Берік Сұлтановқа сағыныш....

Интернет ол бір әлем. Өзінің тұрғындары бар. «Домен (www????.kz,net,ru, com,org)» — интернет әлеміндегі мекендер яғни тіршілік етуге, өмір сүруге арналған орындар(біреулерге үй). Кейде ол үйге арнайы жеке куәлігіңді(«логинді») тіркеп кіресің. Әйтпесе сыртын айналып қайтасың. Ол әлемде біреулер кітап оқитын оқымысты, біреулер тек дос іздеп адамдармен танысады, кейбір жандар Ресейлік жігіттердің қаржысын арттырып отырады(агентке кіріп ресейліктерге пайда әкеледі), ал бәз біреулер жазылған мақалаларға пікір білдіріп өзіндік ашық ойын интернет әлемдегі дүйім жұртқа жеткізеді. Мен бүгін соңғысыммын, яғни интернеттегі мақалаларға өзімдік ашық пікірімді білдіруші пендемін. Қандай мақалаға ой білдірмексің деген сұрақтарыңызды жауапсыз қалдырмаймын. Ендеше, әдептен озбай көп созбай( тамада емеспін) «айтылмаған ой жетім, естілмеген сөз жетім» — деген бабалар мақалын темір қазық қыла отырып ойымды ашық жазып, шындықты шырылдап баяндайын! Интернет әлеміндегі жұрт Берік Сұлтанов атты «Асыл арна» Ислами ағартушылық теле арнасының журналисін(қазір ол жерде жұмыс істеп жүрген жоқ екен) 5 ке таниды десем қателеспеймін! Есінен шығып қалған жандардың санасын жаңарта кетейі. Ол – «Қара жорға қазаққа қасірет» атты мақаланың авторы. Сол жазылған мақаласы интернет әлемінде сілкініс тудырған. Тіпті «Алматы» телеарнасы Беріктін мақаласы жайлы арнайы сюжжет жасап, жала да жауып үлгерген. Мен сол шындық үшін шырылдап жүрген Беріктің мақаласын қолдаған жанның бірімін. Шындық үшін шырылдап жүр деуіме себеп — ол елдің имандылыққа бет бұруы үшін бірталай діни өлеңдер шығарып, Асыл арнада белсене қызмет жасаған. Жазылған мақаласы да қазақ қамы үшін істелінген дүние екені белгілі(кең ойлана алатындарға әрине). Бірақ көзін шетелдіктер көр қылған көп жастар мен замандастар Беріктің мақаласына қарсы шығып, тіл тигізген болатын(Ақіретте сауаптарын бере жатар). Қара жорға қазақтың биі емес, бабаларымызда болмаған дүниені біздікі деп, зинаға итермелейтін биді иеленгеніміз хақ емес. Қылтың сылтыңы көп биді(жалпы биді) мұра қылатындай бабаларымыз надан емес еді» — деген жазбасы көңілімнің төрінен орын алған болатын. Мақаласының мағыналығынан әлі де осындай ел қамын ойлайтын жігіттер бар екен-ау деген ойым мені қуантса, маңызды мақаласы Берікке өз зиянын тигізіп те үлгеріпті. Сол интернет әлеміндегі айқай шудан соң Берік Сұлтановты «Асыл арнаның» эфирінен мүлде көрмедік. Ел тамсанып көретін «Иман аясында» бағдарламасын шыр айналдырып жүргізетін еді. Жастар қамы үшін жасалған «Болар елдің баласы...» атты жастар бағдарламасы да «бармысың бауырымға» жол тартты. Бәлкім Асыл арналықтар қазақтың қамын ойлайтындарды жұмыстан шығарып, арабтың мүддесі үшін жұмыс атқаратындарды ғана қалдыратын шығар(осылай ойлауға мәжбүр болдым). Дін, дін деп қазақшылықты ұмытпағанымыз абзал. Бүгінгі таңда қазақ емеспін, мұсылманмын дейтін жастар(оңбаған, сатқын, надандар) көбейіп барады. Бәлкім Берікті сыйдырмаған да сондайлар шығыр! Дегенмен бүгінгі таңда жазған мақаласы сәуле түсірді. Қара жорға расында да қазақтікі емес дүние екен(оған еш күмәнданбағанмын). Оны мына сілтемеден көре жатарсыздар
