Жумонгтан автограф.))



Джумонгтан автограф алдым. Ол кім еді деп қалуларыңыз мүмкін. Зере мына жерде толық жазып кеткен болатын. Астанаға осыған бола келдім шынымды айтсам. Осы уақытқа дейін Астананы көру еш бұйырмап еді, үйдегілердің құлақтарынан құлақ қалдырмай, қайта-қайта айтып, келіп қалдым. Келгенімді қайтейін концертіне бара алмайтын болдым. Бірақ, кеше Сон Иль Гук автограф береді деген соң, ағама апар дедім. Уақыт бөліп апарғанына мың рахмет ағама. Адам көп екен. Біз барғанда көргеніміз ең соңғы адамдар екен, көбісі ішке кіріп кетіпті. Қалған фанаткаларымен сөйлесіп тұрдым. Түсте адам өте көп еді дейді, қыздар кіргізбей бірін-бірін итеріп тұрды дейді әлгі қыз. Енді мен фанаткамын деп жүрсем, мен жәәй еріккен екенмін, әлгі қызды нағыз фанат десе болады. Ужс, айта алмаймын енді, «я его уже 6 месяцев жду» деді))) Айтқандарынан нағыз фанат екені көрініп тұр. Тағы біреуге «я получила автограф» десе әлгісі «поздравляю» деп қуаныштан секіріп, бір-бірін құшақтап тұр.))) Алдыңғы жақтарында бір апа жүр.))) Ауылдан келгендігі көрініп тұр.)) Очм, эмоция көп, бірақ жеткізе алмай отырмын. Концертке бара алмайтыным өкінішті. Бірақ, сол әртістермен кездессем ғой бетпе-бет деген арман өзегімді өртеп барады. Ағама айтсам ба екен кездестіріп берші деп. Ай қайдам бірақ, наққа жіберсеме игі еді. Барына қанағат қыламын-ау. бірақ, кездескім келіп отыр ыхым-ыхым, жльядым.(
Бөлісу:

18 пікір

Abilakim
Жумонг сені сүйіп жатыр ма?
Beytanis
жумонгы кім десем минөстің астында қалам ба?! :-P
Abilakim
Сен Жумонгты білмейсің бе? Қазіргінің балалары оны Қабанбай, Бөгенбайлардан жақсы біледі
Beytanis
Телик көрмеймін. Көрсем де тек футбол!
neoman
Алдын ала келемін деп айтқаныңызда, бірінші этажға түсіп, саусағынан майы тамған өнерлі қызбен танысып алар едім.

Шынымен, кеше өңкей майдапашақ қыздар шулап, жұмыс істетпеді. Қайдағы бір корей жігіті үшін екен ғой сөйтсем
Erkekyz
Әттеген-ай. (( неге ертерек айтпадым екен.
neoman
Кішкентайларға базарлық апаруға себеп пайда болғанда, сізге міндетті түрде тапсырыс берем ))) (танысуға себеп болады әлі дегенім ғой)
monti
өзіңізді бір бақытты сезніп, қасында тұрған кезде, толқып тұрдыңыз ба? :)

ПС: мен бір-ақ адамнан солай алыптым, прям қасында тұрған кезде әрең тұрдым)))
monti
Құтты болсын айтпақшы, концерт мықты болатын шығар ә
Erkekyz
Солай болатын шы5ар. )) Айтпа, мен уже жолда бара жатқанда-ақ толқи бастадым.
Zere
Уау, Еркеқыз, сені барады деп ойламаппын. ))) Бастапқыда қыздар да маған айтқан еді, давай барып қайтамыз ба деп, оған қатты мән бермедім, әрі жұмыс. Жарайсың! СИГ-пен суретке түспедің бе? Астананы жақсылап аралап, отчеттар күтеміз ;)
Erkekyz
ну,қоймай қойдым ғой, әйтпесе жібермес еді. Ондай мүмкіндік бір-ақ рет қой, пайдаланып қалайын деген ой болды.
sammita
5 мамыр деген сияқты ең.
Janasil
шешесті...!
ол құдай ма еді сонша?
konvict
Қой Жәнәділге тиіспеңдер
VKM
ол құдай ма еді сонша?
Қазір Ахи келеді деп қорқытсам)
Еркеқызға респект. Жарайсың!
konvict
Осы жерден ақ көп нәрсені түсінуге болады екен.