Құмырсқалар құдіреті

Сүлеймен пайғамбардың құмырсқамен сөйлескені туралы хикаяны естігенде ақжүрек адамдар: «Несі бар Алла сөйлетем десе құмырсқаны да сөйлете береді» деп күмәнсіз құлшылығын жасап жүре береді. «Құмырсқа сөйлеуші ме еді?» деп әрі-сәрі күйге түсіп, күмәннің кесірінен кеудесі тарылатын пенделер – дінге жеңіл қарайтын немесе дүние ғылы-мына есі кете ғашық болған жаңа қазақтар.
Ақыл деген – денеге егілулі дән,
Суғарылса, кіреді оған да жан.
Ақылдың өсіп-өніп, зораймағы
Көрген-білген нәрседен ғибрат алған.
ШӘКӘРІМ
«Орыс оқудың» әсері өтіп кеткендер Құран хикаяларын күліп отырып тыңдайды. Сондықтан да көңілі соқыр адамдар құмырсқаның тілін түсініп, онымен сөйлеспек тұрмақ, оның саналы тіршілігін де түсіне алмай жынды болады. Шындығында Ұлық Алладан тікелей хабар алып, Тәңірінің нұсқауымен жүріп тұратын жәндіктерге «орыс оқудың» қажеті шамалы. Сенбесеңіз, қазіргі заманның ғалымдары жылдар бойы зерттеп, ерінбей тапқан аз-маз шындықты әңгімелеп көрелік.
Ғалымдар құмырсқалардың ұйымдасып жұмыс жасау құпиясын түсіне алмай діңкелейді. Өте күрделі жұмыс атқаратын жәндіктер бойына туа біткен инстинкті реакциямен тіршілік кешеді дегенге бұл күні біз түгілі олардың өздері де сенгісі келмейді. Ғалымдар олардың жұмылып жұмыс жасау барысында аса қажетті ақпаратты қайдан алып, қалай оны бір-біріне тілсіз таратып отыратынын таба алмайды. Ашылмай тұрған ең үлкен құпия – ғылыммен жасалатын жұмыстарды іске асырғанда ақыл-ой, интеллектіні қайдан алады? Ақпарат қоймасы құмырсқаның қай жерінде сақталады? Cебебі оның жүйке талшықтары тым жіңішке һәм өте нәзік.
Құмырсқалар қауымы жалпыға бірдей қатаң тәртіпке түгелдей бағынышты. Қауымдағы әр бір мүшенің өзіне тиесілі міндеті бар. Аса жауапты міндеттермен ұйымдасқан жәндіктер кез-келген көңіл-күйді сезініп, жұмыс барысында аянбай еңбек етуден ешқашан қашпайды. Жай ғана жыбырлап жүріп, не болса соны кеміріп жеп, басы ауған жаққа қаңғып жүре беретін көп жәндіктің бірі болса құмырсқа тіршілігіне ешкім де қызықпас еді. Гәп сонда – бұл жәндік алдына мақсат қойып, жоспармен жұмыс жасағанда алдына жан салмайды. Мысалы, құмырсқаның адам секілді қолға үйретілген «жуас үй жануарлары» болады. Оларды «құмырсқа сиыры» деп атайды. Орыстар «тлей» дейді. Асыранды «мини сиырлардың» денесінен тәп-тәтті шырын бөлінеді. Сол шырынды құмырсқалар негізгі ас-сусын ретінде ішіп, рақаттанып, мас болып жүреді. Сиырларды асырау үшін адам секілді олар да бақташы жасақтайды. Олар сиырды уақытымен тойдырып, сауып, бөпелерін тап-таза ас-ауқатпен асырайды. Сиырлардың емін-еркін жайылуына, өсіп-өнуіне кепілдік беретін құмырсқалар ішінен күзетшілер, қорғаушылар тобы іріктеледі. Жайылып жүрген тлейлерге тентек жәндік тиісетін болса, қарауыл құмырсқалар қырғын төбелесті бастап кеп жіберуге әмәнда дайын. Бақташылар міндеті тлейлерге құнарлы «жайылым жер» тауып беріп, жаз жайлауға, қыс қыстауға көшіп-қонуын қамтамасыз етеді. Шаңқай түс болып, күн ысығанда оларға шөп-шаламнан қалқа құрастырып, көлеңке жасайды. Қар түсіп, күн суытса, ұрғашы сиырларды жып-жылы, құп-құрғақ мекен-жайға жайғастырады. Құмырсқалардың дені сау болып, ұрпағы жақсы дамуы үшін сиырдың баппен күтілімі ауадай қажет. «Сиыры» семіз болса, құмырсқа да күйлі. Сондықтан өз бетінше өсіп-өнетін «сиырға» қарағанда құмырсқалардың қарауында өскен тлей өте тез, әрі аман-сау көбейеді. Сондықтан тлей құмырсқадан қожайын тапса, бала-шағасына дейін шаттанысып, қуанады.
