ӘРІП ПЕН ҰҒЫМ

ӘРІП ПЕН ҰҒЫМ

Көз алдымда зымырайды елік-күн,
Елік-күнге мен қалайша еріппін?!
ЖАН деген бір үш әріп кеп ғайыптан,
ӨМІР деген төрт әріпке еніппін.

Содан бері бұлдырайды сағым-күн,
Сағым күнде сабылумен жаным жүр.
АНА деген үш әріпке жаутаңдап,
БАЛА деген төрт әріпті жамылдым.

Сол атауды өтіп жатқан жеңді күн,
Жеңді күнім, менің атым енді кім?!
ӘКЕ деген үш әріптен таныдым,
ДАЛА деген төрт әріптің кендігін.

Жайсаң жанға шапағатын құйсын күн!
Құйсын күнім, махаббаттан күйсін мұң.
АРУ деген үш әріпті армандап,
СҰЛУ деген төрт әріпке сүйсіндім.

Ақ пен қара жолдарымның жолағы,
Жолағы да уақыттың қонағы.
ДОС деген сол үш-ақ әріп кей кезде,
ТУЫС деген төрт әріптен жоғары.

Тас төбемде жарқ еткенде жасын күн,
Жасын күнде жасағандай жасым мың.
ЖЫР деген сол үш әріпке ғашық боп,
АҚЫН деген төрт әріпке бас идім.

Тістенумен кейде көзге жас алып,
Жас алумен кете алмассың жасарып.
ЖЕР деген бір үш әріпте жүрміз-ау,
ӨЛЕҢ деген төрт әріптен өш алып.

Ғажап шақтың өтеріне ой салмай,
Ой сала алмай, тентектіктен тайсалмай.
АҒА деген үш әріпке жетіппіз,
АҚЫЛ деген төрт әріпті айта алмай…

ТЫҚ- ТЫҚ ТІРЛІК

Іздейтін кезде жаным махаббат,
Мұңлы ойдан кетем құтылып.
Жүйкемді жеді-ау қабырға сағат,
Тынымсыз осы тықылы.

Көшеге шықсам тым аппақ өңді,
Бір жан жүр билеп бөксесі.
Тықылы тағы құлаққа келді,
Тас жолға тиіп өкшесі.

Шегі жоқ ойлар шырмалып ақыр.
Кірсем де сонау жасыл бақ,
Тірлігі үшін тырбанып жатыр,
Теректі тесіп тоқылдақ.

Жанымды мұңнан аршып алып бір
Көктемнен келген жыр күттім.
Тықылдап жерге тамшы тамып тұр,
Тамырын соғып тірліктің.

Үтірсіз уақыт, үркемін анық,
Тық-тықтан мынау жалықтым.
Бөлмемде жатсам бүркеніп алып,
Сол үнмен кеудем қағып тұр…
Тық-тық.

ҚОС ӨЗЕНІМ

Сара тамыр сартылдап.
Күре тамыр күрілдеп.
Жүрек содан алқынбақ,
Жыр жазамын дірілдеп.

Тигр менен Ефрат,
Ортасында тарих нық.
Ал мендегі атырап,
Жүрек деген жарықтық.

Екі көзде кей күндер,
Тұнып жатты сан арман.
Сейхун менен Жейхуннен,
Арал –жүрек нәр алған.

Қос жанарда қалды мұң,
Далам – дидар, жуғанмын.
Тоқырауын, Талдының,
Ортасында туғанмын.

Керегі жоқ дәрігер,
Тамырымды бумашы.
Қос арнамда әлі де,
Толқын өлең туласын!
Жүрек мықты сол шебер,
Өлең маған бақ – ғұмыр.
Не болады солса егер,
Айдын-жүрек, аққу-жыр.

Сара тамыр сартылда.
Күре тамыр күрілде.
Ізім қалсын артымда,
Ғайып болған күнімде.

Артерия, вена деп,
Вирус біткен тұр әне.
Жаулаймын бәрі әлек,
Мәуреннаһр мына мен!

НҮКТЕ
«Бір нүктеден шықтың, сол нүктеге қайта ораласың.
Бумеранг – тірлік». Ғазиз Ештанаев.
Ғазиз аға!
Жөн айтады жолдасың.
Өмір – нүкте,өлім – нүкте ол да шын.
Сәлделі ойдан сәуле күтсе кешелер,
Көп кеудеге нүкте қойған қорғасын.

Күн – нүктеден көкжиекке таң атсын.
Шуақ – нұрын шартарапқа таратсын.
Бір ноқаттан мағынасы өзгерген,
Әліпбиін қарап тұрсаң арабтың.

