Сәлемнен шаршаған келін
Келін түсерде қуаныштан жүрегі жарылған қарияның салы суға кетті.
— Бәйбіше, ана келінге не болған? Бір жеті болды сәлем салмайды… байқамаған деп те ойладым басында…
— Ейййй, шал ай, сен де мән бермейтінге мән бересің… білмейм ғой… Қойш бір татпіштеп алжығанда…
— Жоғарғы оқуды қызылға бітірген, мұғалім қыз деп жер көкке сиғызбай мақтаған едіңдер…
Таңғы шәйдің үстінде
— Келін шырағым, салған сәлеміңе «көп жаса», «бақытты бол», «көсегең көгерсін» деген бата, алғыс аласыңдар. Байқаймын, сәлемді қойдың… Маған салсаң салмай ақ қой… менің пәруәйім пәлек… Келін боп түскенде менен жас едің. Енді менімен құрдас болған шығарсың…
Мақсаты белгілі болғандай. Сәске таман газел көлігі барлық жүктерді артып, «мен осы ұлымның қолында қаламын» деп ниеттенген ұлы әке-шешесіне қарауға беті шыдамай, көлікке мініп кете барды…
-Келешекте келіні иіліп сәлем салып тұрсыншы, Жаратқан...- дегендей оймен көліктің артынан көрінбей кеткенше қарап тұр. Көзі жасауры… Немересінің кеткеніне көңілі қаяу…
П.С.: Ері қайтыс болған келіншек сәлем салмайды дейтінді есітуші едім.
Сәлем салу қиын ба?
— Бәйбіше, ана келінге не болған? Бір жеті болды сәлем салмайды… байқамаған деп те ойладым басында…
— Ейййй, шал ай, сен де мән бермейтінге мән бересің… білмейм ғой… Қойш бір татпіштеп алжығанда…
— Жоғарғы оқуды қызылға бітірген, мұғалім қыз деп жер көкке сиғызбай мақтаған едіңдер…
Таңғы шәйдің үстінде
— Келін шырағым, салған сәлеміңе «көп жаса», «бақытты бол», «көсегең көгерсін» деген бата, алғыс аласыңдар. Байқаймын, сәлемді қойдың… Маған салсаң салмай ақ қой… менің пәруәйім пәлек… Келін боп түскенде менен жас едің. Енді менімен құрдас болған шығарсың…
Мақсаты белгілі болғандай. Сәске таман газел көлігі барлық жүктерді артып, «мен осы ұлымның қолында қаламын» деп ниеттенген ұлы әке-шешесіне қарауға беті шыдамай, көлікке мініп кете барды…
-Келешекте келіні иіліп сәлем салып тұрсыншы, Жаратқан...- дегендей оймен көліктің артынан көрінбей кеткенше қарап тұр. Көзі жасауры… Немересінің кеткеніне көңілі қаяу…
П.С.: Ері қайтыс болған келіншек сәлем салмайды дейтінді есітуші едім.
Сәлем салу қиын ба?
Типа өздері шал-кемпір болмайды…
Қашанда келінді әспеттеумен, оның әдемі қылығына тәнті болумен жүреміз ғой. Әнге де арқау етеміз.
«Елдің сүйгені, біздің үйдегі
Менің асыл жеңешем есім білгелі.
Келгеннен мені „еркем“ дегені
Асау тентектігімді көркем дегені»
Әнеки, есті қыз жаңа еліне құтты келін боп қонуды көздесе, кез-келген ортасын гүл қыла алады, тасты жібітіп, тіпті тіксінген небір қиынмен де тіл табысып кетеді. Жақсы мағынада «айлакер» ғой.
«Ешқашан егес бастаған емес
Орамалын басынан тастаған емес»
Орамал — келіннің шырайын кіргізер әдемі атрибуты. Оның тұрмыстағы ролі мен мәні де зерделегенге тереңде.
Сол орамалды тағыну үлкен жауапкершілік жүктейд-ау. Сен басқа үйге балалық шағыңдағы еркелегіңді тастап, түскен еліңнің елеулі перзенті, бәтуалы келіні болуға барасың. Сен жақсы болсаң, күйеуің да жақсы. Сен парасатты болсаң, енең де марқайып жүреді елге сені мақтан тұтып. Бәрі де ұяда көрген тәрбиеде, "құрмет" деген қасиетті ұғымға ұйыса білуде-ау, әсілі.