Құмырсқалар шашылып қалған шөп-шалам мен дәнді дақылдың бәрін ұқыппен жинап, ұясындағы құрғақ қоймаға әкеліп сақтайды. Қоймадағы қызметшілер даладан жиылған әр алуан дәнек, шопақты тазалап, сұрыптайды. Жиналған астықты жемес бұрын қауызынан аршып, тазартып, ұн қылып ұнтақтайды. Біздіңше айтқанда диірменге тарттырады. Дастарханға жауапты аспазшы құмырсқалар ұнтақ ұнды сілекей суларына араластырып, қамыр илеп, быламық жасап, құндақта жатқан «бөпелердің» ауызына апарып салады. Сондықтан тіршілік кепілі болған дәнді ұзақ мерзімге дұрыс сақтау үшін жанкешті еңбек етеді. Нөсер жауыннан соң «ас-ауқаттары» дымқыл тартып қалса дереу оларды далаға шығарып, кептіріп, құрғатып, ішке қайта тасиды.
Амазонкадағы құмырсқалар жемтік іздеп, «аңға» шыққанда алғашқы қауымдағы жабайы адам-дардың дәу мамонтты жарға жығып, жабылып жәукемдегенін еске салады. Бұл жәндіктер дене тұрқы өздерінен екі-үш есе үлкен жәндікті қулыққа құрылған айла-тәсілімен оп-оңай қолға түсіреді. Үлкен-үлкен өсімдік жапырағының талшықтарын қиып алып, олардан іші қуыс кішкене үйшік жасайды. Үйшікті құрастырып болған соң ішіне көп жауынгер жасырынып жатып алады. Бірнеше ұсақ құмырсқа басын ғана қылтитып, жемтігін шақырады. Әлгі жердегі өсімдіктің шырынына жиналған ара, шегіртке немесе қоңыз ол үйшікті өсімдіктің жапырағы немесе сабағы деп ойлайды. Олжасын күтіп отырған құмырсқалар ұйымдасқан түрде қорегіне күтпеген жерден тарпа бас салады. Мұндай шапшаң шабуыл күтпеген қоңыз, шегіртке, дәуіт не болғанын түсінбей, тапырақтап қалады. Сол сәтті күтіп жатқан жауынгерлер жан-жақтан лап береді. Біреуі тобықтан, біреуі бақайдан, енді біреуі кеудеден келіп қайшы тісті шақырлатып салғанда, дөңкиіп тұрған қоңыз, шегірткең шатқалақтап қалады. Көзі қарауытып, есеңгіреп қалған бейшара жәндік денесін ұйытып, дызылдатып бара жатқан құмырсқа уына шыдай алмай, ақыры «гүрс» етіп құлайды. Көзді ашып-жұмғанша жүздеген «мини жыртқыш» дөңкиіп жатқан «бақытсыз» жәндікті жіліктеп, турап, осып, қидалап, боршалап, әп-сәтте түгін қалдырмай тасып әкетеді. Жоғарыда баяндалған жәндікке арналған әдіс сізге бір кездері Троя шаһарының түбіне жететін Пасейдонға арналған үлкен ағаш ат секілді елестеуі мүмкін. Бірақ құмырсқаның адамнан ақыл сұрамайтыны анық. Олай болса құмырсқаға бұл тәсілді үйреткен бір Құдіреттің барына таңғалмасқа шараң жоқ.
Тағы бір таңғаларлық жайт, амазон-калық құмырсқалардың басқа бір түрі. Амазонка ормандарында әр жерде жеке дара сойдиып тұрған биік бәйтерек кездеседі. Бірақ амазонканың жабайы тайпалары бұндай ағаштарды «шайтанның бау-бақшасы» деп атаған. Себебі бұл ағаштың маңайында орманның жын-перілері мекендейді деп ойлайды. Зайырлы елдің биолог, ботаниктері амазонка ормандарын зерттеп жүріп, әншейінде ит тұмсығы батпайтын ну орманда жеке-дара жайқалып тұрған дарақты көріп, таң қалады. Зерттеп көрсе, мұның құпиясы құмырсқада екен. Жалғыз ағаштың діңінде өмір сүретін құмырсқалар империясы айналасында қылтиып шығып келе жатқан басқа ағаштың көшеттерін у шашып, жөргегінде «буындырып өлтіреді». Ғалымдар бұл кереметті зерттемек үшін «шайтан ағашының» жанына әртүрлі талдың дәнін шашып, егіп шығады. Бар-жоғы бір тәуліктің ішінде құмырсқалар әскері тиген жерін күйдіріп, ойып түсетін өткір қышқылдарымен төбесі қылтиып, көгере бастаған балғын көшеттерді тып-тыйпыл жойып жіберді. Басқа алқапқа егілген көшеттер еш кедергісіз өсіп-өніп, жайқалып кете берді. Мұның себебін ғалымдар былай түсіндіреді. «Құмырсқалар өздері мекен етіп отырған ағашқа өзге дарақтар бақта-лас болмас үшін бөтен көшеттерді әлсіз кезінде аяусыз құртып отырады». Жунглидегі ең ежелгі, ең кәрі «шайтан ағашының» жасы сегіз жүз жылдан асып кеткен. Жыл сайын жаңарып отыратын құмырсқалар қауымы мың жыл бұрын ата қоныстарына айналған берекелі бәйтеректі жекеменшігіне айналдырып алған десе де болады.
