Кел балақай кеш жарық...

Кел балақай кеш жарық
Қалып жүрме кеш қалып… деп кете беретін Мейрамбектің бала кезіндегі орындаған әні бар еді. Осы аттас балаларға арналған кешкі тамаша бағдарлама болушы еді. Кейіндері «Бабайкалатып» бір дүрліктік. Қазір өзі осындай бағдарламалар бар ма? «Балапан» арнасы жоқ еді үйімде.
ПыСы: Осы өлеңнің аудионұсқасын іздеп таба алмадым. Кей сайттардан Мейрамбек-Бозторғай-бос торғай-бозторай дегендерді оқып алдым))))
Бөлісу:

15 пікір

Zilola
Ол бағдарламаны Тынышбай Рахимов жүргізуші еді, есімде.
alisha
Тынышбай Рахымның жүргізгені басқа «Кеш жарық», кешкі ойын-сауық бағдарлама. «Кел, балалар, көрелік» деген хабар да болды.
Zilola
Мейрамбектің ән орындайтынын Тынышбай ағам жүргізетін еді.
alisha
еміс-еміс есімде қалыпты, әйтеуір сол уақытта бәріміз «көк шабаданға» шүйлігетінбіз)))
Abilakim
Біздің жәшіктің аты «Весна» еді…
alisha
Біздікі «Протон»)))
Abilakim
Протондар сол кезде де құлап жататын деген сөз рас екен ғой
omarbirat
Біздікі де «Весна» еді. Жарықтық, жап-жақсы қызмет етті. Қазір қайда кеткенін білмемін, бірақ аяқтарынан жынды нунчаки шығып еді :)
Abilakim
менің ағам да сол аяқтардан жасап еді.Қара нунчаки
Zilola
нунчаки деген шынжыры бар таяқ па?
Zilola
бізде тоқпақтың астына қалған «весна», арасында ренжісе ақ-қара болып қалатын түрлі-түсті «горизонт» бар еді жарықтық
Abilakim
Біздің жәшікті ұрған сайын мөлдіретуші еді
Abilakim
«Кел, балалар, көрелік» емес шығар