Өз сайтыма кіргім келмейді.

Пәнге байланысты бір сайт ашқан едім, әрине дайын конструктормен. Соның шаблонын өзгертемін деп бәлеге қалдым. Басты бетте тұрып басқа бетті ашсам, сол жағындағы меню, мини чат, сауалнама бәрі көрінбей қалады, басқа бетке ауысу үшін қайтадан басты бетке қайту керек, ары алысып бері алысып түзете алмай қойдым. араларыңызда ucoz дің жілігін шағып майын ішкендер болса көмектесер ме екен. www.biologia.my1.ru
Бөлісу:

21 пікір

asaubota
ең оңайы басқа шаблон таңдаңыз және өзгертемін деп әуре болмаңыз, байқағанымдай ондай техникалық біліміңіз аздау сияқты. сондықтан шаблонды еш өзгеріссіз қолданыңыз.
Zamirka-san
Үшінші домендегі, оның үстіне тегін доменнен ашқан сайттар сондай келеңсіздіктерге ұрынып жатады.Ең дұрысы, ортақ өгізден оңаша бұзау артық деген, азар болса бес-он теңгең кетер, екінші доменнен ашу. goo.gl/waz4C
Onlasyn
Қосыламын. Сержан, жақсы нәрсе (биология) жазып жатырсың ғой. Кетсе жылына бір 10-15 мың теңгең кетер, 2-ші доменнен ала салсай. Сосын, дайын CMS қоя саласың да, жазатыныңд жаза бересің. Дизайнын басында білетін біреуге істетіп ал, сонымен кетесің.
Zamirka-san
Сенесің бе, осы сілтемедегі блогты forinbuss.com/, мен 1 жарым сағат ішінде жасадым.Әйтпесе, менде сайт, блог ашудың дискілері көп болатын.Мысалы, Е.Попов«Джумла сайтын жасау», «Профессиональный блог за один день», Е.Стрельниковтың «Своя веб-студия дома» т.б. Бәрі де аузыңа шайнап беріп тұрған дүниелер.Бірақ адамда бойкүйездік деген болады,қолда тұрғасын қайда кетер дейсің, бір сәтін салғанда үйренемін ғой деп ойлайсың.Ал ол сәт ешуақытта тумайды екен.Сержан, шынымен кәсіптік сайт ашып, монетизация жасауды үйренгің келсе, мен «Бесплатная школа Старт-ап»дегенде оқуға шақырамын.Онлайн жүйесінде 1 ай тегін оқу, бірден серверден қай движок керек болса таңдап, орната бер.Ары қарай тереңдеткің келсе,өзің білесің.Тек оқу орыс тілінде,қатысуға үлгермесең вебинардың записі сосын почтаңа жіберіледі, сілтемесі мұнда, соңындағы баннерді басып, танысуыңа болады. forinbuss.com/o-besplatnoy-shkole-statr-up
Zako
Сенесің бе, осы сілтемедегі блогты forinbuss.com/, мен 1 жарым сағат ішінде жасадым.
тілін аудармай, дайын дүниені бір сағатта істеу сөз болып па? Оңай болса, Сержанға да істеп беріңізші қазақша қылып.
Zamirka-san
Ойбуй, бауырым-ай! Кім маған дайындап беріпті? Тек жолын көрсетті, не тақырыпқа не жазатыныңды өзің таңдайсың ғой.Ешкім саған мынаны былай жаз, мына теманы орнат демейді ғой.Бәрі де еңбекпен келеді!
Onlasyn
Қосыламын. Аудару көп уақытты алады. Әйтпесе барлығы дайын дүние ғой.
serjan
Бұл қандай движок, доменді, хостингті қайдан алдыңыз. жолын қысқаша айтып жіберсеңіз.
Erbol
Зәмірбек аға Керекинфоның бетінен инвестиция туралы жазбаларыңызды күтеміз. Қалай инвестор болуыға болады, тәуекелдер, қазір мемлекеттік компаниялардың акцияларын қарапайым халыққа сату туралы акция жүргізілмек, соған байланысты кеңестер берсеңіз керемет болушы еді.
Serzha
IPO? сату қашан басталатынын білесің бе?
Zamirka-san
Шынымды айтсам, сол жазғандарымның қайда кеткенін өзім де білмей аң-таң боп жүрмін.Бұл блогыңның ұңқыр-шұңқыры көп екен.Тағы бір тақырып жазам ба сонда, ол да алдындағының кебін киеді ғой,әйтпесе айтар әңгіме көп-ақ…
satibaldi
Өз сайтыма кіргім келмейді.

Лібәәәә, құлақтан кетті нақ)))))))))))
Gastarbaiter
Айнадағы түріне жыны келетіндер бар ғо)))
blackbeard
<a href="http://imagepost.ru/?v=biologia_8_kaz_v_kr.jpg"><img src="http://imagepost.ru/thumbs/b/io/biologia_8_kaz_v_kr.jpg" border="0"></a>

Биолог ұстаздарды қолдау сайты деген жазуды мен ның ортасына қойыңыз!
blackbeard
<a> мен </a> ның ортасына
serjan
А ол бір суреттің коды ғой, ана сөздің қасына қойсам солай болып қалды, кеше соны түзейін деп жатқандла интернет істемей қалды.
patick
Көмектесейін, жекеге жазыңыз
serjan
Хостинг домен алу жағына көмектессеңіз жақсы болар еді.
Serzha
стендалон блог қажет емес
Almasss
Мынау блогты енди корип отырмын) Юкоздан кандай комек керек?