Енді егінші құмырсқалар қауы-мының қызығына қанығалық. «Агро-ном» құмырсқалар құрамында калориясы өте жоғары белогы бар саңырауқұлақтың тұтас бір план-тациясын ұстайды. Бұл егінді өсіру үшін құмырсақалар ең бірінші талдың жапырағын турап, кесіп, бөлшектеп үйлеріне тасып алады. Бірақ жапырақты жемейді. Олардың асқазаны саңырауқұлақ жегенде ғана жұбанады. Сондықтан жер асты мекендерінде саңырауқұлақ плантациялары міндетті түрде жайқалып тұруы керек. Құдай сақтасын, алда-жалда жер астында жұт болып, егін шықпай қалса, барлық қауым үрім-бұтақ, зәузәт-жұрағатымен аштан қатады. Саңырауқұлақ өсетін құнарлы топырақты қолға түсіру оңай емес. Оның құнары мен құрамын реттеу үшін талдың төбесіне шығып, бұтақ, сабақтың арасында жүгіріп жүріп, жасыл жапырақты қырқып, төменге тасып алады. Жұмысшылар жағы талғанша жапырақ қидалап, турап, шайнап, майдалаған соң оларды өздерінің қи-нәжісіне араластырып илейді. Тыңайтқыштың иі қанған соң оған егін еге беруге болады. Әдетте бір жерге бидай, күріш, қауын, қарбыз қайта-қайта егіле берсе, топырақ эрозияға ұшырап, құнары құриды. Мұнда да дәл солай. Сол үшін жасыл плантацияны үнемі жаңартып отыруға тура келеді. Жаңа мекендегі плантацияның топырағы әбден дайын болғанда күллі қауымды басқарып отырған аналық құмырсқа саңырауқұлақтың тұқымын ұртына салып алып, шалқар көшті бастап, жер үстіне шығады. Көш көлікті болып, діттеген жерге келген соң, жаңа үйдегі жас плантацияға жас тұқым себіледі. Осылайша егіннің жаңа маусымы басталады. Бірақ мұнымен шаруа бітпейді. Еккен егінді зиянкестерден сақтап, қорғау керек. Әдетте кезкелген қолда өсетін егіннің өнімі оның даладағы жабайы түрінің өніміне қарағанда әлдеқайда көп болады. Есесіне жабайы егіннің жаулары аз болады да, керісінше қолда өсетін егінге құрт-құмырсқа, зиянкес, бактерия үйір болады. Адамдар өздерін бес мың жылдық өркениет тарихында егінін зиянкестен сақтау үшін неше түрлі айла-тәсіл ойлап тапты. Қазір де егінге арнайы дәрі шашып, күтіп отырмасаң күз келгенде банкрот болып, топырақтан картошка емес, қоңыз теріп кетуің демде. Ендеше арнайы егін егіп қана күн көретін құмырсқа зиянкестен қалай сақтанады? Таң қалатын түгі де жоқ. Олар егінін адамнан артық қориды. Әдетте саңырауқұлақтың қас жауы – аскомицетті паразиттер. Бұлар жайқалып тұрған плантацияға түсетін болса, аз ғана уақыт ішінде ас-ауқатты көгертіп, шірітіп, бұзып, айнытып жібереді. Бірақ құмырсқа да қарап жатпайды. Олар егіс алқабын ары-бері кезіп, жалқауланбай жіті бақылап, жүгіріп жүреді. Жылт еткен паразит тұқымын байқай қалса, сол арада шапшаң шара қолданып, «оңбағанның» тұқымын тұздай құртады. Американдық ғалымдар ерен еңбекпен осы құмырсқалардың зиянды паразитке қарсы қолданатын дәрісін зерттеп тапты. Жер астындағы супер агрономдар асқан ұқыптылықпен жасалған өте күшті антибиотикті пайдаланады. Ең қызығы, бұл дәрі зиянды паразитті ғана өлтіреді, ал саңырауқұлақ көшетіне еш залалы жоқ. Аналық құмырсқа плантация ауыстырып көшкен кезде дәрінің бактерияларын ауызға салып, тастамай алып жүретін болды. Әлбетте көптеген паразит улы дәріге үйреніп алған соң оған екінші мәрте уланып өлмейтін өнер ойлап табады. Бірақ құмырсқа да дәрісін жаңалап, жетілдіріп, құрамын ауыстырып, ата жауына сайланып дайын отырады. Әрбір қауым пайдалы бактерияның бірнеше түрін дайындап, қорда ұстайды. Зиянды паразит бірінші дәріге өлмей қалып, ары қарай егінді қиратып бара жатса, екінші түрін дереу қарсы қолдана қояды.жалғасы бар
Бөлісу:

