Жұрттың қатыны қатын...

Жұрттың қатыны қатын, менің қатыным атым (атом, айтылуы бойынша жазылды)! Капоттың мұнша жыны келмеген шығар.Қатынына да әрине! Талай жерде талай жігіттермен ішіп жүр, әңгімелесіп жүр… Оларда мұндай бас қатырарлық мәселе жоқ тәрізді.Тәрізді емес болмаған! Жұрттың қатыны жүкті болса құспайды, жерік те болмайды. Ал, бұныкі...Өй! Басқа қатындар жерік болса ұйқыға, қиярға, пиязға жерік болады. Жасынан ертегі оқып өскен пәленің ертеңгісін «Мен жерікпін» деген кезінде-ақ бір сойқанның боларын сезген… Арыстанның жүрегіне жерікпін" деген кезде ішіп отырған шайы мұрнынан бірақ шашырады.Ой, Алла-ай" адам деген жеп көрген нәрсесіне жерік болушы еді… Аңшының қызы болса бір сәрі… күнде арыстанның етін қуырып жеп жүрген.Бұл күнде қазақ даласында арыстанмен қоса арыстан аулар жігіттер де құрып кеткен жоқ па?! Бұл болса арыстанның жүрегіне жерік! Тұңғыштарына жүкті болғанда да қасқырдың құлағына жерік болып қырып кете жаздаған. Неміс овчаркасының құлағын кесіп әкеп беріп бір қатырып еді өзін))))Тұңғыштары әне, екеуінің не айтқандарына дейін ұйықтап жатып естиді! Есіне ветврач ауылдасы түсті. Қалалық хайуанаттар бағында істейтін болған соң да түсіп тұр да есіне! Қой соған хабарласайын, бір амалын табар деп ойлаған Капот ауылдасының нөмірін тере бастады…

Сурет мына жақтан алынды
Бөлісу:

102 пікір

asaubota
қой, мұндайларды тек ертегіден оқитын едік қой. есі дұрыс әйел алмаға, тұздалған қияр-помидорға жерік болмай ма? яғни алынуы оңай нәрселерге.
Abilakim
мүмкін біздің ұсақталуымыз жерік болатын тағамның ұсақталуынан болар деген ой ғой…
sammita
алынуы оңай нәрселерге
:))))))))))))))))
Abilakim
Біздің арамыздағы келіншектер неге жерік болғандарыңды айта отырсаңыздар?
AKY
@alisha мен @sammita айтсын)))
sammita
жұбайымды ала бердің-ау:)
Aizhantabyn
Бір құрбым жерік болып жүргенде көшеде сататын самсаға «аппетиті» шауып тұратын)
Бірде айтып берген, жұбайымен түнгі үште іздеп кетіпті самсаны. Қыз болса Самсагүл, ұл болса Самсабай деген есім бересің деп күлетінбіз))
Abilakim
ақыры не деп қойды? әлде әлі босанбады ма?
aza
Қасаболат деген мықты батыр жігітті туарда шешесі арланның ііі...і сол жеріне талғақ болыпты… Табиғатта түйін көп қой…
TOTY
Рас,Әбеке… ертегі аз тыңдау керек еді бала кезде… шо та…
Abilakim
