Бақытты болудың он сыры

Өмірдегі ең қалаулы нәрсесі не екенін кез келген адамнан сұраңызшы, ең көп таралған жауап мынау болды: ‹‹ мен тек бақытты болғым келеді ››.сондай-ақ, біз бәріміз осы үшін дүниеге келгенбіз. Бірақ, бақыт деген не? Бұл түсінікте не сыр жатыр? Шынайы бақыт жабырқау мен қайғы –қасіреттің болмауында емес, қуаныш пен қанағатты сезініп, өмірге риза болуда. Адам өмірде бақытты бола алады, болуы керек қой. Бірақ, кейде шығынға немесе қаиғы мен түңілуге ұшырайтын болғандықтан, бақытты болу әр дайым қуанышты жүруды білдірмейді.
— көп адамдардың бақытсыз болуды артық көретіндері мені әрқашән таңғалдырады,- ертедегі бір Қытайлық қарт кісі еңсесі түскен, өміріне ашулы жас жігітке:
— әдетте адам 80 жылға жуық өмір сүретінін білетін бе едің? Бұл барлығы 30 мың күнге жуық, барлығы 30 мың күн шығу мен күн бату! Осы уақыттың үштен бірінен үйғымен өткіземіз, бұл біздің белсенді өміріміздегі 480 мыңға жуық қана сағат қалады дегенді білдіреді! Онда сен неше жастасың?
— отыз үш
— онда 20 мың күн өміріңнен қысқарды деген сөз. Егер жолың болса, бұл сенің 80 жыл өмір сүретініңді білдіреді! сөндықтан да өмір өте қысқа және өте қымбат бағалы.
— бірақ, бәрі жағдайға байланысты ғой. Бақытты немесе бақытсыз болу, әрине.
— сенің ойыңша кім аса бақытты –өзінң стаканын жартылай толы деп есептейтіндер ғана. Олай болса мен саған бақыт заңдары туралы айтып берейін.

