Кішіпейілдік жағымпаздықтың белгісі ме?


сурет: ashimin.ru
Нарықтық заманда, әлденені біреуге ақша беріп жасатып, адамдарға потребляттық көзқарас қалыптастырып алған жоқпыз ба осы? Біреуге өтініш айтып отырып, ол құдды маған қарыз сияқты, дікеңдеп «Менің пәленшемді келіп жөндеп бер» деп айтуға қанша жерден дөрекі болсам да, тәрбием жібермейді.
Мүмкін оңтүстіктің лыпылдақ варианты дерсіңдер. Өзім де біреудің "әй" жоқ, «шәй» жоқ түн ішінде амандық сұрамастан қара басының шаруасын айта жөнелгенін жақтырмаймын. Тіпті басынан сөз асырмайтын, намысқой жапон халқының өзі де қонаққа иіліп, кішіпейілдігін көрсетеді емес пе? Жапондардың бұл тірлігі батыс әлемі үшін таңсық, экзотика іспеттес болса да, өздері үшін қанына сіңген мәдениет.

Демек сыпайылық танытып сәлемдескен соң, амандық сұрасу, кішірейіп төрге шақыру үнемі қорыққандығыңның, не жағымпаздықтың белгісі емес болғаны да.

Жөн сұрасып, адамның жағдайын білу ол қарапайым этикет емес пе?

Қазақта «бұйымтай» деген ұғым бар. Кісі бір шаруамен келгенде босағадан шаруасын айтпайды. Алдымен үйдегі атмосфераны біліп, өтінішіңнің қашалықты орынды екенін білу үшін ( Мыс: әкесінің жаназасын кеше берген адамды сыра ішіп, биллиард ойнауға шақырамын деп ренжітіп алмау үшін) керек. Үй иесі амандасып, мал жанды біліскен соң, «Бұйымтайыңды айт!» дейді екен. Сонда өтінішпен келген адам өз шаруасын айтады.

Қалалық болам деп, бәлкім бәріміз әміркендік іскерлік, шалттық пен пунктуалдылыққа талпынатын шығармыз. Бірақ мен де шетелдік компаниялардың еденін аз тоздырған жоқпын, байқағаным: тіпті шетелдіктердің өзі де өз жағдайын айтпас бұрын, қожайынның хал жағдайын біліп алады.

Өмірден кішіліктің мысалын келтіретін болсам, алдымен әкем ойыма келеді. Әкем мамандығы хирург. Біреуге операция жасап, ол жазылып кетсе, оны бәзбіреулер секілді бәлсініп, "өмірін сақтап қалдым" деп қаужап, міндет қоймайтын. Емдеген ауруларын көрген сайын,«Аманбысыз, асқазан қалай? ештеңе мазалап жүрген жоқ па? Лайым, біздің бөлімге түспей-ақ қойыңыз» — деген сияқты шынайы тілегін аямайтын.

Менің әкем ия бастық емес, ия атағы шыққан әнші сазгер ақын да емес. Қызба мінезі болса да, көзі тірісінде достарына деген ықыласын, әрқашан сәлемі түзу, көңілі ашық таныс тамырға деген ізгі бауырмалдығын көріп өстік. Ол кісі біреуден көмек сұрайтын болса, алдымен жағдайын біліп, оны үйге тамаққа шақыратын. Немесе өтініш білдірмес бұрын, «Бізден не көмек керек?» деп сұрайтын. Алматыда оқып, қаржылық қарым қатынасқа етім бітіп, «дүниеде бәрін ақша шешеді» деген пікірді ләйллахадай жадыма сіңірдім. Тіпті "әкем неге дәрігер болғанша, бизнесмен болып ақша таппады екен? Неге қайдағы бір лузерлерге сонша құрмет көрсетеді? деп ойлайтынмын. Әкем неге дүние жинамады деп кейде қынжылатынымды да мойындаймын. Тіпті кішкентайымнан дәрігер болуға дайындалып жүрсем де, мектеп бітіргенде, ағылшын тілін таңдап, аудармашы болуыма да сол дәрігерлердің жалақысының аздығы себеп болғанын мойындаймын.

