Жапония күнделігінен: Жапондықтардың шай дайындау рәсімі

Мен бұл күнді үлкен қызығушылықпен күттім. Жапонияға келмей жатып, Жанна шай рәсімін тамашалауға алдын-ала тапсырыс беріп, айтып қойғанын ескерткен. Шыны керек, басында басқаша елестеткем, сөйтсем, мен ойлағаннан әлдеқайда терең мәнді, әдемі өтеді екен. Суреттермен қатар комменттер келтіріп шығайын.

Қатысушылар: мен, Жанна, оның универдегі құрбысы, Қазақстандық, сол жақта оқып, жұмыс жасап жатқан Жанна және оның әріптесі доцент Чжеджудо сан. Осы адамдар бас қосады дегенше, біраз жүріп қалдық негізі. Арнайы шараға тәттілер алып (осы жерде голландықтар жарон еліне енгізген кастеллодан да дәм таттым, тура біздің бисквитке ұқсайды), шай үйінің өкілімен кездесіп, межелі орынға жаяу келдік. Кіреберісте аяқ киімдерді сап түзей шешіп, көрсеткен бөлмеге кіргенде басқа әлемге тап болғандай болдық. Едені — татамиден, бөлмелер жап-жарық. Жайғаса бергенде арнайы дайындалған ақ шұлықтарды киіп алдық, арнайы конверт те берілді (не үшін ұқпадым). Бәрі ыммен жасалуда Бөлмеде шалқан мен камелия бұтасынан композиция жасалған, қателеспесем, сол шалқанның өзі үйдің ішінде өсірілген екен.


Шай дайын болғанша, гүлдеп тұрған сливаны тамашалай тұрдық.

Әрине әлдекімдер үшін бұл іш пыстырарлық болар, бірақ жапондар үшін бұл ерекше процесс.

Арнайы подноспен тәттілер әкелді:

Осы аралықта шай демдеуші өз ісіне қызу кіріскен еді:




кейін үй иесі де қосылды.



Мына ыдыста су қайнап тұр:

Шай демдеуді бастан аяқ көруге болады. Ыстық су тұрған қазаннан суды шағын бақырашпен алып, оны әдемілеп кеселерге құяды да қонағына ұсынады. Кесені алмас бұрын ұсынып отырған адамға тағзым етіп, рахмет айтады. Одан кейін оң жақтағы отырған көршіңнен "Ішуге рұқсат па?" деп бір, сол жақта отырған көршіңнен «Сенен бұрын ішуге рұқсат па?» деп екі сұрайсың. Енді келіп қолыңдағы әдемі кесенің безендірілуіне баға беруің керек, тамсану керек.Сонан соң барып шай ішуге рұқсатШайды сораптап (!)ішіп болған соң, алдында таратқан конверт ішіндегі әдемі суреті бар салфеткамен кесенің жиегін сүртіп (әдемі салфетканы қимайсың әрине), иесіне қайтарасың.
Түсіндіргеніндей, жапондықтардың фарфор ыдыстары 5 адамға сай жасақталған. Яғни, ең көп дегенде қонақтар 5 адам болу керек (одан көпті игеру оңай емес сияқты)
Келесі бөлмедегі шай қытай стилінде дайындалды. Өткен ғасырларда тек ер адамдар дайындайтын болғандықтан, ер адамның костюмін киген біздің алдымыздағы жапон әйелі шай демдей бастады.
Қасындағы апай оған көмектесіп, шыны кеселерді ерекше орналастыра бастады.

ал мынау жаңа бөлменің тәттілері:

Демделген көк шай:

Алған қағаз/салфетка/перманент осы жерде іске жарады:

Кететін уақыт та келді


Мол әсер алып шыққан біздің келесі бағытымыз храм болды.


