Кім айтты саған Ладаны ешкім мінбейді деп

Ресейлік «Ладаны» ешкім мінбейтін сияқты көрінеді. «С нуля» Лада, ВАЗ-дың Жигули, Семерка, Девятка, Калинасын мінгенше, 3 мың долларға 1991 жылғы Ауди мінген артық" дейтіндерді көп кездестірдім. Соған қарап Ресейдің Ваз, Газдары мүлдем өтпейтін шығар десем… Бос сөз екен.
Қазақстандағы ресми диллерлердің салондарында сатылатын су жаңа көліктердің арасында ең сұранысқа иесі осы Ресейдің Ваз, Ладалары екен. Мысалы: «Qncepto» консалтингтік компаниясының зерттеуі бойынша өткен сәуір айында 3 363 жеңіл және коммерциялық автокөлік сатылған. Оның 906-ы немесе 32 пайызы яғни бірінші орын осы «Семьерка»,«Девятка», «Уаз», «Газдардың» еншісінде. Екінші орын Toyota-да. Lada маркасының ішінде ең жоғары сұранысқа ие болғаны Priora (229 дана), одан кейін “Семьерка” Lada 2107 (217 дана), Нива Lada 4x4 (200 дана), «девятка» Lada Samara (196 дана).
Жалпы жыл басынан бері Қазақстанда 8 028 су жаңа жеңіл көлік сатылған. Олардың ішінде де сатылым бойынша бірінші орынды Lada бастап тұр. 608 коммерциялық автокөлік сатылған. Оның көшін ГАЗ бен УАЗ бастап тұр. Айтпақшы Ресейлік Ваз, Газдар биыл ғана емес соңғы 3 жылдан бері Қазақстандағы су жаңа көліктердің сатылым көшін бастап келе жатыр екен.Осыдан соң Ресейлік автокөлікке сұраныс азайды, Ладаны ешкім мінбейді деп көр.
Бөлісу:

74 пікір

Erbol
Меніңше сұраныстың жоғарылығы арзандығына.Сапасы енді ехх. Аяқ асты лотереядан ұтып алмсаңдар, былай сатып алып, мініп жүруді ойламай-ақ қойыңдар.
konvict
Ладаның бізде көп сатылатын себебі, бірінші өзің айтқандай арзан. Сон-сон, мем. қызметкерлерге күштеп болса де осындай мәшине мінгізеді, лотереяларда осы машина ойнатылады, айтыс, бәйгеге осы машина тігіледі
omarbirat
Дегенмен, Уазиктерді (Патриот, Хантер емес, кәдімгі жасыл уазикті) ауылда тепкілеп мінуге болады.
a63a1
жасыл емес қоңыр де =)) Қазақтың бәрі дальтоник болып кеткенбе жасыл шөпті көк дейді
omarbirat
Жасыл қоңыр. Таза қоңыр да емес қой.
a63a1
Ой қоп-қоңыр күнде көрем дим)) сол УАЗ ды Көрші военный жігіт мініп жүр
omarbirat
Біреуіміз шөпті, біреуіміз боқты көріп жүрген шығармыз :))))
a63a1
Ол машінені боқ емес деп кім айтты)))))
omarbirat
Дегенмен, Уазиктерді (Патриот, Хантер емес, кәдімгі жасыл уазикті) ауылда тепкілеп мінуге болады.
деп жазған едім. Мініп жүргендерді көз көріп жүр. ВАЗдардың жанында боқ емес, демек :)
Abilakim
Уаздың аты Уаз ғой шіркін қашанда!
a63a1
@omarbirat Қоңырқай жасыл екен, айып етпе))) Бірақ ескі уаздар қоңыр түске айналып кеткенғой деймін ескіргендіктен, кеше кешке әдейі барып тексердім)
sammita
Жасыл қоңыр. Защитный цвет.
