Өзімдікі, менікі дегенді қойыңдар ағайындар. Бұл жерден қарапайым адамға сүйегін көмуге 2х2 жер бұйырса да шүкір деу керек.
Қашан 51 пайыз акцияның иесі боласыңдар, сол кезде меншіктік жалғауларды бірінші жақта пайдалануарыңа болады.
Khan
Ұрықтау, ұрықтау…
a63a1
мынандай хаттар келіп жатыр маған
Всем водителям! Отличная идея как бороться с ценами на бензин!
Цены на топливо стремительно растут, еще немного и мы увидим — тг за литр, а может быть и больше.
В Европе водители пытались бороться с ценами акцией «Не покупай топливо один день », которая прошла несколько месяцев назад.
Производители топлива лишь посмеялись над этим, понимая, что долго продолжаться это не может: последствия для автовладельцев окажутся более пагубные, чем для них.
Но на основе этой акции возникла идея новой, куда — более эффективной!
Когда цены продолжают расти с такой удручающей стабильностью — мы должны принимать меры!
Чтобы сделать это без каких — либо неудобств для себя, возникла такая идея: В течение двух месяцев НЕ ПОКУПАЕМ БЕНЗИН и ДИЗЕЛЬНОЕ ТОПЛИВО на крупнейшей заправке нашего
региона: допустим КазМунайГаз или Роял Петрол. Если топливо не будут покупать долгий период — продавец будет вынужден снижать цены.
Когда они снизят цены — другие продавцы будут вынуждены сделать то же самое!
Но для достижения эффекта, нам нужно, чтобы эти две компании лишились действительно тысяч клиентов.
Несмотря на кажущуюся сложность, этого довольно легко достичь!
Читайте дальше, чтобы узнать, что необходимо сделать!
Отправьте это сообщения своим знакомым! Если каждый из них перешлёт его хотя б следующим десяти ( х = ) и так далее то уже на -м кругу это сообщение достигнет млн людей.
Просто пересылайте это сообщение и люди перестанут покупать Это всемирная акция!
Если каждый, кому надоело платить корпорациям бешенную цену за бензин перешлёт это сообщение следующим людям — уже через неделю млн человек будут в ней участвовать!
Могу спорить что ты и не предполагал что в тебе есть такой потенциал?
В народе есть сила под которой сломается любая большая корпорация.
Пусть сетевой маркетинг наконец-то заработает на пользу всем!
Поверить и следовать акции! Поверь в свои силы и просто перешли перешли этот текст дальше!
до конца мая не заправляемся на КазМунайГаз и Royal Petrol и Гелиос!!!
satibaldi
до конца мая не заправляемся на КазМунайГаз и Royal Petrol и Гелиос!!!
Питаясь тремя арбузами? ©
a63a1
временно басқа заправқалардан питаясь диттә әлгілер
Khan
Меркурийдегілер таратқан болып шықса ше?
saken
әдейі қытайлардың жіберіп отырғандары шығар. СИНОойлдан май құйсын деп.
omarbirat
Мынаны оқыған соң елдің бәрі дәл сол заправкілерге барып өшіретте тұрса. Заправкідегілер «Немене елдің бәрі полный бак жасағыш боп кеткен?» деп аң-таң. Жүргізушілердің ойлары бөлек, «Осыдан бір бакты толтырып алсам, бір ай заправкі жасамай жүремін. Басқа заправкілердің бензинімен багымды былғамаймын нақ» деп өздерінше жүреді. Барлығы жиылып заправкілердің саудасын 2-3 апталық саудасын жүргізіп тастағанымен жұмысы жоқ :))

Қумасыз айтатын болсақ, джиптер, моторының көлемі үлкен БМВ, Мерседестер мен басқа да бензин жалмағыш машиналар болмаса, аз литражды машиналардың бұндайға қатысқан-қатыспағанынан пайда жоқ :)
Khan
Біздің жақта Гелиос бензиндерін негізінен талонмен сататындықтан клиенттен айырыламын деп қорықпайды. А так идея қарошай.
boztorgai
гелиос бекеттері басында тым ырбаңдап кетіп еді
өткендегі қарулы тонаудан кейін аптықтары басылған сыңайлы
satibaldi
Дүние жүзінде мұнай кен орындары соншама аз емес. Тіпті өте көп. «Таусылып барады, міне аз қалд, міне-міне бітеді, ойбууй бір-ақ стақан қалд» дегенді Уолл стриттегі малатаңанәлеттердің шығарып жүргені. Қараңдар да тұрыңдар, әлі 200 жыл мұнаймен жүреміз және сонда да «лібә, мұнай бітіп бара жатыр!» деп, жылап жүреміз.
neoman
Қоя қойш, дүние жүзінде мұнай шексіз десек те, Қазақстанда шексіз емес. Негізі 40 жылда бізде таусылады деп жүр ғой. Қашаған, Теніз, Қарашығанақтың мұнайын 40 жылда сатып бітетінімізді ескерсек, шынымен-ақ мұнай бітеді екен.