жалғасы бар
Бөлісу:

69 пікір

alisha
Жазбаларыңыз сондай әсерлі, бейне бір сол жерде өзім болғандай әсер алдым)) Рахмет сізге!
Nurgisa
Нан-пан, конфет-печенье қайда?! Қазақтар сияқты күте алмайды екен, дастархандарында түк жоқ :)
Gulistan
Сол ғой, сол! Ағыл-тегіл дастархан жоқ.
satibaldi
Сайто санға келген Сәке
Шәй сұрап еді.
Бір жұтым шәй үшін,
Кәрі гейша биледі ме,
Сызылып құйып болмады.
Қаны ішілген Сәке
Тағы сакэ ішіп кетті...
© Накосика Сукасам, таңдамалы танкалар жинағы.
TERISKEI
Осыны да рәсім деп! Сонша күттіртіп, 5 адамнан артық қылмай! Ой, Алла-ай! :)))
Nurgisa
Ыстақан, пиаланың сыңғыры,
Қазақстан дей ме, сол жақтан келген туристтер…
Сакура кеш гүлдеген жыл еді.
Gulistan
Ыстақан, пиаланың сыңғыры,
демекші, ұстап-тұтқан ыдыстарының бір дыбысы шықпады-ау…
satibaldi
Кәрі гейша сұлық жатыр.
Көңілі қаяу еді.
Кеше клиенттер келген кезде
Көршілер ояу еді…
Erkekyz
Аз ғана тәттілерін үлкен ыдысқа салып қояды екен.))
Жазба шынымен әсерлі, рахмет.)
satibaldi
8-інші суретте — бұрышта отырған Жанна ма?
Nurgisa
@Altygradus Сатекеңнің мына ремаркасына жауапсыз қалдырған сияқтысың ба? Жегідей жеген күдігіне айтар не уәжің бар? Анооу бұрышта отырған кісімен шатастырып отыр-ау деймін сені…
Nurgisa
Мына сурет болса керек меңзегені:

(121.49 Kb, 500x375)
Nurgisa
Осылай отыруды 3-4 жыл үйрене ме сонда?
Altygradus
отырғанына бола 3-4 жыл кете қоймас енді:)
Бірақ аяғы ұйып отыра алмайтын адам қанша үйретсең де өмірі отыра алмайтын шығар, мен сияқты біреу мысалы:)))
Nurgisa
Бес уақыт намаз оқитын адам үшін мына отырыс түк емес сияқты.
Altygradus
Намазда отырған позадан сәл бөлек. Сосын сағаттап бәрібір отырмайсың, одан да сәждеге жату басым ғой намазда.
Бұлардыкі храмдарда монахтары сағаттап отыруы бар, оны дзадзн дейді, осы шай ішуде де ұзақ отырады егер де шынымен заңдылығы бойынша жасайтын болса
Nurgisa
Жынды ма шай қайап жатқанда тапжылмай отырып? Әлде өз аурасын сіңдіре ме кипятокқа? Опшым, жапон мәдениеті бөлек әлем бе деп қалдым…
Altygradus
ана мен жоғарыда айтып кеткен дзадзэн деп, храмдардағы медитация жасау, бұл жердегі жасалатын әс-әрекет те соған келеді десе болады.Себебі келген адамдар да артық сөз көп айта бермейді.
Gulistan
осылай отыруға ұзақ дайындалатын сияқты. Біздің аяғымыз құрысып, ақсадық та қалдық. Оған арнайы массаж да бар екен. Сонда маңдай ортасын уқалау керек пе еді, сондай бір нәрсе.
Gulistan
кім екенін жаздым.
satibaldi
Мол әсер алып шыққан біздің келесі бағытымыз храм болды.
Бір кесе шайға бола басқа дінге өтіп кеткеніңіз дұрыс болмаған екен…
Nurgisa
:)))))) неткен қатыгездік… деді ол сонда :))))))
alisha
Женевьеваның немересін-ай осы)))
Gulistan
Ой, Сатик! Өлтіресің:)
Altygradus
қытай стиліндегі шәй демдеу әсерлі болды маған, алғаш рет көргесін болар. Сосын ана шалқаннан жасалған икебана :)
Gulistan
мен үшін бәрі таңсық.
a63a1
Өз басым шайды жақсы көремін, бірақ мынандайға жүйкем шыдамайды,
Altygradus
жоқ қайта релакс эффектісі бар:)
Dinara
күшті екен, суреттер таныс барлығы ;)
бірақ шәй демдеу мерәсімдеріне менің де ішім пысып кететін сияқты :)
бір көргенге тұрарлық әрине, алғашында қызығып әрбір қимылын бақылап отырғанға
Altygradus
іш пыстырар демес едім. қарап отырып, релакс боласың. Бұрынғы самурайлар миларын дем алдырудың бір тәсілі десе болады.
Dinara
жарайды ішімді пыстырмайм Жанна ;))) солай көріне береді ғой енді бізге сырт қарағанда.
sammita
рәсімі болған соң дұрыс сақтау, бағыну керек. Бірақ қызықсыз сияқты, ырду-дырду әңгіме, мол дастарғанға үйреніп қалған біздер үшін. Дайындығы көп екен. Қатаң тәртібі де баршылық:)
Zere
Менің ойымша бұл жәй декоративтік дүние. Біздің де салтымызда бар ғой, қымызды сапырып-сапырып құйып беріп жататын. Алайда ешкім күнде олай ішпейді ғой. Сол сияқты жапондар да бұрынғы уақытта тек дәстүрге жақындау үшін ғана осындай рәсімдер жасаған.
a63a1
Сапырмақ түгілі, білмейтіндер күбінің аузынан іше береді КеЙбіреулер
Altygradus
Иә @Zere дұрыс айтасың. Мындағы халық айтып жатқандай, дастархан жайып шақыратындай қонақ күту рәсімі емес бұл.Мачча шайының дәмін сосын шай мастерінің ептілігін тамашалау үшін ғана жасалатын церемония ғой
sammita
(27.9 Kb, 550x413)