Erbol
Хакки деп аталмай ма «советтік» УАЗ-дың түсі.
sammita
«Ткань серовато-зелёного с коричневым оттенком, защитного цвета». Ауызекі защитный дей береді. Хаки ғой.
omarbirat
Алса, көбінесе мекемелер алып жатқан шығар. Өзі міну үшін алатындардың көбі қолдан шетелдік мәшине алып мінеді ғой. Офисіміз Фурмановта болған кезде бір орыс жігіт «жетілігін» мақтап қанды ішуші еді. қосалқы бөлшектерінің арзандығын, бензинді көп жемейтінін, шыдамдылығын айтады. Тықпаштап зайып алды шығаратын. «Тойота» алып құтылдым әйтеуір. Құдай орыстың мәшинесін мінуге күнді қаратпасын :))
Erbol
Сон-сон, мем. қызметкерлерге күштеп болса де осындай мәшине мінгізеді
Алматыда УАЗ мініп жүрген Учасковыйлар.Күлкің келеді, түрлерін көргенде.
konvict
Айтпақшы, Лада гибрид машиналар шығарады деп жатыр еді. Олар қалай болады екен
Erbol
Автоматты жасауды әлі үйренбеді.Соған қарап гибридіне күмәнданасың.
konvict
Мен де естігенде таң қалғанмын. Бірақ, бір жақсысы өздерінде машина шығарады. Біздегідей дым жоқ емес
Erbol
Биліктің тілімен айтсақ бізде де бар ғой ))). Қазақский KIA, Chevrolet, Lada, Skoda, SsangYong. Сәуір айында 761 жеңіл мәшине құрастырылыпты бізде. 736-сын «на месте» алып кетіпті. Бірақ қазақтың өз мәшинесі деген… Тұлпар дегенді шығарып еді.Қарағандылық өнертапқыш «Аттилла» деген марканы ұсынып жүр. Ол да қолдаусыз.
konvict
Біреудікін айтып мақтану ақымақтық меніңше. Бірақ, қайтесің биліктегілер сол ғой. Қолдау деп кезінде көрсетпейді.
Айтпақшы, @muratabenov не айтады екен бұл туралы?
Erbol
Билік жақтың "өз маркамызды шығаруға нарық жоқ" дегендей пікірін естіп қалғам.Сосын ұсынылып жүрген отандық өнімдер бәсекеге қабілеттілігі жағынан да онша емес дегенде айтылғандай еді.Жаңағы Аттила да, Тұлпар да. Ресейде қалыптасып қалған нарық бар.Зауыттар бар.Бұрыннан келе жатқан маркалар бар.Бізде жаңадан бастап, оны шығаруға қыруар қаржы керек, танымал бренд жасауға… Мен өз басым ең алдымен сіріңке өндірісін жолға қоюды ұсынар едім.Сосын күрек, балта, сөйтіп-сөйтіп автокөлікке жетсек.Сапа болып қалар ма еді.Мұрат Әбеновтың бұлтуралы жеке пікірін сұрап көрелік.
konvict
Сіріңкені шет елден аламыз деген ұят екен. Үкімет осыны неліктен қолға алмайтындығына таң қаламын. Өнімді өзіміз өндірер болсақ талай жерге барып қалар едік. Жұмыссыздар да азаяр еді.
Erbol
Күкірт ТШО-да үйіліп жатыр. Көзін қайда құртатын білмейді.Соны іске қосуға не керектгін білмедім.Күкірт бар, ағаш жоқ па, білмедім. Сіріңкені Ресейден тасимыз.
omarbirat
Қарағандықыл өнертапқыш Аттилла деген марканы ұсынып жүр.
Мақаласын оқыған едім. Тек сыртқы дизайнын жасап шығарған сияқты. Моторы, іш құрылысы туралы тіс жармапты.
Erbol
Аттиланың сыртқы дизайны фольксваген мен аудиден алынған. Ішкі құрылысы жеке сайтында болуы керек. Машина ойлап табу демекші өткенде бензинсіз жүретін машина ойлап таптым деп бір ағамыз білек сыбанып отыр, деген ақпаратты оқып қалып едім.Табайыншы сол ақпаратты
konvict
Аттиланың сайт адресін ілші
sigma
Негізі ескі машинаға құмар адамдарды түсінбеймін. Ит жылғы иномарка мінгенше су жаңа лада мінбеймін бе?
Мысал ретінде қараңыздаршы Ваз 2107 жаңалай 5500-6000 АҚШ теңгесі доллары тұрады, ал осы ақшаға 91-95жж шетелдік машина келеді.
1 Ескі машинаны қанша уақыт мінесіз?
2 Ескінің оңдайтын жерлері міндетті түрде болады.
