Ортаазиялық жоба менеджері студенттермен кездесті

Бүгін Орталық Азия қорының мультимедиялық журналистика курсы жобасының менеджері Назгүл Ақсариева осы курста білім алушы студенттермен кездесіп, өз жобасын кеңінен таныстырды.

Естеріңізге сала кетейік, бұл ақысыз курс интернет журналистикасы жайлы барлық мәліметтерді, ең бастысы ақпарат жазуды, фото-видео орналастыруды үйретуді мақсат ете отырып, мамыр айының 10-нан бастап жұмыс жасап келеді. 5 айдың ішінде әрбір студент ортаазиялық kloop.kz жаңалықтар порталының тілшісі ретінде алған білімдерінің негізінде мақала жазып, жарыққа шығарады. 5 айдың ішінде мақалалары толық жарияланған студент жоғарыдағы ресурстың тілшісі болып танылады. “Сондай-ақ мақалалары барлық ережеге сай жазылған студент қаламақыға ұсыныла алады. Ал егер студент осы мерзімде жинаған білімдерінің негізінде өз жобасын ұсынса, сол жобаның іске асуына қаржылай көмектесеміз” деді жоба менеджері өз сөзінде.

Университет пен курста алатын білімдерінің айырмашылықтары жайлы студенттер өз ойларымен де бөлісті. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің журналистика факультетінің студенті Мәншүк Ахметова университетке қарағанда интернет журналистика курсында тәжірибеге көбірек көңіл бөлінетінін айтса, филология факуьтетінің студенті Жанар Өтепова да осы ойды жалғастырады. “Бізде филолог ретінде оқытатындықтан сөйлемдердің құрылысына, ой жүйелілігіне баса назар аударылады. Ал мұнда ақпаратты қалай жазу керек жайында айтылады. Екі жақтың білімін ұштастырғанда кәсіби журналист шығатынына сенімдімін” дейді Жанар.

Студенттер аталған жобаны қолдайтындығын, осындай білімді ақысыз меңгеру мүмкіндігіне ие болғаны үшін жоба менеджеріне өз алғыстарын білдірді.
Бөлісу:

3 пікір

asaubota
сурет көлемін кішірейтіп салып көрейік келесіде, жарай ма?
satibaldi
мультимедияалық журналистика