Бақыттың бірінші сыры – өмірге қатынас
менің бақыттым менң өмірге ден қатынасыма негізделген.
— мына бөлмені жақсылап қарап шықшы және қоңыр түсті нәрсенің бәрін байқауға тырыс.
— жас жыгіт қарап шықты. Бөлмеде қоңыр заттар бар екен: суреттердің ағаш рамкалары, ашық қоңыр еден, перде ілгіш, парталар, кітәптәр, т, б.
— енді көзіңді жұм және барлық көгілдір заттарды… Атап шықшы. Жас жігт күлімсіреді:
— мен көгілдір еш нәрсе байқамадым.
— көзіңді аш, қарашы, мұнда көгілдір заттар қандай көп, бұл шын еді: көгілдір сауық, суреттердің көгілдір рамкалары, кілемнің көгілдір ойуы, сөрелердегі көгілдір кітаптар, қарт Қытайлықтың көгілдір жейдесі.
— аңғарылмай қалған осы заттардың бәріне қарашы!
— бұл айла.-деді жігіт.
— мен көгілдір емес, қоңыр заттарды іздедім ғой.
— дәл осыны мен де көрсеткім келді! Сен көгілдірді мүлдем елемей, тек қоңыр түсті іздедің және таптың. Өмірде де осылай болып жатыр: сен жаманды іздейсің және табасың, бірақ, бар жақсыны аңғармайсың. Біз өмір сүруге жиі кедергі болатын жаманды байқайміз және осыған ерекше көңіл аударамыз. Ал керісінше, бар жақсыны және өмірдің жарығын іздеп, осыған өз мақсаттарымызды аударуымыз керек.
егер мен жақсы нәтижеге үміттенсем, көбінде мен соған жетемін, бақыт – мен үшін кез келген сәтте және кез келген жерде жасай алатын таңдау. Осыған ақыл парасатым қаншалықты икемделген болса, мен соншалықты бақыттымын, ақыл- парасатымды бақытты сезінуге икемдеуді мен осы сәттен бастаймын.
-таралған пікір осындай, екендігін байқады қарт Қытайлық. Сірә бұл өтірік және бақтты сезінуге мүмкіндік бермейтін наным. Адамдар жиі айтады: жамандыққа дайндал да, жақыслыққа үміт арт, бірақ шын мәнінде біреуіне дайындалып, басқасын күту мүмкін емес. Қайткенде де нені күтесің, соған дайындаласың, сондықтан өмірде жақсылыққа дайындалып, жақсылықты күткен дұрыс.
— онда неге ?- деп сұрады жас жыгіт .- егер мен жамандықты күтсем, сол шынында орындалған, көңіл қалуды сезінбеймін. Егер ол орындалмаса, мені ойда жоқ жағымды си күтіп тұр. Егер мен жақсылыққа үміт артсам, бар болғаны көңіл қаиту қауып –қатеріне даушар боламын.
-өйткені, егер сен жамандықты күтсең, әр дайым кездессесің және керсінше, жамандықты күту пайдасына деген сенім біздің өмірде болып жатқан бар жақсылықты ұмытып кетуге мәжбүр етеді. Мен осы минуттан бастап. Барлық нәрседен және әр қайсысынан бір жағымды нәрсе іздейтін боламын.
— көптеген танымал және бай адамдар қиялдауға ғана болатын күйзеліске түсуге амалданады, өйткені олар бар нәрселері туралы ойлаудың орнына, оларда не жоқ, соған көңіл тоқтады да, сол себептен оларға не жетіспейді, соны ғана ‹‹көреді ››, өмірде әр қашан бізде жоқ бір нәрсе табылады. Осылайша олар өздерін бақытсыз етеді. Басқа жағынан өте көңіл тоқтатындықтан, нағыз бақытты. Көп немесе аздығына қарамай бар нәрсеге қанағат ету, бұл ең маңызды. Бар нәрсеге қанағат ету= ішкі дүниеңнің қанағат сезінуі. Міне, сондытқан, кім өз ыстаканын жартылай бос есептейтіннен гөрі, жартылай толы есептейтін адам аса бақытты.
мені бақытты немесе бақытсыз ететін сыртқы жағдайлар емес, тек менің ойларым. Өз ойларымды басқара отырып, мен өз бақытымды басқарамын. Кез келген ауыр немесе есеңгіреген жағдайда өзіңе үш сұрақ қойуың керек:
бірінші, мына жағдайдың несі жақсы? Мұның несі жақсы бола алатын еді?
екнші, тағы не орындалмайды?
үшінші, жағдайды түзету үшін және содан қанағат алу үшін мен не істей аламын?
-біздің өмір жағдайларына қатысты сезімдеріміз жағдайлардың өзімен емес, қайта мазмұнымен анықталады. Бәрібір жағдайдың жақсы жақтарын көру әр қашан оңай емес. Міне, сонда ғана осы сұрақтар қажет болады. Сен мына бөлмеде саналы түрде көгілдір түсті іздегенде, тек соны ғана көре бастадың, тап солай, олар бізді кез келген жағдайдан жағымды және тамаша бірдемені іздеттіреді және біз оны міндетті түрде табамыз. Кез келген жағдайдың жақсы бір нәрсесі бар деп айтқанда, дәл осыны ескермеді. Ал проблема жасырылған си болып есептеледі. Кез келген көз қарасты өзгертуге де болады.
— керемет !- жас жыгіт айқайлап жіберді.
— жақсылықты күте отыра не пайда әкеледі соған көңіл тоқтата тұрып және мақұлдаған сұрақтарды өзіне қоя отырп, адамдар саналы түрде жағдайға деген қатынасын өзгерте аларма?
— дәл осылай, бір қыз емтихан алдында сол сабақты білседе қатты уайымдайды, күйінді және ең қорқыншты нәрселер туралы ойлады, бірақ уайымдау оған зейін қойуға кедергі болды. Сонда ол өзіне былай деді: ‹‹ не бары 2- 3 сағаттан соң бұның бәрі біетеді, мен жақсы баға аламын және мүлдем бос боламын›› ол келіп, емтиханды өте жақсы тапсырды. Шынайы бақттың түйірі ризашылық болып табылады. Мен осы сәттен не үшін риза бола аламын соны іздейтын боламын.
өмірге зор, бақытты қатынас құрудың мәнін бір сөзге — ‹‹ ризашылыққа ›› аударуға болады. ‹‹ бұгінгі күнге мен не үшін риза бола аламын? ›› — де күнде өзіңе сұрақ қой.
— ал егер, бұл күнге риза болатындай еш нәрсе жоқ болсашы ?= деп сұрады жас жыгіт.
оған қарт Қытайлық қастарын көтеріңгіреп қарап:
-бірнеше жыл бұрын өлім аузында жатқан досыма кіріп шықтым. Ол мүлдем жабырқаңғы көрінген жоқ, қаита сабырлы және тіпті қуанышты болды .‹‹ мен осы тәңмен ояндым, демек мен бұгін тірімін ›› деді менің досым… Бізде әр қашан өмірде қуануға себеп бар.

Екінші сыры келер санда......
Бөлісу:

2 пікір