корей елінде де осындай шәй ішу дәстүрі бар екен. Қызметтестің суреттерінен көріп ем. Осыған ұқсайды бар іс-әрекеті.

сурет алынған жер
Nurgisa
Қазақ елінде де осындай шәй ішу дәстүрі бар ұқсайды:

(16.58 Kb, 250x162)
sammita
шәйінен пәйі көп па деймін:)
«Шәй-пәй ішпейміз бе?» Пәйі-кешеден қалған ет, бауырсақ, кәмпит, май, ірімшік:)
Dinara
@altygradus мына жақта 5-тің шәйы боп жатыр, құрт ала келші, бірнәрсе жетіспей тұрған сияқты да :)))
Nurgisa
Бізде тек «жапонша шай ішу дәстүрі» деп құр шаймен сыйлап көрші, «Шық бермес Шығайбайдың өзі екен, қара сумен шығарып салды ойбай» деп атақ-даңқыңды алпыс елге жалғайды…
sammita
«дым татырмады, масқара» деуі де кәдік.
Altygradus
бұл кәдімгі үйдегі дастархан жайып, келер қонақты аспен сыйлайтындай қонақ күту тәсілі емес қой.Тем более әрбір келін немесе әрбір үйдің хозяйкасы бере-беретіндей шай немесе біздегі қонақ күту емес. Мүлдем басқа дүниені айтып кеттіңдер сендер.
Nurgisa
Енді біз шәйді көрдік, «кочегарды» көрдік, ыдыс-аяқты көрдік. Ритуал ма, типі, қара мә, жапонша шәйді дайындау осылай болады деген? Бәсе, нан-пан, конфет-печеньесі қайда деп қоям…
sammita
біз негізі түсіндік, Наурызда киіз үй құрып, дастарханды жайнатып, сары қымызды сапырып, екі жерден құрт, екі жерден май қойып… басшыларды күтіп алатын ритуал сияқты ғо былайша:))
Altygradus
Жоқ @sammita мүлдем түсінбедіңдер.Кәдімгідей біздің понятиеміздегі қонақ күту түсінігі жапондарда да бар. Молынан дастархан жасап, ерекше ғып күту ол басқа, бұл шәй церемониясы мүлдем басқа дүние.Тем более молынан дастарханды жасап басшыларды күтіп алу ол бөлек нәрсе. Жәй күндері желінбейтін таңсық дәмдер, деликатестерді қонақ алдына қою бұларда да бар. Мысалға кит еті немесе жылқы еті сияқты ерекше және қымбат деликатестер қойылады дастарханға. сосын саке немесе шөучю, смотря қонақ не ішеді. Мұндай қонақ күту ана біздің қымыз сапырып шақыратын дәстүрмен бірдей.
sammita
Саммитаға қосылам:))
ұқтым, ұқтым, Жапонияға барсам кит етімен саке ішем деп айтам сразу:)))
Nurgisa
Киттерді қалай бордақылайды екен… Қасапшыға да оңай емес. Қазысы жиырма елі болатын шығар, өлді дегенде.
alisha
"Қазақ десе де өзіме тиеді, жапон десе де өзіме тиеді" деп қойсаңызшы:-)
Nurgisa
Шетінен тигіш… Өзің кімге тиесің? десең иә :)
Gulistan
Әлі шай ішіп жатсыңдар ма? Біз сакура жаққа кеттік:)
sammita
біз уже одан өтіп кеттік:))))
Altygradus
@sammita мыс біздегідей қонақ күту ол ерекше бір білімді қажет етпейді ғой, әрбір келін, әрбір хозяйка білуі қажет нәрсе ғой. Жапондарда солай, мысалы кит етін қандай соуспен беру керек соны білсе болғаны, ана біздегідей еттің тұздығының дәмін келтірсе, нанын жақсалып жайса болды.Оны мысалы дені дұрыс әрбір қазақ келіні біледі ғой.Сол сияқты кәдімгідей қонақ күту жапондарда да ерекше білімді қажет етпейді.Әйелі дастарханды дұрыстап сервис жасаса болды, еркегі уақытында қонақтарға сакесін, не басқа сусындарын уақытында құйып отырса болғаны.
