Қарапайым есінеу...

Есінеу – ауызды ашып ауаны жұтып, қайта шығару. Өте қарапайым құбылыс. Өкпеде ауаның алмасуын қамтамассыз ететін қосымша оттегіні ішке жұту. Бірақ жүргізілген тәжірибелер көрсеткендей, өкпеде оттегі толы болғанның өзінде де адам есіней береді екен. Бұл есінеудің қызметі осымен аяқталамайды деген сөз. Осыдан барып есінеудің бастысы қызметтері ауызды кере ашу деген тұжырым жасалынды. Бір жақ беттің салы ауруымен ауыратын жандардың есінегендерін ғалымдар зерттей келіп, есінеу барысында ауыздың сау жағын кере ашқанда еріннің қозғалмай тұрған сал бөлігі де қозғалысқа ұшырайтындығы белгілі болды.
Ғалымдардың келесі зерттеулерінде ұйқылары қанып, күштері тасып тұрған адамдар тобы ең көп, сағатына 24 рет есінеген екен. Бұдан шыққан қорытынды әлемді таң тамаша қалдырды. Яғни есінеу «ағзаны энергиямен қамтамассыз етудің бір жолы». Біз шошығанда, таңқалғанда ауызымызды ашып қосымша күш жинайды екенбіз. Бірақ бұл тұжырыммен адамның ұйықтағысы келер алдындағы немесе спортшылардың жарыс алдында қобалжыған кезіндегі есінеу деген фактыларын түсіндіру мүмкін емес.
bk
Бөлісу:

10 пікір

blackbeard
@Kuralai ханым! Бірінші жазбаңыз құтты болсын! Керекинфоға қош келдіңіз!
edige
«Айта беріңіз. Менің қызық әңгіме есітсем есінейтін әдетім бар» деген есіме түсіп кетсін /бұл тақырыпқа әрине қатысы жоқ/
Abilakim
Дінде есінегенде ауызды қолдың сыртымен жабу керек делінеді. Мәдениеттіліктің белгісі ғой былай қарасақ
Zere
Оң қолмен жабу керек. Егер оң қолың бос болмаса, сол қолдың сыртымен.
asaubota
біреудің есінегенін көрген адам да есінегісі келіп кетеді
Gastarbaiter
Есінегенін көрмесе де, көбіне бірге есінейтінін байқап қалдым. Сондай бір толқын тарап кетіп отырады лекцияларда. Бір бірін көрмей отырған бірнеше адам бір мезетте есінейді))
konvict
Мынаны оқып отырып өзім де бір есінеп алдым
Erlan
ия көбіне сыртқы бетімен колдын, кейде есінеп демді ішке тартып, құснап сыртқа шыққанда, колдын торт саусагын, бірнеше рет ауызға басып, аба -ба -ба ұйқы келді дейтін или екі қолды екі жаққа керіліп есінейтін кездер болады )
sammita
колдын торт саусагын
туысыма бармақ боп агентпен хат жазғам ғой «шыгып кутип ал, тортпен келемин». Цифр теруге ерініп жаза салғам солай автобус нөмірін. Алдымнан шыққан баласы қарааап тұрып «Тортың қане?» дегені:))
А так «аба-ба-ба» деп есінеу мәдениетті тірлік емес:)))))
Abilakim
Торт жемегендеріне біраз болған ғой)))Сол жерден ала салған боларсың)))