www.youtube.com/watch?v=kugSuiF8BpY&feature=player_embedded! Дегенмен, айта кетерлік жайт Сол «Қара жорға қазаққа қасірет» аты мақаласы Беріктің соңғы мақаласы болды да қалды. Өткені одан бері оны интернет әлемінен мүлде кездестірмедім. Таныс жігіттерден сұрасам Сұлтанов енді мүлде мақала жазбаймын деп айтқан деседі. Біреудің тағдырына, өнеріне балта шабуды қазақ халқы қашан қояды екен осы. Қаймағымыз сыпырылып кеткен еді, тағы да ел үшін әрекет жасап жүрген жандардан айырылып қалмасақ болғаны. Ашығын айта кетейін(жаман ойлыларға) Берікті жақтап, мақтап жатқан түгім жоқ, жәй ғана жоғарыда берілген сілтемедегі бейнені көріп Беріктің мақаласы, оған қарсы жасалған істер есіме түсіп кетті. Мен де қазақтың қазақ болып қалуын, дінін, тілін біліп жүргенін қатты қалайтын интернет әлеміндегі тұрғынның бірімін. Дегенмен шабытты қайтару мүмкін емес екені белгілі. Көкейіме келген ойды ашық ақтардым. Тағы да айта кетерлік жайт(тістеніп тұрмын) Серік Абас-Шахқа қарсы жазылған мақалалар мен пікірлер. Серік те ел жастары сектадан сақ болсын деп «Ақиқат» атты «сопылар» жайлы ел назарына бағдарлама ұсынған болатын. Бірақ, өкінішке орай қазіргі қазақтар(әй, солар сатқындар-ау шамасы) Серікке де қарсы шықты. Түрлі сыни пікірлер жазылып, түсірілім топтарына қастандық та ойластырылған көрінеді(ұзын құлақтың айтуы бойынша). Жәй ғана ойланып көрейік, ел қамын ойлаған жандарды жақтырмай, құртқысы келетін топ бар сияқты көрінбей ме сіздерге? Меніңше солай сияқты. Ақырын жүріп анық баспасақ, бір күні бір топ қазақ мен қазақ емеспін деп, ендігі бір тобы Яссауи Пайғамбар болған деп, үшіншісі Саляфпын деп секеңдеп шығатын қауіп бар. Қаймағымызды жоғалтып алмайықшы. Қартайған қазақ ұлтының(қартайған сияқты) қамы үшін күн кешіп, ұлттығымызды сақтап, ұлт қаман ойлайтындарды жақтап(тамаданың сөздеріне ұқсап кетті ғой) жүруді Алла нәсіп еткей. Бәлкім ойыма, сөзіме қосыларсыз, бәлкім қосылмассыз. Ерік өзіңізде. Дегенмен жақсылап ойланып көріңіз.
Есенбайдың ашық ойы!!!
Бөлісу:

17 пікір

Zere
Журналисте дін болмау керек деп есептеймін.
Qojeke
Адамда жыныс болмау керек деп есептеймін.
bazuka
Қара жорға қазақтың биі емес, бабаларымызда болмаған дүниені біздікі деп, зинаға итермелейтін биді иеленгеніміз хақ емес. Қылтың сылтыңы көп биді(жалпы биді) мұра қылатындай бабаларымыз надан емес еді» — деген жазбасы көңілімнің төрінен орын алған болатын
неге әр нәрседен зина тауып қоясыздар, өмірде одан да маңызды нәрселер бар ғой. журналист інішегініз неге экономика туралы жазбайды, мұнайдан түскен ақша бюджетке толығымен түсіп жатыр ма осыны неге жазбайды. айналып келіп дін мен қаражорғаны жаза береді.
ПыСы: тақырыбыныз қызық екен, Берік Сұлтанов деген кісі қайтыс болған кісі ме деп ойлап қалғам, аман жүрсін, сау болсын!
TERISKEI
@esenbay! Ол қаймағыңды жоғалтып алған жоқсың! Берік Сұлтановың Шымкентте! Мақала жазбаса да, сюжет жазып жүр! «Айғақ» тв-де жастар жөнінде бір бағдарлама жүргізіп жүр деп хабарлайды шымкенттік журиктер! Так ышто, уайым шекпе!:))))
alisha
Қара жорға қазаққа қасірет… Мынау тіптен асыра айтқандық. Біздікі болмаса, болмасын… бірақ бұдан біз нендей қасірет шегеміз? Нашақорлық, жемқорлық, жезөкшелік, т.с.с. — міне, қасірет.
Qojeke
Еее, адам деген айтады да е аузына келгенін.
Aizhantabyn
өткенде сізден сұрап ем ғой қожасыз ба деп жауап көрмей қалдым…
Nurkoke
Қара жорға қазақ биі.Поляк, орыс саяхатшылары баяғы заманда, солай деп жазып суретін салып кеткен.Бір кітаптан көргем біреу домбыра тартып,қалғаны билеп жүр.Моңғол биіне ұқсас деп жазылған,қос қостан билеу қазақтарға ғана тән деп жазыпты.Қылтыңдаса несі бар,қылтыңдап, сылтыңдап үйленіп, балалы шағалы болады.Қазақтар періште емес қой, шапандарын жамылып алып тарихи кітаптарда шайқап жүреді ғой әйтеу.
