Титаник және Сиссел Киркьебо

(11.95 Kb, 480x360)
Титаниктің фильміне қатысты бірдеме жазамын деп еш ойламаппын, Сиссел Киркьебо болмағанда.
Айтарым көп болса да — жазуға келген кезде аздап миым ашып қалатыны бар, керегін жазбай, бос әңгіме жазып кететін.
Әңгіме былай болды. Warren G атты рэпшінің «Prince Igor» деген әшуләсін интернеттен тауып алым тыңдадым, көп болып еді осы әшуләні тыңдамағаныма. Содан, рэптегі қайырманы бір қыз/әйел айтады екен классикалық әуенмен немесе дауыспен.
Аты жөні Сиссел Киркьебо.
sissel (21.4 Kb, 299x300)
Интернетті қаңғырып жүріп бірнеше әнін тауып тыңдап көрдім, әндері ұнаған соң 4 альбомын қопарып алдым. Қысқасын айтсам — Сисселдің әндеріне де Өзіне де сындымғой)))
Бүгін Ютубта Сисселдің клиптерін іздеп отқам, тізімде «Sissel — Titanic voice over» деген клип бар екен. Қарап көрсем — Титаниктегі нәзік әуен осы Сисселге тиесілі екен. Титаниктің сауынтірек клипінде Селин Дион ғана әнді орындағанымен, сол клиптегі және фильмдегі нәзік дауыс кімге тиесілі екеніне еш қызықпаппын, мен миы жоқ бала))
Сонымен — Сисселдің әндерін тыңдап ауырып отырмын :) Осылай отыра берсем жұмыстың бәрі әдірем қалатын түрі бар))

Мынау сілтемесі: www.youtube.com/watch?v=-o21L3_Wgi8&feature=related
Sissel — Titanic voice over

И(ә).А(йтпақшы): www.sissel.net сайты чиройли екен!!! Басқа әншілердің "іші күйсе — тұз жаласын" деушімеді?)
Бөлісу:

12 пікір

Zere
Ссылкамен өтіп, бірнеше әндерін тыңдап шықтым. Шынымен даусы керемет екен. Әсіресе Титаниктегі айтатын жерлері өте әсерлі.
meirzhan
Қателеспесем, сіздің вордпрессте блогыңыз бар ғой иә? Леди Гага өмір сұруді үйретеді деп жазған сізсіз ғой.
direct
Қателеспесем, сіздің вордпрессте блогыңыз бар ғой иә?
қателестіңіз
meirzhan
Кешіріп қойыңыз онда. Сол блогшы да шетел әуендеріне, тарихына қызығушы еді.
direct
кешіріп қойдық. Блог жайлы сұрағаныңа біріншіде мән бермедім, Зереге қойылған сұрақ болар деп. Қазір интернеттен сен айтқан блогты іздеп тауып оқып шықтым, содан жауап жазғанымғой)
Мен шетел әуеніне қызығып қана қоймай — сүйемғой!!!
TERISKEI
@meirzhan, «Леди Гага өмір сүруді үйретеді» деп пост жазған Руслан Меделбек. Аламан.кызы сайтында шеф-редактор ретінде қызмет атқарады.
meirzhan
құдайға шүкір блогшылар көбейіп, бірін-бірімен шатастырып жатқан жайымыз бар. Постының атауы ксімде қалыпты, рахмет, Теріскей.
meirzhan
Мен Титаниктегі бұл әуенді таза аспап па десем. Сиссел айтады екен ғо. Дауысы өте әсем екен. Титаник киносының лейтмотиві болған әуен. Шіркін, жүрек қылын шертіп жіберді.
Zilola
есіме енді түсіп отыр Титаниктегі дауыс, ал негізі репсодидегі ең таңдаулы әндерімнің бірі еді «Prince Igor», әлі күнге тыңдап жүремін.
Осы әндегі қыздың кейбір сөздері түсініп әйтеуір, үйдегі үлкендерде, осы әнді қойшы, қалғаныны түсінбейміз дейтін (репсоди) :)))
direct

Улетай на крыльях ветра
Ты в край родной, родная песня наша,
Туда, где мы тебя свободно пели,
Где было так привольно нам с тобою.
Zilola
иә, тап осы припевін түсінетін үлкендер :)))
қалған жағы түсініксіз болса да өзіме ұнайтын.
direct
Улетай на крыльях ветра
Ты в край родной, родная песня наша,
мен осы жерін ғана түсініп, қалған жерін ұқпайтынмын:)