КӨП ӘЙЕЛ АЛУШЫЛЫҚ – ЕРІККЕНДІК ЕМЕС
Сексенбай сегіз рет үйленді. Сегізі де мандымады. Ең ұзағы он жыл, қысқасы бес жылды еңгеріп, қашып кетті бәрі. Әр қайсысының жетегінде мұрындықты мал мен қолтығында тау-тау дүние — мүлік кетті жылап. "Қанша қатын алсаң да ауына тартадының" кері осы. Сексенбай 79-ында тоғызыншысына бұйда салған. Кеше тойы өтті дүркіреп. Ертең Сексенбейдың сексенге толатын мерейтойы күтіп тұр тағы. Қауқылдасып скилет құрдастары мәз. Сегіз қатыннан тараған 28 ұрпақ әне, сүттей ұйып, бір атаның балаларының үлгісін көрсетуде. Үй әне, дағарадай, қора міне, мыңғырған төрт түліке толып тұр қи сасып. Сексенбай көңілі жайланып төргі бөлмеге өтті. Су жаңа келіншегі 60-ты асап, 61 ге қадам жасаған шағында да өңін бермей шымылдықтың ар жағында қыздай сызылып отыр. Сексенбай мұртынан күлді. Шіркін — ай, махаббат — ай! Көрген сәтте – ақ осы бір біреуге уыздай жас қыз, біреуге ажырасқан қатын, біреуге мыж-тыж әжені құлай сүйді. Салған жерден сөз айтты. Енді міне, тойдың үсті ыстық — суығы басылмай жатыр. Шымылдыққа жайлап енкейе берді.
— Отағасы-ау, ел-жұрттан ұятты, кішкене күте тұрсаңызшы — деген ибалы қалыңдықтың ізетті сөзіне де қарамай, тіпті одан сайын демі тарылып, жүрегі өрекпіп кіре берді. 60-ты асап, 61 ге қадам жасаған су жаңа келіншегінің аш беліне қолды сала берген. Тас төбесінен тарс етіп, есінен танып түсті кенет.
«… Кеше тоғызыншысына үйленіп, ертең сексеннің сеңгірін тойлағалы отырған шағында, оқыста гормональдық әсіре реакциялардың кесірінен, жүрек түбіндегі ерекше қыл тамырының қуатты қан айналысына шыдас бермей жарылған» деген қаніпезер диагнозға душар боп қаза тапқан Сексенбайды жерлеу рәсімі жұмаға қалдырылды. У-шу болған бала-шаға ес жия алмай есеңгіреді. Тойға жиналып қазаның үстінен бір-ақ шыққан өңшең безделник – туыс-жекжаттар «өзіміздің Сексеншиктің» сыйлылығын, оның әне бір жылы ең семіз серкесін ауызашарға арнап сойған мәрттігін, 40 жыл ауылдастар алқасының төрағасы болған кездегі ішкіш жастарды бір шыбықпен айдап жөнге салған көреген тәрбиесін айтып көз жастарын сығып алысты. Он жәшік арақты көзіне қарамай суға ағызған айбаттылығын жыр етісті.
Артында жетім қап, жыларман халді бастан кешіріп отырған 28 ұрпақ пен қара жамылған жесірі қасіретті Алпыскүл сүйген жарының, кеше ғана бақытты ғұмыр сүрмекке серт алысқан қайран ерінің портретін құшақтап еңіреп отырды.
Сексенбей алпыстағы кемпірді қыз көрген қазақ даласындағы соңғы тұяқ болатын. Одан тараған бертіндегі Қырықбай мен Елубай бір қатынның ығында жүріп, онысына қарамай, төрт қатын алушылықты желеу етіп өрімдей қыздарға қол салудан тайынбайды.
Сексенбай сегіз рет рет үйленді, бірақ еріккеннен емес. Сегізі де жалтыр балтыр қу болып шықты. Тағдыр. Тумысында қатын мәселесі ушығып тұрды әрдайым. Жолы болмады бітті. Бірақ артында 28 ұрпақ қалды. Жетістік! Ала-құла тағдыр кешкен адам баласының бір ұтыс билеті болары сөзсіз түбінде. Соңғы арманы тоғызыншысынан сәби сүю болатын. Бірақ тағы да тағдырдың таңдауы.
Әңгімеге тікелей қатысы жоқ «төменгі»:
Мұсылманшылықта төрт әйел алу бар, егер шамасы келсе. Егер әділетті болса. Егер қыз деп, қатын деп бөлмесе. Егер, егер, егер… Талабы күшті тәртібі, тәртібі тас. Шыдай аласың ба?