13 пікір

KILYZAMAN
Қыстан шыққанда ешкімнің де жағдайы мәз болмайды. Бұл енді жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағы. Күн әлі салқын, жаңбыр тоқтамаған, тамақ азайған, қуат кеміген, қарттары қалжыраған, орта буын әлсіреген деген секілді. Үйлері жер астында болған соң сіресіп жатқан суық тоң бұларды тоңдырмай қоймайды. Тоң жібігенше жылыну керек-ақ. Күн тас төбеге шығып, әбден қызғанда құмырсқалар жаппай далаға шығып, күн ваннасын қабылдайды. Әп-сәтте құмырсқа денесі 10-15 градусқа жылынып шыға келеді. Мыңдаған жәндік бір уақытта есік алдында қыздырынып, ішке қайта кіргенде жер асты мекені кәдімгідей жылынып, рақат болып қалады.
Енді ең жойқын, ең жыртқыш, ең қауіпті құмырсқалар қауымына кезек берсек. Африканың ит тұмсығы батпайтын ну ормандарында қаптаған құмырсқа өмір сүреді. Құжынаған бұл көшпелі қауым араға 23 күн салып, бір орыннан екінші мекенге ұдайы көшіп-қонып өмір сүреді. Әрбір қауымда анау-мынау емес, 20 миллион құмырсқа тұрақты түрде еңбек етіп, тіршілік кешеді. Олардың саны Қазақстан ел-жұртынан үш миллионға көп деген сөз. Бұл жәндіктерді «эволюциялық жолмен өсіп-өніп, балшықтағы былжыраған балдырдан өніп шығып, дами келе осындай құдіретті жағдайға жетті» деп есі дұрыс адам айта алмас, сірә. Асып туған атеист ғалымдардың өзі бұлардың жынысы мен дене құрылымын көргенде еріксіз ойланар еді. Себебі мұншама көп құмырсқаны туып, өмірге әкеліп отыратын аналық құмырсқа бүкіл қауымда жалғыз болады. Яғни 20 млн-ға бір ғана шеше. Оның үлкендігі – 5 см. Ол – қауымдағы, қала берді Жер планетасындағы ең үлкен құмырсқа. Ол – империяның анасы, патшасы, ханшасы, егесі, құдіретті қожайыны. Бұл империяда әлеуметтік дәрежесі жағынан екінші сатыда солдат құмырсқалар тұрады. Құжынаған қауым ары-бері көшкенде жол қауіпсіздігіне жауап беретіндер – дәл осы сайыпқыран сарбаздар. Олардың ірілігі шамамен бір сантиметр, басқа апа-сіңлілерімен салыстырғанда ірі һәм мығым жаратылған. Апа-сіңлі дейтіні – бұлар түгелге жуық ұрғашы жынысты. Бірақ бәрі бірдей бала таппайтын бедеу. Аса зор денелі анасынан басқасына құрсақ көтеріп, ұрпақ жалғастыруға Ұлық Алла тарапынан рұқсат жоқ. Қатал тәртіппен өмір сүретін бұл қауымда әлеуметтік мәртебесі жағынан үшінші орында тұрғандар – жұмысшылар. Олар тамақ іздеп, ас-ауқат тасумен ғана қарбалас болып жүгіріп жүреді. Жұмысшы құмырсқа дене жаратылысы жағынан солдаттардың белінен ғана келеді. Бұлар шағын денелі болғандықтан қара жұмысқа өте бейім, сондықтан жер қазып, жол салғанда, жолда кездескен жәндіктерді жұлмалағанда өте жойқын әрі батыл қимылдайды. Олардың жолында кездейсоқ кездесіп қалған жәндікке аман-есен құтылып шығу деген қиял ғана. Себебі бір ғана құмырсқа етегіне жармасса, ең ірі де-ген жәндіктің өзі сол арада арпалысып, амалсыз жан тапсыруға мәжбүр. Қатты қанаты бар қара қоңыздың өзі сәл кешіксе аспанға ұшып үлгермейді. Көзді ашып-жұмғанша тамақ та-былған жерге жүз мың құмырсқа қаптап кетеді. Жүздеген құмырсқа жармасқан жерінен тістеп, жан-жаққа тартқылағанда шегіртке, қоңыз, ұлу, дәуіт, көбелек, бұзаубас, шаян секілді жәндіктерің тірідей парша-паршасы шығып, түтіліп, сол заматта шашылып кетеді. Үлкен талдың қуыстарына ұя салып, жұмыртқа туып, балапан басып отырған құстардың өзі ошарыла көшіп келе жатқан бұл қауымды көргенде Құдайына сыйынып, зәрелері қалмай қалтырап, әрең отырады. Алда-жалда барлаушы құмырсқалар құстың ұясын тауып алып, ішіне баса көктеп кірер болса, бұл құстар үшін бос кеткен қаралы жыл болып саналады. Себебі санаулы сағаттан соң ауыр азаппен толғатып жүріп туып алған жұмыртқадан да, балапаннан да ешқандай белгі қалмайды.
Көшпелі армияның ең алдында «барлаушылар» болады. Олар жол кезіп, алдағы күндері көшіп баратын жердің жер-су жағдайын зерттеп қайтады. Ең қызығы, бұл құмырсқаның бәрі түгелдей соқыр. Оларда көз деген атымен болмайды. Есесіне қазандай басы бар. Бірақ бұл бастың ішінде 1 миллиграмм да ми жоқ. Басының іші айқыш-ұйқыш тартылған қатты сымдай, ары-бері керілген бұлшық еттер. Сым арқандай тартылып тұрған бұлшық еттің себебінен олардың жақ сүйегі тістеген жерін айырып, жұлып түсетін күшті болады. Ін қазып, топырақ тасығанда бір қауым құмырсқа бір тәулікте 36кг кесекті қидалап, сыртқа шығарып тастайды.
