Алматыдағы боранның салдары (видео)

Алдыңғы күні Алматыда болған қатты бораннан кейінгі Медеу жақтағы көріністер.


Видеоға қарап, барлық ағаштар түгел жапырылып қалған жоқ, автор тек қираған жерлерді түсірген деп сенгім келіп отыр.

Ескерту: Видео менікі емес.
Бөлісу:

14 пікір

Altygradus
осының бәрі адам тіршілігінің, турасын айтса тойымсыздығының кесірі
Экономикалық дағларыстан CO2 газын бөлу азайғанымен бәрібір әлі көп мөлшерде бөлінеді.
Америкада торнадо болады деуші едік, ал керек болса.
Әәй бірақ табиғаттың мұндай күтпеген сыйларының тек басы ғана деп қарастыру керек.Баланс бұзылған сайын мұндай құбылыстар көбейе береді,ҚЗ-дабұрын жаумайтын көп ауындар жауар мекен кім білсін, барған сайын не боларын…
omarbirat
Қалған ағаштары аман болсын деп тілейік енді. Әйтпесе қыдырып баратын да жер қалмай қалатын болды. Бірақ ол жерлерде көбінесе орыстар жүреді :)))
zhazular
кетші! не музыка қойып қойғансың.Церквтікі емес пе? Адамның үрейін ұшырып! :)
omarbirat
Видео менікі емес.
zhazular
а, ойбай, кешір…
omarbirat
Әй, жарайды. Видеоның иесі мен емес екенімді ескертпегенім үшін сендер кешіріңдер.
balzaminka
Бұршақтар үп-үлкен екен.
Былтыр ма, алдыңғы жылы ма жаздың күні Астанада да осындай бұршақ жауған еді, бірақ дәл мынадай жойқын болмаған сияқты
Erbol
Видео ашылмай тұр. Кеше барып көріп келгенбіз, ағаш қалмаған, сынғаны сынып, құлғаны құлап.Обал. Қарағайдың өсуіне жоқ дегенде 20 жыл керек.Құлаған, сынған ағаш қалпына келгенше талай уақыт өтеді.
omarbirat
Саты, Жалаңаш жақтан әкеліп отырғызатын шығар. Өткен жолы Жалаңашта екі-үш метрлік көшеттерін көріп қалып едім :)
Erbol
иа, Жалаңашта қарағай көшеттерін өсіретін жақсы орталық бар.
omarbirat
Көшет әкелетін шығар деп қоямын. Сендердің ауыл жақ бораннан аман ба екен, айтпақшы?
Erbol
Біз жақ құдайға тәуба, аман екен.Кеше білгем