Махаббат дегенге сенесіз бе?

Махаббат дегенді кім қалай ойлайды? Ойларыңмен бөлісіңдер.

Махаббат дегенге сенесіз бе?

Бөлісу:

110 пікір

Gastarbaiter
Пациент жағдайы күннен күнге нашарлауда.
konvict
Шын Гаста. 9 этаждан секіріп кеткім келіп жүр
Gastarbaiter
Эволюциялық мусор екеніңді мойындасаң, өмір сүргісі келіп, қиындыққа мойымай тырбанып жатқандарға орныңды босат боскөтен!
Khan
Өзіңді өзің жарып жібер десей :)
konvict
Сен біреуді сүюді бос көтен деп ойласаң сен өз әйеліңмен сүймей үйлендің деген қорытынды шығаруға бола ма?
Gastarbaiter
Біреуді сүю ол өте тамаша сезім. Ал ол сол үшін өлу сорлылық, қолыңды көтеріп, «Их шпрех дойч» деп неміске сатыла салумен тең көрініс.
Егер сен сүйгеніңді өлімнен құтқару үшін өліп жатсаң бұл ерлік. Ал сүйген қыз қарамады деп өле қалу… Бір өліп таусылмайды екенсіңдер де кілең пафосшыл Ромеолар өңшең.
konvict
Бір өліп таусылмайды екенсіңдер де кілең пафосшыл Ромеолар өңшең.
Бұлай айту артық шығар деп ойлаймын. Бұнда себебі сендердің ойларыңды және қолдау көру үшін жазып жатырмын негізі
Gastarbaiter
Он екі мүшең сау болса біреудің мүсіркегенін ешқашан күтпе! Аяныш тудыруға тырысу жаман әдет боп қалады. Қыздың сені аяғаны жақсы ма, әлде сенімен тамсанғаны ма?
konvict
Осындай комментерді жаным сүйеді. +100
Onlasyn
)))))))))))))))))))))))))))
tutamaz
suygenimdi omirime koyam!!!
suimegennin omirine koyam!!!
a63a1
Сүйдім, сүйем, сүйіп өтем. Сол қызды көргенде жанымды қояр жер таппай, жайшылықта сайрап жүрген мен, тілімді жұтып, жүрегім аузыма бірақ шығады. ЭЭЭХХХ өмір-ай!!!
Zilola
сол жағың ауырып жүр ма?
a63a1
басым ауырып кетті болашақ қабырғамды ойлап)
Khan
Сұрақ қате қойылған.
TERISKEI
қай жері қате екен?
Dzhuli
егер жүрегіңді жылатумен қатар жұбату тек бір ғана адамның қолынан келсе, ол махаббат…
patick
шешесс, иноплатянға сенесің ба деген сұрақ қойылса анағұрлым оптималды болар еді.
konvict
Сен оданда кемпіріңді құшақтап жат! Кемпіріңдісссс!
patick
Кемпіріңдісссс!