Бұлар соқыр болса, баста ми болмаса, құлақ туралы айтпай-ақ қойсақ та болады. Сонда бұл 20 млн тайпалас бірін-бірі қалай тауып, қалай келісіп жұмыс жасайды? Бір қарағанда мұншама көп санды құмырсқа қопарылып көшкенде жол-дан адасып, шатасып, бірін-бірі таптап, майдаларын мыжып кетуі тиіс еді. Алайда Ұлық Алла оларға ерекше ғылым берген. 20 млн құмырсқа өзен құсап жөңкілгенде, әркім өзіне тиісті жұмысты қатесіз атқарыып тұрады. Әсіресе көш қозғалып, жылдам жүріп жатқанда сарбаздар канал секілді қазылған шұңқыр жолдың екі шетінде кірпік қақпай күзетіп тұрады. Қара ниет құстар төбеден ұшып келіп ешкімді іліп кетпеуі тиіс. Ал ортада бала бағушылар мен жұмысшылар құндақталған бөпе-лерін және жол бойы қаужап отыратын ас-ауқатты төкпей-шашпай тасып өтуі керек. Егер олжалаған жем, құрт, шаян, қоңыздары көлемді, ірі, ауыр болса, бірнешеуі жабылып көтереді. Шаршағанын сол заматта тың біреуі ауыстыра қояды. Бұлар 23 күннің ішінде жаңа жерге көшіп барып, жайғасып алуы тиіс. Өйтпесе жаңадан туылып, «империяның» қуатын арттырғалы тұрған «бесіктегі» 4 млн ұрпақ аштан қырылады. Жуық арада жайғаса қоятын үлкен үңгір, не болмаса қурап құлаған ағаштың құрғақ қуысы кездеспесе де ешқайсысы абдырап саспайды. Ешкім басқарып, айғайлап, бұйырып тұрмаса да құжынаған қыйсапсыз құмырсқа ғажайып бір ғылымның күшімен ауыз-ындағы тістеуік қысқашы арқылы бір-біріне ілініп, жалғанып, тоқыла бастайды. Екі сағаттың шамасында аспанда люстра секілді салбыраған таңғажайып үй пайда болады. Бұл аспалы үйдің ішінде әрбір бала бағатын құмырсқаға арналған камера бар. Ең үлкен рақат бөлме – патшайымдікі. Ол ең жылы, ең қауіпсіз, ең кең, ең жайлы камерада түнеп шығады. Барлық камера, бөлме жалғыз ғана дәлізбен байланысып жатыр. Еш жерде аспалы үй соғудың оқуын оқымаған, су қараңғы соқыр, ұрғашы жыныстан ғана жаратылған, түгелдей мылқау, саңырау бір қарағанда ішіп-жеп, қарын тойдырудан басқаны білмеуге тиіс жабайы жәндіктер қандай Құдіреттің күшімен осыншама ақылға сыймас күрделі жұмысты атқарып кете алады?
Бұл да әлі онша емес. Бұл жыл-жымалы империя мекен ауыстырып көшкенде кішігірім өзен-көлшік оларға кәдімгідей кедергі болады. Әрине, ол су адам үшін түк те емес. Тік жүретін екі аяқтылар ондай судан оп-оңай аттап өте салады. Ал құмырсқа үшін ол су өткел бермес нағыз дария, түбі жоқ терең теңіз десе де болады. Алайда ақылды жәндіктер оны да Ұлық Алланың Құдірет күшімен өте шебер шешеді. Жөңкіліп келе жатқан қалың қауым суға тірелгенде, алдыңғы қатарға соқталдай сарбаздар суырылып шыға бастайды. Әне-міне дегенше олар ауыздарына бір-бір жапырақтан тістеп алып, су бетіне тастай береді. Тағы да бір-бірінің қолынан, аяғынан, мұртынан қысқаштарымен тістей байланысып, су бетінде қалқып тұратын көпір жасайды. Дем арасында екі құрылықты жалғап тұрған ғажайып көпір де дайын болады. Жапыраққа табан тіреген солдаттар ортасы ойық, керемет сәнді көпір тоқып шығады. Империяның барлық мүшесі түгел өтіп болғанша бұл «тірі көпір» мызғымастан тұра береді. Қауымның ең соңғы мүшесі аман-есен өтіп болысымен «тірі көпір» тез-тез ағытылып, бір-бірінен ажырап, қайтадан сап түзеп, кете береді.
Құмырсқалар империясында ең статусы төмені – бала бағушылар. Олар таңның атысы, күннің батысы аналық патшаның жатырынан тоқтаусыз туылып жатқан шақалақ тұқымдарды мәпелеп, аялап, жылы орынға жайғастырумен әуре. Ұлық патшайым ұзынынан созыла жатып, бала туумен ғана айналысады. Күтушілер оның ауызына тамақ тосып, тапқан таянғанын Ұлы ананың таңдайына тамызудан жалықпайды. Осы арада заңды бір сұрақ туады. Қауымда құжынаған құмырсқаның бәрі түгелдей ұрғашы болса, аналық патшамыз еркек жынысты құмырсқасыз қалайша ұрықтанып, ұрпақ шашады? Бұл да Құдай құдіретімен ғана іске асатын ғажайып құбылыс. Аналық патшамыз нәпсісі ойанып, зауқы артып, ұрықтанып, ұрпақ шашқысы келсе, тұла бойынан еркек құмырсқаны еліттіріп қоятын жұпар иіс шығарады. Орманға тарап бастаған бұл иістің молекуласы өте аз. Бір текшеметр ауада ары кеткенде бес-ақ молекула ұшып жүреді. Бірақ осының өзі джунглидің екінші бір алқабында аналықты «аңсап» жатқан еркек құмырсқаның нәпсісін оятуға жетіп жатыр. Аталық құмырсқа да дәл аналығы секілді өте көлемді, бірақ арқасында ұшуға жарамайтын, тек «сән» үшін ғана жаратылған үлкен төрт қанаты бар. Хош иісті қуалап отырып, «күйеу бала» өзін «сағынып» жатқан патшайымға да келіп жетеді. Бірақ күзетшілер оны бірден ішке кіргізе салмайды. Әуелі оның тұла бойын жақсылап тінтіп тексереді. Қауіпті ештеңе жоғына көзі әбден жеткенше бірнеше мәрте денесін иіскелеп, сүзіп шығады. Алыстан арнайы іздеп келген «күйеу бала» не болмаса болашақ құмырсқалар әкесінің қандай да бір қылығы не болмаса басқа бір қимылы ұнамай қалса, күзетшілер оны табан астында талап, турап, қидалап, өлтіріп тастайды. Тексеру аяқталғанша «күйеу бала» тырп етпей қимылсыз тұруға міндетті. Тінту біткен соң, оның қанатының бәрін тістеп, қиып алып тастайды. Содан кейін ғана ол патшайым жатқан жатын бөлмеге жол тартады. Бірақ күйеу бала неке «қызығын» ұзақ көріп, рахаттана алмайды. Себебі ұрықтану процесі бітісімен сол жерде ажал тауып, жарық дүниемен хош айтысады. Осы болар болмас ұрықтану процесінің өзі аналықты толық қанағаттандырады. Бұдан соң қауымдағы жалғыз Ұлы ана айына екі миллион құмырсқаны қиналмай туа алады.
