Бұрынғы қойшымен жүздесу

1-ші мамырдың алдындағы қарбаластарды пайдаланып мен де екі-үш күнге ауыл жаққа барып келгенмін. Ауылдың таза ауасымен демалғаным рас, қолымның қары талғанша қара жұмыс істедім деп айта алмаймын. Себебі,менің қолымның қары талмайды малдың бәрі жайлауда, үйде 5-6 сауын сиыр ғана қалған. Бірінші мамырға қарсы ауданда шеру-меру болып жатқан. Мен оларға аса назар салған жоқпын. Жылына екі-үш рет келгенде шал-кемпірдің баласы болғандықтан сол кісілердің жанында отырып қайтқанға не жетсін! Менің атам бұрынғы қойшы ғой. Жас кезіндегі біраз әңгімелерін айтады. Көбісін бұрында естісемде ынта қойып тыңдай беремін. 75 жасқа толған кісі арамызда қанша жүрер дейсің… Ептеп жүдеп кетіпті.
Дегенмен осы екі-үш күн ішінде алыс-жақындағы біраз ағайынның басы қосылып арқа -жарқа болып қалдық. Құдайым әр қазақтың басын тек тойда кездестіруге жазсын!
Бөлісу:

26 пікір

alisha
75 тегі кісі арамызда қанша жүрер дейсің… 
75-тегі кісі араларыңда 76-ға толғанша, кейін 77, 78 кете береді, қысқасы, басына келесі жас қосылғанша жүреді де, соны білмеймісің)) Бір-ақ үтір бір сөйлемнің быт-шытын шығарып тұр.
KILYZAMAN
Жарықтықтар бір жасап, жасарып қалған екендә… Небір толқыныстарды бастарынан кешіргені анық. Бақытты екенсің Әбеке — өркенің өссін, қадірлей біл ол кісілерді. Кәрісі бардың-қасиеті бар!
alisha
Керекшілердің де Сіз кейіпті кәрісі бар, тиісінше, қасиетіміз бар!!!
KILYZAMAN
Елжіреп кеттім ғой… Осыдан барғой-жұмыс таппасам қойшы болып кетемінау… Керекшілер келіп тұрсын :-)
Abilakim
Жұмыс таппай қалған кезде бағарға қой таппай қалу да қауіпі бар… Ең ақырғы мамандық секілді жаман айттыңыз…
KILYZAMAN
Қойе, Шопан бола білудің өзі үлкееееен дайындықты қажет етеді. Бағатын қойың болса, керекке жұмсар ойың болса ғана бағасың… Жоқ болса неңді бағасың? Тәйт әрі! Тыныш отыр, бүйректен-сирақ шығармай!
Abilakim
Үлкен кісі айтты-заң!
sammita
алыс-жақындағы біраз ағайынның басы қосылып арқа -жарқа болып қалдық
әлбетте тамада өзің:))
Abilakim
Мені аяғымнан шала бердің-ау))) Біздің әулетте менен өткен асаба ағам бар. 74-ші жылғы. Қаласаң телепонын берейін)))
sammita
шалғаны несі, назарб аударып жасырын жарнама жасап отырсам..:)))
Abilakim
бәсе жасырын нөмірмен маяк тастайтындар аяқ асты көбейіп кетті
KILYZAMAN
Беташардың ақшасынан үлеске үмітің бар сияқтыма өзі?
sammita
@edige-нің бесік тойынан қалта көтеріп әкелер тым құрыса:)))
"Үлес" демекші, үлескерлік мәселеңіз шешілді ме?
KILYZAMAN
Жараны тырнамашы… Жарылып кетуге әзер тұр.
edige
:)))))))))))))) Әжелердің қойынқалтасынан артылғанын
sammita
понял не дурак:))
Інжу деген қызың ба?
alisha
Қой бағу демекші… Бала күнімізде марқұм ағам өзімен бірге сіңлім екеумізді ертіп апаратын. Сіңлім екеуміз қойларға концерт қоямыз...өнеріміз өз бағасын алып та жататын)))
KILYZAMAN
Наша-қазашадағы бір көріністегі сценарийдің авторының иісі шығама, қалай өзі?..
sammita
Сіңлім екеуміз қойларға концерт қоямыз.
Қазақстан «жұлдыздарының» өнердегі тұсаукесері осылай басталушы еді:) қазір қалай былай… "өнерім-өмірім" ұстанымында емессің бе, @Abilakim-мен жұптасуға қалайсың:))
alisha
қой жоқ, адамдардың алдына шығып өнер көрсететіндей қабілет болмағаннан соң, өшімізді қойлардан алып жүргеніміз))) балалық қой, қой қайырып шаршағанбыз ғой әбден, бақырып өлең айтсақ, ана бейшаралар қозғалмай қарап тұрады, тәнті болып, елжіреп)))
Abilakim
/Сіңлім екеуміз қойларға концерт қоямыз./

Есеп концертін беру ойда жоқ па?
alisha
Халтура іздеп отырған асабаның сөзі)))
sammita
екі 500 теңге беріп, сайтқа жарнама берейікші. Әбілден қай жерің кем, дабай:))
Abilakim
мен тұтас мың теңге бердім))))
sammita
Якупыф мырза, жарнамада екі 500 теңге делінген:))
Abilakim
Енді ол жерге бес екі жүз теңгеліктің суреті сыймайды да)))