Бұның өзі қияли әңгіме ғой, ертегі емес, ертегіден былай да емес…
Aidossik
менің келіншегім алмаға жерік болды-ау) алма алып келші жұмыстан қайтарыңда деп отырушы еді.
Onlasyn
Жерік болған нәрсесін алып бермесең не болады??? )
AKY
Баланың аузының суы тоқтамай ағатын болады.
Onlasyn
Қойш, сол рас па?
AKY
Рас, рас.
Onlasyn
Қанша жасқа дейін ағады?
AKY
Бір жеңгеміз қауынға жерік болып, қауынға дұрыс тоймай қалыпТ, яғни жерігі дұрыс басылмаған. Кейін босанған соң, баласының аузынан су аға беретін. Біраз үлкейгесін ғана қойды.
Onlasyn
Қойса бопты да :))
Altygradus
ауызға сумен ған тоқталса жақсы, балаға психологиялық әсері бар
Altygradus
пыросто итак гормондары үшып жүрген әйел, беталды нәрсеге жылай беретін кезде, қалаған нәрсесін де жей алмаса көңлі орнына түспейді ғой, ол әрине балаға әсері бар.Жерік болғаны бір витаминдері жетіспегеннен
Zilola
дау-жанжал, соңыра еңіреп жылау «сен мені сүймейсің, бір жеріктігімді көтере алмайсың, ертең балаңның сұраған тәттісін де әпермейсің» дейтін шығар :)
Onlasyn
Әйелім жерік болмады әйтеуір. "Құдайға шүкір" деп қояйын да:))
Abilakim
менікі де жерік болмапты…
Onlasyn
Бізді Құдай бұл келеңсіздіктен сақтапты :))
Zilola
сені қинамайын деген шығар, әйтпесе жерік болу керек
Aidossik
естуімше, іштегі баланың қалауы екен… баланың организмі қалап тұрған тағамды берген дұрыс болатын шығар. алып бермесең келіншегің ренжиді, саған бала керек емес деп))))
Onlasyn
естуімше, іштегі баланың қалауы екен
Мен мұны әйелдердің өздері ойлап тапқан сылтау деп жүрмін ғой
Aidossik
бір документальный көргенімде: егер анасы бір тамақ жеп, сол тамақ балаға ұнаса — сол тағамды бала қайта сұрайды… осыны жерік дейді.
Aizhantabyn
ол рас. Әйел ағзасы көп өзгерістерге тап болады. кейде бір микроэлементтер мен витаминдер жетіспей жатады.
Кезінде анам қыста қарбызға жерік болғанда, әкем спецзаказбен алдырған екен) Сосын, ініме жерік болғанда науатты сұрайтын. Оны да алдырдық (тоқырау заман болса да).
qisyq
Менің жолдасым нақты бір нәрсеге тоқталған жоқ. Жеміс-жидекке қырғидай тиді негізінен. Күнде қарбыз, қауын, болмаса жүзім алып үйге сүйретіле басып кетіп бара жатушы едім…
asaubota
біздікі де сол, жеміс-жидек, көкөніс.
Aizhantabyn
Есесіне, бірің үлбіреген қыздың, екіншің, шекесі торсықтай ұлдың әкесі атандыңдар)))