Қайран әкем дүниеден озған кезде, келген адамның саны үйдің айналасы түгіл көшенің ішіне сыймады. Қазақстанның бірнеше қалаларында болдым. Әр қалада оны жанындай жақсы көріп, қатты сыйлаған адамдарды кезігемін. Өзім танымайтын адамдар мені тауып алып, әкемді есіне алып, «Ахаңның әруағы» үшін деп қолдан келген көмегін бергісі келеді.

Сонда әкем тіршілік, тірліктің бәрін қойып адамға көңіл бөлетінін дұрыс түсінбеген екенмін. Сонау 90-шы жылдары, мемлекеттік қызметкерлер нанға бірде жарып, бірде жарымай жүргенде сырттан қонақ келе қалса, "үйде әйел жоқ, балалар сабақта" деп сылтауратпай, шәйнегін ысытып, барымен дастарханын жайып қарсы алатын.
Әкемнің бажасы келіп, жылын берген кезде, "Әкең дүние емес, дос жинаған адам" деп күңіренгені есімде. Расымен де, адам өмірінің құны, оның жеткен қаржылық жетістігіне емес екен-ау. Кішіпейілдік жетпейді бізге.

Қазір өзім әке болдым. Айанадай қызым бар. Егер бір себеппен өле қалсам, менің жиған дүнием оған тамақ болмайды. Кез келген нәрсе таусылады. Таусылмайтын тек пейіл.
Бөлісу:

30 пікір

Onlasyn
Жүректі елжіретіп жібердің…
Beytanis
Мәселе — не нәрседе болсын «асыра сілтеп» жібермеуде!
VKM
Асқар, керемет жазыпсың.Шынымен, еш байлықты өзіңмен әкетпейсің ғой...өмірде махаббат, адамгершілік, достық қымбат
Karakyz
Ой салатын жазба екен.
Karakyz
Бірақ, бір ойды бастап, екіншісімен аяқтағанға ұқсайды аптыр))
meirzhan
Ол өзі бір жазбасында блогшыларды сипаттаған болатын. «Бір блоггер бар философиялық ойларға беріліп, бір нәрсені жазып екіншімен аяқтайтын» деуші еді сол жазбасында.
Gastarbaiter
Айтқаным рас болып шыққаны ғой:)
meirzhan
Блоггерлер туралы теорияны дәлелдеу үшін, әр тип блоггеріне сәйкес пост жазып жүрсің ғой, ә. Бұл да «блогонимді» дамытуға үлес.
Енді рейтинг қуалау қалды әлі эксперимент жасамаған.
Gastarbaiter
Нақтырақ?
meirzhan
Енді… философ-блоггер постын жаздың. Тағы кім қалды сен сипаттаған блоггерлер түрінен (сені әлі соның образына кірмеген)? Рейтинг қуалаушылар қалды. Яғни енді саған рейтинг қуалайтын блоггер бейнесіне ену керек. эксперимент арқылы қиблоггерлер теориясын дәлелдеу үшін. қума блоггердің комменті ғо, назар аудармай-ақ қой
п.с. айтпақшы, сен сол блоггерлерді сипаттау постында трольдерді ұмытып кеткен сияқтысың. әлде қазақ блогосферасына троллинг тән емес шығар.
Gastarbaiter
Жеміссіз ойға шомудың қажеті не? Жазған жазбамнан өзіңе бірдеңе алдың ба сол ғана маңызды. Ал менің жеке тұлғамның қасиеттері қызықтырса сәйкес тақырып аш, талқыла. Мен қарсы емеспін.
meirzhan
жеке тұлғаларыңды XXII ғасырдың тарихшы-блогшылары шаң басқан блогосфера архивінен зерттеп жатар.
п.с. менікі әншейін қуу ғой. офф-топ боп кетіпті.
Gastarbaiter
Трольдерге Аршат қатаң анальды жаза дайындап қойғанын білесің бе?
meirzhan
сол жазаны тартқансың ғой деймін, қырықпышақ?
Gastarbaiter
қырықпышақ?
Оппа, бұл үлкен предъява:) А предъяваны дәлелдемесең кім болатыныңды білесің бе?
meirzhan
кім болдың онда?
сен бәрібір мойындамайсың ғой. есте сақтау қабілетіне байланысты
Gastarbaiter
Үш күн берем, дәлелдер жинап, осы жерге көптің алдын жария салуыңа. Егер менің "қырықпышақ" немесе тағы басқа бір никті керекинфода киіп, трольдік жасап жүргенімді дәлелдейтін деректерді таппасаң, Пиздобол деген атақты арқалайсың;) Вешайся, дух.
meirzhan
бәрібір мойындамайсың.
Zilola
Грин екеуің жезде мен қайын іні емессіңдер ме осы?
Gastarbaiter
Негізгі оймен қатар, қосымша ойлар болуы мүмкін. Бірақ ой өзегі бастан аяқ кішіпейілділік жайлы болды деп ойлаймын. Сізге басқаша көрінгенмен.
neoman
Пайдалы жазба.

