Еуровижн-2011

(108.22 Kb, 267x420)

1-інші жартылай финал 10 мамыр
01 Magdalena Tul — Jestem (Польша)
02 Stella Mwangi — Haba Haba (Норвегия)
03 Aurela Gace — Feel the Passion (Албания)
04 Emmy — Boom-Boom (Армения)
05 Yuksek Sadakat — Live It Up (Туркия)
06 Nina — Caroban (Сербия)
07 Алексей Воробьев — Get You (Ресей)
08 Anna Rossinelli — In Love For A While (Швейцария)
09 Eldrine — One More Day (Грузия)
10 Paradise Oskar — Da Da Dam (Финляндия)
11 Glen Vella — One Life (Мальта)
12 Senit — Stand By (Сан-Марино)
13 Daria Kinzer — Celebrate (Хорватия)
14 Sigurjon's Friends — Coming Home (Исландия)
15 Kati Wolf — What about my dream? (Венгрия)
16 Homens da Luta — A luta E Alegria (Португалия)
17 Evelina Sasenko — C’est ma vie (Литва)
18 Ell & Nikki — Running Scared (Әзербайжан)
19 Loukas Giorkas feat Stereo Mike — Watch my Dance (Грекия)

2-інші жартылай финал 12 мамыр
01 Dino Merlin — Love In Rewind (Босния мен Герцеговина)
02 Nadine Beiler — The Secret Is Love (Аустрия)
03 3JS — Never alone (Нидерланды)
04 Witloof Bay — With Love Baby (Бельгия)
05 Twiins — I'm Still Alive (Словакия)
06 Mika Newton — Angels (Украина)
07 Zdob si Zdub — So Lucky (Молдова)
08 Eric Saade — Popular (Швеция)
09 Christos Mylordos — San Aggelos S’agapisa (Кипр)
10 Polly Genova — Na Inat (Болгария)
11 Vlatko Ilievski — Rusinka (Македония)
12 Dana International — Ding Dong (Израиль)
13 Maja Keuc — Vanilija (Словения)
14 Hotel FM — Change (Румыния)
15 Getter Jaani — Rockefeller Street (Эстония)
16 Anastasiya Vinnikova — I love Belarus (Беларусь)
17 Musiqq — Angel In Disguise (Латвия)
18 A Friend In London — New Tomorrow (Дания)
19 Jedward — Lipstick (Ирландия)

Финал мамыр (төмендегі орындаушылар финалға бірден жіберілгендер)
11 Amaury Vassili — Sognu (Франция)
12 Raphael Gualazzi — Follia D'amore (Италия)
14 Blue — I Can (Ұлыбритания)
16 Lena Meyer-Landrut — Taken By a Stranger (Германия)
22 Lucia Perez — Que Me Quiten Lo Bailao (Испания)
Бөлісу:

45 пікір

Beytanis
Тізімге қарап отырсам Blue тобы да қатысады екен… Кезінде осылардың өлеңдеріне кәйф ұстайтынмын.
Gastarbaiter
Уарагараду ту мейк ю лов ми — әлгі кемпіртекемен бірігіп айтатын топ емес пе?
Beytanis
иә
Gastarbaiter
Көтін сия))
qisyq
ВААХАХАХАХАХАХАХАХАХАХАХА (көтені жыртылып күліп жатқан смайлик)
alisha
Жыртық к… ннің сия к… нге күлгені қызық екен))))
asaubota
Dana international да қатысып жатыр екен, бұрын негізі жеңімпаз атанған ол.
omarbirat
Израиль Европаға жататынын енді біліп жатырмын :))
Beytanis
Оянуыңмен құттықтайын ба?
omarbirat
Оятуыммен құттықтаймын десең де өз еркің білсін :)
Beytanis
Қарсы болмасаң құттықтайын.
omarbirat
Сонымен Израиль Европа мемлекеті болды ма? Far East Movement тобын да неге бұл конкурсқа қатыстыра салмасқа, мысалы? :)
Onlasyn
Beytanis
Омеке, айтпағыңды түсініп отырмын өз басым. Израиль, Түркия, Әзірбайжан Еуропа елдері емес, еуропалық та емес түптің түбінде. Бірақ, бірақ…
omarbirat
Қазақстанға да УЕФАға мүше екендігін, ОБСЕде төраға болғанын сылтау қылып, қазақстандық әншілерді де тықпалау керек қой деймін. Бірінші қылып Дильназ Ахмадиеваны жіберсе… :)))
Zilola
«Жаңа толқында» қатысқан еді кезінде Дильназ.
Негізі мұндай жарыстарға действительні дауысы барларды жіберсе ғой
AKY
Мақпал Исабекованы жіберу керек. Дильназ «Жаңа толқында» пазоры шашылған.
Zere
Алтынай Жорабаеваны біраз тықпалап көрген еді. Бірақ ештеме шықпады ғой.
AKY
Қойшы, түк ұнамайды маған. Быттиып
bazuka
Лена Мейер тағыда қатыса ма? әлде қонақ ретінде ме?
Beytanis
Қатысады деп тұр ғой орындаушылардың тізімінде…
Beytanis
2009 жылғы Еуровижнға қатысқан Түркиялық Хадишеге біраз ғашық болғам…
janbolat
қазақстандықтар неге жоқ?
asaubota
@omarbirat еврейлер тек Еуровижн емес спорттың барлық түрлерінен де Еуропаға қарайды. әлемдегі екі түрлі континентке қарайтын ел жалғыз бізбіз. футболдан Еуропадамыз, қалған барлық спорт түрлері бойынша Азиядамыз, Еуровижн бойынша да :)
asaubota
Букмекерлер жылдағыдай бұл конкурсқа да бәс қабылдауда. бүукмекерлер бүгінгі алғашқы жартылай финалда мына елдерге ең төмен коэффициент беруде, яғни бұл елдер финалға шығуы тиіс:

Әзірбайжан, Венгрия, Ресей, Түркия, Норвегия

ал жалпы конкурс фавориттері: Франция мен Ұлыбритания
asaubota
жалпы болжамдар қандай екен, осыған қызығып жатқандар бар ма? Францияға бәс тігіп көрсем бе деймін. 1-ге 4,55 беруде. яғни 10 мың қойсаң 45500 қылып аласың.
AKY
Даа? Дабай бәс тігейік онда) Ақша тауып дегендей.
TERISKEI
Көптеееен күтіп жүр ем… Биылғы жүлде білгіштердің айтуынша, "үлкен бестіктің" бірінің қанжығасына байланады-мыс! Алайда, өзімнің бүйрегім Білуге бұрып тұрғаны. Халық назарына ұсынылған әндердің басым көпшілігін тыңдап көрдім, іліп алатындары (әрине, өз талғамым бойынша) 5-6 ғана! Амори мен Люсияның әндері де алғашқы бестіктен көрінетін шығар. Былтырғы Ленаның айтқаны не ау? Бас жүлдеге лайық емес! Одан да «Дрип-дроп» дегізген Сафура тамаша еді! 2000-жылдардың басындағы Ирландияның жеткен жетістігін қайталағысы келеді екен немістер! Ленаның биылғысы ваще ұйықтатып тастайды адамды! Арманның да шегі бар емес пе!©:)))
Пы.Сы. @zhazular, сіз «Еларна» мен «Хабардың» басы-қасында жүрсіз ғо, былтырғыдай «Еларна» көрсетілім ұсына ма екен?
qisyq
@TERISKEI, осы саған риза боламын. Қандай тақырыптағы пост болмасын, талдап, сарапталған пікір жазасың да жүресің өзіңнің кругозорыңның кең екендігін көрсетіп (Барса уішіөл!!!)
TERISKEI
Қазақстан ЕВС-ке өзінің ұсынысын 2008де ұсынған көрінеді, алайда әлі жауапсыз, демек, жақын арада Қазақстанның қатыса алу мүмкіндігі жоқ секілді. ИншАЛЛА, 2014-15терде болатын шығар. Ұсынылған сәттің өзінде Маржан Арапбаева барса екен деген тілек менде.:)))
alisha
Иә, Маржан мықты… ехх…
edige
"Ән айтатын іш киімдер" /Поющие трусы/ қатысқан «Жаңа толқын» конкурсының абырайы бір тиын. Сахна мәдениеті деген жоқ
Қазақтар «Азия дауысын» қайта жасасайш
TERISKEI
@edige аға, «Жаңа толқын» өзімен ғой, дегенмен мына «Еуроназардың» әлдебір журналистер солай аударыпты саяси астары сұмдыыыық! Рас, «Азия дауысын» неге жапты екен? Не в тему, Астанадан «Астана даусын» ашып, артынша неге ол да үнсіз қалды екен? түсінбейсің әйтеуір…
edige
Еліктемей "Өзіне ғана тән қасиетімен" қазақ эстрадасынан жер жаханды аузына қарататын бір АЗАМАТ шықса ғой дегенім…
TERISKEI
Мына мәліметті тауып алдым: Қазақстанның бұл додаға қатысуын тілекке қосып,«дұға етіп» жатқанына Түркияға ырзааа болып, енді пікірлерді оқи бастап ем, өздері үшін екен ғой: www.eurovision-turkey.com/portal/sayfa.php?name=News&file=article&sid=1701
asaubota
бірақ, біздің даусымыз түріктерге емес орыстарға кетеді ғой.
asaubota


ағылшындар мен французды тыңдап көрдім. француздікі мұңға толы екен, ағылшындардікі көңілділеу. келесі жылы Лондон Олимпиадасы өтетінін ескеретін болсақ, Олимпиадаға да жақсы пиар болады деп биыл ағылшындар сатып алуы мүмкін. мен ертең бәсімді ағылшындарға тігетін шығармын.
Zere
«Blue» тобы қайта оралса қуанар едім.
asaubota
Blue-дың әлемде фанат қыздары көп, солар дауыс беруі мүмкін. сондықтан әлі ойланып отырмын соларға тіксем бе екен бәсімді деп.
TERISKEI
Ал, Евровижн ән-бәйгесіне қызыққан жамағат! 10,12 және 14 мамыр күндері «Еларна» телеарнасында 01-00де тікелей эфир таратылады екен! Біздегі тікелей эфир тетігін ұстайтындар: Қалдыбек Жайсаңбай мен Роман Райфельд.
Пы.Сы. Комментатор сөзі «түсініктемеші» болып аударыла ма, жамағат? www.elarna.kz/kaz/blogs/t-122/
asaubota
жүйкесі жұқалар ұлтшылдық танытпай ОРТдан қарай берсе бола ма орыстардікін?
TERISKEI
ооо, сол да дұрыс вариант. Яна Чурикова мен Юрий Аксюта жүргізеді екен, Яна маладес, көөөөп нәрседен хабары бар, осындай нәрселердің ортасында жүрген маман ғой, болады екен көруге...;))
asaubota
Францияға берілген коэффициент түсіп кетті, шынымен солар жеңетін болғаны ма? 2.55 қазір.
asaubota
Бүгін Большая разницада Еуровижнға пародия болады, жалпы бүгінгісі қызық болатын сияқты жарнамасына қарағанда. қараңдар.