konvict
Осыны постыңа қоссаң мықты болар еді. Сосын жарнама ретінде кішкене ғана кәмент тастай сал
KILYZAMAN
Бір қарағанда өте қорқынышты көрінгенімен, ормандағы адамдар бұларды өте жақсы көреді. Себебі көшпелі құмырсқа адамдардың бау-бақшасында еркінсіп, дәнді-дақылды ойрандап жүрген зиянды жәндіктің бәрін жылан жалағандай қылып әп-сәтте жеп тауысып кетеді. Олар бір айдың ішінде бір футбол алаңындай жердегі жәндікті түгелдей теріп жеп, ада қылады. Жүріп өткен жайлауына екінші мәрте қайта айналып соққанша адамдардың да бау-бақшасы жайқалып, көкөніс тамырлары жуандап қалады.
Жалпы Ұлық Алла барлық нәрсені өз орынымен, есеппен жаратқан ғой. Бұл құмырсқалар болмаса Африкадағы жунглидің өзі жойылып кету қаупі бар. Себебі, оларсыз зиянды жәндіктер тоқтаусыз өсіп-өніп көбейіп, бүкіл ормандағы талдың тамыры мен жапырағын кеміріп тастар еді. Сондықтан «көшпенділер» жорыққа шығып, олжа іздегенде төбесі көк тіреген алып бәйтеректер оларға «хош келдіңдер, бауырлар» деп, қуанысып тұрады. Осылайша жунглидегі табиғи тепе-теңдік сақталып, ормандағы тіршілік құлпырып тұрады.
Құмырсқаның кереметі айта берсе таусылмайды. Бұлардың нендей логикаға сүйеніп жұмыс жасап жүргенін ешкім түсініп те, түсіндіріп те бере алмайды. От басы, ошақ қасына азық арқалап келе жатқан жәндіктің жүретін жолды қалай таңдап, қалай ұясына адаспай оралатынын ұқпайсың. Қалай болса солай, қисық бұраңдаған жолдармен жыбырлай береді. Бір қарағанда басы ауған жаққа қаңғып бара жатқан секілді көрінетін сабазың сәлден соң іннің ауызына дәл келеді. Енді осыншама күрделі жұмыстарды өте сауатты һәм сапалы атқарып жүрген «еңбек ерлері» оқу-тоқуды, жоспарды, ақпаратты кімнен және қалай алады? Олардың осыншама көптігіне қарамастан қауым ішінде басқаларға ақыл айтып, жол көрсетіп, жөн сілтеп отырған «орталық миы» жоқ. Араларында ақылы асқан оқымысты кемеңгер, көп жасаған тәжірибелі қарт құмырсқа болмаса да олар тамақтың тазасын тауып, бактерияның керегін өндіріп, қауіпті дұшпанын жазбай танып, олармен стратегиялық соғыс қимылдарын жүргізуге қабілетті. «Кез-келген құмырсқаның анатомиясын алып зерттесең» – дейді ғалымдар, – олардың бір де біреуінің басында мұншама көп ақпаратты сыйғызатын ми жоқ. Құмырсқаның жүйке жүйесінің физикалық көлемі өте-мөте кішкентай. Ал тіршілікте қолданып жүрген оқу, айла, өнер, білімі шамадан тыс көп.
Құмырсқалар өмір сүру үшін тұратын талдың түрін, қазатын жердің қалыңдығын, өсіретін саңырауқұлақтың сортын, дала мен іштің температурасын дәл өлшеп, дәл білуі керек. Бұдан бөлек миллиондаған жұмысшылардың істеген жұмысын тексеріп, бақылап отыру үшін де кәдімгідей ғылым қажет. Бұл жерде бұрыннан келе жатқан «бұл инстинкті реакция» деп басталатын жалтарма жауап қанағат бермейді. Жәндік туылып, не болса соны жеп, біреуден қашып құтылу үшін оған инстинкт сезімі көмектеседі деу күлкі шақырады. Тіпті сол инстинкт деген сөздің өзі түсініксіз, бұлыңғыр нәрсе. Және бұл өтірік жауапты жеке-жеке өмір сүретін жәндік сезімдерін түсіндіргенде қолданады. Ал бұр арада миллиондаған аталастар ұйымдасып өмір сүреді. Келешектегі тіршілік қамы түгел мақсатты, жоспарлы түрде ғана іске асады. Өткен сандағы мақаламызда айтқан, сиыр бағатын бір ғана құмырсқаның білімін санамалап көрелік. Сиырларды таңертең өріске айдап шығу үшін ең әуелі «шөбі шүйгін» өсімдікті тамағы таусылған тақыр бұтақтан ажырата алатын ілім қажет. Сосын «өрістегі малына» шабатын зиянкес жәндік түрін бір-бірінен ажыратып, әрқайсысына әр түрлі қорғаныс және шабуыл түрін қолдану керек. «Сиырлардың» шырын беретін ұрғашыларын жазбай танып, қыстың күні оларды өлтіріп алмай, көктемге дейін жету үшін күтім, бағым білімін игеруге міндетті. Енді осы жұмыстың бәрін миллиондаған құмырсқаға сағатпен бөліп, кімнің не нәрсеге жауапты екенін қай кезде, кімді кім ауыстырып отыратынын, шаршағандар қайда барып дем алатынын реттеу үшін тағы да қосымша ғылым қажет. Жұмыртқаны жаңа ғана жарып шыққан сәби быжынаған құмырсқалардың ішінде не істерін білмей, абдырып тұрып қалуы керек емес пе? Қашан, қай жерден, қай тұстан, кімнің бөліміне барып, ұжымға қосылып кете алады? Өз міндеті мен кәсібін кімнен сұрап біледі? Бұл жерде ешқандай инстинкт сезімі көмектесе алмайды. Тіпті сол «құндақтан» шыққан құмырсқаны ең ақылды мақұлық — адам ұрпағы асырап алып, алдын-ала үйретіп, оқытса да дәл осындай жұмысты жасай алмас еді. Тіпті осы құмырсқалар өмірін таңның атысы, күннің батысы тынбай зерттеп жүрген ғалымдардың өзі соқыр сезімнің дәл мұндай шиеленіскен шаруаларды оқу-тоқу, білімсіз жасау мүмкін емес деп еріксіз мойындайды. Бұлардың бүкіл өмірі саналы тіршілік иесінің әрекетіне анық ұқсайды. Ал ойланып барып іс жасайтын саналы жәндік дейін