@NNazarbayev туиттерін қазақша жүргізе ме?


Түсінбей қалдым. «Алаш айнасы» Twitter-ден деген тақырыппен Назарбаевтың, Мәсімовтың және Жұмағалиевтің тиуттерін сайттарына жариялапты.
Аты аталған соңғы екі тұлғаның тиуттерін оқып отыратын болғандықтан @KarimMassimov және @AZhumagaliev деген аккаунт қазақша жазбалар жазатынын көріп жүрмін. Басында орысша сосын қазақша жариялайтын. Қазір бірінші қазақшасын беріп жүр.
@NNazarbayev дегенді басында жалған аккаунт болар деп мән бермей жүр едім. «Алаш айнасы» сілтеме көрсеткен соң, қайтадан қарап шықтым. Бірақ @NNazarbayev деген аккаунттың қазақша жазғандарын көрмедім. Орысша және ағылшынша жазғандарын байқадым.
Сөзімді жерде қалдырмас деп ойлайм:)))))))))))
Мынау қалай?