Орташа есеппен қазақ қызы
1 — Орташа есеппен қазақ қызы бойы 1.90, денесі сымбатты, карьерасы бар, білімді және бай, Бред Питт типіндегі бір жігітпен тұрмыс құрғысы келеді. Сондықтан біраз жыл адам таңдап үйде отырып қалады. Бірақ, соңында Сейфуллин Жолбарыстың бойындай, көріксіз, білімсіз бір типке күйеуге шығады. Бақытты екендерін айтады. Бір жылдан кейін балалы болады, жаңа мәселелер пайда бола бастайды. Қашып кетеді немесе айрылып кетеді.
2 — Қазақ қызы өзін өте биіктерде көреді, Синди Крауфордтай әдемімін деп ойлайды. Көшедегі жүрісі де сондай. Еркектерді өзіне ғашық етіп, не айтсам соны істете аламын деп ойлайды. Негізі оларды мұндай қылған біз еркектер. Мән бермей жүре берсек, бәрі біздің қолымызда болар еді.
3 — Өкінішке орай ОЕҚҚ ақымақтау. Білім деңгейлері әншілердің аттары мен өлең сөздерінен әрі аса алмайды. Саясат, ғылым, спорт тақырыптарында жөні дұрыс сөйлем құра алмайды. Құра алмау себебі — миларындағы ақпаратқа бөлінген орынның өте кішкентай болуы. Тіпті сөйлем құрауға тырыспайды да. Бірақ еркектерді ақымақ және тек секс туралы ойлайды деп ойлайды. Олардың ойынша еркек қыздың ішіндегі жұмбақты шеше білуі керек.
4-ОЕҚҚ болашақ туралы бас ауыртпайды. Күйеуге шыққасын күйеуім бағады ғой деп бір мамандықты игеруді де ойламайды. Ақшасыз жүреді. Ешқашан ақша жинамайды. Тек қысқа мерзімді жоспарлары үшін ақша жинайды. Одан басқа алдағы уақыт үшін көп бас ауыртпайды.
5- Қазақ қызының қолынан көп нәрсе келмейді. Жұмысты да көп түсіне бермейді. Секретарша немесе бухгалтер боkу оларға жарайды. Сіз программист немесе вебмастер қыз көрдіңіз бе? немесе электр сымдарын шұқылап, тағып жүрген? Қолдарынан тамақ пісіруден басқа ештеңе келмейді. Тамақтың өзін көбісі дұрыс пісіре алмайды.
6- ОЕҚҚ әзілді де дұрыс түсінбейді. Дұрыс күле де алмайды күлдіре де алмайды. Ең топас анекдотарға да күледі. Өте жіңішке әзіл айтылған кезде түсінбей қалады.
Күлдіруге келетін болсақ мүлдем күлдіре алмайды. Жақында 28-ге толамын мені естен кетпейтіндей күлдірген қыз көрген жоқпын әлі.
7-ОЕҚҚ секстен қашады әрдайым. Алайды секс туралы еркектерден көп нәрсе біледі. Өз құрбылары арасында еркеrтер білмейтін көп нәрсе туралы әңгіме қылады. Бірақ та сезімдерін және табиғи сұраныстарын баса біледі.
8- ОЕҚҚ компьютерді түсіне бермейді. Бар білетіндері Ворд, аська, мэйлагент, бухгалтер программалары. Бірақ солардың өзін дұрыс қолдануды білмейді. Өйткені бұл прогаммалар оларға шынымен ауырлау.
9- Қазақ қызы ғылыми, детектив немесе соғыс киноларын ұнатпайды. Романтикалық киноларды ұнатады. Титаник сияқты бір апатты суреттеген фильмді олар романтика фильмі ретінде қабылдап, соған жылап отырады.
