Шалқасқа...
Ауыл қазағы мал ұстайтыны белгілі.Малдан бөлек иті мен мысығы болады. соның бәріне ат қойғыш қазақпыз ғой. Осы тақырыпта жазба жазсам ешкім ренжи қоймас. Қаласаңыздар астына сіздер де өздеріңіздің ит-мысықтарыңыздың, т.б.б жануарлардың есімдерін тізе кетіңіздер.
1.Шалқасқа. Өте жуас күрең қасқа атымыз болды. Үрку дегеннің не екенін білмейді. Төбесінен вертолет ұшып бара жатса да құлағын қайшыламайтын еді жануар. Міне, осы жуастығы үшін үйдегі ақсақал осы атқа ғана мінетін. Жасы келген кісі бір жерде жығылып қалмасын деген ниет қой біздікі.Ол кезде атамыз 60 жасқа ендіғана толған шығар көп болса… Атқа мінуге үйреніп жүрген кішкентайларды да осы Шалқасқамен «ауыздандыратынбыз»
2.Мысыққара. Қулық биенің (байтал) алғашқы құлыны болған соң ба бойы қатты өспеді. Сондыққтанда осындай атқа ие болды. Теңге ілуге, көкпарға өте ыңғайлы еді. Жамбылдың 150 жылдығында (Жезқазғанда) ағам осы Мысыққараның арқасында облыстық теңге алудан үшінші орынды иеленіп еді. Шалқасқа сойылған соң бұл атты да үйдегі атамызға мініске бердік. Жасы 65-тен асқан кісіге мініп-түсуге ыңғайлы деп. атамыз жетпіске келгенша осы жануарға аяқ артты.
3.Қарлығаш. Ауылдағы Қарлығаш атты сары қатын секілді сап-сары сиырға берілген есім.
4. Қадыр. Қадыр атты кісінің бізге бір тойда атаған сиыр малы. Ұрғашы болсада сол кісінің есімі берілді. Бір қызығы осы сиырдан туған төлдер сол кісінің үйіндегі балалардың ретімен аталып кетті))))
5.Пелменқұлақ. Құлағы кішкене марғау күнінде үсіп кеткен мысықтың есімі. Құлағы пелменнің қиығындай домаланып тұратын.

2. Қызыл қораз. Өзі ерекше ірі, тепсе тепкен жерін ойып түсіретін әтеш болатын. Қақпаға біреу келіп, шақырып тұрса, ит құсап дедеңдеп жүгіріп барып, желке жүнін үрпитіп, қоқиланып кететін. Айналадағы қораз біткенді зар қақсатушы еді. Пышақтан кетті (сойып тастадық).
3. Тарзан. Қара теңбілдері бар, өзі ақ, үйрек, қырғауыл қуғанға арналған, аласа бойлы, аңшы ит болатын. Құйрығы тарақ та емес, жүнді де емес, тықыр, атжалманның құйрығы секілді еді6 жүгіргенде шыр айналып, рульдың миссиясын атқаратын. «Жақсы ит өлігін көрсетпейдіге» салып, жоқ болып кетті.
4. Қара есек No comments.
еще өзім сиыр жылымын)))
жолбарыс — қаншық тазы. шәуілдеп қанша ит жетіп келгенде бұрылып қарамайтын да. қызғаншылықтың құрбаны болды.
зерда — қазіргі итім, бұл да қаншық. аса тұқымды емес.
мал-жануар баршылық қо, дегенмен ат қою анша үрдіс еместін
Ақжүніс — «рекс» тұқымды ақ жүнді атжалманым болды.
Түйе — «авикулария» тұқымды бүйе болған.
Көршімнен адамгершілігі жақсы еді…