Әкелер (жас әкелер) дүкенде балаға тамақ алып тұрғандары қызық)) Бір қолында список, екінші қолында телефон: «Жан, мында Нутрилон жоқ! Нан, Нестле бар екен? Ала берейін бе?» не болмаса «Алма пюресі мен әлде сәбіз ба, мында деген пюре көп екен ғой» деп тұрады. )))
Zilola
менің екінші жездем де сол, тізіммен талай жерді шарлап шығады сенбі күні таң атпастан тұрып :)
Риза боласың сыртынан бақылап, жауапкершілікті сезінеді деп :)
Zilola
әпкелерім семечкаға жерік болды, үлкендер семечка шағуға болмайды, баланың арқасы қышиды деп жатады, бірақ ол кеңестерге пысқырған жоқ желаниесі кетіп тұрған әпкелерім :)
Onlasyn
Спирттік ішімдіктерге жерік болғандарды естігендерің бар ма?
Zilola
әйелі жерік болмаса, күйеуі жерік болғанды естігенмін (толғақ та сондай). Ішімдік жайлы естімеппін :)
Onlasyn
әйелі жерік болмаса, күйеуі жерік болғанды естігенмін (толғақ та сондай)
Мұны қалай түсінуге болады?
Zilola
әйелінде байқалмаса күйеуінде байқалады екен кейбір өзгерістер, рас айтамын, растап беретін таныстар бар :)
Onlasyn
Міне қызық, сонда күйеуі түнгі 2-3-терде жейтін бірнәрсе іздеп тентіреп кете ме? Қызық екен. Естімеппін…
Zilola
біреуге қызық, ал біреуге азап :)
Onlasyn
Құдай сақтасын! Өзімді түнде жеміс-жидек іздеп жүргенімді елестете алмаймын…
Zilola
басқа түссе көнесің, елестетпек түгіл, жегің келсе тентіреп кетесің :)
Aidossik
тентіреп, арақ іздеп кетер
Onlasyn
Арақты жерік болмайй-ақ іздеп кетеді ғой))
Aizhantabyn
жооооқ. Ондай жоқ шығар.
Қайта темекі тартатындар да, ішетіндер де қойып кетеді деп естідім.
Хотя, бір құрбым шегіп жүріп ақ сап сау бала туып алды…
Altygradus
сонысы жаман, менде де бар ондай таныс қыздар, әй білмим балаларының қабылдау қабілетіне әсері болады менше.
sammita
Хотя, бір құрбым шегіп жүріп ақ сап сау бала туып алды…
кім білсін, ауру деген есейе келе де шыға береді ғой, әсер етпей қойсын ба. Беті аулақ:(((
Abilakim
сондай құрбыларыңызбен таныстырып қойсаңызшы біздерді…
Altygradus
Былай кезде иісін жек көретін, бір тётямда болған сондай, көп пибі ішті. Соның әсері ма екен жоқ басқа ма екен, бірақ егіз балалар біраз не то болды. Ну енді ақымақ емес, бірақ басқа балалары сияқты емес, алғыр емес етін. Сабақты да жарытып оқи алмады.
Onlasyn
Осы шешессс орыстың балдарына ешнәрсе етпей-ақ ақылды боп өседі ғой, қанша ішсе де:))
Aidossik
шошқаның ауырғанын қашан көрдің? етін жеген адам да солай болар мүмкін
Altygradus
қойши, орыстарың қайта қатты күтінеді аяғы ауыр кезінде бүкіл витаминдерді жеп, біздің қазақтарға қарағанда. Ал алқаштарды айтып шаршаудың қажеті жоқ
nurbergen_makym
Құдайдың бергені ғой, негізі. Әйтпесе, мысалы, даунның синдромына шалдығу ықтималдылығы қанша?
VKM
Мені көтергенде мамам қызанаққа жерік болыпты, жәй емес, ауылда өсетін «бычье сердце» дегеніне.Мен қазір қызанақ салатын ұнатамын, ал кетчупты (Хайнц) үйге коробкалап аламыз.
TERISKEI
иәәәә, болашақта қызанаққа күнім түседі екен деші… Хайнцті қазірден көптеп ала берейім бе үйге, @VKM?:)))))
VKM
@TERISKEI, уа-ча)))
TERISKEI
қалауыңды әр пікір арасында айтып қап жүрсің, қойын кітапшам қаншама шимайға толып барады :))) әйтеуір соңында «уа-ча)))-лап» қалмасам, жарар еді:)))
qisyq
Ойбу, @TERISKEI, сен жаңадан алғалы жатырсың ба, мен Хайнц компаниясымен келісім-шартқа отырып қойдым уже.
TERISKEI
Үйдегі жеңгем де Хайнцты ұнатады ма? :))))
qisyq
Сболышсың сен:)))))))))))))))
Саған стимул болсын деп, бәсекелестік қабілетіңді оятып отырсам…
asaubota
әлі үшеуін алуыңа болады, егер әрине Иса немесе Будда жамағаттарына өтіп кетпесең.
qisyq
Осындай рақымы мол, пейілі кең азаматтар болады. Үмітің үзіліп, қажып, қайратың құм болып, тасқа түскен пышақтай мұқалған кезіңде дем беріп, демеу болып, қол ұшын созады. Рухтандырады. Жігер береді. Бүгіннің парқын айтып, ертеңгінің қадіріне жеткізеді. Дәрмен болады, медет береді. Солардың арқасында көңіліңнің кірі шайдай ашылып, өткен-кеткен, сызаты түскен жайттарға байыппен, бағдарлап қарайтын боласың, қол жеткізбек болған мақсатыңның мәнін, мағынасын жете түсінесің…
Так что, @TERISKEI, уішівөл…
Abilakim
Қой,@qisyq тан қалыспайық… Байдан қайтып келген болса да біреу іздейін менде…
asaubota
рахмет, інім, тебіренттің мына сөздеріңмен. мына бір қағидаларды да есіңде ұстағайсың:

— Үйінен 4 километр ұзап кеткен еркек — холостой (Оренбург қазақтары нақылы)

— Қашанға дейін оң жолмен жүре беруге болады? Кейде сол жолмен де жүріп тұрыңдар деді сонда ол. (Евангелия от Амандыка, стих 2:01)

— Күнде палау жей бергенше бір күн манты жейік та (ерте үйленген 85-тегі Азамат)
qisyq
жълядм… Ұстаз! Таптым-ау Өзіңді!
TERISKEI
көөөөөп ық-ық! У ішейін десем, сенің «Аппақ қызың» қайта тірілте ме деп қорқам:)))
qisyq
"Қорық, @TERISKEI, қорық!" Евангелие от Амандық, стих 13:13
Nurkoke
Мен жерік болғам жоқ, бірақ кейіннен ұлымның аузынан 4 жасқа дейін су ақты.неге жерік болғанымды білмеген болуым керек.Әйтеуір бір келіншектің үйіне барып шәй ішкім келе беретін, ол кергіп дұрыс шәй бермейтін, бір күні умывальнигіне қарап жүрегім айнып,қайтып бармай кеттім.Ал жігіттер манты жегісі келсе жігітшілік деп аталады ғой.Бірақ қартайғанда да сүйкімсіз кейіптеріне қарамай қылмыңдап кетеді екен,өткенде бір ардагерге укол салып жатса, медсестраның аяғын сипап әлек дейді, еще өзін рекламалап қояды дейді.Ардагер болған соң өзін әрең ұстапты, жақтан бір салғым келді дейді.Сондықтан жас күніңде ойнас құрсаң қартайғанда қоя алмассыңның кері болып жүрмеңдер.
Abilakim
Баяғыда автобуста бір әженің "Өзіміз 13 бала тусақта жерік болуға уақытымыз болмап еді, шалымызбен бірге қой бағып жүре бердік. Казіргі қатындар екі бала тапса өліп қала жаздайды" дегенін естігенмін…
Nurkoke
Қазіргі қатындардікі еркелік дейін десем, бала табу оңай емес, кәдімгі фашистердің партизандарды қинауы сияқты.Гестапоға келгендей боласың, сұмдық!!!
alisha
мен қиярға жерік болдым))) нәтижесі де қияр болды)))
nurbergen_makym
О, Құдая, тоба! Қияры нес?!
Әлгі бір заты жаман әнек есіме түсіп кетті ғой, нақ!
)))))))))))))))))))))))))))))))))
alisha
Ұл дегенім де)))
nurbergen_makym
Ал, қыз болғанда, «алайда, нәтижесі папайя болды» дер ме едің?)))))))
Aizhantabyn
Alisha, osy jaily estigen edim… tipa kiyar jesen, ul, alma jesen kyz dep :D ras eken au)))
nurbergen_makym
өтірік қой. әйтпесе, қытайлықтар, қияр жеуді баяғыда қояр ед...)))
alisha
қытайлықтар естімей жүрген шығар)))
alisha
бәрі де мүмкін)))
asaubota
біздікі алма жеді, күнде алма согын ішті. ұл туды.
Abilakim
Біздікі жерік болмады. Бірақ неге екенін мен оған граната (анар) алып бере бердім.Сірә, қаны аздығына көмек болар деп ойдадым ба?
Aidossik
анар қанды көбейтпейтінін врачтар мәлімдеп қойды ғой… ет жеу керек қанды көбейту үшін.
Aizhantabyn
бауыр мен қызылша, грек жаңғағы пайдалы дегенді естігем)))
asaubota
грек жаңғағының мен басқа нәрсеге пайдасын білемін :)
nurbergen_makym
Мұрынға ма? Гректер мұрынды келеді ғо…
asaubota
мұрын иіс сезу мен тыныс алуы болмаса пәлендей функционалы жоқ мүше ғой. жұмысын күшейту үшін де көмекші ештеңе керек емес. бірқалыпты істеп тұра береді. ал былай қосымша күш қажет ететін мүшелер болады еркек ағзасында, соларға грек жаңғағы пайдалы.
nurbergen_makym
Админ мырза, негізі қыздардың бір қулығы бар деп еститінмін: мұрынға қарап, әлгінің мөлшерін шамалайды екен. Сірә, қазақтың «ер мұрынды келеді» дегені де эзоптап соны меңзесе керек. Менің де айтпағым сол еді… Әйтпесе, сөзіңнің соңындағы смайлшыдан да аңғарғарғам әңгіме ауанын :)
asaubota
кешір, дұрыс түсінбегенмін ғой :)

бірақ, мұрын мифі сол миф күйінде қалды ау деймін, тек жәй ғана қыздардың қиялы болып.
nurbergen_makym
«Ия...:)» — деп, мен де мұрнымды бір уқалап жіберейін :)
asaubota
қатты уқалай берме, ішіндегі сұйықтық ағып кетер :)
qisyq
Бізде негізінен құлпынай болған ед…
Aizhantabyn
негізі біреулер құрбақа жылан дегендерге жерік болады мыс. Менімше өтіріктеу секілі. Жеп көрген болса, мүмкін, бірақ жеп көрмесең қалай екен а?
Жерік болған ниче, токсикоз болған жаман деп жатады жұрттар. (
asaubota
вот сондықтан ваще күйеуге шықпай жүре беру керек :)
Aizhantabyn
Аршат, сонда бала асырап алып жүре бер деп кеңес бересіз бе?)))
asaubota
білмеймін, мен қыз болсам күйеуге шықпас едім :) Аллаға қайта-қайта шүкір етем еркек болып туғаныма. әйелдердің шыдамдылығына таң қаламын, мен сол қиындықтардың 1 пайызына да шыдай алмас едім.
Aizhantabyn
сіз әйел болғаныңызда, шыдар едіңіз))

Нәзік жанды атанғанымен, көп әйелдер өте мықты. Нағыз әйелдер солар…

Мен күеуге асықпаймын. Отызға келіп ойланбасам, қазір жүре тұрам))
nurbergen_makym
Сенесің бе, кейде осының екеуі де болмайд :)
Aizhantabyn
аха, сенем. Бір әйел толғағы келгенше жұмыс істеп жүре берген. Тіпті көлік жүргізіп те. «Менің ұлым мені аяп, мазамды алмайды» деп мақтанып қоятын))