«көп әйел алушылық – иттік, көп балалы болу – қасіреттілікті» айтқан бір танысыма арнадым. автордан
Нақты айтқанда ЕРСІЛЕУ
әңгімеңнің айтар ойы дұрыс. Бірақ қателіктері мында
Сегіз қатынды алғанда да ойланбай ала салған ба?
жәрәйді, екі рет шатасып қу балтыр алсын делік, жеті рет шатасып бірдей типтегі қатын алу миға симайды. Қазіргі көкелеріміздің жас қызға құмарлығын жазыпсың. Сексендегілер 60тағыны алып жатса қырықтағылардың 20дағы қыз алуға,50дегі жігіттің 30дағы келіншекті я қызды алуына болады дегеніміз ғой. 28 ұрпақ емес 28 бала шығар балаларының кіндігінен тарағандар ұрпағы болып саналушы еді қазақта.
алпыстағыны алған сексендегі мен жиырмадағыға бай болған елудегінің арасы жер мен көктей… шатаспа
Қаптатып бала таба бергеннен не пайда бар екен?? осы тақырыпты әрі бері мыжғылай береді мыжғылай береді.
Баланы тапқасын оған көңіл бөлу керек, оқыту керек.Далада өскен баладан қазіргі заманда пайда жоқ. Одан да сол 2-3 бала болса да уақтылы қарап, қадағалап, жақсы білім беріп, еврейден артық болмаса кем болмайтындай етіп өсірсе сол жетістік болады!
Қазір саннан гөрі сапа маңызды.Ал былайғы қазақ қазір де көшеде өріп жүр.Мемлекетке де аса пайдасы жоқ адам санын көбейтіп салмақ түсіріп керегі жоқ
сенің бұл пікіріңе таң қалып отырмын. "қаптатып бала таба бергеннен не пайда?" саған, қазақтың қызына жарасатын сөз емес… масқара!!! бізде осылай ойлайтын гуманистер мен космополиттер бар екен…
бастысы қазіргі ғаламдану заманында өзіңді, дәстүріңді, діліңді сақтап қалу ғой. ұлттық тәрбиелі, білімді ұрпақ керек. Балаларға, жастарға көп көңіл бөлу керек.Бұрынғы замандағыдай еее өсіп кетер деген қазақи көзқарас уже жүрмейді.Мыс еврейлерде қайбір асып бара жатқан миы бар дейсің, ештемесі де жоқ, бірақ олар балаларына көп көңіл бөледі, жан-жақты болуы үшін барлық жағдайды үйіп төгеді.
Баласы бар адамдар өздері де білед, бір баланың соңынан өзі күні бойы жүру, оның әрбір сұрағына жауап беру, ақылын, креативлтілігін арттыру үшін барынша жағдай жасау керек.
Қазақ тілін жақсы біліп өссін десең, оған жырлар, ертегі оқу керек, біраз өскесін тақпақ жаттатқызу керек. мен айтып жатқаным тек тілін дамыту жақтары ал басқа жақтары қаншама, балаларды дамытатындай қоғамда да жағдай жасалуы керек. Керек, керек дегендер көп.Ең бастысы уақыт, ата-анасында қаржы болу керек.Көп баламен оның бәрін жүзеге асыру мүмкін емес бәрібір.
Ал былай ол баланы тауып алып, не бір дұрыс білім берілмейді, ее жұрттан қалмас деп әйтеуір бір оқытады біздің қазақтар.Ондаймен біздің қазақ бәйге алатындай ұлт болмайды.
Одан да нағыз көңіл бөліп сол 2-3 баласын жетістіріп алса да болады.
Ал жағдайы бар отбасылар болса, одан да жетім бала асырап алса, сол жетістік, қоғамға қосқан үлкен үлес, Құдай алдында сауапты болады.
Бұл шаруаға мемлекет жеткілікті көңіл бөлуі керек. Балалы әйелге беретін ақшаға кей ұлттың өкілдерінің мысықтары мен иттері де тоймайды. Егер жеткілікті қаржы бөлініп, балалы әйел айына кемінде 10-15 мың алып отырса әр баласына сонда қазақтар көбейер еді.
@Altygradus, сенің айтқандарыңның да жаны бар. Бірақ екі баласы ғана бар кісілердің сол екі баласы да бір мезетте авариядан қайтыс болғанда қан жылағандарын көзіммен көргенмін. сол кезде жасымызда неге 4-5 бала өмірге әкелмеген екенбіз деген
Жо қарсы шығып жатқам жоқ, жағдайы болса, уақыты болса қарсы болатындай не бопты.
Бұрын көп балалы отбасы дегенге қайта жағдай жасалатын, оқу-білім алуына мүмкіндігі елден еш кем болмайтын қай баланың да. Ал қазір?? хмм
менің қарсы болатыным әәй бір жусан артық шығар деген көзқараспен санды көбейту.