Мәмбет-ау, сөзіңе жауап бере алмайсың ғо осы тұрғаныңда.
konvict
Кетшнақ
Gastarbaiter
Патикке емес, Сатыбалдыға кетнақ деп айт. Патик арық болса да айырып алад))
konvict
Уахахаха!!! Сатыбалды ше?
Gastarbaiter
Сатыбалды тіпті омыртқаңды көтіңнен суырып алад. Бірақ құласаң түйеден құла деген.))) Таяқты да дәуінен жеген дұрыс.
satibaldi
Махаббат дегенге сенесіз бе?
Сенем. Қазір қарап тұр: @Makhabbat!!!
Makhabbat
сен туралы айтып жатыр дегенге жугіріп келсем
Zilola
сенбеймін!
satibaldi
ужсс…
Zilola
барды бар деп, жоқты жоқ деп, шын жазған дұрыс ғо :)
satibaldi
Сіздің педанттығыңыз бен макиавелисттік көзқарастарыңыз Сізге бір күні премьер-министрдің тағын алып беретініне сенімдімін.
Zilola
ренжулімін, ашулымын, менің еш әрекетімнен Макиавелисттік байқалмайды!!!
Саясатшы болғым келмейді да, сыпакойны өмір сүруге мұрша беріңдерші а!
satibaldi
Сол ғой, сол: бір күні ыспакойны өмір сүргісі келетін адамдар көбейіп, Сізді сайлайды…
a63a1
жүрегіңді жаулап алсам сенерме едің????
Zilola
жаулап алар жүрек бар екеніне сенімдімісін?
a63a1
Әлбетте! Небір-небір тас жүректерді жібікен едім!
Zilola
сол тас жүрек те жоқ менде, так что бекерге әуре боласың :)
a63a1
рас өмірде кезіксең мен сені майыстырып, сындырып, алар едім Сондықтан
сол тас жүрек те жоқ менде,
бос сөз болып қалар едіғой))))))) Бірақ аяғы не болары белгісіз))
Zilola
Жамбылдың қыздары жаңғақ сияқты қатты, сынбаймыз :)))
Zilola
жынды айттым ба, бетіне былш еткізіп :)))
konvict
Жынды кетті. Енді не дер екен @a63a1?
a63a1
Маймыл екеш маймылда жанғақ шағудың әдiстерiн жақсы бiледi:-)
Gastarbaiter
Қызды сындыру үшін маймыл болуға дайын болсаң ер екенсің:)
konvict
Қыз сындыру үшін маймыл болу полдың астынан да төмен болу
Gastarbaiter
Енді маған көтқұман болайын дедің бе?
konvict
Scheschesse! Менің аузымнан көтқұмандыққа байланысты сөз шықты ма?
Gastarbaiter
Аузыңмен комент басатын болсаң ер екенсің.
konvict
Лібәәә! Енді әрбір сөзге тіреліп қалсай.
rauka
тақырып тыс қалды ау деймын осы жерде, кейбіреулер боқтасып тоқтаса алмай жатыр
madlen
Бүгін бейсенбі ма?
a63a1
Жамбылдың қыздары жаңғақ сияқты қатты
мәселе маймыл болуда емес, сөз төркінін түсінбедің, мәселе жаңғақ шағудың оңайлығында. Жаңғақтай жүректі шағу, көрінгеннің қолынан келетін іс дегенімғой
a63a1
мәселен «шоқ» жүрек немесе «от» жүрек болса оған көрінгеннің жақындауға жүрегі дауаламас еді, Дұрыспа Гастеке?
Gastarbaiter
дұрыс-дұрыс деп құтылайықшы беті әрмен. )))
Zilola
жаңғақ шаққыш тиін болғаныңда тиер ме едім, әттең маймылсың :)))
madlen
Сендерге ештеме ұнамайды екен! Гаста екеуіңді айтам!
a63a1
нақты мақсат қойғаным жоқ әлі))))
Gastarbaiter
Әуеееееее-е-е-е-е-е-е-ее-- хей!
Ай недовольный вешні деп,
Арқамды менің қоздырдың,
Ұнамайсың кетші деп,
Талай қызды «тоздырдым»
Үлкені бар құрттайы
Еркелеген сұмпайы,
Өзіңді кімге балайын,
Алдымнан өтсе талайы?!

Ауе-е-е-е-е-е-ее хей!

Қалдықыз да мен білген,
Көп жігіттің арманы,
Олигархтарды қайдам-ау,
Бірақ,
Құлап жатыр қалғаны!

Дәм татам деп жаңғақтан,
Біраз жігіт тырысты,
Тісі өтпей бул қызға,
У ішіп, көті бүрісті.

Мақтасаң қызды осылай,
Құтырып кетер, досым-ай…
Көңіл білдірген жігітті,
Бекерге сынап не түртті?
Маймылға теңеп арысты,
Бұл қызды кандай жын қысты?
Зымырап уақыт өтеді,
Сұлулық беттен кетеді,
Жіберіп алма шанысты,
Жастық та бір күн бітеді-ееееей бітеді-і-іі.
Zilola
ЖынД десе, бірақ шындық бар кей сөзінде :)
Aizhantabyn
senemin :)

Dzhulige kosylam.
satibaldi
Сізге — Антимонополиялық Комитет. Ренжімеңіз.
AKY
Махаббат бар деп сенесің,
Көрсең де жай бір елесін,
Тулатып бойда қанымды,
Шын сезім, қашан келесің???
a63a1
недегенмен де, Сенетіндер басым болып тұрғой
Ereke
Сенетіндер басынан өткен махаббатың әлектері немесе қазір жанында жақсы көретін қызы барлар…
satibaldi
Неге сенбеске махаббатқа? Қалай ғана сенбеуге болады? Қайтіп қана сенбеуге болады бұл ұлы сезімге? Иә, иә кейде әлгі жерімізге шөп, қамыс, қоға салынып, немесе сүйіктіміз кенеттен қайтыс болып қапыда қалғанда, «махаббат жоқ!» дейміз, бірақ онымен өмір тоқтап қалмасы хақ қой? Сенейік махаббатқа!
Aizhantabyn
сіз амансыз ба? Бір түрлі комменттер жазып кеттіңіз ғой, аға!!! +
satibaldi
Бүгін таң атқанға дейін адасып жүріппін. Өмірдегі ақиқат тек Гесиодтың «Бұлбұл мен қаршыға» атты әфсанасында деп ойлаппын, соқыр болыппын. Түске қарай анабір керемет тәлімін оқып, әлем нұралнып сала берді ғой мына қауашақта!
Gastarbaiter
Шебер! Жұрттың сен туралы шаблонны быт шыты шығып, аузы ырбиып далада жатыр:)
Nurzhol
Іштей «иә» деп тұрып, «жоқты» басқым келед.
Zere
— Махаббат бар ма? – дейсің.
— Бар, білемін.
Әйтеуір тыныш емес жан–жүрегім.
Бүгінде есейсем де, сол сезімнің
Бойымда ұшқындары қалды менің.

