28 мамырдан бастап Алматы қаласы мен облысында Tele2 ұялы байланысы іске қосылады


Ал, арзан байланысқа қол жеткізе алмай жүрген Алматылық ағайын, сүйінші! Қазақстандағы ең арзан ұялы байланыс деп жарнамаланып (жарнамалық кампаниясы жақсы жүргізіліп жатыр) жүрген Европалық Tele2 дискаунтер-операторы мамырдың 28-нен бастап Алматы қаласы мен облысында өз жұмысын бастайтыны туралы хабарлады. «Tele2 Қазақстан» компаниясының басқарма төрағасы Андрей Смелковтың лично мне айтқаны Tele2 қызметін алғашқы кезде Алматы қаласы мен Алматы облысының Қапшағай, Қаскелең, Есік, Талғар, Талдықорған, Жаркент, Үшарал қалаларының тұрғындары тұтына алады. Обещал ең арзан ұялы байланыс пен 3G обеспечен. (Ұзын құлақтан естуімізше байланыс құны 1 минутына 8 теңге болмақшы) Айтпақшы, 28 мамыр күні Tele2-нің Алматы қаласы мен облысында ресми түрде енгізілуіне байланысты күллі Алматы музыкаға бөленбекші. Күндіз қаланың бірқатар алаңдарында би кеші, әншілер мен бишілер сайысы, түрлі конкурстар, ал, кешкісін Астана алаңында Кубалық “Eminencia Classic”, Ресейдің “Звери” тобының концерті болады екен.

Ерболдың анықтамасы: Tele2 Европаның жетеші байланыс операторларының бірі. Әлемнің 11 елінде 31 миллионға жуық тұтынушысы бар. 2010 жылы Қазақстандағы “Нео” ұялы байланысын сатып алды. Сәуір айынан бастап Tele2 брендімен Ақтөбе қаласы мен Батыс Қазақстан облысында өз қызметін ұсына бастады.
ПыСы: Арасындағы орысша сөздерге мән бермей-ақ қойыңыз.Бағана шала қазақ шенеуніктен сұхбат алып едім, соның әсерінен айыға алмай отырмын.
Бөлісу:

47 пікір

aues
жақсы болды жазғаның как раз қажет еді осы инфо рахмет Ербол әкә
nurbergen_makym
Рыклама!
asaubota
егер шынымен арзан болып жатса несі реклама, пайдалы ақпарат болса болды ғой. сапасы жақсы және арзан болып жатса Activ-ті тастаймын нақ.
nurbergen_makym
Арчи, Телетью, яки, Неоның қазіргі реалды конкуренті Кар-Телдік Билайн. Ал, КСеллдің Активіне «реал конкуренция орнату міндеті» олардың 5 жылдық жоспарында да жоқ. Сенші маған :)
Erbol
Рыклама!
Осы үшін 10 млн. берді маған.
AsanQaigy
Қарызға ақша бересің ба?
Erbol
))) біраз адам шынында да жарнама деп ойлайтын сияқты.
AsanQaigy
Мен де жазгам ол туралы
Erbol
Қанша төледі?))))
AsanQaigy
олар мені танымайды да) еді менің неом телеекі болды ма?
Erbol
иа, автоматты түрде.Мен неомды дұрыс ұстамағаны үшін лақтырып жіберіп едім, қайта восст.ету керек болды.
sammita
маған да кеше жарнама деп еді ғо:))
nurbergen_makym
Саммита, Тәңірбергеннің «сең қозғағандағы» сықпыты — осының сойылы ғой. АйтпақЧ, он-топ рыклама: Телетью екі-үш ай ішінде 4G қоспақ/қосылмақ/ұсынбақ. Алтел де мем.тапсырыспен 4G-ге тыраштанып жатыр. Олардыкі, бірақ, күздің ішінде. Сосын, Алтелдің нарықтағы қазіргі күйін 5G де көтере алмайтын секілді, СDMA-сынсс!
Erbol
4G, 4G мен осы Алматыда 3G-дің әлі күнге дейін есі дұрыс жұмыс істеп тұрғанын көрмедім.Сондықтан төрт ж үшін үндемей қоя салам. Қазір әлемде 4ж-ға 4-5 ақ мемлекет көшкен.Қазірше 3Ж-ны игеріп алсақ болар еді, кейде біздікілердің амбициясы айғайлап кететіні жаман.
AsanQaigy
айтпа, сараала орыстың ТМ-сындағы 3ж жааааааааааааааамммман екен
nurbergen_makym
«АйтпақЧ, он-топ рыклама: Телетью екі-үш ай ішінде 4G...»
рыкламаный коммент
)))))))))))))))))))))))))
sammita
қайда барсаң саясат, Жерұйыққа кетем бір күні:((
sabalak
Батысқа қашан жетер екен?
AsanQaigy
батыстан бастау алды ғой
sabalak
Атырауда естімеппін бұл жаңалықты!
saken
Орал мен Ақтөбеден бастау алған.
sabalak
бізге нағып соқпағанын!!??
Erbol
Атырауда мұнай азайып бара жатыр дегенді естіпті.)))
sabalak
))) азаюына әлі ерте ау деймін!
qisyq
жақсы екен. «Звери» ұнайды маған, барып біраз жынымды шығармасам.
Ақпаратыңа рахмет, Ербол.
Erbol
Иа, алаңға барып билемегелі біраз болды. Районы, кварталы дегенге секіріп тұрған Қисық, елестеттім. Оқасы жоқ, рекламаны ақпарат деп қабылдағандарыңа десең ба)))
edige
@qisyq қазақша сөйле деп қанша айттық
Қаламызға «аңдар» келе жатыр АЛАҚАЙ!!!!!!!!!!
Аңдарды білмеймін @asaubota келе жатыр!!!
Erbol
@asaubota келе жатыр!!!
Бұл теле2 мен Звери келе жатыр дегеннен гөрі маңызды жаңалық
asaubota
уау! өсіп қалыппыз ғой :))) деп өзімше боп қалуым керек пе мұндай жағдайда? :)
qisyq
Қаламызға «аңдар» келе жатыр
Аңдарды білмеймін @asaubota келе жатыр
Scheschesse…
urimtal
Өткен жылы Tele2 басшысы Алматыдағы конференцияда сөйлегенде аңтарылып қалғаным бар. Біз монополияны жоямыз деп айғай салған мәлімдеме жасаған. Әлемде Tele2 агрессивті маркейтинг тәсілін ұстанатын компания ретінде танымал.