KILYZAMAN
Бұл тақырыпта жорғалап тастаған сияқты едікқой… Жазбақ барда-оқымақ бар. Кейбір нәрселердің астарына қарамай айқайлайтын ақымақта бар. Жазбас бұрын оң-солын екшеп бар нәрсені ой сүзігсінен өткізуге санаға тоқымақ бар.
Қара жорға қазаққа қасірет
(оттапты) Өнер ортақ. Қолынан келгендер ғана қоншысынан басады…
Qojeke
Жазбақ барда-оқымақ бар.
Ай қылизамаан-ай
konvict
Қара жорға қазаққа қасірет
Осы мақаланы қайдан тауып оқысам болады?
Qojeke
ҚазақНет Ұлттық Орталық Мұрағатынан.
omarbirat
Қара жорға расында да қазақтікі емес дүние екен(оған еш күмәнданбағанмын). Оны мына сілтемеден көре жатарсыздар
www.youtube.com/watch?v=kugSuiF8BpY&feature=player_embedded!
"Қара жорға" дегенді бірінші рет өз тойымда көргенмін. Расын айтайын, алып бара жатқан бір әдемі би емес. Қытайдағы қазақтар әкеліпті дегенін естіген соң, шешемнен сұрағанмын ғой (Қытайда туылған). Сөйтсем, «Иә, баяғыда атаң күйін тартып, оған Баймұқан атаң билейтін» деді. Маған соның өзі жеткілікті (Өз шешеме сенбей не көрініпті?! Оның қасында мына видеодан ғана көрген Меңдіқұлова ханым маған кім? Оның айтқандарын не үшін дәл сол күйі қабылдауым керек?). Басқа өңірлерде мұндай бидің мүлде болмағанын да мойындаймын, дегенмен. Қазақта жер кең, бір жерде бар салт екінші жерде кездеспеуі (тек Батыста тойланатын Наурыз алдындағы көрісу мейрамын алайық, мысалы) сол себепті де болуы мүмкін. Моңғолда да дәл осыған ұқсас би бар екені рас. Көрші халықтар болған соң, мәдениеттері ортақ болуы заңды да шығар. Кавказда да үш қайнаса сорпасы қосылмайтын халықтар (түркі тілдесі бар, басқа тілдесі бар) бар, бірақ бәрі лезгинканы өз биі деп санап билеп жүр ғой
Ал "Қара жорғадан" зина элементтерін байқап жүргенін меңгерамадым. Базар жоқ, "Қара жорға" — қазаққа қасірет. Бірақ сапсиған сақал мен шолтиған балақтың да қасіреті одан кем болмайтын түрі бар. Қазақ пен қазақты бос нәрсеге бола айтыстырғаннан басқа пайдасы жоқ.
Пікір түзетілген: 19 маусым 2011, 00:44
meirzhan
Көрші халықтар болған соң, мәдениеттері ортақ болуы заңды да шығар.
Жақында өзге елде сувенирный лавкаларды аралап жүріп қазақтың ою-өрнегі бар сөмке, аяқ-киімдерді көзім шалық қалды, сөйтіп «мынау біздің ою-өрнектер ғой» деп қарап жатсам, бұл заттардың бәрі монғолиялық сувенирлер екен. Содан кейін Астанада да дәл сондай сувенирлерді көрдім. Бұл плагиат па, мәдениет ортақтастығы ма…
omarbirat
Мәдениеттің ұқсастығы шығар. Моңғолдардың ою-өрнектерін көрмеген екенмін. Бірақ олар да қазақтар сияқты малмен айналысқан халық қой. Қазақтың тұрған киіз үйлерін олар да пайдаланған. Сол сияқты, көрші қырғыздармен де ортақ нәрселеріміз көп, мысалы.
Көкпар да қазақтан бастап аноооу біз өмірі көрмеген ауғандарда да ұлттық ойын саналатынына таң қалғаным бар еді.
meirzhan
Қисынды.
Мажарларда (Венгр) да осы ойын болса «таң қалмаңыз»(бағдарламасы).
izbasar
Иә, би төңірегінде даудың кбі екені рас. Бірақ моңғолдікі деп айту меніңше жалған болар. Шынтауйтына келсек моңғол мен қазақ тегі ұқсас халықтар екенін біреу білер біреу білмес. Сондықтан екі халықтың өнерінде де ұқсастықтар бар болар. Яғни олардың биіндегі элементтен қара жоғада болу мүмкін. АЛ ҚАРА ЖОРҒА ОЛ ҚАЗАҚТІКІ. әЙТПЕСЕ ҚАЗАҚТА МЫАДАЙ БИ БАР ЕДІ ДЕП БАСҚА ҚАНДАЙ БИ ҰСЫНАСЫҢДАР. ҚАЗӘРГӘ КӨП БИЛЕРДІ ОРЫС ХОРЕГРАФТАР ШЫҒАРҒАНДЫ ҰМЫТПАҒАН АБЗАЛ.