Техосмотр-2 немесе 9 млрд теңге - 46 млрд теңге
Жылда 9 млрд. теңге халықтың каражатын жейді, 46 млрд теңге еліміздін экономикасына зиян тигізеді. Оның аты кім? Сенбейсіздер ме?
Әлбетте, мен сіздердің көздеріңізді жеткізіп көрейін!
Техникалық тексеріс-2. ( бұдан былай ТЕХОСМОТР)
Біздің елімізде, ресми ақпаратқа сүйенсек 01.04.09 жылға 3212802 авто көлік тіркелген екен. Содан бері екі жылдың ішінде осы көлік саны 15 пайызға өсті деп жобаласақ. Сонымен: 3212802+ 481920(15%) =3694722 шамамен автокөлік тіркелген және техосмотр өтуі тиіс. Ал енді көлігі бар жамағат, сіздер техосмотрды қалай өтіп жүрсіздер? Мен сұраған адамның барлығы, МАИ маңында жүрген «пысықтарға рахмет айтып» жүргендерін мойындайды. Сіздердің де жағдай солай шығар деп ойлаймын. Ол «рахметтің» құны Талдықорғанда 2-4 мың теңге болса, ал Алматылық таныстарым 2-5 мың теңге көлемінде деп жатыр. Бұл сома мемлекетке ресми төлемнен басқа.
Ал енді калькуляторды қолға алып, есеп-қисапқа отырайық: 3694722 көлік саны * 2500 бір көлік құны = 9 236 805 000 тг берілген пара сомасы. жалғасы Бұл пайда тек бір жылдікі ғана! Қару-жарақ, апиын сату жәйіна қалады ау деймін, ә? Ал енді мемлекетке түсетін зияны жағына келсек, былай екен: Халықаралық мынандай санақ жүйесі бар екен, әрбір жұмысшының табысы өнімнің бестен бір бөлігіне тең екен. Сонда параға жұмсалған 9,2 млрд-қа 46 млрд ішкі өнім өндіруге болатын еді. Экономикамызға осы қаражатты құйсақ қалай болар еді? Көрдіңіздерме, нағыз ТЕХОСМОТР ЖШС-гі. Бұл өзі техосмотр дегеніміз, менің ойымша, советтік дәуірден қалған кемшілік. Ресейдің президенті Медведевте техосмотрды бір жола алып тастасақ деген ойда жүр екен. Тіпті біздің айыр-қалпақ қырғыз бауырларымыз техосмотрды алып тастау жөнінде заңды қабылдап та қойыпты. Бәлкім біздің билік басындағылар маған дау айтуы да мүмкін «біз техосмотрдың жаңа жүйесін таптық» деп. Ол ойлап тапқандары да, мәз емес. Олардың ойларынша Қазақстан бойынша 585 техникалық бекет ашып, жеке меншік ұйымдар техосмотр өткізбек. Көлік және комуникация вице-министрі Еркін Дүйсемаевтың парламент депуттары алдында осы жаңа заңды қорғағандағы сөзіне сүйенсек, «Техосмотр құны 3-4 мың теңгені құрайтын болады» — депті. Мақала мұнда: http://www.almanews.kz/news/s-1-iyulya-2011-goda-cena-texosmotra-vozrastet-v-4-raza_12273.html Сонда жаңа біз есептегенде бір көліктің техосмотр өту құны 2500 теңге деп алғанда қандай сома еді, енді «жығылғанға жұдырық» демекші, жаңағы ТЕХОСМОТР ЖШС нарығын екі есеге өсіріп жатыр ғой! Енді 9 млрд орнына, 18 млрд таппақ ойлары бар ғой. Және де жаңағы 18 млрд алып 585 бекетке бөліп бермек. Бәрекелді! Не деген тапқырлық! Біраз ойландым да «Әй, өзіміздің азаматтар ғой. Пайда тапса-тапсын, тек пара болмаса болды» деген шешімге келдім. Бірақ Джордж Вашингтон елес болып көрініп (доллар), елең еткізгені барма!
Сөйтсем, осы жаңа техосмотрдың жүйесінде шикілік бар екен, сол ертең пара беруге қайта соғатын болып тұр. Оның жолы былай: Жаңағы Көлік және комуникация министрлігінің ықпалымен ашылып жатқан бекеттердің әрбіреуінің қуаттылығы күніне 16 көлік екен. Қайтадан калькуляторды қолға алайық: 16 авто*585 бекет саны*264 жұмыс күн = 2 471 040 бір жылда өтетін колік саны.
Ал біздегі көлік саны, шамамен 3 694 722. Мен жылдық жұмыс күнін есептегенде, мейрам күндерін кемітпеген едім, сонымен қатар бұл бекеттер швейцар сағаттарындай тоқтамай жұмыс істесе көрім болар еді. Ал тағыда қоғамдық көліктер жылына 4 рет техосмотр өтуге міндетті. Тіпті күніне 16 көліктің өзін бұл бекеттер тексере алмайды, өйткені олардың техникалық талаптары өте көп. Техникалық талаптар мұнда: http://pddrk.kz/teoria.php?punkt=28 Қайтадан бекет алдында кептеліс, қайтадан таныс іздеу, пара беру… Сондағы мақсатқа жеттік пе? Әлде одан да әрі халықтың қалтасын қақтық па?. Ал өкіметтегі азаматтар жемқорлықпен нақты күрескендеріңізді осы техосмотрды алып тастаумен, көзімізді жеткізіңіздерші!
Менің сіздерге мынандай ұсынысым бар: Осы техосмотр дегенді бір жола алып тастасақ қайтеді. Соны биліктен талап етейік. Ал биліктен рақым күтіп, бізде текке отырмайық халайық! Осы техосмотрға байланысты бейтарап емес азаматтарға айтарым, жемқорлықтың ордасына айналған жүйені тамырымен жұлып тастау үшін, халықтан Президенттің атына петиция дайындалды. Сол петицияны қолдап, қол қойыңыздар ағайын! Таныстарыңызды, достарыңызды қол қоюға үгіттеңіздер! Бейтарап қалмаңыздар! Петицияның нәтижесі Ақордаға жіберіледі!
Алмасбек Садырбаев.
Петиция к Уважаемый Нурсултан Абишевич!
Мы поддерживаем и подписываемся за отмену техосмотра в Республике Казахстан>>
Петиция была создана и написана: Алмасбек Садырбаев (almasbek.sadyrbayev@mail.ru)

4 пікір