Қызыл диплом қалта да, дені сау, жұмыс жүріп жатыр, ақша шотта болған соң жастарға анау мынау дәстүр маңызды болмай қалады, бастарынан түрлі нәрсе өтіп қиналмағанша.
корейліктердің жастарына дейін бір/бірімен сәлем сап амандасад, кезінде солармен арласып біраз үйреніп алып менде оларды көрсем бас иетін халге жеттім))) қазір үлкен кісілерде сеулдік солай амандасад, ажь прятно бов қаласың)))
реті келсе әйелін мақтап қалады әйтеуір)))ғық-ғық:) осыларды түсінбейсің бірақ:)Бұл Сократтың қатыны Ксантиппа, оның басына тортты төңкеріп жібергенде айтқаны екен…
"Үйленбесең тұқымың құриды, үйленсең өзің құрисың" дейтін ше?
Достарымен жалғыз қалғанда жыланатын шығар:)
Kariyaga salem ber, konli kalar
Kariyalar kawangy jurer deisin degen an joldary usti esime.
Salem salu mega kiyn auyr jumys emes, tas jaru sekildi. Tarbiege bailanysty (ar jerde ar turli goi tarbie).
Ata enemen turu jaksyrak, jalgyz turganwa. Oitkeni, artyk soz, kimyl areket degendei. Mysaly, jubaiynmen urysa almaisyn aikailap (esli bir narse jakpasa), bolmende sybyrlap uryskkannan ne paida, sosyn, oi koiwy deisin be jure beresin. Sosyn, bala tusan karaityn adam bar. Aitpese, korip jurmin, jeke wygyp ketti de, jur endi balamen kinalyp… IMHO.
Ozim ata anamnyn janynan wykpaityn adammyn, sol sebep magan ardaiym kasymda ulken adamdar bolu kerek, mumkin sodan jalgyz turuga korkam.
bilmeim, toiga kelgen alpystan askan ajei (kuieui kaitys bolgan) ozinin kaiyn agasyna salem saldy.
Сонда мен қайтыс болғам ба ?-десең,ә)))
Сосын не ғо, тек 1 үйдің адамдарына ғана емес, көрші қолаң, ауылдағы ағайын туыс, таныстардың барлығына. Мысалы үйдің жанынан өтіп бара жатқан аташкаға да салсаң бата аласың :)
негізі ауылдық жерде ондайға қатты мән береді.
Оффффф: Папамның қарындасы Қожаға шыққан күйеуге, қайынжұртына сәлем салады, бірақ жиындарда төрге шығып алатыны бар «Статусым жоғары» деп, ауыл ақсақалдары түсінеді де үндемейді :)))
Басталды бітпейтін әңгіме(((((((((((((
Жалпы фанаттарды ұнатпаймын, мейлі дін болса да, бір жұлдызды жақсы көріп, биік үйден құлап жатқан қыз, тсс сияқтыларды((((
менікі дұрыс депСондықтан,қоя салайықшы. Әркім өз пікірінде қалсын.Саған бірақ 1 респект менен: жалғыз өзің сонша адаммен қарсыласуға барлығың
756 аздау:)
Мне это надо????Теманы тастап қиялап ұрып кете беретіндердің көлік магнитофоны ұзақ жолға шыққанда Қайрат Нұртастың дискісінен басқа дискіні оқымай қалсайш шіркін, ех солай болсайш…
Қай ислам ғұламасы басты июге рұқсат берген? Олардың дәлелі қандай? 75 градус екенін қалай анықтаған? 74 градус болса рұқсат етіле ме сонда?
Ең бірінші саған бір кітапты айтайын, Әбу Ханифаның берген пәтуалар жинаған бір қарап шықсаң артық болмайды
Фәтуә – бұл нақты белгілі бір шариғи мәселеге байланысты қойылған сұраққа атақты ғалымның дәлелге негізделген жауабы (Қараңыз: Ибн Хамдан “Сыфәтул-фәтуә уәл-муфти уәл-мустафти” 4).
«Намазды толық орындаңдар, зекет беріңдер, сондай-ақ Аллаһтың хұзырына иілушілермен бірге иіліңдер!» (Бақара сүресі, 43-аят).
Демек, иілу — құлшылық, себебі Алла Тағала Өзі разы болмайтын, Өзі жақсы көрмейтін істі істе деп бұйырмайды!