Ал ана суреттегі шай ішу церемониясы арнайы кәсіптік білімді қажет етеді. Ондай мастер атану үшін бірнеше жыл оқу керек.Ең азы 3-4 жыл шығар. сосын жәй үйде емес, арнайы шай үйлері болады, сондай жерлерде ғана ішіледі көбіне. Не болмаса кімге жилищные условия позволяют, бай біреулер арнайы осы шай церемониясы үшін үйшік не бөлме салуы мүмкін.Мынау сондай арнайы үй, мектеп десе болады. Бөлмесінің өзін байқап отырсыңдар ғой, дым жоқ артық.Әдейі солай жасайды. Адам көзі тынығу үшін. Отырып өзіңмен өзің ойға шомып, жалпы дем алу үшін.Миың тынығады. Токонома дейді, сол жерде стенада иероглифпен жазылған арнайы сурет тұрады, сосын ана Анар тамашалап отырған икебана ғана тұрады, болды басқа әшекей болмайды. Сосын үлкендігінің өзі есептеулі 5 па 6 татами ғана болады. Айта берсе ұзақ әңгімесі. дзэн дәстүрі оЧым
Gulistan
келесі аялдама — Нuis Ten Bosch! Кеттік сонда!
Nurgisa
Не ғой, мастер болмаса шай іше алмай, шекең тырысып өлесің десейші…
Бір жағынан шәйхана ашу рақат екен: интерьерге аса көп нәрсе қажет емес, шәйнекке су құй да қайната бер, қайната бер. Қасыңа бажырайып қарап отыратын процессияның ассистентін тап. Жапонша шай беруге сақадай саймыз, ал!
sammita
қазір 6градус көзілдірігін киіп жатыр, дайындал:))))
Айттық қой саған арнайы кәсіптік білімді қажет етеді дееееп:)))))))))))
Altygradus
көп нәрсе қажеті емесі, иә емес қой. Бірақ оның бәрі талғам ғой.Қабырғадағы суреттің өзі талғамды қажет етеді, талғамды қажет ететін нәрсе әрине ақшаны қажет етеді дегендей. Мүмін ол жәй бір иероглиф жазылған сурет болса да, біздегі бір үймен сәйкес болуы мүмкін бағасы кәсіптік білім анау-мынауды айтпағанда. тіпті икебананың өзінің кісіптік білімі бар мысалға :)
Nurgisa
Иероглиф жазылған суретті бір үйдің бағасына татитын ақшаға сатып алуды өз басым біздің түсінуімізге бергісіз суперталғам дей алмас ем. Бірақ өзге мәдениетті аты өзге ғой. Шәйінің де дәмі өзгеше шығар. Бізде емес, сол жақ жылы дей ме?
Altygradus
талғамды нәрсе бәрібір қымбат тұрады.
Ол ҚЗ, Жапония деп бөлінбейді. Тек адамдардың құндылықтарына қарай адамның талғамдары бөлек болады. Күнделікті киімді мысалға сапасына бола алуың мүмкін, талғамыңа қарай алуың мүмкін.
Ал өнер туындысын міндеті түрде талғамыңа қарай аласың немесе қандай мақсатта қолданасың соған қарай.Ал талғам не супер талғам бәрібір ақшаны қажет етеді. Тек заманына қарай талғам өзгереді, қазір керемет саналған зат, ертең түкке тұрғысыз дүниеге айналуы немесе уақыт озған сайын қайта құндылығы артуы мүмкін.
Nurgisa
Білмейм, өз басым пілге майлы бояумен бір нәрсені шимайлаттырып, оны бәленбай миллионға бағалап, сату барып тұрған опасыздық дер едім. Түсіне алмаймын сондайды.