10- Олардың түсінігінде спорт — фитнесс немесе үлкен көтендерді арықтататын неше түрлі жаттығулар. Соның өзін дұрыс істемейді немесе бармайды, кейін тастап кетеді. Нәтижесінде түк те арықтамайды. Тұрмыс құрғаннан кейін көбісі семіріп кетеді. ТВден шетелдің әйелдерін көріп, таң қалып отырады “ап-арық ай ә” деп. Адам кішкене болса да дұрыс тамақ ішу керек қой, біздікілер дұрыс тамақтануды да білмейді.
кезінде мақалаға жазылған қызық пікірлер:
akzere:
Орта есеппен қазақ қызы қара немесе қоңыр куртка киеді және ұзын етігінің ішіне кіргізіп джинсы киеді.
Қосу мен алуды білсем болды, ең бастысы күйеуге шығып алсам болды, ертең күйеуім асырайды деп ойлайды.
Өзінен әдемі, мықты, ортасында танымал және көпке қол жеткізген қызды көре алмайды, оны бір бұзылған деп ойлайды.
Көбінесе осындай қыздар көп. Сонымен қатар бұдан ойлары жоғарылар да және бұдан, одан да төмен ойлайтындары да жетерлік.
satibaldi:
Арақты атын атамаңдар, кәпірдің деп жүріп, пидрушкаларымен виноны сілтеп, типі сыр айтысады…
Symbat:
Ащы шындық… Аршат күшті жазыпсың, қоғами критика, яғни қоғамға критика. Айта кетейін дегенім, орташа қазақ қыздарының осындай болып қалыптасуына не себеп? Осы жайында жазба оқитын күн бар ма?
— Мәденитіміздің қандай үлесі бар
— Менталитетіміздің қандай ықпалы бар
— Дініміздің не ықпалы бар
Мен оқуға түсетін кезде біздің бір көрші қоймайды папамдарды қайрап, не қыласыңдар ЖООға түсіріп, ақыры соның жемісімен күйеуін асырайды, одан да кезкелген бір колледжге бере салыңдар. ЖООны бітіргенше жасы келіп отырып қалады немесе оқуын бітірмей байға тиіп кетеді деп қайта-қайта айтқаны бар. Босқа шығын деп… Қыз деген керемет бастық боп жетістіреді дейсің бе деп. Осылай ойлайтын еркектер де баршылық. Біздің мектептің директорына әйел кісі келгенде бүкұл еркегі бар, әйелі бар дүрліккен. Ой сол не тындырады дейсің деп. Осындай сөзден кейін әйел кісінің қоғамдағы рөлінің қандай екенін байқауға болады. ОЕҚҚыздарының осындай болуына таң қалатын түгі жоқ..
Асель:
Құрметті Аршат! Қазақ қыздары тек осы 10 критерийлермен ғана шектеледі деп ойласаныз, қателесесіз деп ойлаймын. Жоқ, жоқ, критика деген жақсы ғой, және де мен — феминистка емеспін. Бірақ біз егер дәл жоғарыдағыдай болсақ, күніміз қаранғы екен. 10 пункттердін 1-не де өзімді жатқыза алмадым. Мен, мысалға, жігітердін барлығы бірдей деп ойламаймын, әр адам әртүрлі. P.S. Ресейде 38 жасар Гүлжан Молдажанова деген қазақ қызы металлургия саласында бүкіл орыс елінін активтерін (23 млрд АҚШ доллары) басқаратын болыпты.
Гастарбайтер:
Логикасы мен ойлау қабілеті, әзіл талғамы көп жігіттерді шаң қаптыратын қыздар да бар.
Контингентке байланысты, тұрған жеріне, статусына десем ше?
Сосын, “эрудит қыздардың бәрі жақсы” деген де біржақты пікір. Маған Тина Канделаки қатты ұнағанымен, кейбір мінезі жеңілдеу қыздарға “аңқау болған сондай жарасады…
сурет: alashainasy.kz
орташа есеппен болса, ия, бірақ құрбым программист, ал екінші құрбым химбиолог, тағы бір құрбым (папасының көмегі бар әрине) шишка))
Негізі, олар енді редкость. Алайда, қыздар жағы қиын енді шынымен. Өткенде ғана бір студентка Тоқтар Аубакировтің кім екенін білмей, өсіріліген кірпіктерін қағып қағып алды. Ужас қой.