4G қатысты ойларыңа қосыламын @Erbol 3G өзі де бізде жеткілікті. Әрі қателеспесем, 4G үшін арнайы телефондар керек қой деймін. Жылдамдық көбейген сайын қалтафонға келетін ақпарат тасқыны да көбейеді, тиісінше көп ақша жұмасалады. Қайткен күнде де телекоммуникация нарығын сілкінтетін бір компанияның келгені жақсы болды. Тек қазіргі стратегиялары орыс тұтынушыға бағытталғандай болып көрініп отыр. Нарықты шын бағалап отырған шығар. Десе де көңіл үшін ең болмаса жарнамаларын да қазақи қылмады :) Бұл жағынан Kcell қазір тәуірлеу. Соңғы жарнамаларына қобыздың сарынын қосып, талпынып жатыр.
Erbol
27 күні пресс конференциясы болады Асеке. Барып көңілдегі біраз сұрақты қойып қайтсақ болады.
Erbol
Қазірше ауызша сілкінтіп тұр бұлар, басқа операторлар баға төмендетіп жатқаны осыған байланысты ма, жоқ үкіметтің талабынан ба, әлі белгісіздеу. Бүгін А.Жұмағалиев твитерде жазыпты Мемлекет басшысы Телла Сонериа басшыларымен кездесуде бағаны түсіру туралы сөйлес деген мағанада.Егер шын бәсекелестік тудырып, нарықта сілкініс болса браво дейміз. Кей жағдайда баға арзан, байланыс сапасы нашар болып жатады.Қазақилықты бірден талап ету керек.Алдағы пресс конференцияда көтеру керек -ау осы мәселені.
asaubota
мамырдың жермасегізі дисің ба? кешкісін тренингтен кейін барайық Звериге.

бұны қалай атаймыз айтпақшы, теледва ма телекі дейміз бе? маған телекі ұнап тұр.
urimtal
Жарнамаларда Теледва деп жүр.
Erbol
Телекі жақсы естіледі екен. Иа, 28 күні тренингтен соң барайық Қисықты алдыға салып -ап бұйырса, как разз
AsanQaigy
Мен де барайыншы
edige
ЕЙ /Аббас-шах айтқандай/, мен қалып кетпейін!!!
Zilola
Таңертең Европа+ радио толқынынан қазақша жарнамалап келді де, "қазақшалап" Теледва дегені, демек Телекі деп айтуға негіз жоқ :)))
Abilakim
Ғайыптан тайып мына телекі бізге келсе 2005тен бері ұстап келе жатқан кейсел нөміріммен қош айтысамын ба?
asaubota
Kcell / Activ-ке протест ретінде тастау керек номерлерді. олар қазір монополист болмаса да сондай дәрежеге жеттік деп өздерінше болып отыр.
konvict
Патпрт-қа жететіні жоқ. Жай телефонға 10 теңге, өзгесіне 36 теңге, өз ішінде 4,5 теңге. Шет елге 12, 21 теңге тиісінше
Zilola
соңғы кездері қалтапонымның экранында экстренный немесе мүлде антенна жоғалып кетеді болды, байланыс операторым кисель. Теле2 мешать етіп жатыр ме екен? Сіңілімде актив, ол да айтады сеть қуып кете береді деп.
saken
ДОС шығар, КейСеллге ҚАСтық жасап жатырған?
Ottegin
Теле2 дегені қазақша «төлету» дегенге ұқсайды екен