Нүкте екен ғой жолда қалған ендігі із.
Сол іздерден тауып жүрміз жемді біз.
Жаным – ынтық, жауап таппай қиналғам,
Сүйдім екен сені неге меңді қыз.

Нұр – нысана ойға шабыт, құт берер.
Жалған өмір жанарыма шық келер.
Шайтан ада, өлмеу үшін үміт қой,
Өлеңімнің соңындағы нүктелер…
Бисмиллахи рахманир рахим.

КІНДІК
«Семей даласы Евразия құрлығындағы жер кіндігі екен».
Ұлы далам көшірмесі кеңдіктің.
Ұлы бабам Абай еді ең мықтың.
Жидебай да жер кіндігі құрлықтың,
Өлшеп, пішіп бойлық пенен ендікті.

Жұлдыздардың көшін көріп түндіктен,
Ұл-қыздарың өсіп-өніп кіндіктен.
Арқат ауыр дем алады сынақтан,
Жерге кіндік, елге сұмдық кім күткен?!

Торғай талып, мал мәңгіріп, бақа мас,
Улы жерге жанын күткен тақамас.
Шыңғыс шаршап, дел-сал болса Дегелең,
Бойын кеңге сала да алмас Бақанас.

Кімдерге жүк?!
Зағип болған шырақтардың обалы
Керең болған құлақтардың обалы
Шаба алмаған пырақтардың обалы
Шабылмаған құрақтардың обалы
Аға алмаған бұлақтардың обалы
Шындық неге сұм ақпар боп қалады
Кіндік деген – сынақтардың алаңы.

Ашық кіндік!
Нәпсіқұмар көз-күйік.
Шіріп жатыр күнәлі ой мен сөз тиіп.
Аман қалып қырық жылғы қырғыннан,
Тәубә дедік топалаңды тез тиіп.

Сұлулықтан басқа жолмен бағыңды аш!
Бойыңдағы шайтан оттың шамын бас.
Түндігіңді түтін бітсе жап қазақ!
Кіндігіңді көрсетпеші қарындас…

ШЫНЫ

Өлеңдерім өмірімнен нәр алған.
Денем менің топырақтан жаралған.
Ерте, кеш пе кететіні белгілі
Қара жерге сіңеді ертең бар арман.

Шыны әйнектен әлемге нұр тарайды.
Мөлдір қоршау сұлулыққа қолайлы.
Айналаға ойлана көз тастайсың,
Қимылыңды паш етуге жарайды.

Ол да құм ғой,
Күннің нұрын сүйеді.
Жарық түссе жылтырайды жиегі.
Мына өмірдің мұратына мұңайған,
Мүмкін ол да марқұмдардың сүйегі.

Ол да құм ғой,
Ғұмыр бітіп жер сүйді.
Жаны қайда, тәні мылқау мелшиді.
Жаңбырменен жағаласа жылайды
Іште жылу, сыртта суық тершиді.

Ол да құм ғой,
Жамандық пен жақсылық.
Ол жақта жоқ тағдырдағы тапшылық.
Қабырғада айнаға кеп тұр әне
Қабырғаңнан жаралған жан қас жұлып.

Амал-дәптер,
Оған қазір өлең тең.
Әйнек болып оралармын мен өлсем.
Ерте, кеш пе барамыз деп бәрібір,
Құлап жатыр менің көнбіс көлеңкем.
Менің компас көлеңкем.
РУСЛАН НҰРБАЙ
Бөлісу:

55 пікір

muhandi
МЕНІҢ КОМПАС КӨЛЕҢКЕМ! ҒАЖАП, ҒАЖАП, ҒАЖАП!
Abilakim
Руслан ағайдың өлеңдері керемет қой.Оны мына қоғамдағы кейбіреулер түсіне алмай,қабылдай алмай жүр! Аман болсыншы әйтеуір, пәлсапалық ойлары да керемет қой
muhandi
ФИЛОСОФТАР ДЕМАЛСЫН!
alisha
керемет!
Aizhantabyn
Қосыламын! Өте тамаша, терең, әдемі! Алғашқы өлеңіне ғашықпын! Не деген шеберлік!!!
Beytanis
muhandi деген қыз екен ғой…
muhandi
ӨЛТИРЕСИНДЕР!!!!!)))))))))))))))
konvict
Ойың кетті ме? Өткенде сен емес пе едің қыз іздеп жүрген? А?
Ahi
АҚЫН деген төрт әріпке бас идім.
Ақындар бас июге лайық емес!
muhandi
АКЫНДАРДАН КОНИЛИНИЗ КАЛГАН АУ ШАМАСЫ
Ahi
Олай емес. Алладан басқа ешкім бас июге лайық емес дегендегім ғой
direct
сенде ерінбейсің барғой
Ақындарға бас иген дұрыс емес әрине, ерекше сый-құрметке лайық деген пікірге қосылатын шығарсың? Ақындық — Құдай берген дарын қасиет болар?
Ahi
Ақындарға бас иген дұрыс емес екенін бәрі біледі, бірақ бас иеміз деп жазады да, соған ашуым келеді! Неге өтірік жазады? Сөздің ұйқасы? Құрып кетсін ондай ұйқас! Аллаға ғана арналу керек нәрсені ақындарға арнап, а'узубилләһ! Ақындыққа қатысты таласым жоқ!
direct
ашуым келеді!
бауырым мына тепмте ұзаққа бармайсың, рас айтам)
Денсаулығың бірінші немесе екінші болып өзіңе және Құдайға өте қажет!
meirzhan
бұл кісінің шабысы күшті. шаршамайды. біртуар комментші
direct
Сөзі таусылмайтын комментші жырау десек қалай болады екен?)))
meirzhan
Ахи жырау. өзінің мақамы бар.
konvict
Қой ерте өлгендерді жақсы адамдар деуші еді ата-әжелеріміз
muhandi
БАСЫН ИСЕ, РУСЯ АГАТАЙ ӨЗІ ИЕР, СЕНИ КИНАП ОТЫРГАН ЖОК КОЙ! бАСЫНДЫ АУЫРТА БЕРМЕ!
direct
шамасы оған дәл сол бастың ауырғаны керек шығар)))
Ahi
Мен үшін қазақ бауырымның Аллаға емес, өзгеге бас игені өте ауыр! Айтып қалайын тілім бар да
muhandi
СӨЗДІҢ АСТАРЫ МЕН ҚҰДЫРЕТІН ТҮСІН!!!
Ahi
Қандай астар болуы мүмкін онда?! Айтшы, қанекей?! Анам мен үшін өте құрметті, енді соны өлең жолдарына «оған сәжде қылам» деп жіберсем, қалай болады?! Ширктің қаншалықты қауіпті екенін түсінбей, сөздің парқына жету мүмкін емес! Қаншалықты ауыр айтып жатқанын өзі де білмейтін шығар сол ақын-сымақ!
muhandi
ХМ ХМ ХМ, БАЛКИМ СЕНИН ЖОЛЫНДА АКЫНСЫМАКТАР КОП КЕЗИККЕН БОЛАР, БИРАК БҰЛ АКЫННЫН АКЫНДЫГЫН ТУСИНУ УШИН ЕРЕКШЕ КАБІЛЕТ КЕРЕК, АЛ САГАН ОНДАЙ КАБІЛЕТ ДАРЫМАГАН! ОКИНИШТИ!
Ahi
Ал түсіндір көріңіз сол "қабілетті"? Өзіңіз бір керемет ақылгөй санамаңызшы! Қателікті қателік деп мойындау қиын ба әлде? Ақынның ақындығы сөзінің орынды болуында! Неге ол басты Аллаға июдің орнына ақынға имекші? Жаратушы тұрғанда, жаратылғанға бас иіп қайтесіз?!
muhandi
ЖАРАТЫЛГАНГА ЕМЕС, ШЫГАРМАШЫЛЫГЫНА БАС ИЕМ!
Ahi
Ал шығармашылық сонда жаратушы ма? Ол да жаратылған ғой
muhandi
БАС ИЮ АУЫСПАЛЫ МАҒЫНАДА, ЖАКСЫ КОРУ, УНАУ ДЕГЕНДЕЙ
Ahi
Неге жәй ғана солай жаза салмайды?! Оларға деген сүйіспеншілігін «Ақындар, мен сендерге құлшылық қыламын» (астағфируллаһ) деу арқылы білдірсе бола ма сонда? Бас ию — құлшылық, ал құлшылықты Алладан өзге ешкімге арнауға болмайды!
muhandi
ТУУУУУУУУУУ СЕНДЕ КОЙМАЙДЫ ЕКЕНСИН! КОЙШ БИЛМИМ ОЗДЕРИНЕН СУРА!
Ahi
Жариялап отырған сіз ғой, сіз оларға жеткізіңіз! Қолыңыздан келеді ғой, ана сөзді ауыстырып тастағаныңыз өзіңізге жақсы!
muhandi
АХИ БОТАМ, БОЛДЫ ЕНДИ! МЫНА ЖЕРДЕ АКЫНДАР БОЛСА, ДАУДЫН АКЕСИ БОЛУШЫ ЕДИ, КОЙ ДЕГЕН ДЕ КОЯ ГОЙ, ЖАЗА БЕРСИН НЕ ЖАЗСА ДА!
Ahi
Шақырыңызшы бүкіл ақындарыңызды! Мына сөзге не деп жауап береді? Қою керек қой ондайды!
Алла Тағала былай деген: «Әй, адамдар! Аллаһтың сендерге берген нығметін еске алыңдар. Аспан мен жерден сендерге ризық беретін Аллаһтан басқа Жаратушы бар ма? Одан басқа құлшылыққа лайықты тәңір жоқ! Сонда қалайша тентіреп бара жатсыңдар?» (Фатыр сүресі, 3-аят).
Ақындардың ешқайсысы бас иіп, оған құлшылық етуге лайық емес, оның ақындығын әлем мойындаса да, тарих мойындаса да!
muhandi
ШАКЫРЫП АЛ ӨЗІН, УАКЫТЫМ ЖОК ДАУГА!
Aizhantabyn
Құлшылық жасау мен бас июді айырып алу керек, көке!