Шетінен Барби (Перис Хилтон, Николь, Джей Ло, керегінің астын сыз дегендей) болғысы келеді. Интеллект сәнге кірмеді әлі. Бірақ, бәрі де қоршаған ортаға байланысты.
Жалпы, жоғарыдағымен келісуге болады.
Okiwniwti de. Okygandar kazir ne botan (botanik), o4karik, 4mo bir sozben, al okymai tise kolyna bir narse, onda ol krasav4ik :)
Zaman sondai. Elikteitin adamdardyn da tek syrtky turine gana elikteidi, bolmasa wetteldik kop artister okymysty jane bilimi bar adamdar… Ehhh…
Тұрмыс құрған соң семіре ме, әлде бала көтерген соң семіре ме екен?
Ал теликтен шындықты көрсетпейді. Мәселен, ақыштың семіз әйелдері екі орындыққа отырмаса сыймайды, біздің елде, шүкір, қыз келіншектер ондайға бара қоймайды.
Егер қыздардың күйеулері бала асыраушы алып берсе, ал ійел келін болып үйде тамақ жасап, ата енесінің алдында жүгіріп жүрмесе, үй жинау, кір жуу дегенді қоя бергенде, онда мүмкін біздің қыздар да шыбықтай талдырмаш боп жүрер ме еді.
Көрдім ғой бейшара келіндердің талайын. Таңнан кешке дейін жүгіріп жүреді. Балаға қарайды, оның кірін жуады, емізеді, сосын ата енесіне шай, кейін тамақ, кір, үй жинау, бәрінің көңілінен шығу, ал сосын күйеу бар кеште жұмыстан келетін.
Сол себеп, сонғы тармақты әділетсіз дер ем.
Бірақ жазғандарын күнде көріп жүрміз…
Сендер жігіттер жайлы жазсаңдар — ойбай, мен ондай емеспін деп, пікірлеріңді өзімізге қабылдамаймыз, рас, қазақтың «топас» жігіттері жетіп айрылады, өкінішке орай…
Айтарым — қазақтың қызы мен ұлдарын шын мәнінде биіктерден көргім келеді!!!
— Студент не бітірген,әрине дұрыс жігітпен тұрмыс құрғысы келеді, бірақ сол асырайды деп бух не офис-менеджер болмай, жақсы мамандық иесі не сабақта алда.Қазақ тілінің дамуына ат салысады, бірақ әзіл мен пікірталасты ұнататындықтан, керекинфо:) сияқты сайттарда жүреді. Ақшасы өзіне жетеді, алдыға қойған мақсаттары бар.Кітап, журнал, жаңалықтардан хабары бар,қайсібір өзінше жігіттерді орнына қоя алады.
НеголословноZilola,bazuka, balzaminka,AKY,Aizhantabyn,Erkekyz,Zere,Aikona,ushkin,aktobe88,madlenжәне мен))) Осылай, ағалар мен достар!Әліпби ойлап табуда ма, сөздіктер даярлауда ма?
Ақшаларын бірге «санастың ба?»
Одан да басқа әңгімеге көшкен жөн.
Шыны керек әзіл жағын ұлдар көбірек шағады.
Ал саясат, ғылым тақырыптары туралы қыздарға білу қаншалықты керек. Оны жалпы орта есепті адам білмейді.
Мәселен, бұрын мен саясаттан тыс едім, мүлдем, марксизмнің не екенін, саяси режимдер мен мемлекет аралық қарым қатынас жайлы бір ауыз сөз айта алмайтынмын, қазір шүкір, біраз ақпарат жиналды (экс жаныма рахмет), оның не керегі бар десең, қыз бала жанжақты болу керек, ол болашақ ана, ал қазір заман сондай, балалар тез дамып жатыр, есейіп жатыр, баласын тәрбиелеуде керек болатын секілді. Жалпы адам жан жақты болу керек деп есептеймін.))
