Қасым Аманжолұлы, журналист: «Сопылардың қарымтасына құрал болғымыз келмеді...»

Сөз саптауы мен білімінің ұшқырлығына көпшілікті тәнті еткен Қасым Аманжолұлының деректі фильмде көріп, көпшіліктің көзқарасы өзгергені жасырын емес. Мен де эмоциямды жасырын болса да кей кездегі ойларда жеткізгем. Мені қатты толғандырған /көпшіліктің/ Қасымның «нақақтан» көрсетілгеніне қуанып, осы мақаланы коперейт еттім. Реніш болмасын КЕРЕКТІК ДОСТАР! :))))
Толық сұхбат abai.kz сайтынан алынды.
Сонымен сұхбат назарларыңызда:

Ең бастысы, «Хабардың» қырына сот орындары «айыбын» анықтамаған, әлдебір заңсыз әрекеті үшін бұрын-соңды тіпті тергеуге тартылмаған азаматтар ілігіп кетті. Солардың ішінде «Қазақстан» ұлттық телеарнасында қызмет еткен, бір кездері көрерменнің көңілінен шыққан «Шынның жүзі» хабарын жүргізген танымал журналист Қасым Аманжолұлың да аты-жөні аталды.Осы мәселенің мәнін білу үшін, біз Қасымға хабарластық.

— Қасым мырза, сізді сопылардың сапына қойған «Хабардың» қырына қайдан ілігіп жүрсіз?

-Иә, «Хабар» ұсынған фильмді көрдім. Көрдім де, қатты қапаландым… Соншалық бір өшпенділікпен, елді үрейлендіру, қорқыту мақсатымен жасалған жұмыс екен. Басталған бетте: «Он төрт жасқа дейінгі балалар ата-анасымен ғана көрсін!» — деген ескертпенің өзі адамды тіксіндіріп тастайды. Ішіне менің «Йассауи» вокалды тобының концертін жүргізгенімнен үзінді, «Ақжүніс», «Мезгіл», «Күлтөбе» хабарларының шапкасы мен жүргізушілерінің бейнелері еніпті. Зікіршілерге: «кісі азаптады, адам өлтірген болуы мүмкін, мемлекеттік төңкеріс жасау ойларында бар» деген сияқты өте ауыр айыптар тағылады. «Аса қауіпті қылмыстық топ» деген сияқты атаулар ашық айтылды…

Сондай қорқынышты көрсетілім арасында өзімді және өз әріптес достарым Болат Мүрсәлім, Рахат Мамырбек, Сәуле Әбединовалардың жүруін — бізді қаралау деп түсіндім. «Сектант сопылардың жарнамасын жасап, идеологиясын тықпалап отырды», — деп, дәлелсіз түрде күдікті сектаға жапсырып телу — қасақана жауапсыздықпен жасалған.

Біз — Болат, Рахат, мен үшеуміз «Хабар» агенттігіне барып, қазақ бөлімінің жетекшісі, продюсер Серік Аббас-Шахпен кездесіп, ренішімізді айттық. ҚР Азаматтық Кодексінің 145-бабына сүйеніп, «Адамның өзінің рұқсатынсыз бейнесін пайдалануға тыйым салынатынын», тіпті қарапайым адамгершілік жөнімен алғанда да, өз кәсібіне адал, тыныш жүрген жандарды осынша қаралаудың жөн емесін түсіндіруге тырыстық. Рахат Әлиевтің қылмыстық тобына, соның ақпарат ресурстарында жұмыс істеген дәл сол Аббас Шахтың өзін енгізіп, сыбайлас етіп жіберсе, қандай күйде болар едіңіз деп те сұрадық…

Мемлекеттік телеарнаның ақпараттық қару қолымда тұр екен деп, адам тағдырымен бұлайша ойнай бергені — қауіпті жайт. Біз «Хабар» телеарнасының төрайымы Гүлнара Ықсанованың атына терістеме беруін талап етіп, хат жазып кеттік. Жауабын күтудеміз.