жоқ әрине бар нәрседе тәуелкел қажет.Өмір сүрудің өзі тәуекел былай қарасаң.бірақ сонда да балаға келгенде қалай адамдар… оой айта берсең әңгіме көп. бәрібір әркім өз пікірінде қалатыны анық
Оны беретін де алатын да бір Алла, 2 баламен көгересің бе, жоқ 9 баламен де тұл қаласың ба бір Құдай біледі. Нағашы апам 10 құрсақ көтерген, оның 8-і бірдеме(тиф қой дейм) эпидемиядан кеткен, ал енді ойлап көр.Авариясы не, басқасы не, айналып келгенде санға байланысты емес.
сосын жеке пікіріңізге рахмет
Далада жүрген дегенде қараусыз қалған балалар. Жетім балалар. Сосын, өмірден мысал. Бір әйел жұбайымен базарда, ал қызы мектеп жасында "әйел" боп үлгерді. Тәрбиеге уақыт жоқ. Мәселе, сол көңіл бөлу, бала өмірінде не боп жатқанын білу, сөйлесу. Он баланы туып алып, сосын дача жағалап жүргендерді қайтесіз? Жаныңыз ашымайды ма? Немесе, сол ата аналар дамыған заманда контрацептивтердің барын білмей ме?
Ешкім де бала тумаңдар, не болмаса бір баламен шектел деп жатқан жоқ. Біздің қазіргі жағдайымыз (материалдық болсын, рухани болсын) жақсы ұрпақ (саны мол) тәрбиелеп шыға алатындай ма?
Ақшаны қоя тұрсақ (АЛЛА несібесін берер), ата ананың өзі рухани қаншалықты дамыған және дайын?
Мен, ойланбастан, ешбір ақылсыз бала туа беретіндерге қарсымын! Ол балаға жасалған қастандық деп білем!!!
Бір ата аналар тек көпбалалы атану үшін туады, сосын жөргек ақысын алып, араққа жұмсау үшін!
Қоршаған ортаға, жалпы адамдарға қарап сөйлеу керек деп ойлаймын. Тура біреу «феминизмді» нассихаттап, бала көтермеңдер, сәби сүймеңдер деп ұрандатып жатқандай…
інім болғаның соң, ойымыз бір)))
Айттым ғой, баланың тамағы мен жағдайынан бөлек (ол қой емес қой, шөбін берсең, жүре беретін), рухани жан дүниесі бар.
Қазіргі балалар кешегі бала емес, скакалкадан секіріп, классики ойнап, жасырынбақпен күн өткізетін. қазір бала биге барады, вокалға қатысады, спортпен шұғылданады. Оған қоса, ата ананың өзі де «мынау менің балам, жауаптымын» деп қарау керек. Детородный органнан басқа да органдар бар ғой (ми, жүрек).
Адамға АЛЛА ми берген ойлан деп, көз берген көр деп, жүрек берген сезін деп. Егер тек туып жүре беретін болғанымызда, онда олардың керегі қанша???
балаға жөнді қарай алмаса (жұмыс дейді, тамаққа ақша табуда, күні түні жұмыс, бала өзімен өзі!), баланың кім боп өскенін көріп жүрміз!
Неге суицид көбейіп кетті балалар арасында. Бәрі де ата ананың соқырлығы, ақшаның тапшылыға, рухани азғындық!
Olar (ata babalarymyz) tek tuyp jure bermegen negizi… Sosyn, tipti de jetim men jesirge koz karasyn ba bilemiz. ol kezde bari ozgewe edi. birak, sizben sozge kelgim kelmeidi.
Бірақ, аға ау, тыңдасаңызшы!
Маған, АЛЛАға шүкір бәрі жетеді. Не кием, не ішем, қайда дем алам деп уайымдамаймын. Мемлекетті таңдайтындай күйдемін. Бірақ, сіз барақта тұрып жатқан бүлдіршіндерді көрдіңіз бе? Кәмпиттің не екенін білмейді ғой.
Өткенде бір сюжет көріп, жылағаным бар. (жезөкше қазақ қыздары мен балалары туралы, төбедегі жалғыз үй ме еді атауы). Несіне туды? Кімге керек? Тіпті бізбен сізге де керек емес! Мемлекетке де керек емес… әдемі сөздердің қажеті қанша?
Бізде бәрі супер! Туыңдар, АЛЛА несібесін береді! (ол шындық болса да, аштан өлген балалар жайлы естімеген боларсыз)…
Оларға екінші шеше деген үйреншікті нәрсе еді, бізге олай емес. Не болған бізге? Санамыз ауру ма?
Ал шын мақсат қойған адамдар баяғыда бірнеше қатынды/қызды/әйелді қанағаттандырып, құданы да құдағиды да тыныш қылып жүр.