АҚҚУЫМ АСПАНДА ЕМЕС, ЖЕРДЕ МЕНІҢ

(43.19 Kb, 640x480)

Аққуым аспанда емес, жерде менің,
Әнінен тоқсан толқып тербелемін.
Келгенде шынтуайтқа, көзбе-көзге,
Секілді көктен алыс жер дегенім.

Аққуым аспанда емес, жер бетінде,
Сұлулық тұр тояттап келбетінде.
Сол болып шырт ұйқыдан оятады
Мазасыз таңда бұлбұл, жел де түнде.

Солардың ұйып тыңдап тынбас әнін,
Сарылып түнмен, таңмен сырласамын.
Кетеді асықтырып таң да, түн де
Дүниеде жүрсің бе деп мың жасармын.

Қайтейін, төзем тағы мен дертіме,
Тимесін аққуымның жел бетіне.
Дауысын жүрегімнің бір есітер,
Әндетіп жүрсе болды жер бетінде.

Жұбан Молдағалиев

Неғой, мына әшуләнің бір екі сөздері ұнады, содан жазғанымғой...
Бөлісу:

8 пікір

edige
Әшулә деген не, өлең ба?
Zilola
иә, өзбектер солай айтқанын естігенмін :)
KILYZAMAN
Сонда, сол екі сөзі болмаса әшулә мағынасын жоймақпа?
edige
«мен дертіме» деген екі сөз
direct
екі сөз болмаса мағынасы басқа мағынаға ие болады
alisha
Бұрындары осы Жұбанның желтосқаншылар туралы сөйлеген сөзін оқып, көңілім қалып қойды((( саясат солай десек те(((
direct
мен ол кісіні уәпшім танымайды екем. өткен аптада екі қазақша кітап сатып алғам, жұмыстан кейінгі уақыттарда оқимын деп, соның біреуі сол кісінің «Мен қазақпын» атты кітабы.