Құлшылық ету деген тылсым күшке ие екенін, өзін төмен қою, сәждеге басын қойып, иілу, жүрегімен сезіне, көңілімен түйсіну!

Мың жерден басыңды сәждеге салсаң да, жүрегіңде бір түйір иман (сенім) болмаса, ол қандай құлшылық?

Сыртқы формадан, ішкі құрылымына өту керек қой.
Ahi
Құлшылық ету деген тылсым күшке ие екенін, өзін төмен қою, сәждеге басын қойып, иілу, жүрегімен сезіне, көңілімен түйсіну!
Мына анықтаманы қайдан алдыңыз? Ойыңыздан? Жер бетінде алты миллиардтан астам ой бар! Бірақ дін адамдардың ойынан құралмайды!
Aizhantabyn
ок, діни баламасын беріңізші маған сол ұғымның.
Осы мен жазғаннан алыс кетпейтін секілді.
direct
Ahi бірәдәр, жеке блог ашып: ширк, күнә, анау мынау дегеннің бәрін ерінбей жазып шықсаң Құдай риза болар саған?
meirzhan
жеке блогы бар ол кісінің. бірақ ол аздық ете ме…
muhandi
arslansanabi@mail.ru АХИ МЫНА МЕКЕН ЖАЙҒА ХАБАРЛАС, СОСЫН ТАН АТКАНША ДАУЛАССАН ДА ӨЗ ЕРКІН!
Aizhantabyn
Бас ию құлшылық емес екенін қалай түсіндіруге болады сізге, Ахи мырза?

Ниет ең бастысы екенін бәріміз білеміз, ия? Мың жерден жақсы адам болсаң да, көңіліңде жақсылығың үшін пайда көремін деп ойлау, жақсы істі жоққа шығарады емес пе?
Сол сияқты, адам алдында бас ию деген тек жест қана, іс қимыл, ол жерде, О сен Ұлықсың, сол себеп иіп тұрмын деп тұрған жоқ. Сыйластығын білдіріп тұр.

Өткенде бір жерде жазыпсыз, сахабалар хан алдына келгенде бастарын имеген деп. Сонда сіз оларды «именно» сіз ойлаған себептен имегенін қайдан білесіз? Мүмкін олар патшаны бас иетіндей адам санамаған шығар, әлде басқа себеп болды ма дегендей.