десең, қисапсыз ақпаратты өшірмей сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа мирас қылып беріп отыратын миы жоқ. Кейбір зерттеушілер құмырсқаның нерв жүйесі шамамен ары кетсе 500 мың нейронды сыйғыза алады дейді. Салыстырып қараңыз, біздің миымызда 100 миллиард нейрон клеткасы ұйысып тұр. Санаулы ғана нейронмен жүрген құмырсқа адам ғана жасай алатын жұмысты мисыз қалай жасап жүр? Ғалымдар осы араға келгенде тұйыққа тіреледі. Мүмкін, – дейді ғалымдар, – бүкіл ақпаратты майдалап бөліп, ұсақтап, басқалардың басына шақтап қана таратып беріп, сол арқылы күллі қауымды басқарып отыратын бір ғана супер ми бар шығар, – дейді. Бірақ соның өзінде мың миллион құмырсқаға ақпаратты алыстан сымсыз жеткізіп беріп отыратын ілімі күшті орталық тұрақты түрде бір жерде жылжымай әрі ұзақ мерзім өлмей өмір сүруі керек емес пе? Белгілі бір білімді, өнерді, кәсіпті, ақпаратты, жоспарды жадына жаттап алып, мақсатты түрде кетіп бара жатқан жұмысшы құмырсқа жарты жолда өзінен күшті жыртқыштың қолынан қаза тауып, не болмаса құстың тұмсығына ілініп кетті делік. Енді оның өзімен бірге келмеске кеткен аса құнды ақпаратты артындағы ұрпағы қалпына қалай келтіреді? Тіпті бәрі аман болды деген күннің өзінде қартайып өлген қарт құмырсқаның білім тәжірибесін әріп танымайтын жәндік қалай алып, қалай сақтап қалады? Себебі жаңа туған жас ұрпаққа арнайы мектеп ашып, дәріс оқып, ғылым үйретіп жатқан мұғалім құмырсқа жоқ қой? «Құмырсқалар ақпаратты қай жерінде сақтайды және оны қалай алысқа таратып беріп жүр?» деген сұраққа дарвинист ғалымдар былай деп қана жалтара жауап береді: «Әлі де техниканың күші әлсіз болып тұр. Техника ғылымы тағы да дамыса, құмырсқаның ақпаратты қайдан алып, қалай таратып, қалай қабылдап алып жатқанын көрсетіп бере алатын құрал-сайман да табылып қалар» деп өздерін де, бізді де өтірік жұбатады. Мұсылманның бұған беретін жауабы былай болса керек. Жер планетасының орман-тоғайларында миллиардтап өмір сүріп жатқан құмырсқалардың жалпы санының биомассасы адамдардың биомассасына тепе-тең. Осынша есепсіз, қисапсыз құмырсқаны миллиондаған жылдан бері ерінбей-жалықпай оқытып, тоқытып, асырап, оларға дәріс беріп, өмір сүруді үйретіп келе жатқан – Ұлы Жаратушы Ұлық Алла тағала. Ұлық Алланың шексіз мейірім-шапағатымен құмырсқалар 300 миллион жылдан бері аман-сау тіршілігін жасап келе жатыр. Оның телегей-теңіз ілімінің арқасында бұл жәндіктер соқыр, саңырау, мылқау болса да өркениетті өмір сүреді. Құдіретті Алла тағала оларды өзі оқытып, өзі басқарып отырғандықтан, бұларға адам секілді қағаз жасап, мектеп ашып, жазу үйреніп, техника ойлап тауып қажеті жоқ. Құмырсқа тіршілігінен ғибрат алып, ұлық Алланың рухани іліміне ден қойған кез-келген адам құмырсқа секілді ілімді Ұлық Алланың Өзінен тікелей үйреніп, данышпан әулиеге айналады. Оны Исламда «ғилм ләдун» дейді, бұл Ұлық Алладан пендесіне тікелей берілетін ілім дегенді білдіреді. Оған дәлел хазреті Мұхаммед с.ғ.у.-нің тұлғасы, өмірі, жасаған жұмысы, қалдырған рухани мирасы. Хазреті пайғамбар ешқашан мектепке барып, ұстаз алдында отырып сауат ашпаған. Қолына қалам алып, жазу жазып көрмеген. Өмірінде бірде-бір кітаптың бетін ашып, парақтап оқымаған. Сөйте тұра, Ұлық Алладан ғажайып ілім үйреніп, жалғыз өзі Ислам өркениетін дүниеге келтірді. Университеттер мен академияларда кітап атаулыны кеміріп, оқымысты атанған ғалымдар оқу оқымаған пайғамбардың жалғыз өзі «ләдун ілімінің» күшімен жасап берген Ислам өркениетінің кішкентай ғана кезеңін үзіп алып, ғылыми тақырып қылып зерттегенде төрт-бес кітап жазуға әзер шамасы жетеді. Соның өзінде өзі зерттеп, өзі жазған еңбегін өздерінің бел баласы қызығып оқымайды да, тұрмысында тұтынбайды да. «Қағаз-қаламға ден қойып, мектеп оқып, ағылшын, қытай, компьютер тілін меңгеру ғана адамның көзін ашады» – деп зайырлы ғылымға көзсіз табынған адамдар ең соңғы супер техника аппараттарын арқалап жүріп, қарапайым шындықтың сырын таба алмай, жынды болуға айналған ғалымдар секілді неше түрлі күлкілі гипотезаға еріксіз сенеді. Сол сенімдері Ұлық Алланың тегін ілімінен мақұрым қалдырады.
Санжар Керімбай,
Дінтанушы
алынған жерін ұмытыптым
sammita
ұмытыптым
:))))))))
Ojdan
KILYZAMAN, ренжіме Құмырқалар туралы дастан жазыпжатсын ба?)
KILYZAMAN
Жоқ. Керемет мақала болған соң, түйіншегімнен шығарып бөлісіп жатырмын. Қайдан алғанымды ұмытыптым.
sammita
Мынау біздің үстелден:)))
СҮЛЕЙМЕН ПАЙҒАМБАРДЫ ЕСКЕ АЛУ немесе құмырсқа патшасын суретке түсіру рәсімі
Сонда (Сүлеймен Ғ.С) құмырсқаның сөзінен жымиып күлді де:
«Раббым, маған және әке-шешеме мәрхамет еткен игіліктеріңе
шүкір етуімді әрі өзің разы болатын іс істеуімді нәсіп ет те,
өз мәрхаметіңмен ізгі құлдарыңның арасына кіргіз», ─ деді.
«Құран». Нәміл сүресі. 19 аят.