жалпы бізде деп кімді айтып отырсың?
иіліп сәлем берген кезде, «Алланың нұры жаусын» деп айтса да дұрыс емес пе?
тоңқайыпеңкейіп құрмет көрсету жоқ екенін бекітіп айта аламын!Ауылдағы жеңгелерің әкеңе, ағаларыңа сәлем етіп жатқанын тиып тастап жүрмеген шығарсың?
Өзіңмен өзің қуғанды қою керек қой!
Дін сіздің айып деп есептегенімен немесе жақсы деп есептегенімен шешілмейтінін есіңізге бір сала кетейін!
)))))))))))))))))))))))))))))))))))
www.islamdini.ru/publ/kazahwa_makalalar/bilgenge_marzhan/kelinni_s_lem_saluy_kharam_ba/13-1-0-1066
www.al-hanifiya.kz/forum/viewtopic.php?f=11&t=98
Ал тиләуәт сәждесінің өзіндік жасалатын кездері бар, мысалы, Құранның белгілі бір аяттары оқылғанда жасалады, шатаспасам. Ал адаммен сәлемдесу кезінде ондай аят оқылмайды, қарап тұрсаң :). Алла жақсырақ біледі.
Адамдар амандасқанда бір-біріне сәжде жасағанын қайдан көрдің?
Аха, мақұл, енді айтыңыз, сәжде деген не? Оның анықтамасы қандай?
Бас изеп те амандасуға болмай ма?
сөйтіп амандасып жатқан бір жігітке бір досымыз «Жігітім, сен шатастың-ау дейм, мен Рахметола емеспін,Қабиденмін» дегені бар еді))))
Ауытқып кеттім кешіріңдер
Ахиге айтарым, кімді көріп едің, сәлем салғанда рүкүғ дәрежесіне дейін жеткізген?
1. Қолды кіндіктің тұсына айқастырады. Бұл көбіне орта жүзде көремін
2. Оң қолды тізенің үстіне алақан бетін қойып сәлем береді. /Сәлем бердік/ Бұл кіші жүздерде көбіне салынатын сәлем
Мүмкін тұрғылықты жеріне байланысты да осы сәлемдер ауысып тұруы мүмкін.
)))))))))))))))))))))))))))))))))))
Амалдардың мынадай екі түрі бар!
1. Тағат
2. Ғибадат
Тағат дегеніміз бағыну, құрмет білдіру, уважать ету деген мағынада.
Ғибадат дегеніміз құлшылық демек.
Ғибадаттың тағаттан айырмашылығы — ниетте, ғибадат жасау үшін ниет қажет
етіледі(Аллахқа әрине). Ал тағат үшін ниет қажет емес.
Және тағат жасаған адам ширкші болып саналмайды. Тағат жасауға байланысты құранннан екі мысал келтірейін сонымен мына @Ahi бастаған дауды доғарайық!
1. Аллах Адам (а.с) жаратқан кезде барлық періштелер мен Ібліске Адамға сәжде жасауын бұйырады. Сол кезде барлық періштелер Адамға сәжде жасайды…
2. Жүсіп а.с патша болғаннан соң бұрынғы өзін зынданға тастаған ағалары және әкесі Жүсіптің құзырына келеді. Құранда келген аятта олар Жүсіптің алдына сәжде жасаған кейіпте бастарын иді деп жазылған.
1 мысалды дәйектейін
Егер сәлем салу харам болса, онда Аллах өз перішелерін жай сәлем емес, сәжде жасатып қойып, өзіне ширк жасатып жатыр ма?
2 мысалды дәйектейін
Жүсіп а.с Әкесі де пайғамбар болған, сонда ол ұлына сәжде жасап ширк күнәсін істеді ма?
Жауап: Жоқ! Жоғарғыдағылардың барлығында құрмет жүзесінен сәжде жасалған. (аяттың контекстін қарап көрсеңіздер болады) Демек, ата анаңыздың құрметі үшін сәжде емес, 14 градусқа иіле салсаңыз, жер жұтып қоймасы хақ.
Бұдан шығатын қортынды, егер Ахидың сөзіне сенетін болсақ, демек, Аллах Құранда жаңағыдай жазып өз сөзіне өзі қарсы шығып қателесіп жатыр (астафируллах)!
