"ЖҮЙРІК ОЙ" - оқырмандарға сұрақ

Қадірлі оқырман қауым!
«Жас қазақ үні» газеті «Жүйрік ой» атты жаңа айдар ашты.
Ойдың жүйріктігін тежеу, мемлекеттің дамуын тежеумен бірдей екенін анықтаған әлемдік алып күштер халықтардың ойын тежеу арқылы мемлекеттерді бағындыруға көшті. Соныңнәтижесінде оқып ойланатын оқырмандар саны азайып, ойды тоқырататын көрермендер көбейіп кетті. Тілден де бәрінен де жүйрік ой екенін ескере отырып, оқырмандарымыздың ойын дамыту мақсатында “Жүйрік ой” айдарын ашып отырмыз. Бұл айдарда оқырмандарға ойға құрастырылған сұрақтар қойылып отырады. Жауабын бірінші тапқан оқырмандар газеттің әр санында марапатталып отырады. Ойлы оқырмандарымыз көбейе берсін деген тілекпен редакция ұжымы.

1. Бірде атақты домбырашы кезекті концертінен шығып есік алдында тұрған табынушыларына қолтаңба (автограф) қоя бастайды. Кезек кішкентайларға келген кезде, домбырашы 2 сағат домбыра тартып, жарты сағат бойы қолтаңба қоямын деп қолым қатты ауырып кетті деп сылтауратып балаларды алдап кетейін деп жатқанда, сонда кішкентай бір қыз “Қолдарыңыздың шаршағанын түсініп тұрмын. Бірақ та менің де қолдарым кем дегенде сіздікіндей ауырып тұр”,- депті.

Сұрақ. Қыз не деп жауап берген.

2. ХІХ ғасырдың соңында Андорра мемлекеті Круппа заводына пушкаға тапсырыс береді. Тапсырысты әкелген соң әскерилер жаттығу мақсатында пушкадан оқ атып көрмекші болады. Бірақ бірден қарсылық білдіреді.

Сұрақ. Әскери жаттығу кезінде пушкадан неліктен оқ атпады?
3. Римдік моншаларды қазу кезінде б.э. 2 ғасырында Афродизиаз қаласында император Адриан салғызған монша табылады. Мұндағы киім шешінетін орын іспеттес кіре берісте қабырғаға ертедегі хабарландыру жазылыпты. Бір қызығы 2000 жыл өтсе де бұл жазу қазіргіге ұқсас екен.

Сұрақ. Бұл қандай жазу?

4. Атақты футболшы Баджо өмір бойы 9 нөмерде ойнаған. Ал ол Миланның “Интеріне” ауысқанда ол командада 9 нөмермен Роналдо ойнаған. Сондықтан ол 18 нөмерінде ойнауына тура келеді. Бірақ ойнаған нөмеріне адалдық таныту үшін, ол футболкасының көрінісіне кішкене өзгерістер енгізген.

Сұрақ. Қандай өзгеріс.

Жауаптарыңызды fazylbek@yahoo.com адресіне жіберіңіздер.

www.qazaquni.kz
Бөлісу:

20 пікір

neoman
Барлығымыз талдап, жауабын тауып көрелік. Ермек үшін)

Менің жауаптарым.

2.Андорра — өте кішкентай ел. Полигондары да кішкентай. Атылған снаряд корші елге түсуі мүмкін

4.Баджо 18 номерінің астына «бөлу (яғни, таяқша „-“) 2» деп кішкентай қаріппен жазған.
Pazylbek
Қадірлі оқырман сіздің жауаптарыңыздың ішінен тек 2-жауап қана қабылданды. Құрметпен Фазылбек
neoman
бір оқып қана берілген жауаптар үшін жаман емес)))
sammita
Сұрақ. Қыз не деп жауап берген.
Сіздің өнеріңізге шапалақ соғудан деген.
neoman
маладес! дәл солай болуы керек
sammita
дәл солай екенін және қай кітаптан алынғанын да білем:)
Pazylbek
Бұл сұрақтың дұрыс жауабын бірінші Сіз жолдағандықтан қабылданды. Фазылбек
sammita
рахмет, қуаныштымын:)
neoman
3-сұрақтың жауабы — ыстық жане суық суды көрсететін белгі (көк және қызыл түс) не жазу (hot & cold), кранның маңайында болуы керек
sammita
@Pazylbek менің сыйлығым қайда:)
Pazylbek
Бүгін немесе ертең шотыңызға жатқызылады… Кешіккені үшін кешірім сұраймыз. Демалыс көбейіп кетті ғой, содан кешікті…
sammita
:))) рахмет. Газетті сұрай-сұрай киосктен ұялып кеттім ше, күнде "әлі жоқ".
Pazylbek
Қай жердегі киоскі екен. жазып жіберші
asaubota
Артемның Сейфуллин жағындағы аялдамасындағы киоскден көрдім
sammita
соған күнде барып жүрмін, кеше де. Қашан көрдің?
Pazylbek
Жеке өзіңе сұрақ жасырсам шеше аласың ба…
sammita
жеке өзіме, осы жерге ме:)))
Pazylbek
бәрібір. жәй ой жүйріктігіңізді тексеріп көрсем дегем… қай жердегі киоскі екенін жазбадыңыз
sammita
жеке хатпен жібергем бағана, көріңізші.
neoman
Оу, @Pazylbek, мен бір қызықтан қалып қойдым-ау. Сыйлық бар ме еді? Менікі қайда екен?

Жасыратын сұрақтарыңыз болса, мұнда салып көріңіз, кейде бас істеп небір сұрақтардың жауабын тауып жатамыз ғой