— Сонда телеарнадан жауап болмаса, сотқа шағымданбақ ойларыңыз бар ма?

— Негізі, сотқа беруге барлық заңдық құжаттарымыз дайын тұр. Алайда «Хабар» агенттігін сопылар да сотқа беруге кіріскен екен. Олар: «Бізге қосыласыңдар ма?» — деп, кісі салыпты, біз оларға қосылудан бас тарттық. Өйткені, егер бір тараптан біз — журналистер заңға жүгінсек, құдды жаңағы «сектант зікіршілермен» бірге бір тапсырысты орындап жүргендей әсерде қалатынымызды болжадық. Сопылардың қарымтасына құрал болғымыз келмеді. Әзірше «Хабар» агенттігінде заң сыйлайтын басшылар бар шығар деп үміттеніп отырмыз.

— Жасыратыны жоқ, бір кездері сізді «Қазақстаннан» «сопыларға қатысы бар» деген бейресми желеумен қуған жоқ па еді?

— Мені «Қазақстаннан» ешкім қуған жоқ, мені ғана емес, сол кезде жұмыстан кеткен жүзден астам журналисті де ешкім қудалаған жоқ. Орнынан алынған бір ғана адам — Ғалым Доскен болатын. Және оның өзін «сопы» болғаны үшін емес, Ертісбаевтың «Қазақстан» корпорациясы арқылы өзінің күмәнді істерін жүргізуіне қолайлы жағдай жасау үшін алып тастағаны анық. Оған екі дәлелім бар: біріншіден, Ертісбаев Доскенді орнынан алған кезде, өзіне орынбасар етіп шақырды (мұны экс-министр сол кезде арнайы кездесуде өз аузымен айтқан болатын), мемлекеттік қызметке «сектантты» шақыруы мүмкін бе еді? Жоқ.

Екіншіден, Чингиз Ермухамедович Кабидин деген Ертісбаевқа «өте туыс» бір жас жігіт 1 111 111 долларды «Қазақстан» корпорациясынан алып, АҚШ асырғанын «Время» газеті жазудайын жазды, есіңізде болса. Ертісбаев Доскеннің орнына әкелген Нұртілеу Иманғалиұлы сондай ойындарға әдейі әкелінген адам болатын. Біз мұны сол кезде-ақ айтқанбыз. Сенбесеңіз, газетіңіз арқылы «Қазақстан» корпорациясының басшысы Жанай Омаровқа сұрау салып, Чингиз Ермухамедовичтің 1 111 111 доллар ел қаражатын қайтарған-қайтармағанын білуіңізге болады.

— Ал телехабарда айтылғандай, сізді «қатерлі топтың», «сұрқия сопылардың» сапына сотсыз қосқан әріптестеріңіздің не ойлағаны бар: ел-жұрттың, ағайын-туғанның, дос-жаранның алдында заңсыз масқара еткендері қалай?

— Бұл енді — жеке ұят пен адамгершілікке қатысты мәселе. Мен де БАҚ-та қызмет етіп келем, адамды көлгір түрде мақтау — өте жаман мінез, ал өтірік қаралау — тіптен азаматтыққа сын, адамшылыққа жат дүние, мұны білем. Өзім де елді көп сынаймын, бірақ дәлелімді алдыға қойып, айтарымды ашық жүзбен айтам. Шынына келсем, «Хабар» агенттігі» деген атаудың артына жасырынып, «жаптым жала, жақтым күйемен» айналысып, өз әріптестерін қаралаған жандарға мүсіркеп қараймын, жаным ашиды. Осыдан алты-жеті жыл бұрын «Йассауи» вокалды тобының шығармашылық кешін жүргізгенім рас, бірақ концерт жүргізу «сектант-сопыларды, тариқатты жарнамалау, идеологияны тықпалау» емес қой! Әлде қасиетті Әзіретсұлтан, Ахмед Йассауи бабамыздың хикметтерін айтатын «Йассауи» вокалды тобы, оның жетекшісі қазақтың біртуар арда жыршысы, күміскөмей Елдос Еміл «халық жауы» болып жарияланып кетіп пе еді? Оны білмеппін…