Ал ауылда басылған киіздің кәрәмәтін түсінемін, мысалы. Ирандықтарға ризамын, ықылымнан жалғасқан кілем тоқуын құндылық ретінде сақтап қана қоймай, коммерциялық бағытта өрістете білді, әлемге бренд ретінде танытты.

Ал сурет… Біреудің сандырағы үшін кішігірім ауданның бір жылдық ішкі жалпы өнімінің құнын телу дегенді түсінбей өтер шығармын еш.
Altygradus
менің айтып отырғаным да сол ғой адамдардың құндылықтарына қарай қалыптасады деп…
мысалы ішінде тек бір ғана иероглиф жазылған сурет немесе кішкене 2 гүлі бар керамикалық ыдысқа бола 10-100 мың доллар салу ол жапон мәдениеті
Ал мысалы біздің адамда жағдайы болып жатса, қанша қымбат ақша берсе де сәйгүлік сатып алуы мүмкін. Ол біздіңше талғам, біздің дәстүрімізде бар дүние.
Nurgisa
Иә, сосын таршылыққа тап болғанда, қысылтаяңда біз атымызды сойып, қорек қыламыз. Олар иероглифтерін шайнай берсін… Опасыздау әрине, бірақ несібе ғой. Одан қалай қашып құтыларсың…
Altygradus
Иәәә, онысы бар.
бірақ мұндай заттар бриллиант сияқты ғой, қай заманда болсын бағасын жоғалтпайды
Nurgisa
бриллиант сияқты
Өзіңіз тап-тұйнақтай етіп тәпсірлепсіз…
Gulistan
Мынау керемет екен!
Gulistan
Айттым міне, шай жасау процесі ұзақ, шыдамы аз адамдарға қиындау, ақтарып тастап жүре беретін емес. Мұнда арнайы келу керек. Бұл менің түйгенім болды.
Талай қызық алда, келесі посттарымнан күтерсіңдер.
sammita
мен бармаймын, шәйі де тым аз екен, ортаға жетер жетпес:)))
qisyq
«Күншығыс елінен ат терлетіп жеткен елшілердің қиғылық салып жатқанына бүгін үшінші күн. Әу баста мысық құсап жылмиып кірген аса мәртебелі жапондықтар, уақыт өте келе бұлардың қойған талаптарымен келіспей, „кетеміз де кетемізге“ басты. Тіпті, Әміршінің соларға арнап салдырған жапондық үлгідегі үйі мен шай бөлмесі де оларға бәлендей әсер ете қойған жоқ.
Саммита ханымның қанын қарайтқан қонақтарды бастап келген Бас Елшінің өзіне қырындауы болды. Алғаш келіп тұрған адам болған соң, көңілін қимай бірге отырып шай ішкен-ді. Ұзын-сонар, аса күрделі шай құю процесіне әрең шыдап отыр еді, Бас елші бұған қарап „Бізбен бірге жүрсеңіз-етті, Ханым, жаңа ел, бөтен дәстүрмен танысып қайтар едіңіз“ деген. Бірақ, Саммита ханым „мен бармаймын, шәйі де тым аз екен, ортаға жетер жетпес“ деп жылы жымиған болды».

Аффтор Гюго, «Саммита ханым» романы, төртінші кітап, екінші тарау, 107 бет.
sammita
осыларды жинап, кітап шығаратын болып қалды-ау, ерінбейсің:))))
Қайран менің жүрегім, жас жүрегііім ©
balzaminka
Жақсы ғой, маған ұнап отыр. Бізде болса аптасына бір рет барып тұрар едім :) Керемет қой, әрбір әдемі қозғалыс, артық ештеңе жоқ, шайдың табиғи дәмін сезіну, рухани демалу… эхх