Шыбын қанатындағы дерт пен шипа

Қазір ғой, кеседегі шайыңызға шыбын түсе қалса ойланбай төге саласыз. Тіпті, шыбын ызыңы естілген жердің тамағын ішпей шіренетіндер де бар. Неге? Себебі, біз шыбынның денесінде ауру тудыратын зиянды микробтар болатынын жақсы біліп, содан жиіркенеміз. Оның үстіне молшылықта, тоқшылықта жүрміз. Шыбынға бола шай-суды төге салсаңыз, тамақтанбай бұрылып кетсеңіз, білесіз, қиналмай-ақ басқасын тауып ішіп-жейсіз.

Ал, егер иен дала, қаңсыған құмдағы шөлде қаталап отырып ішпек болған соңғы жұтым суыңызға шыбын түссе қайтер едіңіз? Төге саласыз ба? Әрине, жоқ. Сонда қайтпек керек? Ондай жағдайда жиіркенсеңіз де шыбынды ыдыстағы суға тұтас батырып жіберіп барып алып тастасаңыз дұрыс болады. Себебі, «Егер біріңнің сусыныңа шыбын түссе оны батырып алыңдар. Өйткені, оның бір қанатында індет, ал, екінші қанатында шипа бар» деп сахих хадисте анық айтылады. Ғалымдар жақында осы сахих хадисте айтылған жайтты медициналық тұрғыдан зерттеп, шыбынды сусынға түгел батырудың пайдасын айқындап көріпті.

Әл-Азһар университетіндегі хадис кафедрасының меңгерушісі, доктор Мұхаммед әс-Самаха есімді ғалым осы зерттеу нәтижесін саралаған мақала жазған. Мақалада ұсақ жәндіктерді зерттейтін ғалымдардың ашқан жаңалығы нақты келтірілген. Ғылым тілімен түсіндірсек, төмендегідей. Шыбындардың құрсақ қуысында жасуша түріндегі паразиттер өмір сүреді. Бұл паразиттер өз тіршілігін жалғастыру үшін шыбынның тыныс жолдары арқылы сыртқа шығып тұруы керек. Ал, шыбынды сұйыққа батырып тұншықтырғанда осы жасушалар жарылып, соның ішіндегі нәрселер шыбынның денесіндегі ауру тудыратын микробтардың зиянды әрекетін жояды екен.

Міне, көрдіңіз бе, шыбын екеш, шыбынның өзінің зияны мен пайдасы ltyt бірге жүреді екен. Алла тағаланың барлық жаратылысты тепе-теңдікпен жаратуының күмәнсіздігін осыданақ айқындасақ керекті…

алынған жері
Бөлісу:

5 пікір

Aizhantabyn
buryn estigem… birak, kazir wybyn da tapwy goi :)))
sigma
Шыбын тускен суды шайды төгіп көрмеппін, олжа деп қасықпен алып тастап тарта береміз.
boztorgai
суға тұншықтыру?
аллаааа, неткен жауыздық:)
Dauren
жақсы жазылған екен. Хадисті бұрын естісем де, ғалымдардың зерттеп дәлелдегенінен хабарсыз едім…