Жаңа Ваздарды кемінде 5 жыл мінесіз, сосын шыны керек ыңқыл сыңқылы басталады.
Ал су жаңа иномарка мінгендерге еш айтарым жоқ

Менде НИВА :)
konvict
Менде «Тайота Ходисам»
Erbol
«Ходи Сам» ба. Өте жақсы машина. Түк бензин сұрамайды. Рөлде отырып жүйкең жұқармайды.))))))
konvict
Айтпа, мінгеніме біраз болды. Рахат!
Erbol
Әркімге әрқалай.Мысалы: өз басым 6 мыңға кондерсіз, электропакетсіз т.б жағдайсыз ВАЗ-ды мінгенше Мерс алуды дұрыс көрем.Онда жүргізушіге жағдай бар. Бұл су жаңа ВАЗ-дан артық жүріс бермесе, кем жүріс бермейді.Сосын көліктің жүруі, сыртқы көрінісі дегендер бар.Бәрін қарап келгендеее әй, бәрібір су жаңа ВАЗ шықпайды көңілімнен.
VKM
Сыйласа да мінбес едім. Біріншіден-автомат емес, ручникпен жынды болғым келмейді. Сосын кондиционер жоқ.
Иномарка жоқ кезде бізде 08,99 ВАЗдар болған.Әйтеуір папам соны жөндейтін де жүретін, гараждан шықпай, судай жаңа алсақ та.
Иномарканың ходовкасын бір жасатып алып, майын уақытында өзгертіп тұрсаң болды ғой.
konvict
Бір қызығы автомат каробкіге қарағанда механикалық коробкі(беріліс қорабы ма еді қазақша?) жақсы.
Erbol
Автоматтың майы бар, сосын ол пәлесі кетсе біраз шығынның көкесі. Бірақ қалалы жерде автомат жақсы.Тау-тас, ауылда, қарда, құмда енді механика.
Erbol
VKM сәл-пәл түзетсем ренжімеш, иа
Біріншіден-автомат емес, ручникпен жынды болғым келмейді.
Ручник емес механика.Ручник деген қол тормоз деген пәлесі.
VKM
Ой,қайдан білем. Автошколада оқып жүргенде жылдамдықты ары бері қойып, жынды болатынмын.Сол ручниктен шығаруды ұмыта беретінмін. Соны айттым) Сосын иномаркасы бар инструктор табылып, жүргізіп кеттім)
sammita
үйренуге механика жақсы, одан соң автоматты үйрену түк емес.
Erlan
Семьеркалардын да бағасы миллионнын үстіне шыгып кетті, просты с нуля алсан 2-3 жылға диін қол тигізбей айдайсын, ал бу иномаркалардын, то ана жері, то мына жері зай, кымбаттау запчатілері.
Janasil
Жаңа ғана радиодан Қазақтар осы жылы бұрын болмаған қарқынмен машина сатып алып жатыр екен. Жақында машина бағасы қымбаттайды деген сөз естіген едім, соның әсері болса керек.
Erbol
Шілде айында Евро-3 енгізіледі деп елдің барлығы жанталасып АҚШ пен Дубайдың машиналарын таси бастады.Өйткені Евро — 3 талабына сай емес көліктер кіргізілмейді.Оның талабы бойынша АҚШ-тың көлігі 2008-ден бергі, Жапониянікі 2010 нан бері, Қытайдікі биыл шыққаны ғана жарайды деген сияқты. Яғни тек жаңа көліктер кіреді. Ал жаңа көліктің бағасын өзің білесің.Сондықтан елдер алып қалуға жанталасып жатыр. Шілде айынан ары қарай ескі көліктің бағасы сөзсіз көтеріледі.

Қазақ радиосының айтқаны сол шығар.Машинаның бағасы ақырындап көтеріліп барады.Шілдеден соң ұшатын шығар. Мүмкіндік болса алып қалған дұрыс.
VKM
Бәрібір баға біраздан соң реттеледі)Өзінен-өзі.
Erbol
Халық су жаңа, қымбатырақ машина мінуге уйренеді. Реттелгені сол. Бір шеті ол да дұрыс, кілең мусор қаптап кетті. Бір қиыны осы орыстың көлігі мен өзбектің мәшинелерін аламыз жыртылып. Өзімізде құрастырылатын көлік санын көбету керек.