Толық сұхбат abai.kz сайтынан алынды

Жұқамыр ШӨКЕ
«Общественная позиция»
(проект «DAT» № 15 (98) 27 сәуір 2011 жыл
Бөлісу:

13 пікір

Ojdan
барлығы еврей жөйттердің тірлігі!!!
sigma
Жел тұрмаса шөптің басы қозғалмайды дейді.
Кімге сенерімізді білмейтін жағдайға жеттік қой
direct
осы мақаланы коперейт еттім. Реніш болмасын
Мәселе жоқ бауырым!
Копирайтыңа кәттә рахмет! Осы Қасым аға жайлы менде естіп едім, сопыларға қатысы бар деп, сенбей, өзінен сұрармын деп жүргем)
Ottegin
Осы Қасым аға жайлы менде естіп едім, сопыларға қатысы бар деп,

Қатысы болған күннің өзінде, өз жұмысын жақсы білген журналист, «Шынның жүзінде» бағдарламасын күтіп, аңдып, жібермей қараушы едік, өткір кездікпен тілгендей, қазақ «зиялы» ағашкалардың қазіргі азаматтық позицияларын көрсетіп еді, сол кезде оның көп жауы пайда болды, солардың қауесет сөздері.

жанжағымызға жалтақтаумен өтетін болдық қой

Жалтақтаудың қажеті жоқ, өзіңе, көзіңе сен.
DoktorD
иә дұрыс айтасың sigma жанжағымызға жалтақтаумен өтетін болдық қой
serjan
Қасымның басқалардан несі Қасым,
өйткені бастықтардан десі басым.
Көңілінде не сұрақ бар бәрін қояды,
айтады екен кесіп алса, кесіп алсын
omarbirat
Мен де осыны, Сәуле Әбединованы, Нәзира Бердалыны әлгі оқиғадан кейін "Қазақстан" арнасынан өз еркімен кеткен 120 журналистің арасында болғандықтан сопылардың ішінде шығар деп ойлаушы едім. Енді сол сопылармен жақсы жұмыс істескені болмаса, оларға еш қатысы жоқ шығар деген ойға келдім. Сөздің шыны керек, сопылардың кезінде бағдарламалардың сапасы тұрғысынан басқа арналар "Қазақстанның" жанына жоламақ түгілі, бұрышта тұрып шегетін темекі таппай қалатын.
saken
Сөздің шыны керек, сопылардың кезінде бағдарламалардың сапасы тұрғысынан басқа арналар "Қазақстанның" жанына жоламақ түгілі, бұрышта тұрып шегетін темекі таппай қалатын.
Келісемін!
өз басым әлі күнге дейін «Мезгілге» жететін қазақтіліндегі апталық сараптамалық бағдарламаны әлі күнге дейін көрмедім.
Onlasyn
Әнәсстің, Ахи аузыңа құм толсын. Аманжол яссуиші емес екен…
Janasil
Мен де сене алмаймын негізі Қасымның сектант екендігіне. Біраз адамға сөздері ұнамай қалған ғой!
Abilakim
Айттым ғой өткен жолы, Қасым сопы емес! Қасым сопы болса менде сопымын деп қуып кетейін бе))))
nurjanbay
мен-ақ сопы болайын
ken
Негізі бұл арнаның журналистері бекерден бекерге қудаланған жоқ. Бұлардың арнадағы жұмысы (яғни дінге еш қатысы жоқ(!) телепередачалары) терістіктегі қоңсымызға ұнамаған болуы мүмкін. Соның тапсырысымен жасалған іс болса керек.