Немесе Айналайын Ахиымыз қуып отыр!
@Ahi жауап жазып әуре болмай ақ қой! Сен әкелінген дәлелді бәрібір қабылдамайтын болғандықтан ешкім саған дәлел келтірмейді! Просто мұндағыларға қызық керек! Солай!
Сіз періштелердің іс-әрекетінен үкім алынбайтынын білмейді екенсіз ғой! Бұл қағида! Періштелердің істегендерінен шариғи үкім алынатын болғанда, олар пайғамбарымыздың кішкентай кезінде келіп көкірегін ашып алтын ыдысқа жуған, осыдан алтын ыдысты қолдану рұқсат етілген деген қорытынды шықпайды. Себебі, періштелердің іс-әрекетінен шариғи үкім алынбайды!
Қай сүре, қай аятта?
госмемлекеттік емтихан. Сіздермен сұхбаттасамын деп отырып уақыттың қалай зыр етіп өтіп кеткенін байқамай қалыппын ғой!Пысы (деген не бәле): Дөрекілік қылған жерлерім үшін баршаңыздан кешірім сұраймын!
Тақырыпты оптовка-барахолка қылып жібердік-ау деймін. Едіге братан, ренжіме ;)
Едекеңнен ұят болды-ау))
Кейде жаяу жүргіншіге арналған белгі жоқ жерден жолды кесіп өтетін кезде, егер көлік тоқтап маған жол берсе, (рахмет деп барып терезесін қағып айтпаймын) басымды изеймін де кетемін. Одан ол шопыр менің жаратушым, мен оның құлы болып кетпеймін.
— Мен өз елімдемін. Ешкімге сәлем салмаймын, көптің қолына су құймаймын «Жақсы ниет жарым ырыс» деген бар. «Көп жаса», "Өркенің өссін", «Көп ұл тап» — деп бата алмаған соң бәлкім арманым орындалар — депті. Жігіттің жұртына барған соң олардың ұрпағы көбейіпті ген екен.
Опптоп: сайтта пікір алмасқанда «сен» деу дөрекілікке жата ма?
Бір ортада отырғанда «сіз», «сіз» деп айтатындарды ұнатпайтындар қатарынанмын. Шал сезініп кетемін
Қарсылығым жоқ, сіз деп сыйласуға, тек оны талап ету аздап ыңғайсыз ғой.
«Сізді» қаласаңыз «Сіз» дейік «Сізді» :))))))
Ата-енеге құрмет көрсету. Қартайған қаужаған уақытында қарияның көңілі келіннің ырайының қандай екендігінде, яғни салған сәлеміне «Бақытты бол қарағым» деген жұмыспен ғана айналысады. Мәселе 75 градусқа иіліп тұрып артынан "Қақбастан қашан құтылады екенбіз", «Бөлек тұрғандар күштііііі тұрады» деп немесе жақсы жағын «бесікті тербетіп немереме қарап отыр ғой, пенсиясы тағы бар» деп ойлайтындардан сақтасын…
«Ата-ананың қадірін — балалы болғанда білесің» деген бар.
* * * * *
Ниет ету туралы.
Үш адам болып мінәжат жасап жатыр. Келесі оқитын кезде бір жігіт алды жақта тұрған "Қытайдың әдемі қызының суреті бар" пакеттің бетін жауып жатыр. Не болды десе:
— Сурет қоюға болмайды, ой бұзылады — деді. Жанындағы серіктері қанша күн, қанша рет мінәжәт жасаса да сол суретті көрмепті де мән де бермеген екен. Ары қарай? Бір анығы олар қытай қыздың суреті тұрғанымен, оны ойлап оған қарап сәжде жасамада.
Соған сыртынан қарап "қарапайым" ойлайтын адамдар «керемет!» деп мәз болады.
Қатындардың жаманы да жақсысы да барлық елді мекенде шамамамен теңдей көлемде кездеседі дегенге сенемін.
Сондықтан да, мәселе салтта емес, санада.
Әйтпесе «Сәлем бердік» деп көзі төмен қарап, мөлдіреп тұрған періште келіндерің, енесінің соңынан ернін жыбырлатып қарғап жіберетін сорттары да аз емес.
Жылы лебіз екжүзділіктің нәтижесі болмаса, қанеки.
тас сараң, шық бермес шығайбайларға сәл иілсе болады