VKM
«Азия-Авто» біраз көтерілетін болды, КИА, Шкода-Октавия, Ниваны Өскеменнен аласыздар)))
Qojeke
Бұл жерде орыстың сырты бүтін, іші түтін ВАЗдары закуска ретінде кете береді десеңші :)
Erlan
реттелуін кутеміз))
AsanQaigy
лада калинаға кетары емеспін
qisyq
Консерві болып қалады демесең…
Өзбектердің шығарып жатқандарына қалай қарайсыңдар?
omarbirat
Волга автомобиль зауытының өнімдеріне қарағанда солар дұрысырақ па деймін.
Erbol
Мен де солай ойлаймын. Сапалырақ.
patick
Қаншалықты рас екенін білмим, білгіштер былай дейді: «Иномарка алсаң үш төрт жыл капотын да ашпайсың, есесіне кейін капотың жабылмайтын болады, ал жигули алсаң басында үш төрт жыл ашарсың, есесіне қалған уақытында ыспакойны жүретін боласың».
Erbol
Патик «Иномаркаңның» презентациясын күтіп жүрміз.
sammita
ресми ақпар берер десек әлі күнге жақ ашпайды ғо:)
patick
Инжекторын тазалатып алайын, сосын жазармын :)
Erbol
))) мен шыдамаймын, бүгін жазам.
sigma
былайша алғанда Қазақстанда бар машина иномарка ғой
Qojeke
Қазір орыстардың қойнындағы ел болғандықтан ба орыстың маркаларын иномарка деп санамаймыз.
sigma
Тек қазір емес, әуелден солай ғо
chimaq
lada buryn qytaida boluchi edi,osy kezde qarasyn uzipti…
Erbol
Қытайдың өзі әлемдегі нөмірі бірінші машина шығарушыға айналып келеді.Орыстың көлігін қайтсін.Сәуір айының қорытындысы бойынша Қазақстанда коммерциялық автокөліктердің сатылымы бойынша ГАЗ, УАЗ-дан кейін Қытайдың FAW-ы тұр.
zhazular
жыным келед орыстардың арбаларына. салдыр-гүлдір, салдыр-гүлдір. «күштеп мінгізіп жатырың» дұрыс. Кедендік одақ әлі күшіне енген жоқ. Енгенде көресің күштегенді. Әл-фарабидің бойында тұрып, бір-бірлеп ұстап, тойотаны мінгенің үшін таяқ жеп, аудида жүргенің үін айдаласың. сосын жигулимен жымың қағып, ладамен лағасың. Орыстың арбалары жаулайды, ойбай!!!
VKM
неге бір-бірлеп ұстайды?:)))
patick
оптовой бағасы қымбаттау :)
sammita
32 пайызы яғни бірінші орын осы «Семьерка»,«Девятка», «Уаз», «Газдардың» еншісінде
мысалы, ГАЗелль, спецтехникалар, ауыл шаруашылығы техникасы ресейден алынады көбіне. Олар да кіріп отырған болар санға.
patick
Бірақ, Ресейдің ауыр машиналары нағыз зверь екенін айта кету керек. Камаз, Маз, немесе трактор-комбайндары.
Abilakim
Комбайындарына келісе қоймаймын…
Erbol
Қытай басып бара жатыр. Қазір келіп жатқан ауыр, жүк көліктері, тракторлар болсын дені Қытайдікі.Орыс жарайды, Қытайдың «ойыншық» машиналарынан қорқу керек.
Erbol
қара қытай қаптағанда, сары орыс әкеңдей көрінер.
Nurgisa
Қайтадан, әкең… Сары орыс, әкең…
saken
жалпы Қытайдан бәрі қорқып жатыр ғой. Бірақ жұмыс күшінің арзандығының арқасында бүкіл әлемді жаулауда. Қытайдың өз өнімі болып табылатын ДонФэнг, ХСМДжиларды айтпағанның өзінде, басшылары Еуропада отырған қаншама автотехника жасалуда десеңізші ол жақта.

Менің мамандығыммен айтар болсам, қазір Қытай трансформаторлары жаулауда Қазақстан нарығын. :(
a63a1
маз 60 тан артық жылдамдық алмайды сол жаман) буксовкаға да нашар келеді