Білімділерге бес сауал

Алдында ұлттық кітапханада отырып, бір десертацияны оқып отырып Шәкәрім атамыздың өте қызық бір мақаласына жолықтым. Ғаламтордан іздеп көрсем, қазақ.кз сайтында тұр екен, соны осы жерге көшіріп қоюды жөн көрдім.

Өткен ғасырдың басында Шәкәрім бабамыз қоғамдағы азаматтарға осындай бес сауалды тастапты. Сіз де осы сауалдар төңірегінде ойланып көріңіз, оқырман!

Білімділерден бес түрлі сөздің шешуін сұраймын. Әншейін жұмбақ емес, өз ойымша адамның екі дүниесіне бірдей керек. Бұл сөздерге дін кітабынан дәлел көрсет деймін, тура ғана ақыл қабыл аларлық дәлел болса екен. Жауап беруші қазақ болсын, басқа жұрт болсын – бәрібір, бірақ жауап қазақ тілінде жазылсын, яки қазақша тәржіме етілсін. Бірлі-жарым араб, фарсы яки орысша сөз кірсе, қазақша тәржімесі жазылса екен. Жауап неғұрлым ұғымды, қысқарақ сөзбен жазылса екен, һәм не “Айқап” арқылы, не тура өзіме төмендегі адрес бойынша хатпен жіберілсе екен. Екеуінің қайсысымен жазылса да, қол қойылған болып, адресі көрсетілуі тиіс, себебі, Құдай жеткізсе, бұл туралы жиналған сөздердің бәрін жинап, кітап қылып бастырмақ талабым бар. Бұл сұраған создерімді халық, пайдасы деп ойлаймын; ол ойымды дұрыс көрсеңіз, жауапка жеті тиын аямассыз деп үміт етемін.

Бес сауал мынау:
1. Алланың адамды жаратқандағы мақсұты не?
2. Адамға тіршіліктің ең керегі не үшін?
3. Адамға өлген соң, мейлі, не жонмен болсын, рахат-бейнет, сауап-азап бар ма?
4. Ең жақсы адам не қылған кісі?
5. Заман откен сайын адамдардың адамшылығы түзеліп бара ма, бұзылып бара жатыр ма?

Қай түрлі жауап берсеңіз де, дәлеліңіз не?

Адрес:

Ст. Аркат, Семипалатинская обл. Чингизской волости,

Шахкариму Худайбердину “Айқап”. 1912. №5. 96-6.
Бөлісу:

8 пікір

Ahi
Алдындағы сауалнамамды орынсыз көріп, оған жауап бермегендер, ең құрығанда Шәкәрімнің сұрақтарына жауап беретін шығарсыздар деп үміт етемін!
satibaldi
1.Алланың адамды жаратқандағы мақсұты не?
Ық-ық әкесс, өтпей қалд нақ. Бұл сұрағың менің Ико деген досымды қинаған прокурордың сұрағы сияқты болып кетті:
— Сонымен төрт қап ұрладыңдар ғой?
— Ұрлаған жоқпыз дейм ештеңе!
— Жақсы. Ұрлағаннан кейін не істедіңдер?..
satibaldi
ең құрығанда Шәкәрімнің сұрақтарына жауап беретін шығарсыздар деп үміт етемін!
Бұдан Сізді — Шәкәрімнен оқ бойы озық тұрғандардың палатасында жатыр деп топшыласам бола ма?
Aizhantabyn
Ahi, bul suraktarga arkim ozinin omirine bailanysty jauap beredi goi. Durys jauap jok, oitkeni bul palsapaluk suraktar :)

Maselen, Kudaiga senetin adam bir jauap berse, agnostik ekinwi, al ateist uwinwi turli jauap beeredi emes pe.

Onyn ustine optimistter men pessimistter bar, liberealdar men konservativti omir saltyn ustanuwylar bar… solai kete beredi goi :)
satibaldi
«Латыншаға бір қой өзіміз көшіп кете береміз, ептібайымайдтар!» деп, Парламент есігін тарс жауып кетіп қалған бір топ бар деп еді, соның өкілі емессіз бе?
satibaldi
liberealdar men konservativti omir saltyn ustanuwylar bar… solai kete beredi goi :)
Бұларға @balzaminka сияқты алты діннің қайсы екеуін таңдарын білмей дал болып жүргендерді де қосып қойыңыз.
Beytanis
Бес сауал мынау:
1. Алланың адамды жаратқандағы мақсұты не?
2. Адамға тіршіліктің ең керегі не үшін?
3. Адамға өлген соң, мейлі, не жонмен болсын, рахат-бейнет, сауап-азап бар ма?
4. Ең жақсы адам не қылған кісі?
5. Заман откен сайын адамдардың адамшылығы түзеліп бара ма, бұзылып бара жатыр ма?
Шәкәрімнің қалай ойлағанын өзі білер марқұмның. Менің жеке пікірім былай:
1 сауалдың жауабын бір Аллатағала білер. Жұмырбасты пенде қайдан білсін ақиқатын.

2 сауалға жауап: Тіршілік — өмір сүру, көбею, өсу, өну, жақсы-жаманды көру, тану, білу үшін керек.

3 сауалға жауап: Меніңше, адамдар жазасы мен сауабын осы дүниеде алады. О дүниеде құдай біледі.

4 сауалға жауап: Ең жақсы адам — қандай жағдайда болмасын сабыр сақтауға тырысып, қанағат еткен адам, жақсы-жаман туыс-туған, ағайын, жұртынан сырт айналмаған, ойы, сөзі, іс-әрекетінде қайшылық емес үйлесімі бар қарапайым адам.

5 сауалға жауап: Әр заманның өз кемшілігі болады, өз жетістігі болады; Сол сияқты қай заманда болмасын адамдардың арасында озығы да, бұзығы да болған, бола береді. Өйткені, бұл — өмір. Өмір — үлкен емтихан!!!