Тым артық кетіп қала бересіз. АЛЛА жазса, сіз де түсінерсіз. Сол үшін дуа етеміз)
meirzhan
осы комментіңе бас идім.
direct
100 теңгелік тиыным қолымнан түсіп кетіп, жерге «иіліп» тиынымды қолыма қайта алдым))
meirzhan
Желтоқсаншылар алдында басымды иемін.
muhandi
ЕВРОПА ЖУРНАЛИСТИКАСЫНА БАСЫМДЫ ИЕМІН!
meirzhan
бас иетіндерді тәуыпсың сен де.
muhandi
НАГЫЗ ЖУРНАЛИСТИКА ЕВРОПАДА, ЖУЙЕЛЕРІ ЖАКСЫ! СОНДЫКТАН БАС ИЕМІН!
meirzhan
онда мен бар ғой. ымм… жапондықтардың төзімділігінің алдында басымды иемін.
Ahi
Машаллаһ, ойланатындар бар екен! Ең бастысы ниет дедіңіз, адамдардың амалдары ниеттен келіп шығатынын білесіз! Адам кісіге бас игенде, жүрегінде қандай ниет болады? Оны құрмет тұту ниеті болады! Бас июдің ширк болуы үшін оны істеп жатқан адамның ниеті әлгі кісіні Ұлықсың деуі міндет емес! Адам құрмет ретінде исе, уже ширк! Өйткені басты ию (рукуғ) — құлшылық, ал құлшылықты Алладан басқа ешкімге арнауға болмайды!
Сосын, сахабалар жәй құрмет ретінде ие салса болар еді ғой, неге иілмеді?! Онсыз да олар о жерге мүшріктерден жәбір көріп қашып келіп отыр, соның жерінде қоныс аударып келіп тұр, сол жерге тұруға рұқсат сұрап кеп тұр, сол елдің патшасына «Сен Ұлықсың» деместен, әншейін құрмет ретінде бас июіне болар еді ғой?! Имеді, демек, бұның өзі олардың Алладан басқа ешкімге бас июдің тыйым салынғандығын ұққанын көрсетсе керек!
muhandi
КУРЫСЫНШЫ, ИЕ БЕРСИН, ОЗИН ИМЕСЕН БОЛДЫ ДА!
Aizhantabyn
Ахи, құрметтім менің, сіз өте өркөкрек адам екенсіз!
Ойланатындар да бар екен деп, мұнда мисыз мақұлықтар жиналған ба еді?
Мен өмірімде ең керемет деген мұсылмандарды кездестірдім. Бірнеше рет қажы атанғандарын, тіпті менің сүйіктім Меккедегі Қағбаның кілтін ұстайтын адамның баласымен бірге оқыған, соның өзінде ол мұсылмандар сіз секілді менменшіл емес еді…
Жассыз, мүмкін содан, максималистік көзқарастасыз. Оны жақсы түсінемін. Сол үшін кешірімді қылықтар. Бірақ, сіз көптеген қолданушылардың хақына тигеніңізді білуіңіз керек.

Әлгі сахабалар неге иілмегенін айтсам, ол заманда патшаға құр бас иіп қою аз, кәдімгі сәждеге отырғандай иілу керек, оны енді тарихи деректі фильмдер, көркем фильмдер болсын, тіпті суреті бар тарихи кітаптардан көруге болады.
Рукуғтың не екенін білемін, ол иілудің ерекше түрі. Намазда тұрғанда Ұлы Жаратушының алдында Ұлылығына, Құдыретіне, Мейірімділігіне және өзге де тек АЛЛАға тән қасиеттеріне сене отырып, жүректегі бүкіл махаббатты паш етіп, Құрметтердің ҚҰрметін көрсету.
Егер, майда шүйдеге келетін болсақ, сәл бас ию бұрыннан бар. Өзіңізді көптен ақылды санайды екенсіз, бірақ бабамыздан ақылды емессіз.

Жарайды, көп сөз айтып, сіздің де, өзімнің де уақытымды алмаймын. Анығын бір АЛЛА біледі.

иншАЛЛА уақыт өте осы бір жазбаларыңыз үшін ұялатын боларсыз. Өйткені, көп адамның жанына бататын дүние айтып, кемсітіп жатырсыз. Ал ол мұсылманға тән емес дүние.
direct
Иілсеңдер де, бүгілсеңдер де байқаңдаршы әйтеуір)))
(117.22 Kb, 375x500)
Барлығыңа қайырлы түн!!!
Сбетті өшірдім, ұйықтайм)))…
Ahi
Айжантабын, құлшылықтың анықтамасы мынадай, жақсылап жаттап алыңыз: “Құлшылық дегеніміз – бұл Аллаһ жақсы көріп, разы болатын барлық жасырын немесе жария сөздер мен істерді қамтыған есім” (Қараңыз «`Убудия», «Мәжму`ул-фәтәуә» 10/149). Яғни Құранда не Сүннетте Алла Тағала бір істі не сөзді жақсы көремін немесе ризамын деген сыңайлы қылса, ол құлшылық! Аллаһ Тағаланың былай деді: «Намазды толық орындаңдар, зекет беріңдер, сондай-ақ иілушілермен бірге иіліңдер!» (Бақара сүресі, 43-аят).
Алла Тағала иіліңдер деп тұр, демек Алла иілуді жақсы көреді, себебі Ол жақсы көрмейтін нәрсесін "істеңдер" деп бұйырмайды! «Иілушілермен бірге иіліңдер» — демек, құрметпен иілу — құлшылық! Ал құлшылықты Алладан өзгеге арнауға болмайды! Ол туралы аяттар көп!