Өмір жоқ махаббатсыз деп білемін,
Оған да талай есем де кетті менің.
Махаббат – сезімдердің серкесі ғой
Әркімнің елжіреткен ет–жүрегін.

Жарқыным, махаббатты жоқ дегенің,
Жастықтың тозағынан өтпегенің.
Сұлтаны сезімдердің – махаббатты
Тұрады теңегім кеп өртке менің.

Екі оттың бірде қалып ортасында,
Азабын кейде аямай тартасың да.
Дүние боп дүниенің тұрғандығы –
Махаббат пен мейірім арқасында.

Авторы белгісіз…
konvict
Авторы кім екенін білемін. Рахмет сізге!
neoman
кім екен авторы?
ushkin
сенемін әрине
konvict
Мен де сізге сенемін!
VKM
сенбеймін.Әйтеуір үйлену керек деп үйленетін сияқты, более менее өзіне келетін адамға(((
достық, сыйластық, бір-біріне деген ықылас… осылар болса болды. Айтып жатыр ғой үлкендер де,үйленген соң махаббат емес жәй достық болады деп
satibaldi
Сіздің құлақтарыңызбен ақиқаттың өзі бақырып жылап тұр!!!
VKM
патик пен сатыпалды бірге келді… күдік…
TERISKEI
сенбеймін.Әйтеуір үйлену керек деп үйленетін сияқты, более менее өзіне келетін адамға((( — жауабыңнан қорқып қалдым, @VKM!
VKM
Өзгеруі мүмкін көзқарасымның))))
Gastarbaiter
Уже өзгеріп қалған сияқты шалттығыңа қарағанда:)
VKM
жоғы,железобетонный көзқарас
qisyq
Міні, тағы өзгертіпсің.
TERISKEI
тимеңдер қызға, жіберіңдер! :))))
Gastarbaiter
Үйлену туралы емес сияқты автордың сұрағы:)) Әркім өз жарасын қасиды дегендей екен):
kirikpishak
Men senemin mahabbatka. Asirese minadayina
edige
Махаббат қайда апарады… Минустамаңдар дейм…
a63a1
Ақшасы жоқтарды қараңғы сайға апарады)))))
Zilola
әйелдің іш киіміне қызығуды махаббат деп кім айтты?
«запатентованный» біреу шығар :(
izbasar
Бір аспанның асытндамыз әзірге!
omarbirat
Сенем дейін десем, оным ширк боп кете ме қорқып жүрмін :)
araika
Сенемін және сене беремін!
rauka
«Махаббатты үйлену деп ойлайды, Махаббаттың құнын білмес сорлылар...»
Aldeken
Махаббаттың сезім ретінде құндылығы төмендеген кезінде оған сену-сенбеу туралы пікір таластырудың қажеті шамалы деп түйдім…
Пы.Сы. Негізі Бекжан үшін бұл сезім әлі қымбат секілді… ))))))))))))
patick
Казах.рудың тақырыбы кіріп кеткен ба?
e_zhalgas
сенбеймін!
Zilola
ойымыз хотя бы бір көзқараста бірдей болды ғо :)
e_zhalgas
ендеше, нирвана ауылына ойнап қайтайық барып :)
KILYZAMAN
Оқымадым пікірлерді: Немерем менің ұлым емес(жиен) — Жүрегімді жаулап алды :-) Нағыз махаббатым(кемпірім) жайына қалды:(Екеуімізде сатқынбыз :-)
satibaldi
Екеуімізде сатқынбыз :-)
Баланы да баулып жүрмін де, ішпиен(((
KILYZAMAN
Тірілдіңбе? Ұлтарағымды кептіре бер…
ken
Қазақрудан ұрланған тақырып.
just19
Тәліб, сөзіңнің жаны бар. Юпитерде қайдағы махаббат :b