Енді тура 40 жыл демеймін, тағы да орташа кеорындардың ашылатынын ескерсек, бір 100 жылға шыдармыз. 200 жылға точно жетпеспиз

Сондықтан, 100 жылдан кейінгі ұрпақтарымызға мұнай бұйырмайтын секілді
satibaldi
Математиканы — студияға!
Economist
@satibaldi & @neoman Break!!!
neoman
Сеніп отырған мұнайымыз жоғарыда айтылған 3 кенорында. Ең үлкені — Қашағанды 25 жылда тауысып бітуге тырысады (шетелдік компанияларға тез игерген көп тиімді. Негізі кез келген кенорынды игеру циклы — 25-30 жыл. Ар жағында тағы кішкене қалдықтар қалуы мүмкін сондықтан с запасом 40 жыл деп отырмын.

Үлкен кенорындардың астында және айналасында орташа кенорындардың табылу ықтималдылығы жоғары, солар ары кетсе 100 жылға дейін экономикамызды ұстап тұрар

Бұдан артық не есеп керек?! Ванганың да қабілеті жетпес дәлірек айтуға
Gastarbaiter
Тыққан пыққан инфо бар еді бөлісейін десем, ант бергем контрактіде.
Бірақ жалпы мұнай бар Неоман мырза. Түп тұқияныңа жететіндей бар. Қазақстанның басым бөлігі, (Арал мен Каспий маңын есепке алмай ақ) бірталай ғасырлар бұрын мұхитпен жалғасқан алып теңіз түбі болған-мыс. Әлі ашылмаған, ашылған бірақ түртілмеген, түртіп қайта жауып қақтап қойған, дәлелденген-болжалды-мүмкін және бәлкім кен орындары адамзат атом энергиясына толық көшкенше жететін қара алтын бар деуге негіз береді.
neoman
Сөзіңізді даттағым жоқ, жай толықтыру десем…

дәлелденген-болжалды-мүмкін және бәлкім кен орындары

Мына терминологияны қолдануыңызға қарағанда сіз менің коллегам боларсыз (тағы да P10-P50-P90 десеңіз қатып кетер еді;)

Қазақстанның басым бөлігі, (Арал мен Каспий маңын есепке алмай ақ) бірталай ғасырлар бұрын мұхитпен жалғасқан алып теңіз түбі болған-мыс.
Келісем, теңіздің аты — Тетис

Гаста, мұнай аз емес бізде. Бірақ жақын болашақта НАН мұнай өндіру темпін 150-200 млн. тоннаға жеткізсе (қазір 80 млн тонна шамасында), ондай темппен кенорындарымыз тез таусылады. Мен үлкен кенорындардың айналасында және астында бірдеңе барын жайдан жай айтпадым, консервацияда тұрған кенорындар бар, бірақ біз тағы да бірнеше Теңізде немесе Қашағанды тығып отырған жоқпыз (тыға алмаймыз да). Ия, тыққан-пыққан бар, бірақ көбісі геологиялық тұрғыдан игеруге қиындар. Олардың бәрі кейіндеу ашылады, және 100 жылға жеткізетіндер де солар

Мен Ресейдің сейсмикасын қарағам, олар шынымен-ақ Сібірдегі әдемі кенорындарды ашпай ұстап отыр, бізде ондай емес, сөзіме сеніңіз
Gastarbaiter
Әрине жылдамдатса кез келген нәрсенің өндірілуі жылдамдайды. Бірақ сол ақшаны тұрарлық жобаларға жұмсалатын шығар деп үміттенеміз.
Адам бәрібір қанша қойнына тыққанымен асқазанының размерінен көп жей алмайды. Өлген соң ұрпағына қалады, немесе талан тараж болады. Энергияның сақталу заңы дей ме.
ПС. Мен сіздің коллегаңыз емеспін. Бірақ геологиялық материалдарды қазақшаға аударғанда есте сақтамауым мүмкін емес.
a63a1
Бір қуантып тастадың, үзілген үмітім маздана жана бастады
boztorgai
қуанарлық ештеме жоқ
бізде құмкөлде качалканы электронасостар ығыстырып тастауда
хутайлықтар түйілсем де молырақ асайын деген болуы керек