BAQ.KZ-ке БАРАМЫЗ БА немесе ИНТ-КОНТЕНТТІҢ KZ -тенуі ҚУАНТАДЫ



«Келіңдер, көріңдер, тіркеліңдер!» Мен онша мағынасын түсіне бермейтін, «интернеттегі қазақша контентті» жандыруға шақыратын жиынға алқалық еткен екі жастың сөзі… Өткенде біздің бастықтар отыратын мекемеге келген. Аттарын ұмытып тұрмын. Айтуларынша baq.kz барлық желілік ақпарат құралдарының басын құрайтын, жылдам, әрі шынай өсекпен, кешіріңіз, ақпаратпен сусындаттыратын, ең бастысы, бүкіл блоггерлерлердің бағын ашатын baq болмақ. Мен уордпресте престеліп жатқан «онша еместің» урл-жайын бергем. Тіркеп қойыпты. Алайда кіре берісінде айтылатын «менің» сөзімнен қате жіберілген бе, қалай? Міне, оқып көріңіз: «Қайырлы күн, менiң блогам құрметтi келушiлер !» :) (жөндеп қоятын шығар…)

Алайда, жазба іштен шыққан қалпында, мұрты бұзылмаған күйі сілтеніп кетеді екен. Тек видео көрсетілмейді. (Бақты ашатын baq-тарды осы бір «тек «пен «бірақ» құртады.) Kerekinfo-мен ұрыса қалған жағдайда бетіне салық бола кететін осы бір олқы тұсын алдағы уақытта қатарға қосып жіберер деген үміт бар.

Оқылуы орташа. Егер жазбаңыз қызық болса, пікір де жазылып қалуы бек мүмкін.

Сайттың басты бетінде жаңалықтардың кіл жаңасы тұрады көздің жауын алып. Сіз енді сайт біткеннің есігін қағып сумаңдауды қоясыз да, baq ұсынған, ноу-хауда, яғни барлық ыстық мәліметтер мен ақпараттарды бір үйдің үйелмелісіндей үймелеген қалпында көресіз. Оқисыз. Ақпараттық портал дегеніміз осы. Қазақ контентін қалыптастыруды қалайтын жаңа сайтта жаңалық біткенді, үлгермей жатсаңыз үстінен түсіп, асықпасаңыз арбалап жинап қайтасыз.

Сонымен, www.baq.kz-ке барамыз ба?
Бөлісу:

4 пікір

VKM
Біріншіден, ашылмайды, екіншіден… казнеттің қамын ойлап жүрген ағалардың бәрі де осында жүр ғой.Үшіншіден, кімдер олар?
zhazular
біріншіден, ашылады, егер, адресті дұрыстап терсеңіз: www.baq.kz
екіншіден, демек, қазнеттің қамын ойлап жүрген ағаларыңның бәрі мұнда жүрмегені.үшіншіден, олардың кімдер екенін білмедім… :)
VKM
Сонымен, www.baq.kz-ке барамыз ба? дегенде ,-ке-ні сызып тастамаса, бірден ашылмайды.Аштым, көрдім, оқыдым,ұнады, закладкаға қойып қойдым.Солаааай)
zhazular
:) сызып қойдым! солай!!!