Ширктің түрлерін білмеген адам ширкке міндетті түрде ұрынады

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!


Егер сен ширк құлшылыққа араласса оны бұзатынын, амалдарды жойып жіберетінін және пендені Отта мәңгі қалуға дұшар ететінін білсең, мұны білу — сенің ең маңызды міндетің екені енді саған айқын болды. Мүмкін Аллаһ сені ширк деп аталатын оқпаннан құтқаратын шығар. Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Расында, Аллаһ Өзіне серік қосқанды кешірмейді де, одан кішісін қалағанына кешіреді» (Ниса сүресі, 48-аят).
Таухидтің не екенін білсең, ал ол: Аллаһтың құлшылықта жалғыздау, тағы да ширктің не екенін де білуің керек. Себебі, бір нәрсені білмеген адам оған түсіп қалу күні алыс емес. Сондықтан, сен міндетті түрде, одан сақтанып жүру үшін ширктің түрлерін үйреніп алуың қажет. Өйткені, Аллаһ ширктен қатты сақтандырған: «Расында, Аллаһ Өзіне серік қосқанды кешірмейді де, одан кішісін қалағанына кешіреді» (Ниса сүресі, 48-аят). Міне, ширктің қандай қауіпі бар! Аллаһқа серік қосатын кісі Жәннаттан айырылып қалады. Бұл туралы Аллаһ: «Расында, кім Аллаһқа серік қосса, оған Аллаһ Жәннатты харам етеді, әрі оның орны Тозақта болады. Залымдар үшін еш көмекші болмайды» (Мәида сүресі, 72-аят), — деген.
Демек, ширк деп аталатын бұл күнәнің төндіріп тұрған қауіп-қатері өте зор. Соның бәлесіне ұрынбай жатып, сен оны алдын-ала біліп алуың парыз. Өйткені, ширк мәселесінде қаншама адамның ақылы мен түсінігі адасушылыққа ұшырады. Сонымен, біздің міндетіміз – Құран және Сүннеттен шриктің не екенін білу! Аллаһ не нәрседен қайтарып, сақтандырса, оны баяндап, мәнісін ашып береді. Сол сияқты, нені әмір етсе, оның мән-жайын түсіндіреді. Жаратушы Иеміз ширкті тыйым салып, оны жалпылай сипаттап кеткен жоқ. Бірақ, оны Өзінің Кітабында, елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетінде егжей-тегжейлі анықтап берді. Сондықтан, егер ширктің не екенін үйреніп білуді қаласақ, пәлен-түгеннің сөзіне емес, Құран мен Сүннетке оралуымыз керек.
Бөлісу:

3 пікір

haos
сен күніге ұрынып жүрсін!
boztorgai
құран сөзі емес, өз сөзін шариғатпен ұштастыра білетін ілімді жандар боса
сосын не ғо, жазба түрінен гөрі уағыздың ауызша түрі қонымдырақ
zhaculan
кейбир ширк куналарина билмей урынсан кунахар болмайсын себебi сен бiлмедiн