Еуропа лигасы финалы


Бүгін үлкен футбол. Еуропаның № 2 кубогінің иегері анықталады. Финалистер Португалияның қос командасы: Порту мен Брага. Хабар көрсетеді 00-45те (Астана уақыты). Жіберіп алмаңдар.
Бөлісу:

14 пікір

Nurgisa
Шоу болады. Портудың. Бенефисі сосын. Екі не одан көп доп айырмасымен жеңсе таң қалмаймын.
asaubota
әдетте финалдар тең аяқталатын еді. көреміз енді.
Nurgisa
Порту болса, қорқу болмас. Адуыны зор. Шашып тастайды-ау.
saken
Порту жеңетін шығар. Бірақ финалға екінің бірі жете алмайтынын ескерсек, Брагаң да оңай шағылатын жаңғақ емес деп ойлаймын.
Портуға кезінде Марио Жардел ойнағаны кезінде жанкүйер болып едім. :)
asaubota
Супер Марио Жарделді тірілей көрген бақыттылардың бірімін :) Аяушылық қасиеттен жұрдай еді жарықтық, кешірмейтін ед өрескел қателікке бой алдырғандарды.

негізі Брагаға финалдың өзі үлкен нәтиже және біраз ақша тапты. Фалькао мен Халк аямайтын сияқты. әлі бәс тіккен жоқпын, ойланудамын. кім тікті?
saken
Жардел кезінде Галатсарайда жыртты ғой.
Бойыда баршылық еді пәтшағардың! Өкінішке орай құрама сапында оңдырып ойнай алмады.
asaubota
мен барған ойында хеттрик жасап ед. Галатасарайда бомбордир болса да ұзақ ойнай алмау себебі — жалқаулығы, техникасының жоқтығы. тек алда пас күтіп тұратын еді, бірақ пас келсе жібермейді, салады. Хаджилер шал болса да жүгіріп, арамтер болып адам алдап, бұған пас шығарып жүреді ал бұл бір метр жерге жүгірмей қанды ішетін ед.
saken
дегенмен де Порту сапында ойнаған кезінде, салған голдарының саны ойнаған ойын санынан көп болған етін. :)
konvict
Бүгін финал ма не? Керемет! Мен ұмытып кетіппін. Порту жеңеді
asaubota
қоятын дым таба алмадым. Фалькаоның голына тіктім бір бәсімді, екіншісін Порту 7.5-тен көп створ жасайды деп.
manfan
Фалькаоның голын дәл тауыпсың! негізі, Браганың ұтқанын қалап едім. жиырма минут бар әлі ойын аяқталуына
asaubota


Портудың ойыны ұнамады, бұрынғы ойындарына мүлдем ұқсамады. тек жалғыз мүмкіндіктері болды, ол да гол болды. Брага қорықпай ойнауы керек еді, қақпаға жақындаған кезде сасқалақтай берді.
huanysh
Порту Чемпион!
Браганың тәжірибелігі аздау екені байқалды.