Астанада "Избушка" опырылып қалды
Осыдан дәл он бес минут бұрын Астанада Достық көшесінің бойында, «Бәйтерек» маңында орналасқан «Избушка» қоғамдық тамақтандыру орнының төбесі опырылып түсті. Асхана бірнеше қабатты үйдің бірінші қатарында орналасқан. Аптасына жеті, тәулігіне 24 сағат істейтін қоғамдық жердің кіресілі-шығасылы адамы жетерлік. Жұрттар бала-шағасымен, жора-жолдастарымен баратын жер. Түскілікке шыққанбыз. Әріптестермен. Тамағымызды алып болғасын, кассада есеп айырыстық. Сосын ең жақын маңайдағы бос орынға жайғастық. Арада он минут өтер-өтпес кезекте тұрған кісілер айқайлап кетті. Ыдыс-аяқтың жерге құлап жатқан дауыстары естіле бастады. Кейін «гүрс» ете қалды. Шереттегі адамдар жайғасу залына шыға берістегі ашық жерге лап қойды. Айтпақшы, бүгін кіреберісте асхана қызметшісі техникалық ақаулар туындап, бүгін жайғасу залында жарықтың жоқ екенін ескертті.
Әлгі опырылып, жерге түскен төбе (потолок) астында оқыс жағдай орын алардан он-ақ минут сол жерде тұрдық, мысалы… Абырой болғанда, адам жарақаты болмаған сыңайлы. Келермендер де, ішкі персонал да зақым алмаған сияқты. Құдай сақтап… Әйтпесе, сағат 13.00, сауда қызып тұрған кез, «час пик».
Асханадағылардың өздері жан-жаққа бытырап кетті. Ол мекеменің қауіпсіздік техникасына жауапты кісілері бар-жоғын білмедім. Аздап абдырап қалған біздер тізіліп, сыртқа беттедік.
Ет қызуы әлі кетпей тұрған кезде, мазалайтын сұрақтар пошымы келесідей:
1. Тұрғын жайлардың бірінші қабатында коммерциялық нысандарға бөлінген бөліктердің құрылыс нормативтері мен ережелеріне сәйкестігін кім растайды, пайдалануға санкцияны беруші құзыретті органдар дәл осы жағдайда есептемелерінде өрескел қателік жіберді деуге бола ма? Немесе «Избушка» құжаттағы бастапқы нысаналы мақсатқа берілген жерді өз қалауынша өзгертіп алды ма? Оқыс жайт адам лық толы болған кезде орын алуы ерекше алаңдатады (адам жоқ кезде болуы керек еді деген сөз емес).
2. Осы тақылеттес нысандардағы өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі тек тосын (кейде кісі өліміне әкеліп соқтырған) жағдайлардан кейін ғана күшейтілуі үшін тексеріледі ме, әлде тұрақты, мерзімді тексеріс бола ма? Әрине, бұл болуы ықтимал әлеуетті жаманаттардан панацея емес. Дегенмен, қайсыбір мекемеге бір берілген рұқсат қағаздары мәңгіге жарамды бола ма, әлде белгілі мерзім өте оның ұстанып, ұстанылмайтындығы бақылана ма? Абырой болғанда, Астананың басым көбінде тамақ табиғи газ емес, электр плиталары арқылы дайындалады. Әйтпегенде, әлгі жерде газдың қысымы салдарынан жарылса, өкініштілеу жағдайлар болуы әбден мүмкін еді.
Көбіміз трапезаны орта тұсында тәрк етуге мәжбүр болдық. "Әумин" деп бет сипап та үлгермейді екенсің. Бетін аулақ қылсын. Аман болайық!
Ешкімнің жарақаттанбағаны дұрыс болған екен! Аман болайық, жүрген кезде төбелеріңізге, аяқ астына және жан-жақтарыңызға қарап жүріңіздер ағайын!
ертеде ауылдың ортақ моншасында ашық тұрған форточка бір әйелдің басына түсіп, зақым алған. Сонда екінші әйелдің айтқаны ғой «Хорошо что су алуға кетіп қалғам, әйтпесе сонымен бірге жуынып тұр едім» деп:))
Бір жаманы, екі касса бар, тура екеуінің ортасының үстіндегі потолок опырылды ғой. Яғни, адам ең тығыз тұрған жер, былайша. Шеретте отызға таяу адам тұрғанын ескерсек… Әйтеуір, дін аман сияқты түгелі.
Шимақ, Қазақстанда құрылыс ісінде жергілікті салушыларға наразылау жұрт, негізі. Кәрістер «Хайвил» деген керемет ойластырылған хай-тек кешенді салды, отандық мердігерлердің басым көбінікі жарым-жартылай ғана бітті, не кілтипаны көп.
Көзкөргендер кеңес кезінде салынған панелькалар мығым дейді. Құрылыс материалдары қытайдан. Біразы сапасыз. Қайбір жылы орталықтағы «Зажигалка» деп аталатын зәулім ғимараттың бір бүйірі тұтастай өртке оранды. Қытай алюкобонды еді. Одан соң іле-шала заң жүзінде оған тыйым салынып еді, артынша дағдарыс шарпып, әлгі тыйымды ешкім елеп-ескере қоймады ғой деймін…
жақында Ақтөбеде Кемер деген түрік кафесі де өртенді, кухнядан кеткен.
негізі бізде сондай нәрселерге салғырт қарайды. мен мысалы осы ресторан-кафенің оқуын оқыдым (яғни туризмге кіреді), сонда кухня менеджменті деген сабақ болды. ол жерде барлығы әлемдік стандартқа сай болуы керек, иісті бақылау, қауіпсіздік, өрт обшым бәрін түбегейлі оқытылады.
ал бізде қазақша менеджмент…
бізде менеджмент жоқ
(түсінбегендерге Қада-свая, іргетас-фундамент)
Егер сол болса, қазіргі жағдайы қалыпты. Маған асханасы да, ішкі көркемделуі де ұнайды.