Ассалаумағалейкум, құмырсқа аға!
Дат, тақсыр, мұңымды айтсам, дұрыс қара!
Біз жүрміз жер үстінде улап-шулап,
Сен жүрсің жер астында тыныш қана…

Дүниеге үймелеген шекер-балдай,
Шыбындай шамамыз жоқ екен, Алла-ай!
Сен жүрсің өзіңнен зор жүк көтеріп,
Біз жүрміз бір ауыз сөз көтере алмай…

Мән бермей келіппіз-ау бұған дағы,
Атыңды біле тұра «Құрандағы».
Біз жүрдік кәпірлерді Құдай көріп,
Сен мәңгі мойындадың бір Алланы.

Дүния жаралғалы дінді ұмытпай,
Иландың иманыңа мін жуытпай.
Ақыл мен қанағатың артық бізден ─
Басың дәу, белің, бірақ, қылдырықтай.

Басымнан кеудем үлкен… не білемін?!
Кеудемнің іші қуыс, тегі, менің.
Келгем жоқ айтысқалы, сен біз түгіл,
Сүлеймен пайғамбарды жеңіп едің.

Күн кешу қандай қиын адам болып,
Бір күні жұртқа жем боп, қалам ба өліп?!
Біз харам, боқ-дүниеге тоймай жүрміз,
Ал, сендер халал дәнді адал бөліп…

Ұлықсат па жақындауға үйлеріңе?!
Сөз берем, ешқайсыңа тимеуіме.
Күндердің бір күнінде… көшіп келем,
Көрші боп құмырсқаның илеуіне…

Қарашы, бетіңді бір бері бұрып,
Дейсің бе тұр ғой мынау нені біліп?!
Ұрпағым үлгі алар ма, суретіңді
Үйімнің қойсам, шіркін, төріне іліп?!

Мархабат, бізге бір сәт бұр бетіңді,
Хош көріп, қабыл алғын құрметімді ─
Он алты «облыстың» әкіміне
Сыйлайын сенің осы суретіңді!

Не дейсің?!
Не десең де, иланайын,
Деймісің «уақытым аз, жиналайын»?!
Қонақтан мас боп қайтқан қазақтардай,
Мылжыңдап, қоштаса алмай, қинамайын…

Қорым жоқ жинап алған бір қысқа да,
Жатырмын барғым келмей жұмысқа да.
… Біздерге жету қайда, беу, дүние-ай,
Аяқтың астындағы құмырсқаға?!
… Дұрыс па, аға?!
(Алмас Темірбай)
Abilakim
Керемет өлең!
Мағауиннің "Құмырсқа қырғынын" оқуға кеңес беремін оқымағандарға
KILYZAMAN
Нағыз мысал екен… РАХМЕТ!
KILYZAMAN
Ұлы Құдірет тарапынан құмырсқаларға орманның тазалық қызметі жүктелген. Жарты гектарлық орманды алқапты мекендейтін құмырсқалар бір сағаттың ішінде-ақ жүз мың жапырақ жәндіктері мен 2000 жұлдызқұртты жинап ұяларына таси алады…
түпнұсқасы
KILYZAMAN
Ұлы Құдірет тарапынан құмырсқаларға орманның тазалық қызметі жүктелген. Жарты гектарлық орманды алқапты мекендейтін құмырсқалар бір сағаттың ішінде-ақ жүз мың жапырақ жәндіктері мен 2000 жұлдызқұртты жинап ұяларына таси алады…
түпнұсқасы
фотохостинг22.02.2010 / 15:57
Жүк тасып бара жатқан құмырсқаның суреті ғылыми фотоконкурста жеңді
АСТАНА. Ақпанның 22-сі. ҚазАқпарат — Салмағы өзінен 100 есе артық жүкті тасып бара жатқан құмырсқаның фотосуреті британдық Биотехнологиялық және биологиялық ғылыми зерттеулер кеңесі ұйымдастырған фотоконкурстың жеңімпазы атанды,

деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.

Фотосуреттің авторы — Кембридж университетінің зоологиялық ғылымдар докторы Томас Эндлейн. Салмағы 5 миллиграмды құрайтын құмырсқаның 500 миллиграм темірді ұстап тұрған сәтін суретке түсіріп алған ғалым бұл туындысы үшін 700 фунт стерлинг сыйлық алды.

Суретте, құмырсқаға салмағы өзінен бірнеше есе артық жүкті тасуға мүмкіндік беретін оның аяқтарындағы арнайы жастықшалардың қалай өзгеретіні көрсетілген. Ғалымның айтуынша, осы жастықшалар жәндіктерге кез-келген нәрсеге жабысып қалуға мүмкіндік беретін көрінеді. Құмырсқаның осынау қасиеттерін зерттей отырып, ғалымдар желімнің ерекше түрін жасауға ниетті.
мына жерде
Ahi
Санжар Керімбай

Еее, ана исматуллашы ма?