Келісем, негізгі ой — кішіпейілділік, бірақ Аршаттың бірден іске көшу туралы жазбасын оқығаннан кейін жазбаңыздың бас жағы соған жауап сияқты болып көрінеді екен. Мүмкін сол жазба түрткі болған шығар? (өйткені кеше Аршаттыкін оқып отырып өзімде де алғашқы абзацтарға ұқсас ойлар болып еді)
boztorgai
жарықтық әкелерді қозғап, толғаныпсың інім

осындайда өз әкем(көке деп өскенбiз)еске түседі
бересі ақшасын күн құрғатпай алып жетіп келген таныс шешейге:
-сонша асыққаныңыз не, сосын-ақ беретін едіңіз ғой, деп ілтипат танытқан

бірі алғысын жеткізуге асықса, екіншісі оның қиналмауына көңіл бөлген тақуалардың тірліктеріне еріксіз ырзалықпен куә болғам
KILYZAMAN
Сентименттеріме тиіп кетті… Бұрын олай емес сияқты едім, қартейудің басы келді ау шамасы.
direct
біз жақта кішіпейілділік — сорлылық пен лохтық болып есептелінеді
кішіпейілділікті кітап, журналда оқығандары болмаса — шынайы өмірде қалай болатынын көп адам біле бермейді
VKM
Қай жақ? Түрме ме?
direct
Оңтүстік. Күнделікті шынайы өмір.
direct
ақша жайлы ойың көп адамдардікімен бірдей екен құрдас))
бір танысым суретке қатысты программа сұрап келіп еді, флэшкасына жазып бердім, ол маған ақша ұсынды, мен алмадым. ол айтады: барлық жерде солайғой, ақша беруің керек, бәрі ақша алады, деп. мен жәй ғана: қоя сал, дедім. ішімнен: дымдыбайымағыр, «бывает исключения», барлық адам сен ойлағандай ақшаны бірінші орынға қоймайды, деп айтып-айтып тастадым))) тағы сол секілді жағдайлар көп негізі, айта берсең…
patick
Лібә дейсің кейде. Досың санайтын адамыңа бір өтініш айтсаң, құнын сұрайтын адамдар болады. Сонда ойлайсың, дос не үшін керек, егер онсыз да бәрі ақшамен шешілсе.
KILYZAMAN
Кішіпейілділік — кеңпейілділіктің айғағы…
О Аллам — немді алсаңда пейілімді ала көрме!!!
asaubota
түріктерде өте жіңішке бір сөз бар: "қатты сыпайы болма, шын деп ойлап қалады" деген. яғни, сыпайылықтың да шегі болуы керек.