Саясаттың өзі бірнеше сатыдан тұрады. Төменгі, бастапқы саты — қарапайым адамдар арасындағы қатынастардағы ереже, қағаидалар, саясат. Және одан жоғары — топтар, ұйымдар, мемлекеттер арасындағы саясат, ереже, қағида. Меніңше ең бірінші қарапайым, төменгі сатылы саясатты білу керек. Яғни төменгі сатыны игеру — парыз, ал жоғарғыні білу — уәжіп.
Ал бала тәрбиелеуде «АҚШ елінің Ауғанстандағы саясаты» деген тақырыпты, әдістемені пайдалану орынсыз. Қарапайым дүниелерді білсе болды, гигиена т.б. Ал үлкен саясатты мектеп, ЖОО-нынан біле жатар.
Папа, Кадапи деген ағай кім? деп сұрағанын естігенмін))
Негізі, әрине жоғары саясаттың керегі аз, алайда көп білетін ана көп нәрсені түсіндіре алады)))
Соу, әркім өзі шешеді ғой, кімге не керек екенін. Сол себеп, дискусстың мәні жоқ менше)))
На лево гулять еткім келмейді, сондықтан әйелім семірмесе екен деймін:))
Күлетін жайт емес негізі, бірақ, ыххы ыххы білә, іш түйіліп қалд нақ. Әсіресе, мына жерінде суреттегенде енді беріліп кетіпті:
Көрмедім мен осындай қайраткерді,
басқар десе, басқарды аймақты, елді.
Бесігін де тербетіп, үйін де ұстап,
айда десе, комбайн айдап берді.
Қорға десе, Отанды, басын тікті,
атын жазып кітапқа асыл түпті.
Қазақ қызы жасаған ерліктерге
қайран қалды басы асау ғасыр тіпті!
Ұға білген мезгілдің кезеңін кең,
өлең жазса, өрнекті сөзі өрілген.
Күте білген ақылмен азаматын,
қиындыққа сабырмен төзе білген.
Ғылымы жоқ меңгеріп, бой ұрмаған.
Ұлылықпен қозғаған ойын қоғам.
Қазақ қызы — қазақтың мақтанышы,
ерлігіне ескерткіш қойылмаған! Біреу келісер, біреу келіспес, бірақ менің ойымдағы қазақ қызын Күләш Ахметованың осы бір өлең жолдары сыйпаттап бере алады.
Сіздер ұқсайсыздарИманыңды үйіре берқазір Гаста келеді.Нақты адамдар бар мен әйел деп сыйлайтын, құрметтейтін. Қалғандарына құрмет көрсетем деп уәде бере алмаймын.
Жалпы жыныстық, ұлттық, жалпылауларды жаным сүймейд.
Әйелдер мұқтаждығын жасырмайд, қарызға ақша сұрап жататын да әйелдер көбінесе.
Кейбір менің әпкем сияқты 5 еркекке татитын намысқой әйелдер болмаса.
Еркектер намыстанады көбінесе.
Бірақ кей еркектер баласына тамақты қарызға алуға намыстанады, ал жүзграм үшін белшесінен батып, бір комокты отырғызып кетуге ұялмайд.
Жалпы мен жалқыны ажырата алмайтын не деген… б-б-б… аузым бармайтын шыны керек.
Дәл!
ех, осылай айтушы, сен жақсы боп жүрсең соған үйіңде отырған қазақ қызының қаншалықты үлесі барын, оны осы күнге жеткізген ауылда қалған қазақ қызы т.е анасың да кіретінін ұмытпаса ғой. Мен қазақтың қызымын- ерлер не десе де, қалай бағаласа да олардың пыш-пышы жәй шәуілдеген бірнәрсенің даусындай ғана әсер етеді! Алға ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫ!!!
Артық кетсем, сорри! Бірақ өзіміз өзімізді бұлай таптау, бағаламай, тек жаманын жария ету-моральдық қорлау дер едім…