Сауырағаш...
суреттің алынған жері
Италиялық археологтер Публий Вергилий Маронның «Энеида» эпосындағы алтын жапырақты бұтағы бар ағаштың қалдығын тапты. Табылған олжа антикалық аңыздардың шындыққа жанасатынын дәлелдейді.Мақала нұсқасы
The Daily Telegraph басылымының хабарлауынша, профессор Филиппо Коарелли бастаған ғалымдар Рим түбіндегі Диана Немийская ғибадатханасында қазба жұмыстарын жүргізді.
Қорғаннан ежелгі дәуірлерде қасиетті ағаштар отырғызу үшін керамикамен қоршалған орындар табылды. Керамика сынықтары біздің дәуірімізге дейінгі XIII-XII ғасырларға жатады екен. Ғалымдардың зерттеуінше, ғибадатхана орны мен қасиетті ағаштың қалдықтары «Энеида» аңызындағы алтын жапырақты бұтағы бар еменге (кейбір аңыздарда сауырағаш) сәйкес келеді. Аңыз бойынша асқан ерлікпен алтын жапырақты бұтақты жұлып алуға қол жеткізген Эней оны жерасты әлемінің патшайымы Прозерпинаға сыйлайды. Сөйтіп, өлілер мекеніне жол тартып, марқұм әкесімен кездеседі.
Кипаристің(Қызыл арша немесе сауырағаш деп аударылыпты) түрі көп екен… Сауырағаш жайлы білетіндеіңіз болса жаза отырсаңыздар. Орысша аңыздар көп… Біздеде болуы мүмкін…
Қатысты суреттер: