Ат шалғы немесе шөп мәшине

Заманның күн санап дамуның тұрақты көрермендері екенімізге ешкім дауласпас. Қазір жаңа туған балада компьютердің «мышкасын» қозғалтсаң мониторға қарап, бір өзгеріс күтеді.
Біздің үйдің артында ат жегіп шөп шабуға арналған темір мәшинелер жататын. 3 мәшине-ау деймін шамасы. Сол құрылғымен атамның әкесі, менің бабам кезінде шөп шауыпты. ал, біз бала кезімізде оның отырғыштарына отырып ойнадық.Қызық көрдік. Замана қарқынына сай кезінде қол шалғы мен орақты қораның төбесіне лақтыртқан ол мәшиненің де күні өткентін. Біздің үйдегілер, жалпы ауылдастарым трактормен шабатын шөпті. КДП-6 атты құрылғымен. Бала кезімде өзімде шаптым сонымен. 3-ші кластан бастап трактор жүргізуді меңгерген едім. Кейін келе шөп шабумен басқалар айналысты да мені мал шаруашылығына бұрып жіберді. Ағаларымның маған сенгені соншалықты жайлаудағы отар қой мен табын сиырды, үйір жылқыны айына бір түгендейтін. Өздері трактор, комбайндарымен әуре болып жүретін. Міне, осылайша қазақ елі тамаша бір механизаторынан айрылып қала берді.
Әңгіменің басты тақырыбына қайта оралсақ… Сәлеркенің тегін кезінде (10-15 теңге кезі) де біздің жақта Жақсылық атты ақсақал (жақында қайтыс болды,қырқын өткізген жоқ әлі) осы шөп машинасын атына тіркеп, азын-аулақ малына қыстық азық даярлап алатын.ала жаздай арбасымен шөбінде тасып алады. Жұрт күлетін сыртынан.Енді біздің ауылда жылқыға арналған шөп машинасы болды дегенге жас балалар сене қоймас…

Суреттің алынған жері
Бөлісу:

4 пікір

konvict
Біздің ауыл жақта бір кісі шайтанарбаға тіркелетін шөп шапқыш жасап еді баяғыда
KILYZAMAN
Аттырманың суретін студияға Абеке… :-) (Ойхой заманай, келмеске кетті ғой)
Abilakim
Ол үшін ауыл жаққа барғанда бір пырт еткізу керек оларды…