Анонс: Сенбистер.

Олар апта бойы тыныш жүреді. Олар еңбек аптасында жәй ғана адам. Бірақ, сенбі басталысымен алып шаһардың қаһармандарына айналады. Жоқ, олар супермен емес, олардың қолында магиялық қару жоқ, олар спайдермен құсап секіріп-өрмелемейді. Олардың қарулары — кружка. Олар — сенбистер. Қисық, Патик, Жалғас, Батыр, Ербол — сыраны ішіп тауысып, өзге тұрғындарды зұлым алкогольден құтқаруға бел байлады.

Халық:
— Оларды қалай танимыз?
Қисық:
— Оларда ешқандай белгі болмайды!
Халық:
— Мүмкін меңі, не беттерінде тыртық бар шығар?
Ербол:
— Жоқ. Олардың саусақтарында тіпті неке сақинасы да жоқ!

Алматының барлық пабтарынан көріңіздер. С Е Н Б И С Т Е Р!!!
Бөлісу:

31 пікір

madlen
kaida ketti neke saqinalary?
patick
Ол геройлардың салты бар: Үйден қырық қадам аттап шығады да, сақинаны дәл сол жерге тастап кетеді.
asaubota
400 километрдей алыстаймын, бірақ сақинаны шешпей келсем бола ма?
VKM
Бравоооо. Аршат аға мәләдес!
qisyq
Болады, просто қаланың ішімен ұшқан кезде, саусаққа батып ауырған соң тастаймыз біз, әйтпесе, киемін десең, киіп жүре бер.
patick
өзің қара, бірақ сақинаның күші тек ішуге ғана жетеді :)
Abilakim
Сақиналы еркек сақинасын жақсы пайдалана білсе оны шешпеуге де болады. Сақинаға байланысты аяныштылау әңгіме айтса жетті ғой. Адам Сендлер ойнайтын әлгі кинодан да көрдік оның әсерін
asaubota
пыросты керек емес тірліктер ғо жігіттер, сендерді үйлеріңде әйелдерің күтіп отырады ғой. менің күйеуім ана пәленше, түгеншелер сияқты емес қатындармен қаңғымайды, достарымен шамалы отырып сыра ішіп, үйге ерте келеді деп ойлайды, сенеді ғой. ұят қайда? қазақ емессіңдер ме құдашаларыңды подружкаларымен қоса және балдыздарыңдыссстар ау!
qisyq
Ал, Патик, осы сенбі тағы жиналып, уішівөле салайық, Асауботаның гуманды, адами пікірін өзім көтере алмаймын, сөзбенісссссс…
asaubota
Көршіміз қазақтар нағыз екі, жоқ — үшжүзді халық © satibaldi
Ішпеген адам не демейд? © белгісіз біреу

бұл сөздерді де есіңде ұстап жүргейсің інім.
qisyq
Аға, өзіңіз осылай басу айтып қоймасаңыз, алды-артын ойламайтын жастық бірдеңеге ұрындыруы мүмкін.
asaubota
бұйырса Алматыға жетейін, менің ұлағатсыз әңгімелеріме мейірлерің қанады.
edige
Тәрбиелік мәнсіз дешиш:)))))))
asaubota
қайран да менің 427-ім! талай жастар сол бөлмедегі 2 түндік курстан өмірлік нәр алып кетті ғой, шіркін!
qisyq
Баян-Өлгийді еске алсам, елжіреп-ақ кетемін…
Aizhantabyn
хахахахахахахха))) қатырғанский анонс еке)))
asaubota
28 мамырдан 29 мамырға қараған түнге бір бағдарлама жасауларыңды сұраймын аса қадірменді алматылық сенбисттер. Манчестердің Манчестер Юнайтеді мен Барселонаның Барселонасының матчы болады. Батыр, білетін шығар футбол қарайтын жақсы жерлерді.
edige
Сол куні тагы не болады? :))))
asaubota
бір жақсы жігіттердің туған күндері болады деп естідік 26-29 аралары :)
edige
@patick сөйлеп отырсайш?
qisyq
Неге, Жалғастың магиялық қаруы бар ғой.
Abilakim
Жалғас жағаласқанын алмай қоймас.Ал(ды)ға, сенбистер!
VKM
Қыздар сенбис бола алмайды ма?)
qisyq
Сыраны бітіріп, елді алкогольдан қорғаймын десең, ешкім қолыңды қақпайды.
VKM
Жоқ, мен емес, алматылық қыздарды неге шақырмайсыңдар дегім келген
qisyq
Сыраны бітіріп, елді алкогольдан қорғаймын десе, ешкім қолынан қақпайды.
Nurgisa
Иә, Сенбистер дегенге, жарайды, Қисықты қосайық, Жалғасты, Батырды, Ерболды… Бірақ, Патеке… Іхм… Не ғой, әлгі… СенбіЕрнар болып, сенбистерге басшылық жасасаң ба, баскөз болып. СенбіЕрнар деген сұсты естілетін сияқты, былай… ;)
blackbeard
Кетіңдер нақтар кілең! Өткен апта жолығыпсыңдар! Scheschesse!
asaubota
Сенбистер және алматылықтарға бір сұрақ: мына оқу орнының контактілерін тауып беріңдерші, алматылық справочниктерде бар шығар. Ресейдегі ресми сайттарында дым ақпарат жоқ.

Алматинское представительство Санкт-Петербургского университета Государственной противопожарной службы
rauan97
Ербол дегеніміз сұрақ-жауап админі yerbol89 ба