Жол күткен қыз...
Тракторын жол жиегінде қол көтеріп тұрған қыздан асырып барып тоқтады. Шаң басылған соң барып есікті ашып, қыз жаққа мойнын соза қарады.
-Қарындас,қай жаққа барасыз?
-Мені «Бірлікке» дейін ала кетесіз бе?
-Отырыңыз өзім де сол жаққа бара жатырмын…
Қыз жанында тұрған қоңыр шабаданын көтере бере дегенше жігітте көлігінен қарғып түсіп шабаданды қыздан бұрын көтеріп үлгерді.Шабаданды сидениесінің артына қойып сәл әрірек ығысыңқырап отырды. көк түтінді бір бұрқ еткізте газды басып қалды да орнынан ытқытып ала жөнелді. Т-40 тракторының тар кабинасында екеуінің денесі бір біріне қайта-қайта жанасып кете береді.
-Ол жақта кіміңіз бар? Біздің ауылдың қызы емес секілдісіз… Осыны айтты да жігіт трактор штогында жатқан «Беламорына » қол созды. Қораптан алған темекіні бір үрлеп жіберіп:
-Шегуге бола ма?-деп сұрады.
-Өз көлігіңіз ғой,өзіңіз біліңіз. Мен нағашыларыма бара жатырмын. Сәден деген кісіні білетін боларсыз?
-Е, Сәдекең бе? Ол кісіні білеміз ғой, былтыр көмірлерін мен түсіріп бергенмін. Жігіт темекісін құлағына қыстыра салды.
Трактор тағы селкілдеп кетті. Бұл жолы шыт көйлекті қыздың төсі жігіттің білегін қарып өтті.
-Сәдекең үйіне мұғалім қыз келеді деп еді, сол сіз болдыңыз ғой?
-Ия, сіздің ауылда мұғалім болмақшымыз.
Трактор бір қырқаға атып шыққанда алдарынан ауыл да көрінді.
-Міне, нағашыңыздікіне келіп те қалдық. Анау бірінші көшедегі үшінші үй Сәдекеңдікі, біздің үй келесі көшедегі бірінші үй. Көшесі бөлек демесеңіз көршіміз. Сөйлеп жүріп трактордың есігін ашып, бұл түсіп кеткен соң шабаданын да алып берді.
-Айтпақшы, атыңыз кім? Менің атым Жандос.
-Нәзира,-қыз қолын жігітке қарай өзі ұсынды.Шабаданды аулаға кіргізіп берген жігіт тракторына міне беріп,:
-Кешке клубта үнді фильмі болады, барасыз ба?-деп сұрады. қыздың бас изегенінен көңілі көтеріліп кеткен жігіт тракторының ішінде ысқырып келе жатқанын өзі де байқамай қалды.
ПыСы: Қазіргі заманның әңгімесі емес)))
Суреттің алынған жері

13 пікір